ШЕТ ТІЛІ САБАҒЫНДА ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ҒАЛАМДЫҚ ЖЕЛІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАРЫН ҚОЛДАНУ

 

Б.С.Ибраимова -аға оқытушы

Г.Ж.Хаирлаева-магистр аға оқытушы

Алматы қаласы, ҚазМемҚызПУ

 

 

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз баяндамасында «Біз күдіктенбейтін жаңа білім, даму жүйесінің басты бағыттарының айқындалуы XXI ғасырға білім ғасыры деген анықтама беруге мүмкіндік береді» деген болатын.Яғни, қазіргі кезеңде бұрынғы таптаурын болған қалыпты сабақ беру әдісін жаңа мазмұнда ұйымдастыру және жаңа технологияны пайдалана отырып түрлендіру-өмір талабы. Шетел  тілін  жаңаща  оқыту  соңғы  жылдары  жоғары  қарқынға  ие болды. Ұстаздардардың сабақты  жобалаудағы   жауапкершілігі   студенттердің  шетел  тілінде  нәтижелі  тілдік  қарым-қатынас  жасауына  мүмкіншіліктер  туғызады.Олар  аз  уақытта  жаңа технология  жәрдемінде үлкен  жетістіктерге  жете  алады .  Оқудың  дәстүрлі   үрдісіне  инновациялық технологияны  ендіру, оқытушылар  мен  студенттерге дәстүрлі  формаларды  және әдістерді жетілдіруге  мүмкіндік береді, сонымен  қатар  жаңаларды  да, атап  айтқанда: тренингтер, дөңгелек үстелдер, пресс-конференциялар  және  т б .  Оқытушылардың  біліктілігі  олардың  педогогикалық  қарым- қатынаста  жағдаят  жасауда  көрінеді, онда оқытушылар  да, студенттер  де таңдау және  бақылау мүмкіншілігіне  ие  болады.   Инновация  дегеніміз тек ғана жаңалық енгізу емес, сонымен  қатар жаңаны дәстүрлі  оқу- тәрбие  үрдісіне  қолдана  білу. Білім  беру үрдісінде жаңа технологияларды қолдану мәселесі өзекті мәселелердің қатарынан орын алуда. Шетел тілін оқытудың мақсаты субьектінің мәдениетаралық  қарым-қатынас  біліктілігін қалыптастыру  десек, онда  сол шетел  тілін оқытуда жаңа технологияларды қолдану шетел тілін оқытудың мақсатынан туындап отырған қажеттілік болмақ. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс тәсілдермен ерекшеленеді.

 

Сөз арқауы компьютерлік технологияны  пайдалана отырып, шетел тілі сабағында интернет жүйесін қолдану мәселесі болмақ. Жаһанданған  интернет жүйесін қолдану негізінде,тіл үйренушілердің сөз әрекетінің төрт түрінде де біліктілігін қалыптастыруға болады,жүйе  материалдарын қолдану арқылы олардың оқу, жазу іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға , сөздік қорын байытуға мүмкіндік туады .  Интернет жүйесін пайдалана отырып, тілін үйренуші елдің өкілдерімен байланысқа түсе алады.

Студенттердің шетел тілін үйренуге  деген  ынтасын  арттыру олардың төмендегі шараларға қатысуы негізінде жасалынады: диспуттар, байқаулар, олимпиядалар және т. б.

«Интернет» деген термин ағылшынның «international net» деген сөзінен, аудармасында «халықаралық байланыс» деген ұғымды береді.  Интернет жүйесі арқылы тіл үйренуші тіл өкілімен тура, тікелей байланысқа түсе алады, шетел тілі сабағында Интернетке қосылу арқылы шынайы қарым-қатынас үлгісін жасауға болады. Табиғи тілдік ортада тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолдана отырып, тіл үйренушілер айтылымдарға спонтанды  түрде, түрлі тілдік формулаларды қолдана отырып, жылдам жауап беруге дағдыланады.

Интернет жүйесінің келесі ақпараттық қоры мен ресурстарын шетел тілі сабағында пайдалану бірден-бір тиімді болмақ:

·         электрондық пошта( e-mail), телеконфереция, видеоконференция;

·         жеке ақпараттарды жарыққа шығару мүмкіндігі немесе басқаша айтқанда Web

·         серверге  жеке шығару;

·         ақпараттық каталогтар ( Yahoo,  InfoSeek/ UltraSmart, Galaxy) іздеу жүйесі (Altta, Vista, HotBob, Open Text), жүйе ішіндегі әңгіме( Chat).

