Тоқтыбаева
Гүлжахан
Сәулебекқызы
Академик Е.А.Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті,
аға оқытушы, педагогика ғылымының
магистры
Сызу сабақтарында
оқу материалдарын бекіту және мәлімдемелер беру
үрдісінде, қызықты тапсырмаларды жүйелі түрде қолдану
Жоғары оқу орындарында меңгерілетін
негізгі оқу пәндерінің көбісі, ғылыми негіздерін
оқыту әдістемесінде өзіндік жаңаша оқу
әдістерінің бағытттарын меңгері
күннен-күнге дамып келеді. Әртүрлі пәндерді
оқу үрдісінде қалыптастырудағы қазіргі сызу
пәнін студенттерге оқыту үрдісінде жаңаша
бағытпен жүргізудің, басты сұрақтары болып
тұр. Әрине бұл сұрақтарды шешудің жолын
белсендіру барысында сызуды оқыту үрдісінің негізгі
мақсаттарының деңгейін көтеруде графикалық
дайындықты мектепте дамытудан бастау керек.
Студенттердің кеңістіктік ойлауын дамыту
және қалыптастырудың тағы бір мүмкіндігі сызу
сабақтарында қызықты графикалық тапсырмаларды
қолдану болып табылады. Қазіргі уақытта бұндай
қызықты тапсырмаларды қолдану деңгейін көрсетуде.
Негізінен негізгі материалдар төңірегінде ғана шектеліп
қана қоймай, осы қызықты тапсырмаларды қолдану
арқылы студенттердің кеңістіктік елестету деңгейін
көтеріп қана қоймай, графикалық сауаттылық
деңгейінде көтереді [1].
Кеңістіктік елестетуді педагогика
ғылымының докторы, профессор А.Ботвинников – бұл үлгі
(образ), заттың маңызды ерекшеліктерінің нақты
көрнекі үлгілерін сақтау деп айтқан.
И.С.Вышнепольский айтады, кеңістіктік елестетуді дамытудағы
басты міндет – бұл анализ және синтез. Анализ геометриялық
денелердегі заттың пішінін оймен бөлуді, заттың
кеңістіктік жағдайын анықтау және проекция
жазықтықтарына оның бөліктерінің қатынасы,
запттың қырлары мен жақтарында жатқан проекция
нүктелерінің орналасуын көрсетеді. Осы анализдің ізімен
синтез жүреді.
Синтез – бұл
заттардың типтік белгілерін біріктіру, жалпылама бейнесінің
негізінде қайта құру.
Сабақта қызықты тапсырмаларды
қолдану, студенттердің танымдық үрдісін белсендіреді,
ал оқу материалының мазмұнын меңгерту
студенттердің танымдық қызметін белсендірумен тығыз
байланысты. Қызықты тапсырмаларды біз қалай түсінеміз?
Қызықты тапсырмалар – бұл тапсырмалар,
түпнұсқадағы сұрақтар мен
тапсырмалардың негізін құрайды, олар кеңістіктік
елестетулерді жеткілікті түрде сызудың негізін меңгерудегі
білімнің жүйелілігін, зеректілігін анықтау қажет.
Сондықтан, тапсырмалардың өмірлік тәжірибеге
бағытталуы, студенттердің меңгерілген білімдерін,
дағдыларын, іскерліктерін стандартты емес жағдайларда маңызды
болады.
Білім беру барсында бұндайға жақындау,
оны бекітудің ең үздік құралы болып табылады.
Қазіргі уақытта көптеген білім беру
мекемелерінде, қызықты тапсырмалар, оқушылардың
графикалық дайындығын көтеруде және кеңістіктік
ойлауын қалыптастырудағы нақты құрал ретінде
қолданылмай келеді. Ал, қызықты тапсырмаларды қлдану
және ашу оқушылардың сол пәнге деген
қызығушылығын арттырады.
Қолданылған
әдебиеттер:
1 Ботвинников А.Д. ,Виноградов В.Н., Вышнепольский И.С.,
Вышнепольский В.И. Методическое пособие
к учебнику - М.
2. Василенко Е.А., Жукова Е.Т.
Карточки – задания по черчению - М.1988 г.