Қ
Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік
университеті
Құқық
және экономика институты
Мемлекеттік құқықтық
пәндер
кафедрасының оқытушылары Молдабеков Е.Б.,Досов Ж.Б.,Урбисинова Н.Е
Конституциялық
құқығы пәнін оқытуда интербелсенді оқыту
әдістерін қолданудың ерекшеліктері
«Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа
технологиялардың ғасыры болмақ ,ал осы жаңа
технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу ,игеру және
жетілдіру-бүгінгі жас ұрпақ,сіздердің еншілеріңіз...Ал
жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»
ХХІ ғасырда білімін дамыта
алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Ел
басы Н.Ә.Назарбаев өзінің жыл сайынғы
Қазақстан Халқына Жолдауында білім мен ғылым саласына
көп көңіл бөлуде.
Елбасының Жолдауы - егемен еліміздің
тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлық
саласына, соның ішінде білім беру саласына серпін беретін,
халқымыздың, болашағымыз жастарымыздың игілігін
көздейтін шынайы іс-жоспарға құрылған, халықты ынталандыру мақсатында
алдынанебір керемет бағыттар қойған тарихи құжат
болды.
Елбасымыз «... барлық дамыған елдердің
сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім
берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді
ауқымды жұмыс күтіп тұр» - деп атап көрсетті [1,
2 б]. Соның ішінде жоғары оқу орындарының білім беру
жүйесі де кредиттік технологияларға көшіп, оқытудың
белсенді әдістерін пайдалана отырып, жаңашыл оқытушы ұстаз
қалыптастырған жүйені енгізгелі де біршама
уақыттың жүзі болды.
Бұл
жүйе бізге өзінің көптеген жаңа жағдайлардың
белсендіру әсерін жүзеге
асырады, онда студенттер:
–
өз ой –
пікірін қалыптастырады және оны еркін білдіреді;
–
өзгенің
пікірін құрметтей біледі;
–
оқу материалдарын
толыққанды игереді және зерделей біледі;
–
өз ой – пікірін
көпшілік алдында айта алады және алынған ақпаратты талдайды; сондай-ақ, өз бетінше
жұмыс істеуге дағдыланады;
–
жолдастарының
жауаптары мен жұмыстарына баға бере алады;
өз ерекшелігін дұрыс көрсетеді. Сонымен
бірге қарым – қатынас белсенділігі қалыптасады.
Негізі, Конституциялық
құқығы бойынша оқытудың интербелсенді
әдістерін қолдануда берері мол. Өйткені, бұл
пәннің өзінің мақсаты - студенттердің Конституциялық
құқық -
құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар
және оның пәнін
құрайды. Конституциялық құқық
нормаларымен реттелетін қоғамдық
қатынастар мемлекет
және қоғам
құрылымының негізін
құрайды, мемлекеттік билікпен тікелей байланысты
қоғамдық қатынастарды реттейтін
құқық нормаларының маңызын,
құқық нормаларының оларды практикада
қолданумен тығыз байланыстылығын түсінуі, студенттерде
құқықтық көзқарастарды, мемлекет және құқық теориясының негіздерін меңгеру,
ұлттық
құқықтық жетекші салаларының
шеңберінде қажетті білім берумен міндеттері қоғам өміріндегі мемлекет
пен құқықтың орны мен ролін анықтау,Қазақстан
Республикасының құқықтық
жүйесінің дамуының
алғышартымен және
мәселелерімен таныстыру, қазақстандық
мемлекеттік – құқықтық механизмнің жетілдірілуінің саяси – құқықтық
жолдарын анықтау
субъективтік
құқықтар мен субъективтік юридикалық міндеттерді
жүзеге асыруға қажетті
тәжірибені жинақтауға
үйрету және яғни азаматтық
құқығы басшылыққа алатын
құқықтық ұғымдарды қалыптастыру
болып табылады.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін Конституциялық
құқығының қажетті
қайнар көздерімен, бұл құқық
саласының концептуалды мәселелерімен таныстыру, маңызды
заң актілері мен Қазақстан қатысатын нормалары бар
халықаралық шарттарды меңгеру, әрбір конституциялық нормасының мағынасын, оның
нақты мазмұнын анық түсіндіру, Конституциялық қызметінің принциптерін білу,
құқықтары мен міндеттері туралы, оларға
қойылатын құқықтық және адамгершілік
талаптар туралы нақты пікірді орнықтыру міндеті
тұрады.
