ҚАБАЕВА Ж.Ә., ф.ғ.д.,  профессор

Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан

Әлем бейнесінің түрлерінің параметрлері  

 

Abstract: The article attempts to reveal the parameters of various pictures of the world. These parameters have objective and subjective characteristics. Scientific picture of the world (SPW) is presented as a classical SPW, nonclassical SPW  and postnonclassical. SPW.

Keywords: world, mythology, philosophy, religion, science, personal, picture of the world

Абстракт В статье сделана попытка раскрыть параметры различных картин мира, обладающих объективными и субъективными характеристиками.  Научная картина мира (НКМ) представлена как классическая НКМ, неклассическая НКМ, постнеклассическая НКМ.

Тірек сөздер: әлем, мифология, философия, дін, ғылым, жеке адам,әлемнің суреті.

Әлем бейнесінің құндылығы, олардың нақты ғылым мен мәдениеттің, яғни, адамның, ұлттың, қоғамның болашағына елеулі әсер ететіндігімен түсіндіріледі. Сондықтан бұл тақырып әрқашан өзекті.

Дүниетаным мен әлемнің бейнесі өзара тығыз байланысты. Тарихи жағынан қарастырсақ үрдістін мифтен логосқа  ауысуы әлемнің рационалды түсінуге өтуін білдіреді. Бұл ауысу таным субъектісінің пайда болуын, адамның өзінің ақылы күшіндегі сенімінің орнығуын білдіреді. К.Ясперс б.з.д. 800-200 ж.ж. аралығындағы «остік уақытты» бөліп көрсетеді – дәл осы кезеңде Адамның өзін түсінуінің жаңа кезеңі басталады, әлемге философиялық рефлекстің пайда болуының негізінде әлемді рационалды ақылмен түсінудің орнығуы келді. Метафизикалық тәсілде акцент әлемнің парадигмалық бейнесінің негізін құрайтын, өзгермейтін нақты ережемен жасалған.

Егер ойлап қарасақ, XXI ғасырдың  басында, біз өз ғаламшарымыз туралы, күн жүйесі туралы аз білеміз. Тек жақында ғана адам Жердің серігі – Айға аяқ басты, бірнеше жүздеген адамдар жер жанындағы орбитада болды және өз ғаламшарының айналасында ұшты; жақын ғаламшар Марсқа дейін адам емес, ғарыштық құрылғы ұшып жетті және 2014 ж.  бір комета зерттелді.  Бұл ғарыштық зерттеудің бастамасы ғана. Бұл – XXI ғ. бас кезеңі үшін жоғары жетістік, бірақ тарихи тұрғыда бұл жетістік жоғары емес.

Сонымен, бұлар – осы уақытқа дейінгі жетістіктер.

Осылайша, адам енді-енді ғана өзінің Жер бесігінен ажырай бастады; мұндай жетістікті сәбидің алғашқы қадамымен қатар қоюға болады. Адамзаттың алғашқы қадамымен салыстыруға болады. Сәби секілді Адамзаттың да алдында ұзақ жол бар. Сәби де – өмірлік, ал Адамзат та – ғарыштық. Ұқсастығы бойынша, сәбидің өмір туралы қандай ұғымы болса (мұның жетілмеген ұғым екенін түсінеміз), Адамзаттың ғарыш туралы ұғымы да осы сипатта екенін болжауға болады, яғни, біздің Әлем туралы бұрынғы түсінігіміздей. Біздің санамызда бейнеленген, адамнан тыс өмір сүретін объективті шынайы әлем, түсінігіміз болып табылады. Адамдардың, қауымдастықтардың әлем туралы әртүрлі түсініктері бар. Бұл көзқарастар әртүрлі атауға ие: әлемнің жалпы бейнесі, әлемнің діни бейнесі, әлемнің үлгісі, әлемнің сұлбасы, әлемнің ғылыми бейнесі (ӘҒБ), әлемнің концептуалды бейнесі, дүниетаным, әлемнің ұлттық бейнесі, әлемнің мәдени бейнесі, әлемнің жеке бейнесі (ӘЖБ), әлемнің тілдік бейнесі (ӘТБ), әлемнің құндылық бейнесі және т.б. Бұл ұғымдар тарихи уақыт шкаласындағы белгілі нүктеде әлемдік өркениеттің даму деңгейімен байланысты, өзіндік ортақ бағалау көрсеткішіне ие.

