Право/13.
Международное право
Магистрант II курса Кайриева А.А.
Университет КазГЮУ, Казахстан
Императивтік
норманы қолдану мен заңды айналып өтуге тыйым салудың
қажеттілігі
Халықаралық жеке құқықтағы шетел
құқық нормаларының қолдануымен реттелетін
қарым-қатынастар, шарттарда
аз қорғалған тұлғалардың
құқықтары мен мүдделерін сақтау үшін
және т.б. өте жоғары маңыздылыққа ие
нормалар – императивтік нормалар.
Теорияда императивтік нормалар – ұлттық қоғам
үшін ерекше қызығушылық тудыратын мемлекет ішілік
құқықтың негізі ретінде анықталады. Олар
коллизиялық нормалардың қолдануынсыз, тікелей қолданылады.
Олар шетел заңдарының араласуына жол бермейтін мемлекеттік
мүдделер саласын көрсетеді [1, 267 б.]. Біздің ойымызша,
императивтік нормалар әрекеті туралы мәселені шешу
коллизиялық мәселені шешуден бұрын жүреді.
Сондықтан шетел құқығының нормалары –
отандық коллизиялық нормалардың әсерін болдырмау
арқылы жанама түрде шектеледі. Мысалы, заңнаманың
императивтік нормаларының әрекеті жалпы коллизиялық
нормалардың әрекетін жоққа шығарады, яғни
императивтік нормалар жалпы алғанда кез-келген мәселенің коллизиялық реттеуін жоққа
шығарады.
Осындай жағдайда, императивтік нормаларды жария тәртіп
нормаларынан ажырату білу керек. Біздің ойымызша осы екі
ұғымдар бір-бірімен тығыз байланыста. Осыған орай
«жария тәртіп» ұғымы «императивтік нормаларға»
қарағанда кеңірек, себебі жария тәртіп кең мағынада
негативті және позитивті түсіндірмеге ие бола алады [2, 159 б.].
Сонымен бірге, императивтік нормалар да, жария тәртіп туралы нормалар да
мемлекеттік мүдделерді және оның азаматтарының
құқықтарын қорғау құралы болып
табылады. Жария тәртіп туралы ескерту шетел нормаларының
әрекетін шектейді, ал императивтік нормаларды қолдану – жалпы
коллизиялық реттеу әрекетін шектейді. Біздің ойымызша, осы
ұғымдардың мәселесі – халықаралық жеке
құқықтың нормаларын қолданудың
әр түрлі сатысында туындайды. Олардың әрқайсысы
осындай реттеуді өзінше жүзеге асырады. Мысалы, мемлекет
әрбір сатыда өзін шетел құқығы
нормаларының кері әрекеттерінен сақтандырады, әрі
бұл кез-келген егеменді мемлекет үшін қалыпты жайт болып
табылады. Осылайша, императивтік
нормалар – коллизиялық нормалардың әрекетін шектейді, ал
жария тәртіп туралы ескерту – коллизиялық нормаларға немесе
тараптар еркінің дербестігіне сілтеме жасайтын қолдануға
тиесілі шетел құқық нормаларының әрекетін
шектейді. Соңында, екі жағдайда да сот мемлекетінің
құқығы қолданылып, шетел
құқығын қолдануға шектеу қояды.
Келесі бір шектеу түрі – заңды айналып өтуге тыйым
салатын нормалар. Қазақстан республикасының Азаматтық
кодексінің 1088-бабында қатынастарға
қатысушылардың қолданылуға тиiстi
құқық туралы ережелерiн айналып өтiп тиiстi
қатынастарды өзге құқыққа
жатқызуға бағытталған келiсiмдерi мен өзге де
iс-әрекеттерi жарамсыз болатыны бекітілген. ҚР АК-нің
1112-бабының 1 тармағына сәйкес, егер ҚР
заңнамалық актісі өзге жағдайды қарастырмаса,
онда шарттар тараптар келісімімен таңдалған мемлекеттің
құқығымен реттеледі [3].
Мысалы, ҚР АК тараптардың ерік дербестігі қағидасын
бекіте отырып, шарттық қатынастардың тараптарына белгілі-бір
еріктілік деңгейін береді, сондай-ақ, осы қатынастарға
қолданатын құқықты таңдау еріктілігі де
беріледі. Мысал келтіретін болсақ, ҚР АК-нің VII тарауы
диспозитивті нормалармен қатар, императивтік нормалардан
құралады, әрі олардан ауытқу – заң
бұзушылық, заңды «айналып өту» ретінде қабылдануы
тиіс.
