ҚАЗАҚ
ТІЛІНДЕГІ ЖҰРНАҚ МОРФЕМАЛАР ЖӘНЕ
ОЛАРДЫҢ
СИНГАРМОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАНЫМЫ
Аязбаева С.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУдың
3-курс PhD докторанты
Резюме: Қазақ фонетикасының әдістемесін
компьютер-программасы арқылы жетілдірудің нәтижесінде
қазақ және орыс аудиториясында (сыныпта, топтарды, жеке
басында) күндізгі оқыту болсын, сырттай оқыту
болсын, қашықтан оқыту болсын сабақ жүргізу мен
оның үлгерімін әлденеше есе ұтымды етпек. Сонымен
қатар лингвистиканы компьютерлендіру гуманитарлық пәндерді
компьютерлендірудің бастамасы болмақ. Педагогика
ғылымының құрамды бөлігі ретінде лингво-фонетиканың
оқыту әдістемесі жаңа сапалы сатыға көтеріледі.
Summary: improving the methodology of Kazakh phonetics
with the help of computer programs contributes to the effectiveness of full
time or distance learning in Kazakh and Russian the audience (in classrooms,
groups, individual students). And computerization of linguistics can be the
beginning of the computerization of the humanities. The method of teaching
linguistic-phonetics as an integral part of the pedagogical sciences has risen
a step higher.
Резюме: совершенствование методики
казахской фонетики с помощью компьютерных программ способствует эффективности
дневного, заочного или дистанционного обучения в казахских и русских аудиториях
(в классах, группах, отдельные учеников). А также компьютеризация лингвистики
может стать началом компьютеризации гуманитарных наук. Методика обучения
лингво-фонетики как неотъемлемая часть педагогических наук поднялась на
ступеньку выше.
«Құлақ» деген сөзге «тың» деген жалғау
қоссақ, «құлақтың» болады.
Тұлғасы өзгерді, мағанасы өзгерген жоқ.
«Құлақтың» бастың мүшесінің атын көрсететеді.
Егер де «құлақ» деген сөзге «шын» деген жалғау
қоссақ, «құлақшын» болады. Мұнда
тұлғасы да, мағанасы да өзгереді.
«Құлақ» бастың мүшесін көрсетуші еді,
«құлақшын» болған соң басқа киетін
киімнің атын көрсетіп тұр. Міні сондықтан «тың»
тысқарғы, «шын» ішкергі жалғау болады.
Екі түрлі жалғаудың тысқарғысы
сөйлегенде, жазғанда сөздерді біріне-бірін қиындастырып
тізу үшн қажет, ішкергісі бір мағаналы сөзден екінші
мағаналы сөз шығарып, сөзден сөз туғызып,
көбейтіп, тілді байыту үшін қажет» (15 б.)
Қазақ тіліндегі қосымшалардың
тілдегі көрінісі мен қызметі грамматикалық форма арқылы
көрінеді. Қосымшалардың тілдегі көрінісін проф. С.Исаев
былай түсіндереді: «Грамматикалық форма... сөздің
сөйлеу процесінде түрлену жүйесінің
тұлғалық көрінісі болып.., белгілі мәндегі
грамматикалық мағынаны білдірудің тәсілі болып
табылады... Мысалы,тәуелдік
мағына (оңаша түрі) 1-жақта –ым, -ім, -м, 2-жақта
–ың, -ің, -ң... тұлғалары арқылы беріледі.
Міне, осындай мәндегі тұлға грамматикалық форма деп
аталады» [20]. Бұл жердегі қосымшаның мысалы тәуелдік
жалғау болғандықтан, ғалым пікірі біздің
жұмысымызға тікелей қатысты екенін ескеріп отырмыз. Одан
әрі: «...грамматикалық мағынаның белгілі бір
түрі... грамматикалық формалар арқылы беріледі. Сөйтіп,
грамматикалық форма белгілі
топтағы сөздердің қосымшалар, грамматикалық
тұлғалар (жалғау, жұрнақ) арқылы белгілі
жүйелі парадигма бойынша түрленуі болып табылады...» [21]
қосымшалардың түрленуіне тоқталады, басқаша
айтқанда, қосымшалардың түрлену ретінде белгілі бір
жүйе бар екендігін көрсетеді. Ғалым жалғау мен
жұрнақты қатар атайды. Алайда, біз жұрнақ
жағына баса назар аударамыз. Өйткені жалғау проблемасы
біздің зерттеуіміздің нысаны емес.
