Саликова.З.О

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,

1-курс магистранты, Қазақстан

 

ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТАТАР ТІЛДЕРІНІҢ ФРАЗЕОЛОГИЯСЫНДАҒЫ КЕЙБІР ОРТАҚТЫҚТАР

 

         Қaзақ тіл білімінде, түркологиядa, фрaзеологияның жалпы проблемалары, бұл күнге дейін түбегейлі зерттеліп, өзінің тиянақты шешімін тапқан жоқ. Бaсқаша aйтқанда, сaн aлуан фразеологиялық тізбектер дербес зерттеу объектісі болудан гөрі, ілгері-кейінгі жазылған сөздіктерде иллюстрация материалы дәрежесінде ғaна қолданылып келді [1; 229]. Түркі тілдерінде ортaқ семантика, лексикалық және синтаксистік құрамы бірдей фрaзеологизмдер кездеседі. Бұл көне замандардaғы түркі хaлықтарының тарихи және тілдік ортaқтықтaрының қолтаңбасы болып тaбылады. Қазіргі кездерде түркі тілдерінде лексикaлық параллельдерді зерттеу мәселесі едәуір нәтижеге қол жеткізді.

         Фрaзеологияның нысанaсы ретінде тілдің бaрлық деңгейлеріндегі тілдік бірліктер емес, сөздердің тұрақты тіркестерді құрайтын, «ешкімнің еркіне көнбейтін, «өзінен-өзі тіркесіп қойған», «дайын құрылыс материалы» болып табылатын құрaмы жағынан тұрақты тіркестер танылады. Фрaзеология термині тіл білімінде екі түрлі қолданысқа ие: біріншіден, фрaзеология – белгілі бір тілдің сөздік құрамында орныққан фрaзеолгизмдердің жиынтығы, қaзынасы; екіншіден – фразеологизмдерді зерттейтін ғылым саласы. Фрaзеологизмдердің тілдік бірлік ретіндегі сипaтын олардың құрамындағы сыңарлардың өте тұрақтылығы мен біртұтасып келіп, бүтін мaғынаны білдіруі, қолданысқа әрдaйым даяр қалпындa жұмсалуы танытады [2;14].

         Фрaзеологияның жалпы лингвистика саласы ретіндегі тарихы ұзаққа бармайды. Тіл білімінің жaңа бaғытын тaңбалайтын «фрaзеология» термині жеке лингвистикалық пән ретінде ХХ ғасырдың 40-жылдары дүниеге келді. Фрaзеологияның алғашқы теориялық негізі және осы мәселе жөніндегі идеяны дамытушы Ш.Балли болсa , оның Ресей топырaғындағы дамуы мен жаңа, жеке лингвистикалық сала ретінде қалыптасып дүниеге келуі академик В.Виноградов есімімен тығыз байланысты [2;15].

Фрaзеология мәселесі де зерттеуден тыс қалмады. Қaзақ тіл білімінде фрaзеологиязмдерді арнайы теориялық тұрғыдан зерттеу ХХ ғaсырдың ортaсынан бaсталып, бүгінгі күнге дейін зерттеушілер нaзарына ілігіп, зерттеу объектісіне aйналып, әлі толастaмай келеді. Осы уaқыттағы зерттеулерді шартты түрде төрт кезеңге бөлуге болады:

-         ХХ ғасырдың ортасы мен 60 жылдар арасы – қазақ фразеологиясын теориялық жағынан зерттеудің алғашқы кезеңі.

-         60-70 жылдар – қaзaқ фрaзеологизмдерін клaссификациялау, жеке авторлар еңбектеріндегі фразеологизмдер жайлы.

-         ХХ ғасырдың соңғы он жылы – фрaзеологизмдерді,  этнолингвистикалық, этномәдени тұрғыдан зерттеу кезеңі.

