Касенова Б.Р., Айдарханова А.К., Атаев Е.К.
Ш.Уәлиханов атындағы
Көкшетау мемлекеттік университеті,
Көкшетау қ.
CLIL ОҚУ
әдісінІҢ негізІ құзіреттілігін Информатика
сабағында қалыптастыру
Бұл мақалада қазіргі
жаһандану, техникаландыру заманында, яғни әлемнің
ғылымындағы, өнеріндегі және технологияларындағы
дамуды оқушылар басқа тілді меңгеру барысында біле отырып,
өз тілінде сол дағдыларын дамытуға мүмкіндік алады.
Бұл оқушыларға шет тілін оқытумен салыстырғанда
көптеген жаңа бағыттар береді, себебі, мұнда
оқушы тілмен қатар пәнді қоса меңгереді.
Мұнда оқу мен ойлау дағдылары біріктірілген.
Еліміздің «Қазақстан Республикасының 2020
жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» жарлық,
«Тілдердің үштұғырлығы» мәдени саясаты
және Қазақстан Республикасында білім беруді және
ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы аясында нақты пәндер қатарына
жататын география, математика, биология, химия, физика информатика пәндері
ағылшын тілінде жүргізілуі мақсатқа айналды[1].
Бүгінгі таңда ақпараттық және коммуникативтік
құзыретілікпен қатар көпмәдениеттілік те
жаһандық білім беру қауымдастығының тануынша
білім беру саласының негізгі құзыреттілігі және
жаһандық білім кеңістігін қалыптастырудағы басты
бағыттардың бірі болып саналады.
90 жылдары Еуропада көптілді дамыту
саясатының аясында CLIL әдісі әзірленген. Айта кетсек,
Венгрияда әр түрлі пәндерді шетел тілінде үйрететін
билингвиалық мектептер бар. Ал Болгарияда CLIL әдісін 50
жылға жуық оқу жүйесінде тиімді қолданып келеді.
Билингвиалық мектептерде осы әдіс арқылы математика,
география, биология, тарих, философия, химия сияқты пәндерді
ағылшын, неміс, француз тілінде оқытады. Сонымен қатар
бұл әдісті тек қана мектептерде емес, сондай-ақ
жоғары оқу орындарында да кеңінен жүргізіледі. Себебі,
белгілі бір кәсіби мамандар мен қатар жан-жақты шетел
тілдерді меңгерген мамандарды дайындап шығаруға пәнді
кіріктіріп оқыту әдісі көп мүмкіндік береді. Аталмыш
әдіс үздіксіз өзгеріс үстіндегі жаһандану
заманында оқушыларды және студенттерді бәсекеге
қабілеттерінің бір белгісі болып табылатын тілдерді және
басқа тілдерде пәндерді игеруді жүзеге асыру үшін
әзерленген.
Ақпараттық және коммуникациялық
технологиялардың рөлі үнемі артып келеді. Алайда, өз
бетінше оқуға және біздің күнделікті өмірде
жаңа ғылыми-техникалық жетiстiктер қолдануға
адамдардың қабілеті төмен деңгейде қалып отыр.
Бұл мәселені шешу үшін кәсіби және жалпы
мәдени құзыреттілігін дамытуға ықпал ететін, бейімділігін,
ұтқырлығын, өзгермелі жағдайға бағыттала
алу қабілетін көтеретін және практикалық есептер мен
туындаған мәселелерді тиімді шешу негізгі
құзыреттілігін қалыптастыру мүмкіндік береді[2].
Негізгі құзыреттілігін қалыптастыруға CLIL
әдісімен (ContentLanguage Integrated Learning) өткізілген ағылшын
тілінде информатиканы оқыту ықпал етеді. Бұл әдіспен
оқытудың ерекшелігі, мұнда түрлі оқыту жағдайларда
сабақ және оқу мақсаттарының берілген
кезеңіне тиісті тілді пайдаланып, сабақты өткізу екі тілде
(отандық және шетелдік) жүзеге асырылады.