Сонымен қазақ тіліндегі қосымшалар
(жұрнақ) жайлы қалыптасқан пікір жайлы мынаны
айтуға болады. Жұрнақ морфемалар – өз алдына жеке тұрып ешбір мағына бере
алмайтын, тек түбір морфемаларға қосылып, оған әр
түрлі қосымша мағыналар үстейтін морфемалар. Демек
жұрнақ морфемаларда не мағыналық, не
тұлғалық, не қолдануда дербестік болмайды, оның мән-мағынасы,
қызметі түбір морфеманың ыңғайында ғана
ашылып, анықталады. Ол тек түбірге жалғанып
қолданылатындықтан, түбір морфеманың дыбыстық
ерекшелігіне лайық әуеніне еріп, өзгеріп,
нұсқаланып, түрленіп отырады. Сондықтан да бір
жұрнақ морфеманың бірнеше дыбыстық нұсқасы
болады. Мысалы, сын есім тудыратын қосымшаның – 6
нұсқасы (-лы, -лі, -ды, -ді, -ты,-ті) бар, ал сөйлеу тілінде ерін үндестігіне қатысты
нұсқалары одан да көп, алайда нұсқалар
арасында не мағыналық, не қызметтік, не стиьдік айырма
жоқ.
Негізгі қағида ретінде бізде осы пікірді
ұстанып отырамыз.
Қосымша морфемалар – өз алдына жеке тұрып ешбір мағына бере
алмайтын, тек түбір морфемаларға қосылып, оған әр
түрлі қосымша мағыналар үстейтін морфемалар. Демек
қосымша морфемаларда не мағыналық, не тұлғалық,
не қолдануда дербестік болмайды, оның мән-мағынасы,
қызметі түбір морфеманың ыңғайында ғана
ашылып, анықталады. Ол тек түбірге жалғанып
қолданылатындықтан, түбір морфеманың дыбыстық
ерекшелігіне лайық әуеніне еріп, өзгеріп,
нұсқаланып, түрленіп отырады. Сондықтан да бір
қосымша морфеманың бірнеше дыбыстық нұсқасы
болады. Мысалы, жоғарыда айтылғандай, сын есім тудыратын
қосымшаның – 6 нұсқасы (-лы, -лі, -ды, -ді, -ты,-ті)
бар, ал ерін үндесімімен олар екі есе көбейеді (лұ, лү,
дұ, дү, тұ, тү)
алайда нұсқалар арасында не мағыналық, не
қызметтік, не стиьдік айырма жоқ.
Түбір морфемалар мен қосымша
морфемалардың тіркесімінде заңдылық бар, мысалы,
шарттылықты білдіретін –са, -се, шақтықты білдіретін
–ған, -ген, -қан, -кен, -ды, -ді, -ты, -ті қосымша морфемалар
тек етістікпен тіркеседі...
Қазақ тілінде грамматикалық
формаларға форма тудырушы жұрнақтар (сын есімнің шырай тұлғалары, етіс,
күшейтпелі етістік, тұйық етістік, рай, шақ, есімше,
көсемше тұлғалары) жатады.
Қазақ фонетика-морфологиялық тілтанымында
орнығып қалған пікір бар: қазақ тілінде дауыссыз
морфемалар бар деп саналады. Мысалы, «Ал құрамы жағынан,
ең алдымен, бір дыбыстан тұратын, мысалы, ...-й, -п, -у, -с, -ш,
-т, -к, -қ, -м, -ң, -н т.б.қосымшалар: ...сөйле-й, қара-п, сал-у,
күре-с, ойла-т, сана-қ, бала-м, баласы-н, іні-ң т.б. бар
екенін айтуға болады» [105] деп жазады проф.С.Исаев. Әрине дауысты
морфемаларға қатысты қарсылық жоқ, бірақ
ғалым «...белгілі бір елге, жерге, ру-тайпаға, халыққа
т.б. нақтылы қатыстылықты білдіретін –ы, -і және кірме –и
қосымшалары моносемиялы болып табылады: қазақ-ы (мал)...
әдеб-и (тіл)...» [101] деп өз ойын жалғастырады.
Осындағы «и» таңбасына
қатысты күман келтіруге тура келеді. Өйткені кірме
таңбалардың дыбыс мәні жайлы да ортақ пікір жоқ.
