Есбол.Ғ.Ш
А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік
университеттің аға оқытушысы
А. Байтұрсынұлы мен М. Шоқай тәуелсіздік турасында
Ізгі кісі, кел, ізгілік – шырайы,
Ізгілік ісі – ақылдылық шынайы.
(
Ж.Баласағұни )
XХI ғасыр 2017 жыл бүкіл әлемді
қамтыған нарық дағдарысымен қатар, қарулы
қақтығыстар өршіген заманға айналды. Америка
құрама штаттарының Сирия мемлекетіне қарулы
шапқыншылығы толастамай отыр. Елбасымыз Н.Назарбаев
Қазақстан мемлекетінің атынан Ресей және Түркия
мемлекеттеріне ұсыныс жасап, Сириядағы бір-біріне қарсы
тұрған қарулы топтардың өкілдерін жинап Астанада
бітімгершілікке шақырды. Ал, алпауыт елдердің, әсіресе
АҚШ-тың алдыңғы Азия мемлекеттеріне ( Ирак, Сирия т.б )
бейбітшілік жолын көрсетудің орнына әуеден шабуыл жасап,
зорлық-зомбылық жасауда.
Ежелгі қытай
философы Чжуан-цзы: ’’ Пайда іздегендер – адалдықты ұмытады “-деп, бүгінгі батыстық
өркениеттік ой-өрістің мағынасын, тіршілік
қағидасын дәл айтып берген болатын. Әрине, жер
үстіндегі әрбір халық, ұлт тыныштықта өмір
сүргенді қалайды. Оған толық құқылы.
Президентіміз
Н.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында: « Жаңа
қатерлері мен тың мүмкіндіктері қатар өрбіген
жаhандық ахуал біздің көз алдымызда өзгеруде. Алпауыт
елдердің текетіресі мен өзара санкциялар алмасу дүниені
тұйыққа қарай бастауда.» [1] – деп, адамзат баласы
ауызбіршілік пен ынтымаққа ұмтылмаса, жаппай жер беті
ұрыс-керіс пен теке-тіреске толған ауыр күндерге айналатынын
ескертеді.
Түркі ұрпағы әркез
ұстанған, алаштың ардақты арысы Мағжан Жұмабевтың сөзімен
айтқанда: ''Адам өз халқын...сүюмен қатар,
басқа халықтардың адамдарын сүюге міндетті '' – деп, ’’
Ұлы дала өркениеті “ адам мәселесі алдыңғы орында
тұрған, өзара сыйластық, ізгі
қарым-қатынасты өте қадір тұтқан. ''
Адамның ісі – адаммен '' деген қағиданы берік сақтаған
халықпыз. Бүгінгі таңда адамзат баласы мұны
әрдайым есте сақтағанымыз дұрыс болар еді. Енді 1914
жылғы Ахмет Байтұрсынұлының
« Соғысушы патшалар » мақаласына назар салайық: ''
Тариқ жүзіне көз салсақ, таласпаған,
соғыспаған қалық көрінбейді. Бұл
күндегі қалықтар да, қанша ғылымды, өнерлі,
білімді, мейірімді болдық десе де, аталарынан ұзап алыс кете
алған жоқ. Соғыспай тұратын күйге әлі
жеткен жоқ..... '' [2] -
дегенінен, қазіргі кездегі халықаралық ахуалды байқап
отырмыз. Алғы дамыған елдер байыған сайын, пайдакүнемдікті
ойлап, әлсіз мемлекеттерге күш көрсетуін қояр емес.
Сондықтан да қорлық көрген халық
ұлттық намысын қорғап, наразылығын білдіріп,
әділдік орнату үшін аянбай күреседі. Жер-жерде болып
жатқан қарама-қайшылықтардың негізгі себебі де
осында.
1930 жылы М.Шоқай « Көтерілістен -
ұйымшылдыққа » деген еңбегінде: '' Көтеріліс –
езілген халықтың езушілерге қарсы өшпенділік
сезімінің бір бұлқынысы, ұлттық және
тәуелсіз Түркістанның рухы мен факторы – жас түркістандықтар.
'' [3 ] – деп, жастарға
қандай да болмасын аласапыран заманда егемендігіміздің
тұғырын берік ұста, көк байрағымыз биіктей
беруіне міндеттісің, оны есіңнен шығармауға
тиістісің дейді.
Әдебиеттер тізімі
1. Назарбаев.Н. '' Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы. ''
Егеменді Қазақстан.-№-230.-01.12. 2015 ж.-1бет.
2. Байтұрсынұлы
А. Соғысушы патшалар .5-том.-А, 2006.-240 бет.
3. Шоқай М. Көтерілістен - ұйымшылдыққа.- 1-том.-А,
2007.- 88 бет.