Тайлыбаева А.Д., Даникеева А.Б., Сайлау С.

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

Қазақстан  Республикасы, Тараз қаласы

 

ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – БОЛАШАҚТЫҢ ТІРЕГІ.


         «Бала тәрбиесі - баршаның ісі». Халқымыздың ''балалы үй базар баласыз үй мазар" деген аталы сөзі текке айтылмаған. Балғындардың риясыз күлкісі, әсем қылыаынсыз өмірді, келешекті көз алдымызға елестету мүмкін емес. Бала десе жүрегіміз езіліп көңіліміз толқып, мерейіміз таси түсетіні де сондықтан болар. Нарық заманы бүгінде қай салаға да жеңіл тиіп отырған жоқ. Бірақ сол қиыншылықтарды тілге тиек етіп, жас ұрпақ тәрбиесіне, келешегіне немқұрайлы қарауға болмайды. Ата-бабаларымыздың өткен тарихын, ғасыр ауламаларын балғын-дардың жүрегіне ұялатып, болашақта олардың ел қамын ойлайтын отансүйгіш азамат болып өсуіне басты назар аударылады Жаратылысынан жүрек жылуы мен мейірім шуағы мол халықтың бірі - қазақ. Бала тәрбиесіне деген немқұрайлық оның табиғатына мүлдем жат. Өйткені, қазақтың ел алдындағы абырой-беделі, қадір-қасиеті тек жеке басының жақсылығы немесе дәулетімен ғана емес, бауырынан өрген ұрпақтарының салауаттылығы, жарақтылығымен де өлшенген. 
Ата-бабаларымыздың сондай-ақ тектілік деген киелі ұғымды ежелден қастерлеп, оны атадан балаға мирас қып қалдыруында да терең сыр жатқандай. Туа бітгі тектілігін, табиғи қадір-қасиетін сақтап қалу үшін олар мүмкіндігінше тәрбиелі отбасылармен құдалы-жекжат болуға ұмтылған. Тарих қойнауына үңіліп, ұлттық тәрбие сырларына тоқталып отырғанымыз да тегін емес. Өркениетті ел қатарына қосыламыз, келешекте көш бастайтындай көшелі ұрпақ өсіреміз дейтін болсақ, ұлттық тәрбие сырларын, тағылымдарын еш уақытша да естен шығармауымыз керек. Шығыстың ғүламасы әл-Фараби: "Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін" - деген. 
Адам өмірге бәрі бірдей болып келеді, бірақ та өсе бара олардың тағдыры әртүрлі болып қалыптасады. Баланың құдіреті санасында, сондықтанда әрбір бала саналы өмір сүрсе және бәрін ақылға салып, ойлап істесе, оның алдына қойған мақсатына да, байлыққа да, бақытқа да қол жеткізуіне болады. 

           Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, қайырымдылығымен, адалдығымен, әділеттілігімен ардақталады. Моральдық қасиеттер адамдардың қимыл-әрекеттерінен, қарым-қатынаеынан шығады. Жақсылық пен жамандық, зұлымдық пен махаббат, әділет-тік пен әділетсіздік, борыш пен намыс, ар мен ождан адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді. Бұларды адам бойын жастайынан мінез-құлық ережесі етіп калыптастыру тәрбиеге байланысты. Осыны ұстанған қазақ халқы жастарды от басында кішіпейілділікке, ізеттілікке, имандылыққа-, инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет етіп қойған: Ер балаларға ауылдың үлкендеріне қос қолдап, сәлем беруді, қыз балаларға ибалық жасап, үлкендер,се жол беруді, олардың алдын кесіп өтпеуді уағыздаған. Ж.астардың жадына «сіз» деген сыпайылық, «сен» деген анайылық, «Адалдықтың белгісі, иіліп сәлем бергені», «Кішіпейілділіктен кішіреймейсің», «Жұпыны жұтамайды, сыпайы сүйкімді»; «Құдай деген құр қалмайды» деген кағидаларды үнемі уағыздаған. Халқымыз «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деп бала тәрбиелеуші ата-аналардың да өнегелі болуын талап еткен. Отбасының, коғамның тәрбиесі аналарға байланысты екеніне ерекше мән берген, кыздың көркіне ақыл-ойы мен мінез-кұлқының сай болуын қадағалаған. «Қыз қылығымен сүйкімді», «Қызым үйде, кылығы түзде», «Қысыла, қысыла қыз болдым» деген мақал-мәтелдер үлкен жауапкершілік жүктейді. «Қыз өссе — елдің көркі» деу арқылы арлы, инабатты, сымбатты қызды бүкіл ауыл-аймақ болып тәрбиелеуді мензейді. 
Адамгершілік қасиеттің өзекті мәселесі — қайырымдылық, достық. Халық ұғымында жақсылық пен жамандық, достық пен қастық адамгершілік қасиеттің екі түрлі белгісі ретінде егіздің сынарындай қатар салыстыра суреттеген. 
         Осы жәйтті терең түйіп, еңбектің бейнеті мен зейнетін басынан өткізген халқымыз баланы еңбекке тәрбиелеуді отбасынан бастаған. Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін өзара белісіп алған. Ұлды мал бағуға, отын шабуға, аң аулауға, мылтық атып, мергендік құруға, қолөнер шеберлігіне, мал тауып, отбасын асырауға әкелері мен аталары үйретсе, қыз балаларға үй сыпыру, төсек жинау, ас пісіру, шай құю, кесте тігу, тон пішу, өрмек тоқу, ою-өрнек сияқты отбасынын ішкі жұмысына үйретуді анасы мен әжесі өз міндеттері-не қалдырған. Қыз баланы келешек ана, бала тәрбиешісі, отбасы ұйытқысы деп түсінген халкымыз оның еңбек сүйгіш, өнегелі, өнерлі болып өсуіне ерекше мән берген. Қолөнеріне икемі жоқ қыздарды: «Өз үйінде ою оймаған, кісі үйінде тон пішер» деп келеке еткен. Тіпті шай құю мен төсек жинаудың өзі үлкен сын болған. Ақындардың өлеңдерінде кездесетін «Қыздың жиған жүгіндей» деген теңеулер текке айтылмаған. Еңбекті дәріптеу, жастарға еңбек адамын үлгі-өнеге етіп ұсыну «Аяз би» ертегісіндегі Аяз бидің, «Керқұла атты Кендебай» ертегісіңдегі Кендебайдың, «Күн астындағы Күнікей кыз» өртеуісіндегі қарапайым қойшы баланың бейнелері арқылы берілген. Мал баққан, еңбек сүйген, қару-жарақ асынып, ел-жұртын мергендікпен асырап-сақтаған қарапайым шаруа адамдарының адал еңбегі арқасында қиындық біткенді жеңіп шығып, мұратына жетуін баяндау арқылы халық «еңбекпен ер көгереді», мұратына жетеді» деп, жастарға үлгі-өнеге-етіп ұсынады. 

            ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.


1.Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары, Алматы, 1994, 285б. 
2.Әбілқасымова А. Познавательная самостоятельность в учебной деятельности студента. - Алматы: Санат, 1998. -158 с. 
3. Сабыров Т.С. Оқушы жастардың танымдық әрекетін рттырудғы оқытудың әдістері мен формаларының дидактикалық жүйесін тиімді қолдануға мүғалімді даярлаудың теорилық негіздері: п.ғ.д.... дисс. 13.00.01. – Алматы, 1996. - 278 с. 
4. К.Ж.Бұзаубақова « Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру» Алматы , 2002ж.