Осы бір күманды жайға проф.С.Исаевтың өзі
ақиқат жауабын береді: «Оқулықтарда дауысты дыбыс
делініп жүрген и, у дыбыстары
қосар дыбыс немесе дифтонг екені белгілі: у-ұу немесе у-үу,
немесе и-ый немесе и-ій, бұлардың соңғы дыбысы
кәдімгі дауыссыз (үнді) у немесе й болып табылады, сондықтан
да қосымша бұндай дыбысқа біткен сөздерге дауысты
дыбысқа біткен сөздерге сияқты емес, ауыз жолды сонор
дыбыстарға (р, л, у, й) біткен сөздерге қосылатын тәрізді
жалғанады...» [123-124]. Ендеше кірме таңбалардың дыбыс
мәнін автор нақты және дәл дәлелдеп беріп отыр.
Дауыссыз морфема бар деген ұстанымға
«солардың қатарына есімше қосымшаларын (...сондай-ақ –ақ, -ар, -ер, -р, -с),
көсемше қосымшаларын (-а, -е,
-й және –ып, -іп, -п) т.б.
жатқызуға болады» деген сықылды нақты мысалдар жеткілікті.
Дауыссыз морфеманың бұдан басқа да мысалдары жеткілікті.
Осы пікірдің
зерттеушілер мен оқулық авторларының бәріне тән
екенін атай отырып, бұған қарсы пікір бар екенін де ескеріп
отырмыз.
Проф.Ә.Жүнісбек қазақ (тіпті
түркі) тілінде дауыссыз қосымшаның болуы мүмкін емес.
Өйткені үндесім (сингармониялық) тілдерде ең кіші
мағыналық бөлшек буын болып табылады. Үндесім
әуезі тек буын деңгейіне ғана тән. Ал жеке дауыссыз буын
емес, ендеше дауыссыз дыбыс жеке тұрып белгілі бір үндесім
әуезінің көрсеткіші бола алмайды.
Сингорманизм (үндесім) заңы қазақ
тіл білімінде ертеден айтылып келе жатқан мәселелердің бірі.
Сингорманизм заңына тіл білімінде В.В Радлов, В.Котвич, В.А.
Богородицкий, Н.А. Баскаков, А.Байтұрсынұлы, Қ.
Жұбанов, Х. Досмұхамедов, І.Кеңесбаев т.б. ғалымдар
өз еңбектерінде жан-жақты тоқталып,
теория-практикалық ұсыныстар жасап отырған.
Қазақ фонетика тарихында сингармонизм
заңын көптеген зерттеушілер атап өткен. Мысалы,
проф.Қ.Жұбаноав «Сөз мүшелерін матастырып
ұстайтын арқанның ең күштісі – түбір
мүше мен қосымша мүшелердің үндесуі. Бұл
заңды сингармонизм дейміз» [1, 209] деген анықтама береді.
Ғалым ұсынған анықтама кейінгі зерттелімдерге
түгел үлгі болған.
«Сингорманизм заңын, яғни дыбыс
үндестігі түркі тілдес халықтардың тіліндегі тамаша
қасиет екендігін ғылыми байыппен дәлелдеп, басқа
жұртпен көп араласқан Стамбул түріктері, ноғай,
өзбектер бұл айрықша қасиетін жоғалтып
алғандығын айтады» [2] деген Х. Досмұхамедұлының
сингорманизм заңына аса үлкен мән беріп, оны «тамаша
қасиет» деп жоғары бағалай келе, сингорманизм заңы тек
түріктікті сақтаған тілдерде ғана
өзгермегендігіне айрықша мән беріп, атап өткен.
Ғалым «Сингорманизм деген
сөз, қазақша айтқанда, үндестік,
ұйқастық деген мағынада... Түрік тілі
жалғамалы тіл. Жалғамалы тілдегі сөздердің түбірі
өзгермейді. Сөз аяғына жалғанған қосымшалар
арқылы өзгереді. Қазақ-қырғыз тілі
түрік тілінің бір тарауы. Сондықтан
қазақ-қырғыз сөздері де түбін
өзгертпей қосылған жалғауменен өзгереді» [2], –
дей келе, қазақ тіліндегі қосымшалардың дыбыстық
үндестіктеріне баса мән береді
немесе «Жалғамалы тіл сөздің аяғына жалғау
қосылып өзгерілетін тіл. Біздің қазақ тілі
түркі тілдің бір тарауы болғандықтан жалғамалы
тіл. Қазақ сөзінің түбірі өзгерілмей
аяғына жалғау қосылып өзгеріледі» [3] деген А.
