Қазақстан-Ресей
қатынастары
Түйіндеме
Молдабеков
Еркебұлан Байғалиұлы
Магистр аға оқытушы
Игенова Айгерим Абаевна
«Құқықтану» мамандығының 3 курс студенті
Жекеев Айболат Шымболатұлы
«Құқықтану» мамандығының 3 курс
студенті
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе
өңірлік мемлкеттік университеті,
030006, Ақтөбе, Мирзоян к. 15а
Бұл мақалада Қазақстан мен Ресей
қарым-қатынастарының тиімді және тиімсіз жақтары
қарастырылған.
Кілт сөздер: ТМД, ГЛОНАСС,KAZSAT, Кедендік
Одақ
Қазіргі
Қазақстан – Ресей қатынастары
ғасырлар бойы Еуразия кеңістігінде өмір сүріп,
тарих тоғыстырған қазақ және орыс
халықтарының ежелгі қатынастарынан бастау алады. Екі
халықты ортақ тарих, жеті мың шақырымға
созылған әлемдегі ең ұзын
құрлықтық шекара мен көршілес орналасқан
кең аумақ біріктіреді.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан-ақ дәстүрлі шаруашылық
байланыстарды сақтау мен ТМД елдерімен интеграциялану
Қазақстанның сыртқы экономикалық саясатының
негізгі бағыты болды. Осы бағытта терістіктегі байырғы
көршіміз – Ресей Федерациясымен
көпсалалы, өзара тиімді экономикалық
ынтымақтастықты дамытуға басты басымдық берілді.
Сөйтіп, 1992 жылдың қазан айында Қазақстан
Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында дипломатиялық
қатынастар орнады. Сол жылы Қазақстанның Ресейдегі,
Ресейдің Қазақстандағы елшілік қызметтері ашылды.
Қазақстан-Ресей
қатынастарын қазіргі таңда проблемалары көп немесе
бізге ең тиімді көршілес дос па деген сұрақтар туындауы
мүмкін. Иә, Қазақстан бірнеше ғасырлар
шеңберінде Ресейдің отары болып келді. Отары болып келген
мемлекетті өз тәуелсіздігімізді алғаннан кейін дос деп санау
дұрыс па?! Бұл әрине қарама-қайшылық
тудыратын сұрақ. Ресей мемлекеті шынымен де Қазақстан
Республикасын өзіңінің досы деп санайтын мемлекет пе ?!
Әлде оңтайлы сәт туған сайын Қазақстанды
өзіне жақындата отырып, өз мақсатына пайдаланатын
мемлекет пе?! Мұны түсіну үшін, әрқалай
баға беру үшін ең
алдымен, мен өз мақаламызда Қазақстан-Ресей
қатынастарының қандай екеніне тоқталып, ашып
көрсетуге тырысамыз.
Президент
Н. Назарбаев: «Екіжақты байланыс саласында Қазақстан
алдындағы басым бағыт – Ресей Федерациясымен
қарым-қатынасаты дамыту. Бұл әлем
қауымдастығы алдындағы Ресей Федерациясының
саяси-экономикалық рөлімен және ұзаққа
созылған ортақ шекарамен шартталады. Ресей – республикамыздың
ең ірі сауда серігі. Көптеген халықаралық
мәселелер бойынша біздің ұстанымымыз ортақ. Оның
үстіне, екі ел азаматтары арасындағы достық, туыстық
қатынастар. Бұл Ресейді Қазақстанның табиғи
әрі заңды одақтасы етеді», деп атап өткеніндей,
бүгінде Қазақстан мен Ресей – стратегиялық
әріптестер. Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың
маңызды буыны сауда-экономикалық байланыстар болып табылады.(www.economics.kazgazeta.kz)
Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара тиімді экономикалық
қатынастар дамуының жандана түсуін сарапшылар бірқатар
себептермен байланыстырады. Бұл – біріншіден, екі ел
экономикаларының құрылымдық ұқсастығы мен өзара
тәуелділігі. Екіншіден, Қазақстан мен Ресейдің мол
табиғи ресурстары мен қазба байлығы. Үшіншіден, екі ел
арасындағы ауқымды сауда
көлемі. Және тағы бір атап өтерлігі, әлемдік
экономикалық жүйеге ену шарттарының ұқсастығы.