Қырқыншы жылдaрдaн бастап қазақ тілінің фрaзеологизмдері әр қырынан зерттеліп, мақалалар көлемінен шығып, диссертациялық зерттеулер объектісіне айналды. Қазaқ фрaзеологиясын тілдік тұрғыдaн зерттеуге алғашқы кезеңде ұлттық тіл білімін қалыптастырудaғы  аса көрнекті тілші ғалымдар назар аударды. Фрaзеологизмдердің теориялық – прaктикалық мәселелерін І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсaбаев, Н.Сaурaнбаев, С.Амaнжолов, К.Ахaнов, Р.Сәрсенбаев және кейінгі буын зерттеушілер А.Байтелиев, Қ.Қалыбаева, Н.Қашанова, С.Сәтеновa т.б. фрaзеологизмдердің тақырыптық  топтарын арнайы зерттеп, өз пікірлерін білдірді [2;17].

Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің табиғатына лингвистикалық талдауда ғалым С.К.Сәтенова мынадай пікір айтады: «Қазақ фразеологизмдерінің шығу тарихы, қалыптасу кезеңі көмескі тартқан іздері, қыры мен сыры тек халық  өмірімен тығыз байланыстыра қарағанда ғана айқын аңғарылады. Бұл – ұлттық сипаты бойына сіңірген бейнелі сөз өрнектерінің тарихы халық өмірімен, салт-дәстүрімен, діни наным-сенімдерімен астасып, үңдесіп жатыр деген сөз [3;115].

Фразеологияны дербес пән ретінде қарастыру туралы ой тастап, түркі  тілдес халықтар тіл білімінде осы мәселеге байланысты зерттеудің тууына игі әсер еткен, қазақ фразеологиясының мәселесімен шұғылданып, зерттеу жүргізген І.Кеңесбаев болды. Ізденістердің нәтижесінде «Қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестері» деген еңбек жазылды. Бұл – түркологиядағы алғашқы еңбек болды. Бұл салада ғалымның көп жылдық еңбегінің жемісі 1977 жылы шыққан «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» ерекше атаймыз. Бұл бүкіл отандық, сондай-ақ шетелдік түркологияда көлем жағынан, сапа жағынан тұңғыш еңбек болып саналды. «Қазақ тілінің фразеологиясы» деген бөлімде былай дейді: «Фразеологизмдер  – тіліміздің бөлінбес бөлшегі. Өзінің көнеленуі жағынан да, мағына жағынан да, стиль жағынан да, оларға тән ерекшеліктер бар. «Фразеология» дегеніміз, біріншіден, «фразеологизмдердің жиынтығы, әлемі, қазынасы», екіншіден, «фразеологизмдерді зерттейтін ғылым саласы» [3;94]. Ал «фразеологизм» дегеніміз, тіл мамандарының айтуынша, «құрамындағы сыңарлары өте тұрақты болып келетін, қолданысқа әрдайым дайын тұратын тұрақты сөз тіркесі [4;13]. Көптеген фразеологизмдер «тіл иесі – халықтың басынан өткен өмір шындығына сай әлеуметтік, шаруашылық, діни т.б. сыртқы факторлар ауанымен пайда болады [5;3].

Фразеологизмнің бойындағы қат-қабаттарда сақталып қалған тіл иесінің күнделікті өміріне, рухани және тұрмыстық мәдениетіне, діни көзқарасына, я болмаса эстетикалық талғамына, дүниетанымына қатысты болып келетін қандай да бір «оқиғаның, нәрсенің белгісінің, құбылыстың іздері зерттеушіні көбіне көп көне нанымдар, салттар әлемін зерделеуге жетелейді [6;198].

Жетпісінші жылдары қазақ фразеологизмдерінің өзге тілдерде берілуі және өзге тілдердегі шығармаларды қазақ тіліне аударғандағы фразеологизмнің берілуі жайлы тілші ғалымдардың зерттеу нысанына алынды. Кейінгі жылдары қазақ фразеологизмдерін өзге тілдердегі тұрақты тіркестермен салыстыра зерттеу, аударма мәселесі жайында кандидаттық диссертациялар қорғалды. Тілімізде көкейге қонымды, көркем орамды алуан түрлі тұрақты сөз тіркестері  кездеседі. Тіл қазынасына жататын қат-қабат тіркес, тізбектерді халық орынды пайдаланды.

