Қазіргі замандағы мемлекеттер
дамуындағы өзекті мәселелері
Молдабеков
Еркебұлан Байғалиұлы
Ақтөбе қ. Қ.Жұбұанов
атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті магистр
аға оқытушы
Толепбергенов Нурлан Оспанулы, Елемес
Нұрлан Ақылбекұлы
Ақтөбе қ.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік
мемлекеттік университетінің Экономика және
құқық институтының
«Құқықтану» мамандығының 3 курс студенті
Елордада
Сириядағы жанжалдарға қатысты тараптардың отырысы
басталды. Соғыс жүріп жатқан елдерді бітімгерлікке
шақыратын бұл жиын "Астана процессі" деп аталады.
Оған Қазақстан, Түркия, Ресей, Сирия және Иран
делегациясы қатысуда. Шетелдік делегация өкілдері Астанаға
келді. Оларды Қазақстанның Сыртқы істер министрі
Қайрат Әбдірахманов мырза қабылдады. Сондай-ақ,
аталған процесс жұмысын 300-ден астам шетелдік БАҚ азып,
таратуда. [1]
Қозғалатаын
тақырып 2011 жылдың көктемінен тоқтаусыз жалғасып
келе жатырған Сириядағы азаматтық соғыс.
Халықаралық аренада осы жағдайға байланысты мемлекеттер
екі лагерге бөлінді. Бірінші жақ, соның ішінде АҚШ Башар
Асад кетуі керек, онымен ешқандай келісімге келіп қажеті жоқ,
қарулы қол сұғу қажет дейді. Екінші жағынан
Ресей және Қытай, мәселені сыртқы күштердің
араласуынсыз соғысушы тараптар саяси диалог арқылы шешу керек деп
санайды.[2]
Астана процессіне дейінде Сирия
ахуалына байланысты бірнеше келіссөздер жүргізілді. Мәселен,
Венадағы Сирия жайлы бейбітшілік келіссөздері(2015ж),
Женевадағы Сирия жайлы бейбітшілік келіссөздер(2016). Барлығы
да сәтсіз аяқталды, тараптар белгілі бір ортақ шешімге келе
алмады. Азаматтық соғыстың әлі күнге дейін
аяқталмауының себебі неде? Әлемдік державалар не үшін
Сирияның ішкі істеріне араласуда? Халықаралық ұйымдар,
соның ішінде БҰҰ тарапынан қандай әрекеттер
жасалуда? Халықаралық құқықтың
бұзылу фактілері орын алдыма? Баяндамамызда осындай өзекті
сауалдарды көтердік.
Сирия
Араб Республикасы Таяу Шығыста орналасқан мемлекет. Ливан
және Израйльмен оңтүстік-батыста, Иорданиямен
оңтүстікте, Иракпен шығыста және Түркиямен
солтүстікте шекараласады. БҰҰ мәліметтері бойынша
Сирия халқының саны 2011 жылы 20,8 млн болса 2015 18,5 млн
адамға кеміген. Этникалық құрамы бойынша 90
пайызы арабтар, 9 пайызы күрдтер. Елдегі жұмыссыздық 2011
жылы 10,3 дан 54,3 пайызға жеткен. Өзінің тәуелсіздік
алған жылдарынан бастап Сирияда 14 әскери төңкеріс
болған. Сунниттік ұлтшылдар алауиттерге өз мемлекетін
құруға жол бермеді, ал өз кезегінде алауиттер
өздеріне бүкіл Сирияны алды. Панарабизм өте
ыңғайлы қару, себебі панарабизммен сунниттер алауиттерді
жаулап алды. Ал алауиттер осы қарумен бүкіл Сирияны жаулап алды.
1960-70-жылдары сириялық алауиттердің елдегі орнының
өзгеруіне әкелді. Алауиттердің қатарынан
шыққандар Сириядағы мемлекеттік-партиялық зиялы қауым құрады.
