Болтаева С.Ж.

                                                                                      Нархоз Университетінің                  

«Жалпы білім беру пәндері»

кафедрасының аға оқытушысы

 

Еліміздің мәдениет саласының заманауи дамуы.

   Қазіргі Қазақстанда сауат ашудың, білім алудың, біліктілікке жетудің жолдары сан алуан. Міне, бұл мәдениеттің интеграциялануының басты көрсеткіші. Білім алудың бірнеше сатысы төменгі буын – колледждік білім, орта буынды – институт, университеттік білім, жоғары деңгейдегі аяқталған білім – магистрлік білім. Білім берудің бұл сатылары интеграциялану арқылы бізге батыс Еуропадан келді. Жоғарғы оқу орындарында ерекше білім танытқан студенттер грантқа ие бола алады, бұл да жаңа жүйе. Біліктілікті жетілдіруде де жеңілдіктер жеткілікті  - ол компьютермен байланысты. Компьютерлік яғни желілік байланыс арқасында біздерге, яғни жалпы жастарға сауаттылық деңгейді көтеруге үлкен мүмкіндіктер бар, мысалы тіл үйрену, салауатты фильмдер көру, кез-келген ғылым саласы бойынша ақпарат алу, ары кеткенде науқасына байланысты  дәрі-дәрмек туралы мағлұмат алу, т.б. толып жатқан пайдалы кеңестер. Бірақ, кей жағдайда қоғам мүшелерінің тек қана ғаламторлық мағлұматтармен шектеліп қалуы байқалып жатады. Осының әсері болса керек әсіресе жастар жағы классикалық шығармаларды жалпы әдебиетті қолға ұстаудан қалып барады. Қазақ жастары әдеби шығарма оқудан оның ішінде  ұлы классиктердің шығармаларын оқудан қалып барады. Бұл дабыл қағарлық жағдай. Өйткені, ол шығармалардың рух берерлік, адами қасиеттерді егерлік сипаты бар. Европа алдыңғы қатарлы деген жастарға бір жақты ой қалыптасты. Әрине.технологиялық жетістіктерін мойындамауға болмайды,  ал шығыстың даналығы мен адами өзара қарым-қатынасына оның ішінде туыстық қарым –қатынаста орын алатын дәстүрлі қазақ мәдениеті баршаға үлгі боларлық. Европадан біздің жастар білім мәдениетін қабылдар болса, оның пайдасы зор болар еді. Әр мемлекеттің өзіндік даму жолы мәдени ерекшелігі бар. Біздің жастарымыздың арасында осы жағдайларды ажырата алмай адасатындарыда кездеседі. Оларды ғаламтордағы теріс ақпараттар қызықтырып уақыттың басым бөлігін сонымен жіберіп алып. соңында барлығынан бос қалатындар жеткілікті. От басында уақыттың шектеулі екенін санаға сіңдіріп отыруды тиімді деп есептеймін.

   Мәдениеттің келесі сатысы ретінде ұлттық дәстүр салт-сананы жатқызуға болады. Бұл-төл мәдениет, халықпен бірге жаратылып келе жатқан мәдениет, себебі біз, дәстүр болып қалыптасқан «үлкенді сыйлау қай ғасырда пайда болды?» деген сауалға нақты жауап алуымыз мүмкін емес. Қазақ халқы басқа да халықтар сияқты қалыптасуы тереңнен келе жатқан ұзақ тарихы бар халық. Бұдан айтқым келіп отырғаны, дәстүр халықпен бірге қалыптасатын тарихи ұғым. Қазақ халқына туа бітетін қасиет – үлкенді сыйлау, ата-ананы құрметтеу ол туралы жоғарыда сөз еттік.Бүгінгі таңда біздің ұлтымызға жат  келеңсіз жағдайлармен кездесіп жатамыз. Жастардың үлкен алдында бойтартпай темекі шегіп, анайы сөздер айтып жататын кездері болады. Бұл қай ұлт өкіліне болса да жараспайтын қасиет. Ұлтымыздың тарихында қарттар үйі, түрме деген ұғымдар тіпті болмаған, ал қазір қарттар үйіне кезек күтіп, барып өту жиі кездеседі, бұның өзі біздің ұлтымызда болмаған жағдай.

   ХХІ ғасырдың шынайы кілті жаһандану білім саласынада келді.Біз қазір ең сауатты ел қатарына жатамыз.Бұл саладағы көрсеткіш өте жоғары,бірақ жаңа технология саласында дәреже төмен. Көп жағдайда сенеріміз шетел мамандары немесе шетел тауарлары. Тәуелсіз еліміздің кезең-кезеңмен атқарып жатқан білім саласындағы іс-шаралары мемлекеттің өре мен қуатының ізденісін аңғартады. Орайы келгенде айтып кететін жағдай білім саласындағы реформаларды жасауда да тиімді жол таңдаған абзал болар еді. Олай дейтін себебіміз әсіресе мектеп қабырғасындағы білім беруде оқулықтардың басым бола түсуімен байланысты. Өзге елдермен тең тұрамыз деп ҰБТ енгізілді. Бұл әдіс біздің байқауымызша өзін өзі ақтап келе жатқан жоқ. Оны мектеп қабырғасындағы оқушыларға жаттанды әдісті үнемі қолдану олардың логикалық ойлау қабілетін төмендетеді. Оның үстіне жаттандылық жауапкершілікті де азайтады.