CLIL әдістемелік тәсілдің негізгі принциптері
анықтау кезінде Еуропа елдерінде 4C (DoCoyle,
2008) деп аталатын төрт негізгі аспектілері анықталады:
Content (мазмұны) - бұл ақпараттық
құзыреттілігін қалыптастыратын информатика пәндік
аймақтағы білім, іскерлік, дағды, яғни, өздігінен
іздеу, талдау,таңдау,
өңдеу және қажетті ақпаратты жіберу
қабілеті мен іскерлігі;
Communication (байланыс) – сабақта шетел тіліне үйренуге емес, шетел
тілі білімін қосымша қолдануды ұсынатын тілде оқыту,
осылайша, оқушылар шетел тілін оқу кезінде қолданады, сондай-ақ,
оны қалай пайдалану керектігін үйренеді. Бұл аспект коммуникативті
құзырлықтарды қалыптастырады, себебі тыңдай білу, сұрақтар
қоя білу және оларға нақты жауаптар
құрастыру, қарастырылатын мәселелерді
мұқият тыңдау және белсенді талқылау,
серіктесінің пікірін түсіну және оларға сыни баға беру секілді
жеке тілдік қатынас қабілетін дамытады;
Cognition (таным) танымдық және ойлау дағдыларын дамытуды
жүзеге асырады және бір немесе бірнеше оқу салаларында
студенттердің жақсы даярлығын қамтамасыз ететін білім
беру құзыретін қалыптастыруға ықпал етеді;
Culture (мәдениет) - мәдениет тілін меңгеруді
қамтамасыз ететін, әлемді тану
жолдарымен, өзін мәдениет бөлшегі ретінде ұсынумен,
балама мәдениетті ұғыну және қабылдаумен жалпы
мәдени құзыреттілігін дамыту аспектісі болып табылады[3].
Информатика пәні бастауыш, негізгі және орта мектептерде метапәндік
курс болып табылады және жалпымәдениетті тұлғалық
және танымдық даму мен баланың өздік даму
тұтастығын, білім беру процесінің барлық қадамдар сабақтастығын қамтамасыз
етеді. Информатика және ағылшын тілінің бірігуі өте
орынды және табысты. Біріктіру информатика ғылымының
негізделуімен және оны оқытудың негізгі объектілердің
сипатымен анықталады; жалпы
оқу іскерлігіне қатысты ақпаратпен жұмыс істей білу, ал
оқу процесін ақпараттандыруда информатиканың орны
талассыз. Информатика және
ағылшын тілі өзара тығыз байланыста. Көптеген
компьютерлік бағдарламаларда, әсіресе күрделі біріктірілген
және графикалық пакеттерде интерфейс тілдері ағылшын тілі
болып келеді. Барлық жоғары
деңгейлі бағдарламалау тілдері қызметші сөздер ретінде
ағылшын сөздерін қолданады. Информатиканы ағылшын
тілінде оқыту оқушыларға ағылшын тіліне
ақпараттық көзқараспен қарауға
мүмкіндік береді. Бұл білімді жүйелендіруге, жаңа ассоциативті байланыстың
шығуына көмектеседі, жүйелі-қызметтік амалдың
дамуына әсер етеді, осының негізінде әмбебап оқу
амалдар (ӘОА) жобаланады.
Заманауи ақпараттық және коммуникациялық
технологияларды қолдану оқу процесін ұйымдастыруда бірнеше
артықшылық ұсынады:
·
Көптеген әртүрлі
практикалық жұмыстар мен тапсырмалар жеке
тұлғаның әлеуетіне сүйене отырып оқу
процесін жеке тұрғыдан келуге және жекешелендіруге мүмкіндік береді,
оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып өзіне тән
оқу траекториясын құра алады;
·
Ақпаратпен оқушылардың
өздік жұмысын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік
береді, өздігінен оқу,
өзін-өзі тексеру және рефлексия дағдыларын дамытады[5].
Осылайша, информатика пәнін CLIL әдісі бойынша ағылшын
тілінде жүргізу метапәндік байланыстарды қамтамасыз етеді
және жаңа білім беру стандарты принциптерін дамытуда
практикалық нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді, атап
айтсақ, мәдени хабардарлығын, интернационализациялау, тілдік
құзыретін дамытады, тек оқуға ғана
даярлығын емес, сонымен қатар жаңа білімін өмірде
қолдана білуге және сәйкесінше өмірлік
дәлелдемесін көтеруге, табысқа мақсатталған, сайып
келгенде, басты мақсатқа қол жеткізуге - болашақ түлектердің
кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға, олардың ұтқырлығы мен
тез өзгеретін өмірлік жағдайларға бейімделу қабілетін
арттыруға әкеледі.
Қолданылған әдебиеттер:
1.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.
Алматы-2008
2.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім
беруді дамыту тұжырымдамасы.
3. Б.А.
Тұрғанбекова «Мұғалімнің шығармашылық
әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория және
тәжірибе» Алматы-2005
4.
К.Құдайбергенова «Құзырлылық – тұлға
дамуының сапалық критерийі»
(ғылыми-практикалық конференция материалдары) Алматы-2008
5. «Қазақстан мектебі» журналдары, 2010 жыл.
6. Tanner, Liz Dale
and Rosie. CLIL Activities. 22 February 2012.
7. Kelly, Keith. Macmillan
Vocabulary Practice Series: Science. б.м. : Macmillan ELT, 31 Jan 2008.