Бірақ та алауиттерге қарсылық көрсеткен сунниттік
көпшілік алауиттерді басқа елдердегі (Ирак, Ливан, Иран) алауиттермен
тығыз қарым-қатынас құруға
мәжбүрледі. Осы қатынастардың орнауына тағы да
себеп ретінде, елдегі антибааситтік оппозицияның
(«ағайынды-мұсылмандар») әрекеттері,
Сирия-Ирак қарым-қатынасының күшеюі, сондай-ақ
Сирия мен Иранның бірлігі болды. Хафез Асад елде Жоғарғы
Джафариттік Рухани Кеңестің құруы елдегі
алауиттердің 12 имамның жолын
ұстанушы шииттік қоғамның бір бөлігі екенін
көрсетті. Алауиттік қоғам жаңа статус алып,
олардың мемлекеттендірілуі басталды. Алауиттік офицерлердің билікке
ұмтылысы басқа этно-конфессионалдық қоғам
өкілдерімен қатыгез текетіресте дамыды. Осы текетіресте
алауиттердің басты қаруы ретінде ішкі бірлік пен бааситтік
партиямен бірлігі болды. 1963 жылдың наурызында ПАСВ (немесе БААС)
билікке келуі алауиттік офицерлердің билейтін күшке айналуына
себеп болды. 1999 жылы Хафез Асад қайтыс болғаннан кейін, билікке
34 жастағы Башар Асад ойламаған жерден келді. Әкесі Хафез
Асадтың орнын үлкен ұлы, Башардың ағасы, сол кезде
атақты саяси және әскери тұлға болған Басел
Асад алуы керек еді. Бірақ та әкесінен бірнеше жыл бұрын
қайтыс болып кеткен Басел Асадқа тақтағы орын
бұйырмапты. Башар Асадтың билікке келген кезінен бастап Сирияда
Иран мен Ресейдің әсері қатты болды. [3]
Азаматтық соғыс
болсын, халықаралық соғыс болсын, оның
әрқашанда себебі болады. Сириядағы себеп – геосаяси себеп.
Сирия – Түркия, Ливан, Ирак, Израйль мен Иорданияның ортасында
орналасқан аса маңызды плацдарм. 2011 жыл «араб көктемі»
басталды. Бастауын Тунистен алған көтерілістер тізбегі араб
елдерін бірінен кейін бірі жаулады. Бір уақытта бірнеше араб елін шарпыған
бұл көтеріліс жемісін тез берді. Тунисте абсолютті көсем Бен
Алидің биліктен аластатылуы, Египетте Хосни Мүбарактың да
кетуі, Ливиядағы Муаммар Каддафидің өлтірілуі, Йемен президенті
Али Абдалла Салехтің өз еркімен кетуі араб «көктемінің»
иісін Сирияға да жеткізді. Алғашында тек үкіметке
қарсы акция болып басталған митинг, кейін келе азаматтық
соғысқа ұласты. Ең алғашқы толқулар
2011 жылдың 26 қаңтарында басталды. Кейіннен 15 наурызда
жаппай наразылық шерулердің басталуына келді. Бұл шерулер ел
президенті Башар Асадқа қарсы бағытталған
бүкілхалықтық көтеріліске алып келді. Таққа
отырған Башар Асадтың қолында әлсіз экономика, жемқорланған
үкімет аппараты, халқының негізгі бөлігінің мүшкіл
халі, тұрақсыз саяси жүйе мен әлсізденген
ұлттық идеология қалды. Президенттік таққа отырғалы
бері, Сирияны АҚШ халықаралық террорды қолдайтын мемлекеттердің
қатарына кіргізді. Мемлекеттің сыртқы қарызы 18-19 млрд
АҚШ долларын құрады. Елдегі билік баастық
партияның қолында болды. Бұл партияның негізгі тірек
күші болып алауиттер есептеледі. Олар жалпы халық санының 10
пайызын құрайды. Суннитік арабтар елдегі билікке араластырылмады.
Осының барлығы қазіргі Сириядағы жағдайдың
себебі. Халық санының артуы мен көзі ашық
жастардың наразылық күйлері, мыңдаған адамның
көшеге, шеруге шығуына алып келді. Наразылық танытушыларға
қару көтерген мемлекеттік әскердің әрекеттері
елдегі азаматтық соғысқа алып келді. Сириядағы
азаматтық соғыстың басталуына шетелдердің де қатысы
жоқ емес. Түркия, Франция, Сауд Арабиясы, АҚШ, Катарда
сириялық оппозиция өкілдеріне қызу түрде қолдау
жүргізіліп жатыр. Сириядағы оппозициялық армияны
қаржыландырып та, жабдықтап та отырған осы елдер.
Оппозициялық армия қатарында шетелден келген,
«Ағайынды-мұсылмандар», «Таухид», «әл-Каида», «Талибан»
қозғалысы сынды халықаралық ұйымдардың сарбаздары
көп. Осының бәрі соғыстың
қоздырғыштары болып табылады. [4]
Сириядағы жанжал
әлемдік аренадағы бірнеше негізгі ойыншының назарын
өзіне аударды. Олар өз мүддесіне орай Башар Асад режимін
немесе осы режимге қарсы күресіп жүрген боевиктердің
көптеген топтарын қолдайды.