Интернет арқылы ғаламдық желінің ақпараттық ресурстарын қолдана отырып, оларды оқу үрдісіне енгізіп, сәйкес дедактикалық түсініктемелер беру арқылы дидактикалық мәселелердің келесі жолдарын тиімді шешуге болады:

·         күрделілік дәрежесі жағынан түрлі материалдарды,оқу дағдылары мен біліктерін қалыптастыру;

·         интернеттен алынған материалдарды талдау негізінде ауызша сөз іскерліктерің жетілдіру;

·         жазбаша серіктеріне хат жазу, жауап жазу, баяндама, реферат, т.б. жазба жұмыстарын дайындау арқылы жазбаша білігін арттыру;

·         активті және пассивті сөз қорын, қазіргі шет ел тілі лексикасымен, жаңа терминдермен толықтыру;

·         өзі оқып отырған тіл елінің тарихы мен мәдениеті, салт-дәстүрлері, экономикалық даму ерекшеліктерін қамтитын танымдық білімдерін кеңейту;

Оқу үдерісінде интернетті қолданудың әдістемелік ресурстарына тоқталсақ, ағылшын тілі сабғында интернетті қолдана отырып, активтік мәтінді қолданып, тілді жетік білушілерді тыңдап, қарым-қатынас жасай отырып тілдік ортаны қалыптастырады. Желідегі барлық ақпарат ағылшын тілінде. Интернет компьютер технологиясын білумен шектелмейді. Сонымен қатар шет тілінде білуге тиіс. «Шет тілі» пәнін меңгеруде ең маңыздысы теориалық негіз емес, тәжірибелік яғни, тыңдап-түсіну, оқу, ауызша сөз, жазу қабілеттері. Мамандықтың психологиялық теориясына байланысты белгілі бір пәнді игеру, жүзеге асыру, орындау операциялары, қарым-қатынас, яғни коммуникация арқылы іске асады. Сондықтан да, әр түрлу сөз дағдырларын қалыптастыруда оқушыларға өздері білетін үлгілер түрінде тапсырмалар беру керек. Шетел тілінде сөйлеу дағдыларын қалыптастыруды тыңдап-түсіну негізгі қызмет атқарады. Сөйлеу дағдырларын қарым-қатынас жасау арқылы жетілдіруге болады. Бұл үшін серіктес қажет. Компьютерлік бағдарламалар, СD-ROM дискілер, интерактивті тақта болса да, олар тек техникамен қарым-қатынас жасайды.

Тек компьютерлік телекомуникация ғана оқушыға шетел азаматтары мен сөйлесуге диалог (ауызша, жазбаша) құруға мүмкіншілік береді.

Қорыта айтқанда: «Білекке сенерзаманда-ешкімге есе бермедік.Білімге сенер заманда –қапы қалып жүрмейік»-деп, Абылай хан айтып кеткендей , ертеңгі күннің болашағы бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән екенін естен шығармайық.Инновациялық  технологияларды сабақта  қолдану -  бұл оның нәтижелігіне  қолайлы  жағдайды  жасаудың бірден – бір  жолы, ал ол өз кезегінде  бірлесе  жұмыс  жасауға, адами  қарым – қатынастарға  себепкер болады.  Оқытуға жаңашыл көзқарасты  қолдану, тәжірибеге  бағытталған  оқытудың  үлкен  жетістігі болып  табылады , сондай- ақ  оның  сапасы  алынған  білімнің нақты  жағдайда мақсатқа жетумен қатар өмірдің  сапасын  көтеруде  үлкен  сұранысты  қанағаттандыруды  қамтамасыз етеді. Студентердің сабақ барысында шығармашылық қабілеттері мен белсенділігін арттырудың маңызы зор. Жаңа технологияны меңгеру оқытушының интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және басқа адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді.Өзін-өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың оқық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Өйткені ағылшын тілін сапалы оқыту –глобальды заман талабы.

 

Қолданылған әдебиеттер:

1.     Стронин М.Р Обучающие игры на уроке иностранного языка М.,1981

2.     Мектептегі шет тілі- Иностранный язык в школе №3, 2004

3.     Мектептегі шет тілі –Иностранный язык в школе №1, 2008

4.     Мектептегі шет тілі- Иностранный язык в школе №5, 2009

5.     Шет тілдерін оқыту әдістемесі №6, 2006