Байтұрсынұлының да, Х.Досмұхамедұлының да
ғылыми пікірі бір жерден шығып отырғандығы, тіліміздегі
сөздердің де, жалғауларымыздың да сингорманизм
заңына бағынатындығын айқындап береді.
Сонымен
жалғау-жұрнақтар арқылы өзгеріске түскен
сөздеріміздің де сингорманизм заңына бағынатындығын
көптеген ғылыми-зерттеулердің нәтижесінде көз
жеткізудеміз. Ал, оған қосылатын қосымшалар туралы
ғалым оларды: 1) жалғау; 2) жұрнақ; 3) жіктеу деп
бөле келіп, сөздің түбірі жуан айтылса,
жалғанған жалғау да жуан айтылатындығын, жіңішке
айтылса, жалғанған жалғаудың да жіңішке
болатындығын және тәуелдіктерде, жіктеу, көсемше,
есімше етістіктерде, демеулерде, туынды сөздерде де сингорманизм
заңы сақталып айтылатындығына назар аударады.
Сингорманизмнің
қазақ тілінің морфологиялық құрлысымен
байланыстылығы, қосымшалар белгілі тәртіппен түбір
сөзге жалғанатындығы, сингорманизмнің түркі
тілдеріне ортақ мәселесі, әрі зерттеу нысаны екенін
еңбектерде салыстыра отырып байқадық.
Қосымшалардың түбір сөзге агглютинация процесі –
дыбыстардың гармониясы болған – белгілі фонетикалық
құбылыс арқылы жалғанады. Түбір буынның
жуан не жіңішкелігіне қарай қосымша дыбыстары да жуан не
жіңішкелініп айтылып тұрады... Бұл орайда біз, сингорманизмнің
– түбір мен қосымша арасындағы дәнекер екендігіне
көз жеткіздік.
С. Мырзабеков «Морфемалардың аралығында
қатар келген дыбыстар (буындар) бір-біріне әсте
немқұрайды қарай алмайды, олар акустика-артикуляциялық
жақтан үнемі бір-біріне жуықтап, өзара үйлесіп,
тіл табысып тұрады. Қазақ тілінде көбіне
алдыңғы дыбыс (буын) өзінен кейінгі дыбысқа
(буынға) ықпал етіп игереді. Мұны тіліміздегі
қосымшалардың көп вариантты болып келуінен көруге
болады. Мәселен, бір ғана көптік жалғауы тоғыз
вариантта ұшырайды. Оның алтауы -лар,
-лер, -дар, -дер, -тар, -тер орфографиялық норма болып есептеледі де,
қалған үшеуі айтуда ғана кездеседі. Олар: -лөр (үй-лөр,
түр-лөр), -дөр (күн-дөр, түн-дөр),
-төр (шөп-төр, көш-төр). Бір
жалғаудың бұлайша көп вариантты болып келуі
сөздің соңғы буынына және дыбысына байланысты
болады да, тіліміздің тарихи дамуының нәтижесі түрінде
танылады» [3] – дейді. Жалғаулардың сөздерді,
сөйлемдерді байланыстыратын
қызметі барысында, бір-біріне жапсырыла жалғануында да сингорманизм
заңын басты белгі етіп, соған бағына жалғанады.
Қазақ
тіліндегі дыбыстар өз ара артикуляциялық үйлесімін
тапқанда ғана бір бірімен тіркесіп, бір буынға (сөзге)
біріге алады. Ол үшін бір буынның (сөздің)
құрамындағы дыбыстардың үйлесім белгілері бірдей
болу керек. Сонда ғана қазақ тіліндегі буын (сөз)
біркелкі үйлесім әуезбен айтылады, сөйтіп қазақ
сөзі қазақы жатық естіледі. Өйткені
қазақ сөзінің үйлесім құрылымы мен
үйлесім естілімінің арасында тікелей байланыс бар. Басқаша
айтқанда, сөздің үйлесім жасалымынан (артикуляциясынан)
үйлесім естілім (перцепция) туындап, сөз табиғи (акцентсіз)
қабылданады.