         Жоғарыда тізбектелген әлемнің әртүрлі бейнелері  сатылы  болуы керек. Бұл сатыларға енбей-ақ, жоғары ықтималдылықпен сатының шеткісіне жатқызуға болатын екеуіне тоқталамыз – бұл ӘЖБ (әлемнің жеке бейнесі) және ӘҒБ (әлемнің ғылыми бейнесі). Әлемнің жеке бейнесін (ӘЖБ) айтқанда Э.Махтың ұстанымын бөліп көрсетуге болады: «Адамзат қана емес, әрбір адам өзінен, оны біріктіруге қатыспаған, толық сананы оятуға әкелген, дайын дүниетанымды табады. Ол оны мәдениет пен табиғаттан берілген сый ретінде қабылдайды» [1, 13]. Э.Махтың бұл қағидасын анықтауға болады: анығында, ол туа біткен және жүре пайда болған білім. Туа біткен білім – бұл табиғаттан берілген сый, ал жүре пайда болған білім – бұл мәдениеттен берілген сый. Адам білім алу жолымен, мәдениет пен ғылымның тарихи уақыт нүктесінде қарастырылған, жинақталған білім алады. Мұндай деңгейдегі мәнмәтінде адамдағы білім ӘЖБ қалыптасады. Туа біткен білім жөнінде, мұндай көзқарасты көптеген зерттеушілер бөліп көрсетпегенін атап өтуге болады. Бұл күрделі, бірақ мұндай көзқарастар бар.

Бұл қағидалардан келесідей тұжырым жасауға болады: ӘЖБ әлемнің ұлттық бейнесінен, ӘБ өзінен, әлемнің ғылыми бейнесінен (ӘҒБ) детерминделген. ӘЖБ әлем бейнесінің сатысында өте қарапайым болып көрінеді. Бұл дегеніміз, әрбір адамдағы ӘЖБ әлемнің барлық басқа бейнелерінен функционалдық тәуелділікте болады, бұл функция олардан пропорционалды (немесе басқа) тәуелділікте болуы мүмкін. ӘЖБ  ұлттық және әлемдік мәдениеттің, ғылымның қазіргі уақыттағы жетістігіне, дәуірлердің ерекше сипатына тәуелді. Бір жағынан, олардың барлығы діни, ұлттық, тілдік, ғылыми және т.б. әлемнің бейнесінде көрініс тапқан. Екінші жағынан, әрбір адамдағы ӘЖБ оның интелектуалдық даму деңгейінмен байланысты. Осылайша, ӘЖБ объективті және субъективті сипаттағы параметрлерге ие. Нақты адамдағы ӘЖБ қаншалықты объективті болса, оған әлем, өмірдің өзі соншалықты қызықтырақ және керісінше: оның өзі айналасындағыларға қызықты.

      Әлем бейнесінің сатысында біз ең қарапайым сатыға (біздің көзқарасымыз бойынша) – ӘЖБ тоқталдық. Енді, әлемнің басқа бейнелеріне әсер ететін, ең объективті, рационалды, барынша салмақты - әлемнің ғылыми бейнесіне (ӘҒБ) тоқталамыз.  Егер әлемнің бейнесі ертеректе қалыптаса бастаса, ӘҒБ ғылымның пайда болуынан шығады, демек шамамен XVII ғасырда. Ғылымның пайда болуы теориялық жараталыстанудың пайда болуымен байланысты. Ғылымның эволюциялық және революциялық қарқынды дамуы ӘҒБ өзгертеді. ӘҒБ-дегі  өзгеріс ғылым дамуының әртүрлі кезеңдерінде көрінеді. Бұл танымал бөлініс: ғылымның классикалық, классикалық емес, постклассикалық емес кезеңдері және оларға есеп бойынша классикалық, классикалық емес және постклассикалық емес әлемнің ғылыми бейнесі сәйкес келуі керек деп тұжырымдауға болады. Бұл жұмыста сондай сәйкестік пен сондай әдіснамалық тәсіл алынады.

Ғылым дамуының классикалық кезеңінде (XYII ғ. бастап XIX ғ. ортасына дейін) еуропалық қоғамда механикалық-математикалық дүниетаным үстем болды, сондықтан ӘҒБ әлемнің механикалық бейнесін көрсетті. Мұнда танымның субъектісі объектіден айқын шеттетілді. Ғылым өрісінде ең дамыған механика болды. Ғылымның өзінде метафизикалық әдіснама үстем болды. Декарт әлемді машина деп ұқты, тіпті адамды да күрделі машина түрінде елестетті. Бұл адамды дәлме-дәл түсінуге өрескел жуықтау еді, бірақ сол заман үшін бұл үдемелі қадам болды. Бұл жуықтау адам туралы контурлы түсінік берді.

Ньютон механикасы уақытты өзгермейтін болмыс ретінде көрсетті, ал кеңістіктің сипаттамасын евклидтің геометриясына сәйкестендірді. M.Massimi. атап көрсеткендей: «Ньютонның математикалық кағидалары, оның қозғалыс заңдарында айтылған. Ньютонның өзі үшін, сонымен қатар Кант үшін басым рөлге, қозғалыс, күш және себептілік сияқты теориялық концептілердің сипаттамасында негізгі рөлге ие, сонымен қатар олар тәжірибе әлемін бірыңғай, заңды реттелген әлем секілді түсінікті етеді». [2, 10].

