Болашақ мұғалімнің  ғылыми  құзіреттілігін қалыптастырудың  теориялық   негіздері

 

Г.Абдыкадырова – оқытушы,КРМУ, Алматы.

Г.Ж.Хаирлаева – магистр,аға оқытушы

 

Қазіргі таңда болашақ мұғалімнің маман ретіндегі кәсіби дайындығы оның құзіреттілігімен байланысты. Бұл жерде педагогикалық оқу орнының түлектері кәсіби қызметтің жаңа түрлерін практикалық жағынан меңгеру барысында қаншалықты білім мен білікке ие болды деген сұрақ туындайды. Осы меңгерген білімі мен білігі жас маманның кәсіби құзіреттілігін жоғарылатуда педагогикалық қоғамда қалыптасқан нормаларға дайындығын білуде шешуші роль атқарады.

Педагогтың кәсіби құзыреттілігі дегенде пәндік-кәсіби білімдердің бірлігін, кәсіби-педагогикалық технологияларды меңгеруін, педагог қызметінің мазмұнын анықтайтын жағдайларда әрекет ету қабілетін түсінеміз. Бүгінгі күні қоғам алдымызға жоғары білімді маманды дайындауда қатал талаптар қойып отыр: ұжымда жұмыс істей білу, еңбек нарығында бейімделе білу, үздіксіз білімін жетілдіру, білім беру ұйымының даму стратегиясының өзгеруіне байланысты мамандығының бейінін өзгерту, педагогикадық технологияларды меңгеру, ақпаратпен жеке жұмыс істей білу, шешім қабылдай білу, сонымен қатар, өз қызметін жобалап, одан нәтиже алуға қабілетінің болуы [4].

            Қоғамның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі  өзгертті. Еліміз оқытудың «Нәтижеге бағытталған білім беру» модуліне көшті. Ал, нәтижеге бағытталған білім беру дегеніміз жеке тұлғаның  құзырлығын қалыптастыру.Білім берудің басты  мақсаты -  білімге,білік пен дағдыға қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде  лайықты ақпаратты өзі табу, талдау және оны ұтымды пайдалану сөйтіп қарқынды дамып жатқан заманға лайықты өмір сүру болып табылады.

Бұл жағдайда мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін дамыту, кәсіби іс- әрекеттегі ғылым негіздерін білу,оны іс жүзінде игеру, кәсіби біліктілік пен дағдыларды меңгеру ерекше мәнге ие болып отыр. Әр түрлі жағдайларда нәтижелі шешім қабылдау, әрекет жасау қабілетін есепке алатын құзырлықты нәтижеге бағдарланған білім беру бүгінгі күннің талабы. Мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болуы ғана емес, тарихи танымдылық, педагогикалық және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Мұғалімнің алдында өмірге жан –жақты дайындалған ынталы, шығармашылықпен ойлайтын, іздемпаз, жүйелі қорытынды жасай білетін, дәлелді пікір айтатын, адами құндылықтарды жоғары, білімді, жеке тұлға тәрбиелеу  мәселесі тұр. Бұл мәселені шешу заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқытудың жаңа технологиясын меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші ұлағатты тұлға арқылы жүзеге асырылады.

Өмірге қажеттіні іздеп табу шығармашылық  арқылы жүзеге асатын жұмыстың нәтижесі. Тақырыпты меңгеру барысында оқушының жас ерекшелігін, сана-сезімін, ерік – жігерін жаңа сабақты меңгеруге, қорытынды ой шығаруға бағытталған жұмыстар ескерілуі керек. Проблемаларды шеше алу және өзін–өзі басқара білу, әр түрлі жағдайларда туындаған проблемаларды анықтау, мақсат қою, оны іске асыру жолдарын анықтау, мақсатқа қол жеткізу үрдісін жоспарлау, ақпаратты қабылдау, өз бетінше мәліметтер іздеу, сараптау, қолдану, пайдалана білу, нақты өмір жағдайында өзінің міндеттерін шешу үшін ауызша және жазбаша қатынас құралдарын қолдана білу, өз ойын жеткізуге дағдыландыру керек [5].