«Қазақстан
Республикасының Конституциялық құқығы» пәнін оқыту нәтижесінде студент алдымен конституциялық құқығының
қайнар көздерін, жүзеге асырылу
тәртібін білуі керек және конституция реттейтін барлық теориялық және
нормативтік материалдарды меңгеруі керек. Сондықтан, интербелсенді
оқыту әдістерін осы сабақта пай далану уақытты үнемді жұмсауға және
барлық студенттердің сабақ айтуы мен сабаққа
біркісідей атсалысып отыруына көмектеседі. Конституциялық
құқық пәні бойынша дидактикалық ойындар, мәселені талқылау,
тығырықтан шығу мәселелері, алгоритм бойынша
оқыту әдістерін пайдалануға болады. Сонымен бірге
психологиялық треннингті қолдану
есте сақтау қабілеті, хабарды қабылдай білу
жүйесін одан әрі бекітеді. Бұл әдістерді дәріс
сабағынан бұрын семинар, практикалық сабақтарға
қолдану өте тиімді.
Практикалық
сабақ - бұл оқушылардың
теориялық алған білімдерін практика жүзінде
қолдана білуге үйрететін сабақ түрі Практикалық
сабақтар шығармашылық ойлауды, танымдық тәсілді дамытып, өз білімдерін сабақта
қолдана білуге үйретеді.
Ал практикалық сабақта іскерлік ойынды өз бетінше оқыту түрін
ұйымдастырғанда, сондай-ақ оқу материалын
тереңдетіп оқытқан жағдайда қолданылады.
Ойынның мақсаты: ұжымда өзара
қарым-қатынасты шеберлікпен ұйымдастыруға
дағдыландыру, өз тәртібін өз бетінше бақылай
білуді айқындау. Іскерлік ойын алдын ала ұйымдастыруды,
даярлықты талап етеді. Тақырыпқа бөлінген барлық
оқу мерзімін алады. Оқушы жан-жақты терең білімді бір
ғана емес, бірнеше оқу пәндерінен алуы аса қажет.
Ойын
ережесіне мыналар кіреді: жүргізушіні сыйлау, алдын ала құрылымды қарап
шығу, функционалды міндеттердің рөлін айқындау,
сценарийін жасау, жұмыс нәтижелерін белгілеп алу. Ойынды
ұйымдастыру жазылған сценарий бойынша жүргізіледі.
Ойынның ойдағыдай ұйымдасқан түрде өтуі
үшін оқытушы алдын ала
жүргізушіге ақыл-кеңес береді, мәселелер айналасында
өз білгенін айтып, ойынның ролін бекітеді [2, 26 б].
Конституциялық құқық пәнін
оқытуда іскерлік ойын әдісін
қолдану – белсенді оқытудағы тиімді әдістердің
бірі. Конституциялық құқық бойынша студенттер
теорияны практикамен ұштастыру үшін
іскерлік ойынның негізгі пайдалы жақтары бар, өйткені Конституциялық құқық бойынша азаматтардың
Конституциялық құқықтарын іскерлік ойын
арқылы көрсету қарым – қатынас дағдысын
қалыптастыруға негіз болады.Сондай-ақ, бұл
жағдайда берілген тақырыптың маңыздылығын түсінген
студенттердің шығармашылық қабілеті артып, өз
белсенділігін көрсететін орта қалыптастырылады және берілген
тақырыптың жақсы меңгерілуіне септігі тиеді. Студенттер
арасында жарыс, бәсекелестік пайда болып, олардың белсенділігі мен
қызығушылығы артып,
тек конституциялық пәнінен ғана емес, азаматтық
құқық, отбасы құқығы, жер
құқығы, тұрғын үй
құқығы және тағы басқа бірнеше
пәндерден алған білімдерінің жоғары болуын талап етеді,
сол арқылы олардың білімдерін бір арнаға топтастырады
Конституциялық құқық
пәні бойынша іскерлік ойындар тәжірбие жинақтауға комуникативті
дағды қалыптастырады, сондай-ақ, келесі мәселелерді
қалыптастыруға да үлкен септігін тигізеді: мазмұн мен
форманың, теория мен практиканың бірлігі, модельдеу, жүйелеу.
Ал дәл
осы мәселелер конституциялық құқықпәнінің
негізгі тіректері деуге болады.
Іскерлік ойын арқылы жүргізілген сабақта теория мен практика бір –
бірімен байланысады. Белсенді оқыту әдістерінің ерекшелігіне
практикалық және ойлау іс - әрекетіне ұмтылдыру жатады.
Ал оларсыз жаңа білімді игеру мүмкін емес.
Іскерлік ойындар
еңбек пен ізденімпаздықты білдіретін, талап ететін
шығармашылық жұмыс. Бұл имитациялы модельдегі
ойыншылардың әрекеті.
Ойынды
қолдану үшін оқу процесінде негізгі мақсат пен
мүддені анықтап алу керек. Бұл мақсатқа
өзара сөйлесу қарым –қатынасын орнату, әлеуметтік
қатынас, танымдық және тәжірбиелік ара қатынас
жатады [3, 26 б].
