Болашақ мұғалімдерді кәсіби құзіреттілік тұрғыдан даярлау

 

Г.А. Мұратбаева -  п.ғ.д., профессор м.а.  

И.Д.Ержігітова – ҚазМемҚызПу, “Педагогика және психология” факультетінің  2 курс магистранты

    

Педагогтың кәсіби құзыреттілігі дегенде пәндік-кәсіби білімдердің бірлігін, кәсіби-педагогикалық технологияларды меңгеруін, педагог қызметінің мазмұнын анықтайтын жағдайларда әрекет ету қабілетін түсінеміз. Бүгінгі күні қоғам алдымызға жоғары білімді маманды дайындауда қатал талаптар қойып отыр: ұжымда жұмыс істей білу, еңбек нарығында бейімделе білу, үздіксіз білімін жетілдіру, білім беру ұйымының даму стратегиясының өзгеруіне байланысты мамандығының бейінін өзгерту, педагогикадық технологияларды меңгеру, ақпаратпен жеке жұмыс істей білу, шешім қабылдай білу, сонымен қатар, өз қызметін жобалап, одан нәтиже алуға қабілетінің болуы [1].

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2030» жолдауында: «оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет… ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкәппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек» дегені мәлім. Елбасының осы алға қойған зор міндеттерін іске асырушылар — әрине, жастар. Олай болса, сол жастарға сапалы білім мен салауатты тәрбие беру қажет. Ол, Мағжан айтқандай, мектеп пен ұстаздарға байланысты.

Құзыреттілік білім беру жағдайындағы инновациялық үрдіс – бір жағынан нысанның, педагогикалық идеяның деректер мен тұжырымдамалардың, теорияның, әдіс-тәсілдерінің жаңа сапалық өзгерістерін қамтамасыз ететін үрдіс болса, екінші жағынан педагогикалық қауымдастықтың сұранысын қанағаттандыратын, қоғамдық педагогикалық құндылықтарына сәйкес жаңаны меңгеру, қолдану, талдау, салыстырмалы бағалау үрдісі болып табылады.

мұғалімнің кәсіби құзырлылылық деңгейі; Мәселен, біріншіден мектептегі оқу-тәрбие жұмысы арқылы шығармашыл оқушыларды қалыптастыруынан; екіншіден, өзінің кәсіби іс-әрекеті арқылы жақсы нәтижегелерге жете білуінен; үшіншіден, кәсіби мүмкіндіктерін іске асыра білуінен байқалады. Білім сапасын арттыруда мұғалімнің құзырлылығының ықпалы мынадай болуы тиісті:

1.Есеп  беру және басшылық, басқару, тиісті құжаттарын  әзірлеу  жүйесін жетілдіре білу;

2.Білім сапасын  диагностикалау  мен  мониторинг  жүйесін білу;

3.Тұлғалық-қызметтік, құзіреттілік тәсілдерге  оқытудың  әдістемелік жүйесін жасай білу;

4.Білім сапасын  бағалаудың  жаңа рейтингін енгізе білу.

      Мұғалімнің кәсіби құзырлылық деңгейін көтеру үшін, құзырлылық сөзінің мәніне терең үңілген жөн. Құзырлылық – бұл күнделікті өмірдің нақты жағдайларында пайда болатын проблемалар мен міндеттерді тиімді түрде шешуге мүмкіндік беретін қабілеттілік. Мысалы педагогика саласын зерттеуші А.В.Хуторскийдің пікірінше: «Құзырлылық-нақты пәндер мен үрдістер айналасындағы және сапалы, өнімді қызмет үшін қажетті тұлғаның бір-бірімен тығыз байланыстағы сапалары» десе[3], ал Т.Г.Браже «Құзырлылық-тек кәсіби білім ғана емес, ол тұлғаның мәдениетімен шығармашылық әлеуетін дамыту қабілеті» деп тұжырымдаған. Мұндай пікірлерден кейін қазіргі білім талабын қанағаттандыру үшін, мұғалім жоғары мәдениетті, терең адамгершілікті, құндылық пен сенімділік жүйесінің қалыптастыратын, өз оқушыларының шығармашылық мүмкіндіктерін дамытатын,  жаңалыққа іс-әрекетімен қабілеттілік танытатын, өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыратын, кәсіби белсенді құзырлы мұғалім қалыптастыру қажет.

