Педагогические науки
Тұрар Мөлдір, Ш.Ж.Умеева
Тараз инновациялық-
гуманитарлық университеті, Казахстан
Мектеп жасындағы
балалардың танымдық қызығушылығын
қалыптастырудың педагогикалық негіздері.
Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік -
экономикалык дамуына байланысты жүргізіледі. Ал білімнің
қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негізгі
мәселесі - рухтың материяға, сананың болмысқа
қатынасы түрғысынан зерттелетін ілім таным теориясы деп
аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан
түбірлі айырмашылығы - ол білімнің қалыптасуы мен
негізделуінің жалпы ұстанымдарын, объективтік қатынастарды
қалыптастырады.
Танымдық әрекет - балалардың білімге деген өте
белсенді, ақыл - ой әрекеті. Ол танымдық қажеттіліктен,
мақсаттан, таным әрекетінің негізінде балалардың
танымдық белсенділіктері, ізденімпаздықтан қалыптасады.
Танымдық ізденіпаздық ұғымы және оны
қалыптастыру проблемасын көптеген педагогтар, психологтар мен әдіскерлер
зерттеп, ғылыми еңбектер жазды. Бұл проблеманың
түп тамыры сонау көне замандардан бастау алады.
Құл иеленушілік қүрылыс кезінде ежелгі Греция мен
Римде басқа мемлекеттермен салыстырғанда қоғамдық
даму деңгейі жоғары болды. Бұл дәуірде де
өскелең тәрбие беру ісіне мемлекет тарапынан айрықша
көңіл бөледі. Құл иеленуші
қоғамға мемлекетті қорғай алатын, қажет
кезінде жаугершілік ұрыстарға шалымды, күшті, жігерлі де
білікті адамдар қажет болады. Нәтижесінде ежелгі грек тәрбие
теориясы пайда болып, бүл идеялар Платон, Аристотель, сондай - ақ
ежелгі Рим философтары Плутарх, Тацит, Квинтилиан еңбектерінде одан ары
дами түсті.
Бұл теорияда ақыл - ой тәрбиесіне көп
көңіл бөлінді, әсіресе шәкірттің өз
ой тұжырымын дамытуға ерекше мән берілді. Сократтың
өзі - ақ оқыту барысында шәкірттердің
танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын арнайы
басқарудың маңыздылығын атап көрсеткен - ді.
Ол шәкірттердің танымдық ізденімпаздығын арттыратын
арнайы оқыту әдісін - эвристикалық әңгімелесуді
алғашқылардың бірі болып қолданды. Сократ білІмді жай
ғана бере салмай, шәкірттеріне сұрақ қоя отырып,
олардың ойлау қабілетін, қызығушылығын арттырып,
өз ой тұжырымдарын жасай білуге ұйретеді. Эвристикалық
сұрақтарды алдын - ала дайындай отырып, танымдық
ізденімпаздықты оқыту кұралы ретінде қарастырады.
Кейінірек осы
ізденімпаздықтың дамуына ежелгі Рим философтары үлес
қосты. Олар білімді игеруде шәкірттердің белсенді
танымдық ізденімпаздығы айтарлықтай роль атқарады деген
пікір айтты.
Я.А.Коменскийдің шәкірттің ізденімпаздығы туралы
пікірін Дж. Локк одан әрі дамытып, оқу әрекетіндегі мотив пен
ұмтылыс туралы сөз ете отырып, баланы дамытудағы ізденімпаздықтың
қажеттігін атап көрсетті.
Қазіргі таңда әрбір жеке тұлғаның
кұндылык қасиеттерін дамытып, калыптастыруға аса мән
беріліп отырғаны белгілі. Мектеп жасындағы балалардың
танымдық қызығушылық қабілеті жақсы,
бірақ тұрақсыз болады. Егер баланың
қызығушылығы жайында жүйелі мәлімдемелер
түсіп отырса, баланың даму үрдісі шапшандайды.
Біз бұл жерде Л.B. Занковтың идеясын негізге алдық. Ол
баланың коғамдық өмірдің әртүрлі
жақтарымен еркін араластыру керек, әртүрлі баланың
дамуы үшін туындайтын шегіністерден қашпауымыз керек, керісінше,
баланың дамуына қандай дәрежеде ықпал еткенін
айқындай отырып, жүргізу қажет деген ұсынысын
зерттеуімізге басшылықка алдық.
Танымдық қызығушылықтың адам өміріндегі
алатын орнына қарай оның атқаратын бірнеше функциясын да атап
өтуге болады:
1.
Дүниетанымдық -
қызығушылық жеке тұлғаның білім мен
идеялық сенім жүйесін, қоғамдық-саяси
көзқарасын қалыптастырудың рухани негізі ретінде
қызмет атқарады.
2.
Мағыналық - бұл
функция арқылы танымдық қызығушылық адамды іс-
әрекетке, оны басқаруға, алдына койған міндеттерді шешу
жолдарын үйлестіруге бағыттайды.
3.
Қозғаушы - ол
іс-әрекеттің сипатын анықтайды, яғни оның
қарқыны,
түрақтылығы, әсерлілігі.
4.
Реттеуші - оның көмегімен
іс-әрекет түрлерінің реттеуші деңгейі қамтамасыз
етіледі.
5.
Бағыттаушы - нәтижеге жетуде
іс-әрекет процесінің бағытын айқындайды.
6.
Бағдарлаушы -
қызығушылықтың арқасында адам сыртқы
күштердің дыбыс, жарық, иіс, шу, т.б.) әсеріне жауап
қайтарады, қүбылыстар мен окиғаларға тандамалы
қатынас жасайды.
7.Таңдаушы
- іс-әрекеттің неғүрлым жаңа тәсілдерін
таңдауға мүмкіндік береді.
8.
Жасампаздық -
қызығушылық тіршілік ету жағдайларына араласуға,
осы жағдайлардың дамуына өзгеріс енгізуге, оларды
өзінің еркіне бағындыруға көмектеседі.
Осының нәтижесінде қызығушылық жеке бастың
көптеген сапаларының дамуына белсенді ықпал етеді.
9.
Толықтырушылық - оның
көмегі арқылы жеке бастың дамуындағы кемшіліктер
басқасын дамытуды күшейту есебінен толықтырылады.
Көріп отырғанымыздай, жеке бастың
дамуында танымдық кызығушылықтың атқаратын
функционалдық міндеттері өте көп.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қоянбаев P.M. Педагогика. – Алматы, 2001ж.
2.Кузнецов А.А.
Требования к знаниям, умениям учеников. -М: Просвещения, 2003.
3.Сансызбайқызы М.
Балдырғандарға арналған қызықты танымдық
тапсырмалар.-А.: Рауан 2000