Ресей –
Сирия президентінің ең сенімді жақтастарының бірі,
себебі оның режимінің билікті өз қолында сақтап
қалуы Мәскеу үшін ерекше маңызды.Ресей БҰҰ
Қауіпсіздік Кеңесінде Асадқа қарсы
бағытталған барлық қарарларды бұғаттап отыр
және халықаралық сынға қарамастан оның
әскерін қару-жарақпен қамтамасыз етуін тоқтатпай
келеді.Мәскеу Сириядан жалға алған Тартустағы аса
маңызды әскери-теңіз базасын өз билігінде сақтап
қалмақ, өйткені бұл Ресей Қара теңіз флоты
пайдалана алатын Жерорта теңізіндегі бірден-бір база. Сондай-ақ
Ресей халқының денін алавиттер құрайтын Латакия
әскери-әуе базасына билік жүргізіп отыр.Биылғы
қыркүйек айында Ресей авиациясы, Мәскеу айтқандай,
«Ислам мемлекетінің», сондай-ақ «барлық басқа да
террористердің» позицияларын бомбалауға кірісті. Осы орайда
оның Батыс қолдау көрсететін топтардың позицияларына да
соққы бергені туралы хабарланды.Ал президент Путиннің
өзі болса, бұл жанжалдың тек саяси шешімі болуы мүмкін
екенін баса айтып отыр.
АҚШ Асадты
ауқымды қылмыс жасалғаны үшін жауапты деп айыптап отыр,
сондықтан Американың пікірінше, ол өз қызметінен кетуге
тиіс. Бұл орайда соғысты аяқтау және өтпелі
әкімшілік құру үшін келіссөз процесінің
қажет екеніне Вашингтон келіседі.АҚШ Сирияның басты
оппозициялық альянсы – Ұлттық коалицияны қолдап,
«ұстамды» көтерілісшілерге шектеулі әскери көмек
көрсетіп келеді.2014 жылғы қыркүйектен бастап АҚШ
халықаралық коалицияның құрамында ИМ боевиктеріне
және Сириядағы басқа экстремистердің топтарына
әуеден соққы беріп отыр. Дегенмен американдықтар
Асадтың мүддесіне сай келетіндей соққы бермеуге
тырысады және Сирия армиясы боевиктерге қарсы жүргізіп
отырған әскери іс-қимылға араласпайды.ИМ
жиһадшыларына қарсы соғысу үшін 5 мың
сириялық жасақ дайындау және қаруландыру жөніндегі
АҚШ бағдарламасы сәтсіздікке ұшырады - майдан шебіне
жеткен сарбаздардың саны саусақпен санарлық болып
шықты.
Сауд Арабиясы.Бұл
сунниттік корольдіктің пікірінше, президент Асадтың Сириядағы
жанжалды шешуге қатысуға құқығы жоқ,
қайта ол биліктен бас тартып өтпелі әкімшілікке орын беруге
тиіс. Басқаша жағдайда оны күшпен кетірген жөн болады.Эр-Рияд
бірқатар топтарға, соның ішінде исламистік идеологияны
ұстанатын боевиктерге әскери және қаржылай көмек
көрсетіп отырған басты ойыншы. Сауд арабтары әрқашанда
бейбіт халықты қорғау үшін Сирияның әскери
авиациясының ұшуына тыйым салынған аймақ
құруға үндеп келеді.2013 жылы химиялық қару
қолданылып, көпшілік бұл үшін Башар Асад жауапты деп
ұйғарғаннан кейін Барак Обама әкімшілігі
Сириядағы әскери жанжалға араласпау туралы шешім
қабылдағанда Сауд Арабиясының басшылығы
бұған бұлқан-талқан болып ашуланған
еді.Кейін «Ислам мемлекетінің» әскери жеңіске жетіп әрі
Сауд Арабиясы тұрғындарының белгілі бір бөлігінде
даңқы жайылып бара жатқанына алаңдаған
Эр-Риядтағы билік ИМ-ге қарсы әуе кампаниясын жүргізіп
отырған батыс коалициясына қосылуға келісті.
Түркия. Сирияда ретсіздік басталған кезден-ақ
Түркия билігі Асад режимін қатты сынға алған
болатын.Түркия президенті Реджеп Тайып Эрдоганның айтуынша,
сириялықтар «іс-әрекеті 350 мың адамның өліміне
алып келген диктаторға төзе алмайды».Түркия Сирия
оппозициясының басты серіктесі болып отыр, қазірдің
өзінде ол өз жерінде 2 миллион адамға жуық
босқынды орналастырды. Дегенмен өз аумағы арқылы
боевиктер, қару-жарақ пен босқындар транзитіне рұқсат
беріп отырған түрік билігінің саясатын «Ислам мемлекетіне»
қосылғысы келетін шетелдік экстремистер пайдаланып отыр.2015
жылғы шілдеде исламистер Түркия аумағында қатты жарылыс
жасағаннан кейін Түркия АҚШ басқаратын коалицияға
Сириядағы ИМ күштеріне соққы беру үшін
өзінің авиабазаларын пайдалануына рұқсат
берді.Бұл орайда Анкара Түркияда тыйым салынған,
сондай-ақ ЕО пен АҚШ та террористік топтарға
жатқызған Жұмысшы партиясының (PKK) бір қанаты
болып табылатын Сирия күрдтерінің халықтық өзін-өзі
қорғау отрядтарына (YPG) батыс коалициясының қолдау
көрсетуіне қарсылық білдіреді.