     Қазіргі педагогика ғылымында негізгі базалық ілімдердің бірі «құзыреттілік» болып отыр. Құзыреттілік дегеніміз- тұлғаның бойында білім, дағды, іскерлік, ерік күш-жігердің болуы. Құзыреттілік жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда аман қалуды қамтамасыз етеді және олар бәсекеге қабілетті маманмен қамтамасыздандырады. Көптеген елдерде құзыреттілікке жаңаша мән беру, білімді жоғары дәрежеге көтергені мәлім. Құзыреттілік еңбек нарығында тұрақты өсіп отырған талаптармен, шапшаң технологиялық өзгертулермен, соның ішінде академиялық және еңбектегі модельдік өсуімен негізделген. Құзіреттіліктің жеке компоненттерін анықтай отырып, ол адамның алдына қойған мақсаттарын орындауға көмектесетін бірден-бір құрал ретінде қарастырылады.

     «Құзырлыққа бағытталған оқыту үрдісінде тәжірибелік жолмен мәселені шешу мүмкіндігі молаяды. Осы жағдай біліктілікті арттырудағы екінші үлгіге көшірудің негізі бола алады». Тұлға құзырлылығын қалыптастыру жолдары:

- білім беру жүйесіндегі жүйеге кіретін бала жүйеден шыққанда түлек болады;

- тұлғаның ұжымға енуі арқылы әлеуметік-психологиялық сипаты көрінеді, - деп тұжырымдайды.

      Батыстың дамыған елдерінде білім берудің мына міндеттері: білім алушыларда құзыреттіліктерді қалыптастыру, оларда пайда болатын интеграциялау инкемділігін қалыптастыру, білімді әртүрлі өмірлік ситуацияларға көшіре білу және қолдану туралы мәселелер орын алуда[6].

     «Құзыреттілік» ұғымы еңбек әлемінде және өнеркәсіп мекемелерінде пайда болды. «Түйінді құзыреттілік» термині  алғаш рет 1992 жылы Еуропа Кеңесінің «Еуропадағы орта білім» жобасында пайда болды. Бұл жобаның міндеті – Еуропа одағының құрамындағы елдерде білім берудің мақсаты мен мазмұнын, оқушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау механизмдерін талдау болды.

Бүгінгі күні оларда негізгі құзыреттер айқындалып, алғаш рет Еуропа Кеңесі эксперттері 1996ж. білім беру мәселелері бойынша «Еуропалық жобада алғаш ұсынылған түйінді құзыреттерді оқу процесінде қалыптастыру идеясы жүзеге асырылды».

      Құзыреттілік теориясын дамытуға жоғарыда айтылған «Ключевые компетенции для Европы» (Берн, 1996) симпозиумында шешім қабылданды. Ол қазіргі уақытта Батыс Еуропа мен АҚШ мектептерінде кең қолданыс тауып отыр. Кембридж және Оксфорд университеттерінде жасалған негізгі құзыреттіліктер жүйесінің сипаттамасында олар әртүрлі іс-әрекеттерді жүзеге асыруда, мысалы оқу және кәсіби іс-әрекетті орындау барысында дамиды деп көрсетіледі.Құзыреттілік теориясы қазіргі көптеген еңбектерінде негізделген[7].

Қазіргі кезеңдегі білім берудің мақсаттарының жиынтығы  құзыреттіліктерді дамытуды көздейді, оның негіздеріне көпмәдениетті қоғамда өмір сүруге қабілеттілік, білімді практиканың қажеттіліктерімен байланыстыру икемділігі, өмірлік жағдаятты бара-бар бағалай алу және проблеманың шешу жолдарын табу және т.б.

       Еліміздің Білім жəне Ғылым министрлігінің ұсынған «ҚР жоғары педагогикалық білім тұжырымдамасы»  мен  «ҚР  жаңа  тұрпатты  педагогиканың  үздіксіз  педагогикалық  білімі тұжырымдамаларында»  жаңа қоғамдағы мұғалім моделінің үлгілері көрсетіліп берілген.  Жоғары кəсіби-педагогикалық құзыретті мұғалімдерге қойылатын талаптар қазіргі қоғам қажеттілігінен туындайды.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.  Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Алматы-2008

2. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.

3. Құдайбергенова  К.С. Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары – Алматы, 2007.

4.Оспанова.Ә.Ә «Болашақ мамандарда жобалау құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары»  Білім берудегі менеджмент журналы, А. 2012.

5. Ишангалиева А.М. «Құзіреттілік – білім мен мүмкінділіктің  бірігуі» А. 2011.

6.  Хьел Л. Зиглер Д. Теории личности. – Санкт-Петербург, 1997. – 608 с

7. Кульневич С.М. Педагогика личности: от концепции до технологий, Ростов н/Д, 2001