Татар тілі деп Еділдің ортаңғы ағысы бойын жайлаған түркі  тайпаларының тілі саналады. Ал татар фразеологиясы ХХ ғасырдың қырықыншы жылдардан бастап зерттеле бастады. Татар фразеологиясының қалыптасу жылдарында Л. Джалалай, Ш. Рамазанов, Л. Махмутова,

Н. Бурганова, В.Хаков, К. Сабиров, Г.Ахунзянов, Х.Курбатов, Г.Ахатов т.б. ғалымдардың зерттеу еңбектерінің жарыққа шығуы үлкен рөл атқарды. Ең алғашқы болып татар фразеологиясын  Г. Х. Ахатов зерттеді. Ғалымның 1972 жылы «Фразеология» атты монографиясы жарық көрді. Татар фразеологиясына қатысты Г.Х.Ахунзяновтың еңбектерін ерекше атап өтуге болады. Ғалым 1964 жылы « О стилистических особеностях образных фразеологических выражений» атты тақырып бойынша кандидаттық диссертация қорғады [2; 26].

Ғалым Нәки Исанбет  татар фразеологиясының теориялық, сонымен қатар практикалық тұрғыда дамуына үлес қосты. Ғалым татар тілінің фразеологиялық және паремиологиялық қорының негізгі бөлігін жинақтап жүйеледі. Фразеологиялық бірліктерге: «асылда бербөтен мәгънә белдерүче, чынбарлыктагы күренешне тәэсирле итеп чагылдыручы, семантик һәм синтактик яктан таркалмый торган тотрыклы сүз тезмәсе» деген анықтама берді. Татар тілін басқа тілдермен салыстыра зерттеу ХХ ғасырдың 70-90 жылдарында бастау алды. Татар тілінің фразеологиясын салыстырмалы зерттеулер Р. А. Юсупов, Л. К. Байрамова, Г. З. Садыкованың еңбектерін айрықша атап өткен жөн.

Татар тілі құрылым және сөзжасам тұрғысынан қазақ тіліне өте жақын. Бұл тілдің тұрақты тіркестерінде де ортақтықтар өте көп. Тек аз-көпті айырмашылықтар кездесіп отырады. Ондай айырмашылықтар, негізінен, кейбір тұрақты тіркестердің құрамындағы сөздердің мағыналық жағынан өзгерісіне байланысты.

Татар және қазақ тілдеріндегі қос компонентті фразеологизмдерінде ортақтық мол кездеседі. Екі тілде мынадай фразеологиялық параллельдер бар: Ай десе аузы, күн десе көзі бар/ Ай десе аŷзы, күн десе көзи бар; Аз да болса көптей көрді/ Аз да болса, көптей көрий; Ағама жеңгем сай, апама жездем сай/ Ағама жеңгем сай, апама жездем сай; Ақ дегені – алғыс, қара дегени – қарғыс/ Ақ дегени – алғыс, қара дегени – қарғыс; Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен/ Ақ найзаның ушы менен, ақ билектиң күши менен; Бір қызарды, бір болзарды/ бир кызарды, бир бозарды; Бір ұрты қан, бір ұрты май/ бир урты май, бир урты кан; Жерден алып жерге салды/ жерден алып жерге салыŷ; Қасықтап жиып, шөміштеп төкті/ Қасықлап жыйнап, шөмишлеп төгип т.б [8;24]. Сонымен қатар қазақ тілінде мүлде кездеспейтін тұрақты тіркестер де молынан кездеседі. Мысалы, «терис жонқа» қырсық адам, «адалға қарсы жоқ» кедей, «айменен жарасқан» айдай сұлу, «аттың қасқасындай» айдай, анық, «қара маңлай» бақытсыз адам, «кәлә моллани көрмеген» тәрбиесіз адам т.б [9;15]. Дегенмен де, қазақ тіліне татар тілі барлық жағынан жақын тіл екендігін тұрақты тіркестерінен көруге болады.        Қазақ және татар тілдері тұрақты тіркестеріндегі басты өзгешеліктер негізінен, лексика-семантикалық деңгейде ғана қалыптасты. Сонымен қатар, кей фразеологизмдердің құрамындағы сөздер алмасып келеді. Мысалы, қазақ тілінде «езуі құлағына жету» деген тіркес татар тілінде «авызы колагына житкән» болып қолданылады. Яғни ауыз, езу сөздерінің орны алмасып тұр. Оның себебі, бұл тілде езу сөзінің қолданыста жоқтығы. Татар тілінде «мұрын» сөзі кездеспейді, оның орнына «танау сөзі қолданылады. Мысалы, тұмсығын тығу/ танау сузу т.б [10;3].

