Педагогические науки
Қыстаубаева Айгерім, Умеева Ш.Ж.
Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті,Казахстан
Жасөспірімдердің
мінез-құлқындағы психологиялық сипаттар.
Адам мінез -
құлқының өзгеріп отыруына әлеуметтік
жағдайдың үнемі ықпал етіп, оның жаңа
сапаларын қалыптастырып отыратындығы ғылыми
тұрғыдан анықталған тарихи шындық және объективтік
фактор.
Мінездің
жекелеген қасиеттері адамзаттың сыртқы ортамен және
өзге адамдармен қарым-қатынасынан байқалады. Ал
оның азаматтық қарым- катынасы қоғамдық
қатынастар негізінде қалыптасады. Адамның өз материалдық
мұқтаждықтарын қамтамасыз етуі,
жұмыссыздығы не болашаққа сенімі мен сенімсіздігі,
әлеуметтік теңсіздік - мұның бәрі де адам
мінезінде терең із қалдырады. Сөйтіп, әрбір
адамның мінез-құлқының сипатына әсер етеді.
Жасөспірім
жаста дүниені тану және өзін-өзі тану мәселелерін
ығыстыра келе, Н.Мудрик былай деп тұжырымдайды: «егер адам жас
кезінде талдау және өзін-өзі талдау сияқты
дағдыларды игермесе, онда оның кейін игеріле қоюы
қиынырақ. Содан барып ол дүниені және
өзін-өзі тануға тым нашар бағдарланады. Онда
дүниенің бейнесі де, өзінің тұлғалы
және өзінің дүниемен өзара
қарым-қатынасы жөніндегі түсінігі де қалыптасады».
Баланың
бойына жақсы мінез-құлықтарды сіңіруде
ата-ананың, жанұя ілелері үлкендердің жеке
басының үлгі-онегесі ерекше рөл атқарады. Бала
қарап еліктеп өседі. Жанұя мүшелерінің
мінез-құлқы, басқалармен ым-қатынасы - бала
психологиясына тікелей әсер ететін, жанүялық иедегі
бірден-бір ықпалды құбылыс. Мұны ата-ана, жанұя
мүшелерінің үлкендері үнемі есінде берік сақтауы
қажет. Тәрбие ісінде олардың сөзі мен әрекеті
арасында ешқандай алшақтық болмауы керек.
Өсиет,
ақыл айту баланы адамгершілік мінез-құлыққа
баулаудың негізгі құралы болып саналады. Баланың жаман
әдет, жат мінездерін сөйлеу, оған тыйым салу әдісі де
тәрбие ісінде жиі қолданылады. Ұлттық
тәлім-тәрбие қалыптасқан дәстүр бойынша
жанүя мүшелерінің бәрі бірдей баланы сөгуге, оны өрескел
қылықтардан сақтандыруға құқықтары
болған. Бірақ ол баланың жеке басының қасиеттерін
кемітіп, ар-намысына нүқсан келтіретіндей дөрекі болмауы
керек. Баланың мінез-құлқындағы кемшіліктерді
айыптауда үлкендер тарапынан үстамдылық, сабырлылық,
оның психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, орынды
қолданған тазалау әдістері ғана тиісті нәтижеге
жеткізеді.
Жеткіншектік
шақта ағзаның физиологиялық қайта
құрылуы өтеді, жыныстық жетілу кезеңі басталады.
Орталық жүйке жүйесінің қатты
қозғыштығы осыған байланысты. Алайда жеткіншектерде
тежелу процестері әлі де болса жете дамымаған.
Қалыптасқан еліктеулерді "қирату", оларды кайта
құру және жаңаларын жасау баладан әжептеуір
жүйкелік күш жұмсауды талап ететін күрделі,
қайшылығы мол қүбылыс.
Жеткіншектердің
аса қызбалығы, олардың тез шаршауы қолайсыз
жағдайларда үстамсыздыққа,
ашушаңдыққа, дәлелсіз қылықтарға алып
келеді.
Блум
бойынша, жеткіншектер адамдарда әсіресе достыққа
адалдықты (коллектившілдікті) ұжымшылдықты, батылдықты,
ерлікті, принципшілдікті бағалайды. Ол өзін әсіресе осы
қасиеттерге тәрбиелегісі келеді, сол бойьшша басқа адамдарды
да бағалайды.
Жеткіншектердің
мінез-құлқы көп жағдайларда
қоғамдық пікірлердің ықпалымен қалыптасады.
Мектеп оқушылары бұл жаста ұжымның не
құрдастарының олардың іс-әрекетіне берген
бағасына ерекше көңіл бөледі.
Адамгершілік
сезім дағдылары жөніндегі әрекетте сынып жетекшісінің
алдында өзара байланысты екі міндет тұрады: жеткіншектерге
адамгершілік нормаларын түсіндіру, адамгершілік санасын
қалыптастыру және оларды мәдени мінез-құлық
ережелерін орындауға әдеттендіру.
Осыдан-ақ,
көпшілік педагог-психологтарды жұртшылықтың
оқушыларды жағымды мінез-құлық дағдысына
соншалықты ерекше назар аударып отырғанын түсінуге болады.
Онсыз оқу мен дамыту жұмысының табысқа жетуін
қамтамасыз ету, берік ұжым құру,
оқушылардың адамгершілігін арттыруға қол жеткізу,
еңбекке сүйіспеншілікпен және құрметпен
қарауды, бар күш-жігерін аямай еңбек ете білуді тәрбиелеу
мүмкін емес.
Жасөспірімнің
өзі туралы ойлана бастауының ең маңызды стимулы -
оның кұрдастарының арасында сыйлы болғысы келуі
және өзіне жақын жолдастар, дос табуға ұмтылуы.
Жеке тұлғаның
қалыптасуына жасөспірім мен мұғалім арасындағы
карым-қатынастың орны ерекше. Қандай адам болсын, мейлі
оқымысты, мейлі карапайым жұмысшы болсын, мектеп өмірі
туралы, мектеп кабырғасында жүргенде өзіне үлкен
әсер еткен мүғалім туралы аса бір жылылықпен еске
түсіруге жиі кездеседі.
Мұғалім
мен жасөспірім қарым-қатынасы ғылыми
тұрғыдан қаралатын күрделі мәселе, өйткені
оқушының өзін қоршаған ортаға деген
қарым- қатынасы оқушы мен мүғалімі екеуінің
қарым-қатынасы негізінде калыптасады, сондықтан бұл
қарым-қатынас жасөспірімнің жеке
қасиеттерінің қалыптасуна зор ықпал етеді. Ал екінші
жағынан, ғалым В.П. Зинченко көзқарасынша:
«Мұғалім мен оқушының жеке қарым- қатынастары
іс-әрекеттер атқару нәтижесінде туындауы қажет», осы
пікір мен ол этиканың фетишизмге қарсылығын білдіріп,
бүкіл педагогикалық назарды оқу-тәрбие жұмылдыру
қажет деп табады.
1
Байтұрсынов А. Шығармалары Алматы, 2001 ж.-104б.
2
Мудрик В.А. Педагогический процесс в системе
формирования личности Москва, 1995 ж.-85б.
3
Зинченко В.П., Моргунов Б.Б.
Человек развивающийся: Очерки российской психологии. -М.: 2004ж.
100-111 б.