Бұл орайда Дүниежүзілік сауда
ұйымға ену жөніндегі келіссөздерді 1993 жылдан
жүргізіп келе жатқан Ресей мен 1996 жылдан бастаған
Қазақстан үшін негізгі басымдық әлемнің 150 елін біріктірген осы беделді ұйыға мүше
болу. Бұл тұрғыда ішкі заңнамалық негізді
жетілдіру үстіндегі Қазақстан қазіргі таңда
келіссөздерді аяқтауға жақын. Дегенмен
Қазақстан мен Ресей ұйымға бірлесе енуді ұстанып
отыр. Өйткені Қазақстанның шет елдермен тауар айналым
көрсеткішіне қарағанда, еліміздің негізгі сауда
серіктестері ДСҰ мүшелері емес, ТМД елдері. Оның ішінде
Қазақстан Украина және Беларусьпен қатар
алдыңғы орынға шығады. Мұның өзі
соңғы уақытта адамзат алдына жауабы қиын күрделі
сауалдар шығарған жаһандану заманында аймақтық,
өңірлік ықпалдастықты дамытудың тиімділігін
көрсетеді.
Қазіргі таңда екіжақты
байланыстың құқықтық-келісімдік негізі
300-ден аса құжатты қамтиды.
Екіжақты қатынастардағы
елеулі оқиғалар қатарында мемлекетаралық
шекараның делимитациялануы, Каспий теңізінің солтүстік
бөлігі табанын бөлу туралы келісімінің қабылдануы, екі
ел арасындағы байланыстардың тереңдеуіне жол ашқан
Ресейдегі Қазақстан жылы мен Қазақстандағы Ресей жылдарының
кезек өткізілуін айтуға болады.
Екіжақты
ынтымақтастықтың маңызды буыны–
сауда-экономикалық байланыстар. Ресей – Қазақстанның
ірі сауда серіктесі. Екі ел арасындағы тауар айналымы 2011-дің
қорытындысы бойынша 23,9 млрд долларды құрады.
Қазақстаннан экспорт $7,7 млрд, ал Қазақстанға
импорт – $16,2 млрд құрады. 2012-нің 1-тоқсанында тауар
айналымы 5 млрд долларды құрап, былтырғы осы кезеңге
қарағанда 1,3 пайыз өсті.
2011 жылдың қорытындысы бойынша
тауар айналымы шамамен 24 миллиард долларды құрады. 1700
Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорындары табысты жұмыс
істеуде. Екі елдің арасындағы келісімдер мен уағдаластықтардың
жүзеге асуын бақылайтын екіжақты Үкіметаралық
комиссия жұмыс істейді. Қазақстан-Ресей арасындағы
байланыстар ғылым мен инновациялар, еуразиялық көлік
инфрақұрылымы, біртұтас энергетикалық кеңістік
құру саласындағы ынтымақтастық сияқты
перспективалы салаларда қарқын алуда. Екі онжылдықта Ресейдің
әскери жоо-ларында 4 мыңнан астам қазақстандық
офицерлер даярланды. Әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықтың
түрлі аспектілері бойынша 60-тан астам бірлескен келісімдер жүзеге
асырылуда. Алтыншыдан, Қазақстан мен Ресей іс жүзінде
ортақ рухани-өркениет өлшемінде өмір сүруде.