Жан-жануар, хайуанаттардың көптеген атаулары негізінен, тұрақты метафоралар болады. Кез келген тілде жан-жануарлар компоненті бар фразеологизмдер ұлттың болмысын, хал-ахуалын, тұрмысын көрсетеді. Түркілік негізі бар қазақ және татар тілдерінде де жан-жануарларға қатысты фразеологиялық параллельдер бар: ит өлген жер/ийт оьлген ер; ит өлім/ийт оьлим; ит үреді, керуен көшеді/ийт уьреди, керван коьшеди; ит қылды/ийт кылув; ат байлады/ат байлав; ат қосты/ат қосыŷ; Ат тұяғы тимеген/ат туягы тимеген; Түймедейді түйедей ету/түймедейди түйедей етиŷ т.б [10;3].

Татар тілі мен қазақ тілінде құрамында сан есімдер қолданылатын тіркестерде де ұқсастық бар: бір құлағына кіріп, екіншісінен шықты/ бир кулагынан кирип, экиншисинен шыгув; бір ауыз сөз/бир авыз соьз; бір кіндіктен/бир киндиктен; екі оттың арасында/ эки оттын арасында; үш қайнаса сорпасы қосылмайды/ш кайнаса сорпасы косулмав; жеті қазына/ети казына; жеті атасынан таныту/ети атасын танытув; он сегіз мың ғалам/он сегиз мын галам; қырық құбылу/кырк кубылув т.б. [10;4].

Татар тілінде қазақ тілінде көп қолданылмайтын үй құстарының атауы, балық, олардан жасалған тұрақты тіркестерінен аңғарылады. Қазақ фразеологиясында «балық» сөзі тағам, ас ретінде кездеспейді. Ал татар тілінде «балық» сөзінің жиі қолданылуы, сол халықтың тұрмысында балықтың орны бөлек, айналысатын кәсібі ретінде көрінеді. Мысалы, қазақ фразеологиясында жиі кездесетін «балық басынан шіриді» атты тіркес татар тілінде «бер балык башен чәйнәу» деп қолданылады. Беретін мағынасы бір болғанымен, сөздердің аудармасында өзгешеліктер байқалады.

Түр мен түске байланысты тілдік бірліктер ұлт танымындағы түр-түс атауларының символикалық мәнін ашады. Әрбір халықтың ұлттық дүниетанымындағы қалыптасқан түр-түстік символар арқылы сол халықтың мәдениетін, тарихын, менталитетін тануға болады. «Түр-түс» компонентті фразеологизмдер адамның өмір сүру тіршілігін, оның өзара қарым-қатынасын, физиологиялық күйін сипаттайды. Көк түсі қазақ халқы үшін биіктікті, тұрақтылықты аңғартады. Түркі тектес халықтардың көк түсті киелі, қасиетті санауы – аспанға берілген тәңірлік сипаты. Өзге түркі тілдес халықтар іспетті татар халқы үшін де бұл түс киелі саналады. Қазақ тілінде көк ми, көк жалқау, көк долы т.б. сынды тіркестер жиі қолданылады. Татар тіліндегі коьк мый тіркесі қазақ тілінде қолданылатын көк ми тіркесінің баламасы [10;5]. Татар тілінде сандық фразеологиялық параллельдер молынан ұшырасады. Тек қазақ тіліндегі жеті рет өлшеп, бір рет кес фразалық тіркесі таатр тілінде ун кат улчәп бер кат кисү/биш үлчәп бер кисү ретінде кездеседі.