Иран.Шииттердің аймақтық
тірегі болып саналатын Иран жыл сайын алавиттерге сүйенген Асадтың
режимін қолдауға миллиардтаған доллар қаржы
жұмсайды, бұл үшін ол Сирияға әскери
кеңесшілерді жібереді, несие береді және қару-жарақты
үлкен жеңілдікпен сатады. [5]
Араб
әлемінде Асад Иранның негізгі одақтасы болып отыр, ал Сирия
аумағы ливандық исламистер – «Хезболла» қозғалысына
жіберілетін қару-жарақты жеткізу үшін
пайдаланылады.«Хезболла» басшылығын Асад әскеріне көмек
көрсету үшін Сирияның батысына боевиктерді жіберу туралы
шешім қабылдауға итермелеген дәл осы Иранның өзі
еді.Шииттердің қасиетті орындарын қорғап қана
жүрміз деп айтатын Иран мен Ирак жасақтары шындығында Сирия
әскерінің жағында белсене күресіп жатыр.Иран сонымен
қатар Сирия дағдарысын бейбіт жолмен шешуді ұсынып,
соның нәтижесінде еркін көппартиялық сайлау өтуге
тиіс деп есептейді. Алайда Иран БҰҰ қамқорлығымен
өткізіліп, сәтсіздікпен аяқталып жүрген Сирия жөніндегі
көпжақты бейбіт келіссөздерге әлі күнге дейін
қатысқан емес.
Сириядағы
қақтығысты бірнеше жолмен шешуге болады.Ол Үкімет
әскерінің қалған күштердлі талқандауы
және бейбіт келісім.Ең тиімдісі бейбіт келісім.Алайда ИМ мене
бейбіт келісім жасау мүмкін емес.Сондықтан ең алдымен ИМ
террористтерінің күштерін талқандау қажет.Башар Ассад
өз құзыретін босатып,оппозициялық күштер мен
үкімет қарамағындағы халық референдум
өткізіп жаңа басшы сайлауы қажет.Билік бірпартиялы
жүйеден көппартиялы жүйеге көшуі керек.Және ел
ісіне тек алавит сириялықтар емес суннит сириялықтар д
акүрдтер де тең құқылы араласа алуы
қажет.Басшылық тек өз дегенімен жүре бермей
халықпен санасып,Оппозицияны тұншықтырумен әуре болмай
керісінше оған құлық асып бірлесе жұмыс жасауы
керек.
Пайдаланылған әдебиеттер
[1] "Астана процесі"
жиынан Нұргелді Әбдіғаниұлы; Abai.kz тілшісі
[2]
Клинтон: России и Китаю придется объясниться перед народом Сирии;
http://www.rosbalt.ru/main/2011/10/06/897817.html
[3] Мишель Ямин.
Весна на «арабской улице». Анализ причин и противоречий революционного процесса
http://liva.com.ua/vesna-na-arabskoj-ulicze.html 2. G8 и "Арабская весна": Кому - деньги, кому - санкции
и суд, а Израилю - границы 1967 года
http://i-news.kz/news/2011/05/29/5673016.html 3. В Сирии отменен режим чрезвычайного положения
http://www.novopol.ru/-v-sirii-otmenen-rejim-chrezvyichaynogo-polojeniya-text100023.html
4. Syrian army starts crackdown in northern town http://www.aljazeera.com/news/middleeast/2011/06/201161064328691559.html
[4]
Сирия
сталкивается с мрачной перспективой затяжной гражданской войны
http://www.un.org/russian/news/fullstorynews.asp?newsID=18021 7.
В Турцию из Сирии сбежали еще три генерала http://www.regnum.ru/news/polit/1581114.html
[5] Syria agrees to let in UN humanitarian aid
http://www.aljazeera.com/news/asia-pacific/2012/06/201265131251913374.html 12. США удовлетворены приостановкой
членства Сирии в ОИС
http://www.golos-ameriki.ru/content/syria/1489280.html
Аннотация В этой статье заторонута тема Сирийского
кризиса,заинтересованные в ней стороны и политические игроки
Abstract: This article touched upon the Syrian crisis, the interest
in her hand, and political players