Ғылыми білім беру, сол сияқты, гуманитарлық мәселелер
жөніндегі Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара
іс-қимылдар аясы кеңеюде. Шамамен 20 мыңдай
қазақстандық жас азаматтар Мәскеудің,
Санкт-Петербургтің, Омбының, Екатеринбургтің,
Новосібірдің, Томның және Ресейдің басқа да
бірқатар қалаларының жоо-ларында білім алуда. Ресейдің
көршілес өңірлері жастарының
қазақстандық жоо-ларда жоғары білім алуға
мүмкіндіктері бар. Ресей тарабы қызметтері Ресеймен, оның
жекелеген өңірлерімен байланысты болған қазақ
халқының даңқты
қайраткерлерінің есімдерін мәңгілікке қалдыру туралы
Қазақстанның ұсынысын әр кезде де түсіністікпен
қабыл алады. Өз кезегінде, біз осыған дейінгі
дәуірлерде еліміздің дамуында өз ізін қалдырған
көптеген ресейлік ғалымдар мен жазушыларға, мәдениет
және өнер қайраткерлеріне зор құрмет
көрсетеміз. Қазақстанда мемлекеттік қазақ тілімен
тең қолданылатын орыс тілін еркін пайдалануға
конституциялық және заңдық кепілдік берілген. Осы
аталғандардың бәрі - ХХІ ғасырдағы екі
елдің достығын, тату көршілігі мен
одақтастығының тамаша қорытындысы және сонымен
бірге одан әрі даму үшін берік база.
Таяу болашақта біздің экономикаларымыздың бірлесіп
технологиялық серпіліс жасауын қамтамасыз етуді көздейтін
құрылым ретінде
Қазақстан-Ресей Нанотехнологиялар қоры құрылды.
Біз ғарыш саласындағы, соның ішінде «Байқоңыр» ғарыш
айлағында «KAZSAT» байланыс
спутниктері серияларын ұшыру, ГЛОНАСС жүйесін бірлесіп, пайдалану
бойынша ынтымақтастықты дамытудамыз. Павлодар форумында
Қазақстан әріптестіктің жаңа алаңын -
Байқоңыр инновациялық форумын құруды ұсынды,
және бұл бастама Ресей Президентінен тұтастай алғанда
қолдау тапты.(www.mfa.kz)
Қазақстан мен
Ресей Федерациясын олардың ұзақ уақыт КСРО
құрамында болғаны, әлемдегі ең ұзын
құрылықтағы шекарасы, Қазақстанда орыстардың
үлкен диаспорасының және Ресейде айтарлықтай қазақ
диасопрасының барлығы, басқа да байланыстар біріктіріп
отырғаны себепті, қазіргі шақта осы екі мемлекет
стратегиялық серіктестер және әскери олдақтастар болып
табылады. Бұл, әрине, даусыз
болғанымен бәрі де біз ойланағандай бірсыдырғы емес.
Егер, мысалы, екі адамның достығы күнделікті
қарым-қатынас мәселесі болса, екі елдің
стратегиялық мүдделері, өмір көрсетіп отырғандай,
әр кез сәйкес келе бермейді.
Әзірге, Қазақстан мен
Ресейді, санасында КСРО туралы естелігі бар, шешімді қабылдағанда
үшінші жаққа жалтаңдамайтын бұрынғы
кеңестік азаматтар билеп отырғанда, екі ел арасындағы
жағдай тұрақты болып қалады. Бірақ уақыт
өте келе, жаңа проблемалар мен қауіп-қатерлер туындайды
Қазірдің өзінде Қазақстан мен Ресей
Федерациясының арасында әлеуетті шиеленісті мәселелер бар
екені түсінікті.
Қазақстанда ресейлік толып
жатқан полигондар бар. Ал республиканың бірқатар
қоғамдық қайраткерлері оларды әкетуін талап
етуде. Жақында «Протон» зымыран тасымалдағышының
құлауы және гептилмен сол маңды улауы,
Қазақстан азаматтарының денсаулығына тигізер зияны
тұрғысынан алғанда ғарыш саласындағы
ынтымақтастықтың тиімділігіне күмән келтірді.
Сондықтан әскери полигондар мен ғарыш саласында
қауіпсіз ынтымақтастық мәселесі қоғамды
дүрліктіре бастады.
Егер РФ Қазақстан жеріндегі
әскери полигондарын жоюға келіссе, ресейлік элита Кремльдің
қазіргі басшылығын ел мүддесін қорғауда
одақтастармен де уағдаласа алмайды деп айыптайды. Қарізгі РФ
басшылығы өзінің атақ-беделін «державашылдар»
және «Ресейдің жаһандық мүддесін
қорғаушылар» ретінде жинап отырғандықтан полигондарды
жою олардың өздеріндегі жақтаушылардың алдындағы
беделін түсірер еді.