    Жаһандану заманында интеллектуалды азамат қалыптастыру, қойылған міндетттер бойынша жастардың дүниетанымын өзгертіп, олардың жаңаша ойлау қабілетін арттыруға, білімге деген құштарлығын оятуға, отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағытталып отыр, бәсекеге қабілетті азаматтарды даярлауға ғана қатысты емес, оларды ел экономикасын, мәдениетін алға тартатын күш ретінде орнықтыруға да байланысты. Білім жүйесін әлемдік дамыған инновациялық технологиялармен жабдықтау, білім мен ғылымның халықаралық стандартын меңгеру, сапалы білім беруге қол жеткізу, қоғам сұранысына жауап беретін білікті маман даярлау.

   Отандық және шетелдік зерттеушілердің ойына қарағанда, жаһандану жағдайында өмір сүретін болашақтың адамы ерекше құзыреттілікке ие болуы керек олар: өзара ынтымақтастық, мотевациялық факторларды нұсқау етіп пайдалану, барлық жағдайда да шыдамды, тілдерге бейім, азаматтық борышы мықты болу міндет.

Мәдениеттің интеграциялануы тек қана білім мен біліктілікті ғана қамтып қойған жоқ,ол – өнердің сан – алуан түріне ықпал етуде. Атап айтсақ,киноматография саласы: шет ел  фильмдерін сатып алу бизнес әрине,оған кез – келген сауатты азаматтың көзі жетеді, ал бірақ жасөспірімдер ондағы образдарды тікелей қабылдайды. Қылмыстық іс жөніндегі 2012ж.статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, Ресейде крименалдық фильмдердің арқасында жастар арасындағы қылмыс түрі 4есеге,ал қылмыстың өсу пайызы 25%,(2000ж салыстырғанда),әсіресе, «Бригада фильмінің кері әсері көп болған».Қазақстандықтар нағыз дағдарысты жылдары өздерін Бразилия, Аргентина фильмдерімен жұбатса,үшінші мыңжылдықтың басынан былай түрік,кәріс драмаларымен уақыт өлтіріп,иллюзияға түсті. Музыка өнеріде бұлқынып барып,өз орнына келе бастаған сияқты,олай дейтін себебім,барлық музыкалық аспаптың діңгегі – домбыра екендігін жастар түсініп , бүгінгі таңда күйден түрлі увертюралар мен импровизациялар жасап бүкіл әлемге танытуда. «Отырар сазы», «Адырна»  күй аспаптар оркестірлері Құрманғазы, Дәулеткерей т,б. күй аталарын танытса, «Ұлытау» сияқты ансамбльдер күйдің жаңа нақышын уағыздаушыларға айналды. Театр өнеріне келетін болсақ,бұл өнерде құлап барып тұрып келе жатқан образ секілді.Жастар театрды түсіне алмайтын дәреже жетті. Сурет өнері, мұражайлық мәдениетте дағдарысты қатты сезінді.Тек экономикалық және саяси маңызды қалаларда болмаса, мұражайлардың көбісі жабылған жағдайлар орын алды. Барлық жағдай экономикамен байланысты, инвестицияны тиімді пайдалану арқылы т. б.экономикалық маңыздағы реформаларды жүзеге асыру арқылы дағдарыстан шығар болсақ, Америка ,Европа алдыңғы қатарлы Азия елдерінен үйренерлік тәжірибе жеткілікті.

 Қорыта келе, еліміздің тәуелсіздігі, болашағы білімді,білікті азаматтардың қолында олардың кәсіби деңгейіне байланысты.Қазіргі жүріп жатқан ұлттық білім беру жүйелерінің дамуы және интеграциялануы, білім берудің жаңа үлгісінде іскерлік сипаттың байқалуыда уақыт талабынан туындап отырған жағдай. Қазақстан Евразия материгінің кіндігі деп есептесек, қоғам мүшелерінің мәдени дамуына оның сан алуан бағыттарын тиімді  пайдалануға толық мүмкіндіктері бар. Мәдениеттің жаһандануы бізге тиімді, әлем деңгейіндегі алдыңғы қатарлы жетістіктерді  бізге жеткізеді. 2017жылы ЭКСПО әлемдік-дүниежүзілік  көрме Астанада өтетін мәре Қазақстанға тиді. Бұл іс-шараның өткізілуі үшін Астана қаласының маңынан 1,5 млрд долларға есептелген жаңа қалашықтың салынуы жоспарлануда.  Әлемдегі алдыңғы қатарлы мемлекеттер өз жаңалықтарын осы көрмеге алып келіп көрсетеді. Бұл сайысты өткізуге және одан үлгі алуға, материалдық табысқа жетуге, дүние жүзіне танылуға, әлемнің Қазақстанды мойындауына үлкен жол ашылды. Бұл мәдени алмасудың басты көріністерінің бірі. Білімнің біліктіліктің сынға түсер сәттерінің бірі.  Қазақстан өзгені ғана танып қоймай,өзінде танытарлық кездерге жетіп келеді. 

                                  Әдебиеттер тізімі:

1.     Аяған Б.Ғ.,Әбжанов Х.М.,Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. Алматы «Раритет» 2010.

2.     Болашақ мамандарды даярлау. Ұлт тағылымы №4, 2005

3.     Жаңа технологияға жаңаша көзқарас// Труды международной  научной конференции. Наука и образованоие -ведущий фактор стратегии «Казахстан-2030» Қарағанды, КарГТУ, 2005