Егер мәжбүрлейтін заңдық норма көздеген
мақсаттарға жетуге кедергі жасаса, онда мүдделі
тұлғалар көп жағдайда осы норманы айналып өтуге
тырысады, сол себепті олар осы норма қолданылмайтын және
тұлғалардың көздеген экономикалық немесе
әлеуметтік нәтижесін қамтамасыз ететін қандай да бір нормадан
ауытқыған тәсілді қолдана отырып, іске нақты
құрам береді [4, 349 б.]. Осындай жағдайда
құқықтық қатынастарды бағындыратын
мемлекеттің мәжбүрлейтін заңдарынан
құтылуға ниет білдірген тұлғалар басқа
мемлекеттің құқығына жасанды байлам тудырады.
Осылайша заңды айналып өту – бір мемлекеттің заңдары
өте қатаң жағдайлар және екінші бір мемлекет
құқығы айтарлықтай талап етпейтіні есебінен
туындайды. Сәйкесінше, тараптар өзіне аса тиімді және
қолайлы жағдайларды таңдайды. Заңды айналып өту
мақсатында тараптар «жасанды түрде» коллизиялық байлам
жасайды және өзінің құқықтық
қатынастарын осы қатынастарды реттеуге тиесілі мемлекеттің
нормаларына бағындырады.
Заңды айналып өтудің салдарына тоқталатын
болсақ, заңды айналып өтудің нәтижесінде
жасалған актілер ешбір құқықтық салдары
болмайды және істің жағдайына байланысты
қолдануға тиесілі
императивтік коллизиялық нормалар қолданылады.
Көптеген әдебиеттерде «заңды айналып өту»
сияқты құбылысқа кері көзқарастар
келтірілген, әрі көп жағдайда «заңды айналып
өтуге» тыйым салатын нормаларды жария тәртіп туралы ескертумен
және императивтік нормалармен ауыстыру туралы ұсыныстар да
жасалған [4, 65-66 б.].
Біздің ойымызша, жоғарыда аталған категорияларды бекіту
бірдей дәрежеде қажет және олардың әрбірі
заңнамада, халықаралық жеке құқық
нормаларын қолдану процесінде де өз орны бар.
Императивтік нормалар және заңды айналып өту - тараптар
еркінің дербестігі ұғымына қатысты бір-бірімен
тығыз байланысты. Бірақ, императивтік нормалар жағдайында,
тараптардың адалдығы талқыланбайды. Императивтік нормалар
туралы айтылған кезде, қолдануға тиесілі
құқыққа тәуелсіз түрде қатынастарды
реттейтін ерекше нормалар бар екенін түсіну керек. Заңды айналып
өту туралы айтылған кезде, тараптар саналы түрде өздерінің
құқықтық қатынастарын оны реттемейтін
құқыққа бағындырғанын түсіну
керек. Императивтік нормалар шетел құқығының
қолданылуын қарастырмай, «қорғау» қызметін
атқарады; заңды айналып өтуге тыйым салатын нормалар –
тараптардың қолдануға тиесілі деп таңдаған
нормаларының әрекетін шектейді.
Сонымен, ҚР-ның заңнамаларында бекітілген
халықаралық жеке құқықтағы
қолданбалы құқықтың әрекетін шектеу
тәсілдері шетел элементімен күрделенген құқықтық
рдақарым-қатынаста бұрмалаулар болмау және
мемлекеттің құндылықтарын қорғау
мақсатында қолданылады. Жоғарыда зерттелген шектеулерді қорғау
құралдары ретінде қарастыруымызға болады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.
Иссад М. Международное частное право:
перев.с фр./ред. И послесл. М.М. Богуславского; примеч.Л.Р. Сюкияйнена. – М.:
прогресс, 1989 – 400 с.
2. Дмитриева Г.К. Оговорка о публичном порядке //
Международнео частное право: Учебник /
отв. ред. Г.К. Дмиртиева. 2-е изд., перераб. И доп. М.: ТК Велби, Изд-во
Проспект, 2008. 315 с.
3. Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексі (ерекше бөлім), 1 шілде 1999
4.
Вольф
М. Международное частное право: перев. С англ. С.М. Рапопорт, под ред. И с
предисл. проф. Л.А.Лунц. – М.: гос.юр.издат.иностр.лит., 1948 – 702 с.
5.
Муранов
А.И. Проблема «обхода закона» в материальном и коллизионном праве.
М., МГИМО, 1999, 246-247 б. және
Морозова И.Г. Оговорка о публичном порядке в международном частном праве:
понятия и современный порядок применения. М., 2001, 134 с.