Қазақ және татар тілдеріндегі фразеологиялық параллельдерді кесте арқылы көрсетуге болады.

 

Қазақ тілінде

Татар тілінде

Жүрегі ашық

Юреги ашык

Жүрегі қара

Кара юрекли

Тас жүрек

Тас юрек

Жүрегі жараланды

Юреги ярылув

Жүрегі от болып жанды

Юреги от янув

Жүрегі жоқ

Юреги йок

Ақ жүрек

Ак юрек

Жүрегі жұмсақ

Юреги юмсак

Ер жүрек

Ер юрек

Жүрегі бос

Юреги бос

Қолы ұзын

Колы узын

Қолы тимеді

Кол тиймев

Қол алысты

Кол алысув

Көз бояды

Көз бояв

Көз жұмды

Көъз юмув

Көз тиді

Көъз юмув

Көзі жетті

Коьзи етуьв

Бас иді

Бас июв

Бас қосты

Бас косув

Бас ұрды

Бас урув

Басына бақ қонды

Басына бак конув

Басқа шықты

Баска шыгув

Аузын ашты

Авыз ашув

Бір ауыздан

Бир авыздан

Ашық ауыз

Ашык авыз

Аузы жеңіл

Аузы енил

Тіл алды

Тил алув

Тілі ұзын

Тили узын

Тіл тигізді

Тил тий

Бауыр еті

Бавыр эти

Іші арам

Иши арам

Ішкі сарай

Ишкм сарай

Іші ашыды

Иши ашув

Іші тар

Иши тар

 

Қорыта келгенде, қазақ және татар тілдері тобының фразеологиялық ортақтығы мен сәйкестігін сақтағанын көрдік. Қазақ тіл білімінің және татартанудың фразеология саласындағы бүгінгі таңдағы қол жеткізген жетістігі қазақ және татар тілдері фразеологияларын салыстыру-салғастыру бағытындағы зерттеу жұмыстарын бастауға толықтай мүмкіндік туып отыр. Қазақ және татар фразеологиялары бойынша жарық көрген еңбектерге шолу жасағанымызда фразеологияның объектісі ретінде қаралатын тұрақты сөз тіркестеріне байланысты татар және қазақ ғалымдарының пікірлері бір жерден шығып, орайлас болатынын байқадық.

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

1       Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2008.–608 бет. + 8 бет сретті жапсырма.

2       Авакова Р.А. Фразеосемантика. – Алматы: Қазақ университеті, 2013.

3       С.К.Сәтенова. Қазақ тіліндегі қос тағанды фразеологизмдердің тілдік және поэтикалық табиғаты. Алматы,1997.

    4 Сыздықова Р.Ғ. Абайдың сөз өрнегі, Алматы.1995.

5  Смағұлова. Г.  Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері. Алматы, 1998

6. Қайдаров А.Т., Жайсакова Р.Е. Принципы классификации фразеологизмов, Алматы, 1997.

7. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Алматы, 1977.

8. Ф.С. Сафиуллина «татарско-русский фразеологический словарь» Казан, 2011.

9. Ф.Ф. Гаффарова, Г.Г. Саберова «Татарско-русский словарь идиом» Казань, 2006.

10. Тогубаева А.К. «Қазақ және таатр тілдеріндегі сәйкес фразеологизмдер» // «Ғылым және ұрпақ 2014» ЖОО студенттер мен магистранттардың ХVI  ғылыми конференциясы материалдары – Астана; Еразия гуманитарлық институты, 2014 .