Әскери-ғарыштық
«шиеленістен» басқа біздің елдердің арасында, онша ашық
болмағанымен, сезілетіндей идеологиялық алшақтық
туындай бастады. Қазақстан мен Ресей үшін пантүркілік
идеология әлеуетті шиеленістік болып табылады. Ол идеяны
қазақстандық әкімшілік элитаның бірқатар
өкілдері қолдауда. Қазақстан мен Түркия
қайраткерлерінің көптеген кездесулеріне пантүркілік
идея арқау болып отыр.
Түркі мемлекеттерінің
достастығын ресейлік арнайы қызмет федерацияның
түркілік субъектілерін – Татарстан, Башқұртстанды бөліп
алу идеологиясы ретінде қарастыратынын айта кетуіміз керек. Ал ол
басқа да ұлттық субъектілердің федерация
құрамынан кетуінің тізбекті реакциясын тудырары хак.
Сондықтар пантүркілік идеяның күрт белең алуы
Кремльді алаңдатып отыр. Сондықтан олар алдын-алу шараларын
қарастыруда.
Қазақстан Ауғанстаннан
Ресейге есірткі тасымалдау транзиттік жолы болып табылатындықтан,
бұл да өсіп келе жатқан шиеленістің бір себебі. Ал
Ресей героин тұтынатын әлемдегі аса ірі мемлекет болып табылады.
Жарияланған мәліметтер
көрсетіп отырғандай, Қазақстанда ұсталатын героин
РФ-та пайдаланылатын көлемнің 5%-ын да құрамайды.
Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тактикасы мен
стратегиясынан шығатын болсақ (ол ФСБ-да да ҰҚК-де де
тамырымен КСРО КГБ-сынан бастау алады), егер қазақстандық
құқық қорғау құрылымдары біздің
территорияда алынатын есірткі
көлемін ұлғайта алмаса, онда Кремль ресейлік күш
құрылымдарына бұл мәселені алыс жерде шешу туралы
міндет қояды. Ол дегеніңіз:
1)
қазақстандық күш құрылымымен
ынтымақтастықты жандандыру;
2) ресейлік
күш құырылымдарының қазақстандық
құрылымдарға агент ретінде ауқымды енуі;
дегенді
білдіреді.
Бірақ шекарадан тек есірткі ғана
өтпейді. Кедендік одақтың (КО) құрылуымен
ресейлік кеденшілер қазақстандық әріптестердің
ҚХР-дан халық тұтынатын тауарлар легінің
контрабандасына жол бермеуде осалдық танытып отырғанына наразы.
Есірткі Қазақстанның да
Ресейдің де ұлттық қауіпсіздігіне айтарлықтай
қауіп төндіреді. Тәжірибе көрсетіп отырғандай,
транзиттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін есірткі
бизнесмендері тауар алып өтетін аумақта есірткіге тәуелділер
санының артқанына мүдделі. Сондықтан келешекте шиеленіс
тудырарлық нүктелер ресейлік күш
құрылымдарының қазақстандық кеден
комитетінің ІІМ, ҰҚК жұмыстарына ашық және
көмескті түрде араласуы болуы мүмкін.
Сондай-ақ Кедендік
одақтың бар болуының өзі Ресей мен
Қазақстанның нарықты экономикаларының
қақтығысарлық нүктелеріне айналып отыр. Бірінші
кезете өзіндік өндіріс пен ауыл шаруашылығының дамуына
мүдделі ресейлік және қазақстандық билік өз
компанияларының КО аумағындағы мүдделерін лоббилауға
мүдделі.
Кедендік одақтың саяси
құрылымға дейін даму барысында («саясат дегеніміз
экономиканың шоғырланған түрінің көрініс
беруі» деп Лениннің айтқанындай) көшбасындағы ел КО
тұрақтылығын сақталуына кепілдік ретінде серіктес
елдің ішкі саясатына ықпал етуге мәжбүр. Ықпал
етудің ең қол жетерлік әдісі басқа ел
басшылығына өзінің бақылауында болатын адамды
әкеліп отырғызу.