     Қазіргі жоғарғы оқу орындарында  болашақ мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін, құзырлығын  арттыруда   көптеген әдістемелік  жұмыстар;  ұжымдық, топтық,  жеке, белсенді, түрлері мен әдістер жиынтығы кеңінен  қолдануда.  Мысалы;   «Әдістемелік коллаж», «Жарнамалау», «Панорамалық сайыс», «Лидер» іскерлік ойындарын,  «Дөңгелек үстел» жиынын,  озат тәжірибелер бойынша  шығармашылық есеп беру, әдістемелік апталықтар, конференцияларды атап өтуге болады. Мектепте  әрбір мұғалімнің  ғылыми –зерттеушілік  жұмыспен айналысуына,  шығармашылықпен   жаңа педагогикалық инновацияларды  меңгеруіне  және енгізуіне  толық жағдайлар жасалған.  Мұғалім- ол ұлы тұлға. Адами қасиеттерді дамыту, бала бойына сіңіру мен қалыптастыруда  мұғалімнің алатын орны ерекше.

Мұғалімнің қоғамдағы  белсенділігін арттыру  үшін, кәсіптік мәртебесі және әлеуметтік  беделіне, шығармашылығына көңіл бөлу керек. Яғни бала тәрбиесімен, шығармашылығымен үнемі жұмыстанатын  мұғалімнің   құзырлылық  деңгейін қалыптастыру басты мәселелердің бірі. Еліміздегі білім саласы оқытудың жаңа моделіне көшіп келеді. Бұл жаңа модель «Нәтижеге бағытталған білім беру» деп аталады. «Нәтиже» дегеніміз жеке тұлғаның құзырлылық деңгейінің дамуы. Ал «нәтижеге бағытталған білім беру» дегеніміз жеке тұлғаның құзырлылық қабілетінің қалыптасуы[4]. Құзырлылық  - ол тереңде сапалы білім. Мұғалімнің кәсіби құзырлылық деңгейі жоғары болғанда ғана, құзырлы оқушы қалыптасады. Бүгінгі таңда жоғарғы педагогикалық оқу орындарында оқып жатқан болашақ   мұғалімдерге  қойылатын талап «кәсіби құзырлылық деңгейін жетілдіру» болып табылады. Яғни, жаңа мұғалімнен тек өз пәнін білу ғана емес, тарихи танымдық, педагогикалық, психологиялық және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Болашақ мұғалім заман талабына сай білім беруде жаңашыл шығармашылықпен жұмыс істей алатын, оқытудың жаңа технологиясын меңгерген, білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде қалыптасуы керек. Осы орайда ежелгі ғұламалардың  айтып кеткен сөздері есімізге түседі. «Егер бір жылдығыңды ойласаң егін ек, ал 100 жылдығыңды ойласаң ағаш ек, ал 1000 жылдығыңды ойласаң адам тәрбиелеп, білім бер» деген екен [5].

      Қорытындылай келе осы жоғарыда айтылғанның бәрі басқару қызметіне стратегиялық және инновациялық ойы дамыған, басқару мәселелерін шешуге қабілеті жеткілікті, жаңа технологияларды игерген, команда құрамында жұмыс істей алатын, өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарайтын, қарым-қатынас мәдениеті жоғары, бір сөзбен айтқанда болашақ ғылыми құзіретті ұстаздың қалыптасуын және  үздіксіз дамытуды қажет етеді.

 

1.Оспанова.Ә.Ә «Болашақ мамандарда жобалау құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары»  Білім берудегі менеджмент журналы, А. 2012.

2. Жолдабекова С.А.  «Кәсіби оқыту бойынша мамандарды даярлау барысында құзыреттіліктерді қалыптастыру мәсеселелері». Педагогикалық ғалымдар.  Шымкент  2009.

3. Кенжебеков Б.Т. Жоғары оқу орны жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру. пед.ғыл.докт....автореф.: 21.05.05. - Қарағанды: Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ, 2005.

4.Айтамбаева С.Т. «Тілді үйрету барысында жүзеге асатын құзыреттіліктер» Өскемен қаласы. 2005.

5.Шаукенова З.К. Социальная структура современного казахстанского общества. Сборник материалов международной научно-практической конференции 12 июня 2003 г., Астана 2003 г.

6. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.