Конституциялық құқықты дайындау барысында студенттерді де
тартудың маңызы зор. Бұл студенттердің белсенділігін
арттырды. Процесс барысында оқытушы әртүрлі қалыпта
болуы мүмкін: барлық назарды
өзіне бұрып, жетекші немесе ойыншы рөлінде, эксперт пен
консультант рөлінде де болуы мүмкін.
Студенттердің
өз бетінше ұйымжасуы – үлкен жетістік. Бірақ
мұндай жетістікке жайлап
көтерілу керек.
Оқытуды ұйымдастыру мен өткізу мынадай
дағдыны қалыптастырады:
–
топта әр студенттің
азаматтық , саяси , әлеуметік , экономикалық , мәдини ,
сарапшы, маман, мемлекеттік билік ретінде міндеттері айқындалады;
–
Оқытушы мен студенттің
арасында қатынас орнатылады. Сондай-ақ, топтағы студенттердің
мәжбүрсіз бір – бірімен достық қатынас орнатуымен
қатар, топтағы бәсекелестік жағдайдың орнауы да
орын алады.
Ойын бәсекесі – бұл ойыншылардың
қандай да қойылған мәселе бойынша өз пікірін
білдіруі.
Оқу – тәжірибе сабақтарында іскерлік
ойын әдісін қолдану студенттердің бойында мынадай
қасиеттерді туғызады: ол тек өзінің емес өзгенің
пікірін ескере отырып әрекет етеді және қойылған
сұрақ арқылы өзіне керекті жауапты іздейді. Сонымен бірге мәселені шешу
барысында, ұйымдастыру ісінде өзінің белсенділігін
көрсетіп, бәсекелестік жағдайды диалог түріне
ауыстырып, мәселені талқылау арқылы қандай да бір
мәмілеге (шешімге) келе алады. Жарыссөзінде өздерінің
шешендік өнерін көрсетіп, психологиялық қасиеттерін,
көзқарастарын білдіре алады.
Конституциялық құқық ойын
түрінде қоюдың ерекшеліктері біріншіден, тәжірибе
жұмысын модельдеуге, студенттердің өзіне берілген
рөлдер бойынша қатынасуына,
екіншіден, студенттердің
бір мақсатта болғанымен, әртүрлі пікірлерінің болуына
және қабылдаған шешімнің практика жүзінде
қолданылуына ықпалын тигізеді.
Осындай тиімділіктерін ескере отырып, ойын әдісін
кез – келген оқу пәндерінде қолдануға мүмкіндік
береді. Оқыту мотивациясы мен белсенділігі арттырылады.
Конституциялық
құқық пәнін белсенді оқытудағы
рөлді ойнау әдісі келесі негізгі белгілерімен сипатталады: тапсырмалар мен өзекті мәселелердің
қойылуы және қатысушылар арасында рөлдердің ойнау
әдісі көмегімен өмірдегі маңызды мәселелері қалай
өтетіндігін студенттер білетін болады. рөлдерді ойнау
сабағында қатысушылардың өзара әрекеті,
әдетте, талқылау (дискуссия) өткізу арқылы әрбір
қатысушы басқа қатысушылардың пікірімен келісуіне де,
келіспеуіне де болады.
Оқытушы сабақ барысында
түзетулер енгізуі арқылы талқылауды тоқтатып,
жаңа мағлұмат бере алады, қойылған мәселенің
шешімін тауып, қабылдау соңынан ескеріледі.
Қорыта
айтқанда, Қазақстан Республикасының «Білім туралы»
Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын
таңдауда көп нұсқалық қағидасына
мұғалімдердің өзіне ыңғайлы нұсқаны
қолдануына мүмкіндік береді. Сонымен қатар білім
сапасының алдында шығармашылық бағытта
жұмыс істейтін тың жаңалықтар ашатын ойлау
қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру
міндеті тұр [4, 26 б].
Сондықтан, қазіргі заманның жоғары білімін дамыту
үшін жаңа интербелсенді әдістерді әрбір
сабақтарда қолдану
студенттердің өзін -
өзін бақылауына, басқаруына және шешендік шеберліктерін
шыңдауына қажет болады.
Оқытудың ұжымдық
әдісінің көкейтестілігі пісіп – жетілген проблемалардың
шешілу жолын ұсынып және қарама – қарсылығын
анықтайды.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Н.Назарбаев. «Қазақстан жолы – 2050: Бір
мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан
халқына Жолдауы.// Айқын Республикалық
қоғамдық саяси газеті № 7 (2401), 18 қаңтар. 2014
жыл.
2. Зимняя И.А. Педагогикалық
психология. Оқулық.Алматы-2005.- 359 бет
3. Пидкасистый П.И,
Хайдаров Ж.С. «Технологии игры в обучении и развитии» М, 1996
4. Қазақстан
Республикасының Білім туралы Заңы. Астана, 2000.