Бейжің мен Кремль жағдайында
ең ықтимал шиеленіс туатын нүкте Орта Азиядағы
ықпал үшін күрес болады. Онда да, егер ресми Астана
ыңғайлы серіктестен дербес ойыншыға дейін өсіп, өңірдегі:
Өзбекстандағы, Тәжікстандағы,
Түркменстандағы, Қырғызстандағы,
Ауғанстандағы, Моңғолиядағы, Иран мен
Кавказдағы өзінің стратегиялық мүдделерін дамыта
бастаса. Аталған елдерге ықпал болған жағдайда
ықпал ету субектісінің мөлшері емес, объектісінің
мөлшері маңызға ие болады.
Сондықтан бір жерінде күшін
біріктіру арқылы болса да, бір жерінде өзінің жеке партиясын
ойнаса да, өңірде тең серіктес ретінде шығуына
қазақстандық дипломатияның қаржысы да
мүмкіндігі де жетеді. Ерте ме, кеш пе, Астананың
өңірлік амбицияялары пайда болады - өз бетінше, не
үшінші күштің арқасында. Кез келген жағдайда ол
көршілермен ғана емес, Қазақстанның
тәуелсіздігіне де үлкен сын болары анық - өңірде
өзінің мүддесін ғана қорғай отырып
ойнау.
Сонымен қатар Қазақстан
Кремль мен Бейжіңнің Қазақстанға қатысты
ортақ ұстанымы барлығын да ескеруі тиіс. Ресей де, Аспан асты
елі де Астананың бақылаусыз саясат жүргізуіне мүдделі
емес, сондықтан екі ірі көрші Қазақстанда
үйлесімді саясат жүргізуге дайын.
Осы тұрғыдан Кедендік
одақ Қытай үшін оның одан да ары дамуына таптырмас
қазына көзі болуы мүмкін. Бірақ ҚХР-дың
өңірдегі экономикалық экспансиясын тежеп тұру
үшін Кремльдің бақылауындағы қазына көзі
болады. Осы аса күрделі өзара байланыстар Қазақстаннан
жағдайға кәсіби терең талдауды қажет етіп
және соның негізінде кремльдік мұнаралар мен шанхайдың
зәулім биік ғимараттарының арасында тартылған
арқаннан тайып кетпейтіндей тепе-теңдікті сақтай отырып,
өзінің мүддесін оңтайлы қорғай білуді талап
етеді.(www.inform.kz)
Біз өз мақаламызда Қазақстан-Ресей
қатынастарын ашып көрсететіндей мәліметтерді жинап, барынша
көрсетуге тырыстық. Екі ел арасында мақтан
тұтарлықтай пайдалы келіссөздердің де бар екені
сөзсіз. Мүмкін шынымен де, Қазақстанға Ресей
сияқты мемлекетпен достық қарыс-қатынас орнату тапсырмас
мүмкіндік шығар. Сірә, мұны саралау, баға беру
біз түсіне бермейтін екі ел арасындағы стратегиялық
қарым-қатынас шығар. Алпауыт мемлекетпен дос болу,
келіссөздер жүргізу әрине біз сияқты жаңадан
дамып келе жатқан мемлекет үшін таптырмас мүмкіндік. Алайда,
мемлекетіміз Ресей секілді алпауыт мемлекетпен дос боламын деп өз
мүддесін ұмытпай, Ресейдің қолындағы саяси
қуыршаққа айналмаса екен. Қазақстан Республикасы
болашақта Ресейге мықты саяси қарсылас болады деген
үміттеміз және сонымен қатар қазіргідей Ресеймен
достық қарым-қатынасын сақтап қалады деген
үміттеміз. Себебі бұл саясат.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
www.mfa.kz сайты
2.
www.economics.kazgazeta.kz сайты
3.
www.inform.kz cайты
4.
Егемен Қазақстан газеті, 2010 жыл.