Педагогические  науки /2. Проблемы подготовки специалистов

 

П.ғ.к., доцент Кипшаков С.А.

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын

ұйымдастыру маңыздылығы

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында еліміздің болашағының бағытын түзеген, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын ұсынуы жарқын келешекке жасалған жақсы өмiрдiң тұтас жиынтығы деуге әбден болады. Демек, экономиканы дамытуда ескі жолмен жүре бермей, жаңа инновациялық ізденістерге бару, жаңа жетістіктер мен озық технологияларды енгізу қажеттігіне баса мән берді. Сондықтан еліміз озық индустриялы елдердің қатарынан орнықты орнын алуы үшін серпін жасалмақ.

Елбасымыз Жолдауында еліміздің келешегі – жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне ерекше назар аударуы біздің көкейіміздегі сауалдардың бірі. Елбасымыз жастардың, техникалық және кәсіптік білім алуының мемлекетпен кепілдендірілген жүйесіне көшіруді мәлім етті [1].

Қазақстанда Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында «білім кеңістігін» қалыптастыру оның қол жетімділігі мен мүмкіндіктері аталып өтілген. Бұл мәселелерді оңтайландыру «ғылым мен білімді интеграциялау» арқылы және ғылыми-зерттеушілік дағдыларды тиімді қолдану мәселелеріне қол жеткізуді, сонымен қатар елімізде білім беру жүйесін дүниежүзілік озық тәжірибеге реформалауды пәрменді жүргізуді талап етуде [2].

Білім – ел қазынасы, халқымыздың білімділігі еліміздің байлығының ең маңызды бөлігі десек, білімнің негізі мектепте, яғни бар ғылымның бастауы – мектеп, «Елдің келешегі бүгінгі жастардың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында» деп Елбасы бізге үлкен міндет артып отыр. Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы болатын – ұстаз қолында, сондықтан да біздің басты мақсатымыз – білім сапасын жақсарту.

Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орнындағы білім алушылардың ғылыми-зерттеу әрекеті маман даярлау жүйесінің маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Оқытушылар мен білім алушылардың ғылыми қызметінің мақсаты оқу-зерттеу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау негізінде жаңа білім алу, жаңа технологиялар әзірлеу, танымның жаңа әдістерін алу мен игеру болып саналады. Ғылыми-зерттеу әлеуметі бар ғылым адамының, ғылыми ұжым мүшесінің қалыптасу үдерісінің бастапқы кезеңі – колледжде және жоғары оқу орны кезеңдерінде жүзеге асырылады [3].

Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары теориялық және қолданбалы проблемаларды қалыптастыруға қызмет етеді. Колледжде оқу үдерісі, оқу, тәрбие, өндірістік іс-тәжірибе және ғылыми-зерттеу жұмыстарының жиынтығы болып табылады. Техникалық және кәсіби білім беру оқу орындарында білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары ғылым мен білімді интеграциялауда көп жылдық отандық және шетелдік тәжірибелерге арқа сүйетін жаңа шарттарға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

Колледжде ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүйесін ұйымдастыру және дамытудың негізгі мақсаты кәсіби білім беруде маман даярлаудың ғылыми деңгейін көтеру және оқуын ары қарай жалғастыру үшін талантты жастарды іріктеу, ғылыми-техникалық прогрестің жаңа жетістіктеріне, экономикалық ойлау мен мәдени дамуға қол жеткізу негізінде техникалық және кәсіби білім беру орындарын педагогикалық және ғылыми кадрлармен толықтыру.

Сол себептен, болашақ мамандарды дайындау үдерісінде, егер білім алушылар ғылыми-зерттеу қызметінің сан алуан формаларына қатыстырылса, ғылыми жұмыс нәтижелі болады. Сондай-ақ колледж білім алушылары оқытудың барлық кезеңінде ғылыми қызметін орындауда, болашақ мамандарды даярлауда жүйелі және мақсатты жүзеге асыру, ғылыми қызығушылықтарын, қабілеттерін, мүмкіндіктерін және білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысының тәжірибесінің есебінде шығармашылық топтарын жасау, оларды ғылыми жұмыстың әдістемесімен қаруландыру, практикаға ғылыми нәтижелерді ендіруде жетістік жағдайларын жасау, ғылыми мәселелерді шешуде шығармашылық қызметін және зерттеушілердің дербестігін ынталандыру керек.

Техникалық және кәсіптік оқу орындарындағы білім берудің зерттеушілік ұстанымы білім алушыларды ғылым саласында қолданылатын зерттеудің негізгі әдістерімен таныстыруға, зерттеу әдістемесінің тиімді элементтерін меңгеруге және құбылыстар мен үдерістерді зерттеу арқылы өз бетінше жаңа білімдерді игеруге мүмкіндік береді [4].

Қорыта келе, ертеңгі келер күннің бүгіннен гөрі нұрлы болуына ықпал етіп адамзат пен қоғамын алға апаратын құдыретті күш   бұл білім. Ғылым мен техникалық прогрестің дамуы қоғамның өзгеруі жаһандану заманның басталуы, білім мазмұнын жаңартуға мол мүмкіндіктер туғызды. Сондықтан білім сапасын арттырудың тиімді жолдарын табу, оны тәжірибеге енгізу – уақыт күттірмейтін мәселе. Заман талабына сай білім де жаңарып отырады.

 

Әдебиеттер:

1. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауы: «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», 17.01.2014 ж. - [Электрондық ресурс]: http://www.akorda.kz/ru/page/page_215750_poslanie-prezidenta-respubliki-kazakhstan-n-nazarbaeva-narodu-kazakhstana-17-yanvarya-2014-g.

2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы: Техникалық және кәсіптік білім - [Электрондық ресурс]:http://adilet.zan.kz.

3. [Электрондық ресурс]:http://bilimdiler.kz/ustaz/1879-okushylardyn-gylymi-shygarmashylyk-zertteushilik-izdenisin-kalyptastyru.html.

4. Жексенбаева Ү.Б. «Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру». - Алматы: «РАДиАЛ» баспасы, 2005 ж.