Нақты Ньютонның заңдары, реттілік секілді универсумның сипаттамасына негізделген, оның интеллигибелділігі туралы ойын негіздеуге мүмкіндік беретін, әлем туралы механикалық-математикалық түсініктің негізінде жатты.

Классикалық емес әлем бейнесі (XIX - XX ғ.ғ) сұйықтық пен газды таза механикалық жүйе ретінде түсінуге болмайтын және кездейсоқ процестің орны бар термодинамикалық теорияның ықпалымен пайда болды.

Классикалық емес әлем бейнесіне электромагниттік өріс пен салыстырмалдық теориясының ашылуы әсер етті. Белгілі болғандай, бұл кезеңде көптеген ашылулар болды: электрон, радиобелсенділік, уақыт пен дене массасының қарым-қатынастарының өзгеруі, және т.б. Көптеген физиктер: «материя жоғалды, тек математикалық теңдеу ғана қалды» деп мәлімдеме жасады. Ғылымның  жаңа парадигмасында қарастырылған жүйедегі өзгеріс үлкен сандар мен ықтималдылық заңы бойынша жүзеге асырылады. Сондықтан ӘҒБ-де классикалық емес ғылым кезеңіне сәйкес келетін мүлдем басқа мәртебеге ие болатын, кездейсоқ ықтимал оқиғаларды қамтитын, әлемді кеңінен түсінуге ауысу жүзеге асырылды. А.Энштейннің жалпы және арнайы салыстырмалдық теориялары әлем бейнесін өзгертті. Әлемді ұғыну мүлдем басқаша болды: кеңістік-уақыт континиумын жаңаша түсінуге евклидтік емес теория жақсырақ сәйкес келді. Ғылымның постклассикалық емес кезеңі синергетиканың пайда болуымен, шамамен 1970 ж. басталады. Жүйе бифуркация нүктесінде өз дамуының траекториясын өзгерте алатын және бірнеше мүмкін бағыттардың біріне бара алатын, тұрақсыз және сызықтық емес жүйенің ашылуы қарастырылады. Жүйеде ұйымдастырудың жаңа деңгейі пайда болады. Жүйелер өздігінен ұйымдастырылатын болады. Постклассикалық емес әлемнің бейнесінде нұсқалық білім мен тарамдалған ізденістің әдіснамасы, құнды сипаттамалар қамтылған; ғаламдық эволюционизм қағидасы қамтылған.  Бүгінде постклассикалық емес әлемнің бейнесі барлық қалған әлемнің бейнелеріне, ғылыми танымның барлық нысанын зерттеудің сипаттамасына, заманауи дүниетанымдық нұсқауға ықпал етеді.

Егер шын мәнінде басқа өркениет болса, олармен байланыс орнатылады (мұндағы ықтималдық нөлге тең емес). Егер қандай да бір өркениеттің өкілдері  бізге ұшып келсе, онда бұл олардың біздің өркениетке қарағанда дамудың жоғары сатысында екендігін білдіреді. Сонда біздегі әлем бейнесінің барлығы бірінен соң бірі қатты өзгеріске ұшырайды (бұл кішірейтіліп айтылғанда).

Мүмкін, барлық әлем бейнесін біріктіретін бір атау табу қажет болатын шығар. Мүмкін ол «антропологиялық бейне» болар. Сонда біріктіруші атау барлығынан бұрын болуы керек: антропологиялық әлемнің бейнесі (бұл ары қарай өзін зерттеуді талап ететін мәселелердің қойылуы).

Сонымен, ӘЖБ объективті және субъективті параметрлерге ие; ӘЖБ сезіммен, сеніммен, субъективті параметрлермен боялған, ал ӘҒБ рационалды объективті білім ретінде көрінеді. ӘҒБ ғылымның даму деңгейіне тікелей тәуелді, сондықтан ӘҒБ өзін ғылым дамуының осы кезеңдеріне сәйкес бөлуге болады. Сонда классикалық ӘҒБ, классикалық емес ӘҒБ және постклассикалық емес ӘҒБ (Бұлардың барлығы ары қарай өзін зерттеуді талап ететін мәселелердің қойылуына жатады) бар деп айтуымызға болады.

Әлемнің жеке бейнесімен ғылыми бейнесі бір бірімен байланысты және олар рухани мен интеллектуалдық әлеуметтік өмірге үлкен әсерін тигізеді.

Әдебиет:

1. Мах Э. Познание и заблуждение: Очерки по психологии исследования. М., 1909.

2. Massimi M.Philosophy of natural science from Newton to Kant. Studies in History and Philosophy of Science (2012),htpp://dx.doi.org/10.1016/j.shpsa.2012.10.010