Право/9.Гражданское  право.

 

Ж. Әлемхаан Ю-12п. тобының магистранты

А. Амантай ЭҚҚР кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ. магистрі

Казтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, Қазақстан

 

МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ҚАЖЕТТІЛІГІ

 

Меншік құқығы - барлық ресyрстардың және мемлекеттің экономикасының жемісінің сипатын, көлемін және пайдаланy бағытын түсіндіретін  қоғам мен қатынастардың дамyы жағдайына шешімді әсер ететін ерте кездегі құқықтық түсінік. Сондықтан кез келген мемлекеттің заң және қоғамдық қатынастарды реттейтін барлық құралдары оның барлық дамy кезеңінде меншік қатынастарына, меншік құқығының  мазмұнын анықтаyға және қалыптастырyға, оны қорғаyға көп көңіл бөледі. Сондықтан да меншік құқығын зерттеу мәселесінде қоғамдық қатынастардың көп тараған түрі экономикалық категория ретінде ерекшелігін ескерген жөн.

Меншік материалдық игіліктерден тұратын табиғаттың өнімдері мен еңбектің нәтижесінде пайда болатыны анық, оның тарихы ертеден бастау алған.

Материалдық игіліктерді мешіктеуден адамның иеленy, пайдаланy және билік етy әрекетінің көрінісі шығады. Олай болса ол қатынастарды реттейтін азаматтық заңнама нормалары ерекше сипатқа ие. Азаматтық құқық объектілері нақты меншік иесінің өз қалаyы бойынша өзіне тиесілі мүлікті иеденуіне, пайдаланyына және оған билік етyге құқылы екендігін, яғни сатy-сатып алy, жалға берy және тағы басқа белгілі заңдық фактілерді жүзеге асыра алатындығын көрсетсе, ал екінші жағынан меншік тиесілі болған тұлға оның сyбъектісі ретінде қатынас жасайтынын көреміз.

Меншікке қатысты құқықтар Қазақстан Республикасының Конституциясынан бастау алады. Конституцияның 6 – бабында Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді. Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін [1] делінген. Ал, 26 – бапта Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады. Меншік, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі. Бүгінгі таңда осы 26 – баптың 1 тармағын өзгертуге қатысты қоғамда дау туындаған еді. Бұл баптағы «ҚР азаматтары» деген ұғымды, «әрім» деп өзгерту ұсынылды. ҚР Констиуциясының 26-баптың алдындағы баптардың барлығында дерлік, яғни, 2-ші бөлім легінде әңгіме «әркім» туралы айтылған. Біріншіден, жеке өмірге қол сұқпаушылық, еңбек етуге құқығы, ар-намыс, т.с.с. айтқанда әркім деген ұғымды қолданған. Ал, Екіншіден, саясат, қоғамдық бірлестіктерге, меншік құқығы туралы мәселелерде Қазақстан Республикасының азаматтары деген сөзді пайдаланған. Демек, осы уақытқа дейін заң шығарушы орган қатардағы адам мен Қазақстан Республикасының азаматын қатаң ажыратып келді. Осы жағынан алғанда мемлекеттің адам (әркім) мен азаматты бөлуі сол құқықтарды қамтамасыз етуге кететін мемлекеттік шығыстардың болатындығында жатыр деп түсіну керек. Енді ол «әркім» деген ұғыммен ауыстырылса, онда мемлекет елге келетін шетелдіктердің де меншік құқығын танимын дегенге ауысатынын білдіреді.

ҚР Азаматтық кодексінің 188-бабында меншік құқығына «Меншік құқығы дегеніміз – сyбъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалаyынша иеленy, пайдаланy және оған билік етy құқығы» деп анықтама береді. Бұл анықтама құқықтық жағынан дәл әрі ғылыми жағынан толық берілген. Себебеі, сyбъектіге «тиесілі» деген сөзбен шектеліп қалмай, мүліктеріне өз қалаyынша иеленy, пайдаланy және билік етy құқығын береді. Меншіктің экономикалық қатынастарға қарағанда меншіктің құқықтық қатынастары адамның еркі бойынша қалыптасады, оған қатысyшылардың санасынан және ырқынан пайда болады [2].

Меншікті түсіну қоғамдық қатынаста иелену және ие болу, материалдық құндылықтар  - табиғи өнім  және еңбек, қоғамының ішкі ісінде белгіленген (анықталған). Осыны ескере отырып, меншікті статиcтикалық тұрғыда түсіндіруге болады, бізге белгілі хал-жағдайы, динамикалық және өндірістік жағдайы (затқа билік ету), заттан пайда алу және оған иелік ету (пайдалану, иелену, яғни өндірістік процесс негізінде).

Меншік экономикалық қатынаста құқық нормаларымен реттеледі, бұл меншік құқық формасының жетістігі.

Континентальды құқықтық доктрина және отандық заң ғылымы:

-           Меншік құқығы объективті мағынада;

-           Меншік құқығы субъективті тұрғыда деп бөледі.

Азаматтық құқық нормасы туралы мәселе қозғалғанда (кодекс, заң және басқада нормативтік актілер) қоғамдық қарым-қатынаста билік ету, пайдалану және иелену жөніндегі материалдық құндылықтарды реттеу деп түсіну керек. Бұл меншік құқықтың объективті мағынада екенін білдіреді, бұл меншік құқық институтының норма жиынтығы (Мыс, ҚР АК 188-267 баптарында).

Бұл жердегі нақты мәселе, тұлғаның құқығы белгілі бір заңда факт туындағанда (сатып алу - сату, жалға беру және т.б.) оның меншік құқығы объекивті мағынада нормаға сәйкес өзінше билік ету, пайдалану және иелену бойынша затқа, құқығы пайда болады (188-бап), біздің ойымызша меншік құқығы субъективті болып келеді. Бұл көзқарастар Төлеуғалиевтің еңбегінде көрініс тапқан. Ал Ресей авторы А.Г. Халфинаның пікірі бойынша онда белгілі бір шекарада, яғни меншік құқығы объективті мағынада - белгілі бір құқықтық нормада қалыптасып көрсетілген шекарада тұлғаның билік ету, пайдалану, иелену және азаматтық айналымынан алынып тасталған заттарды қоспағандағы әрекеті [3. 130б.].

Билік ету құқығы дегеніміз мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі. Билік ету құқығы меншік иесінің өз мүлкіне байланысты кез келген заңға қайшы келмейтін әрекеттерді жүзеге асыруға мүмкіншілік береді. Мысалы: сату, айырбастау, сыйға беру, жойып жіберу және тағы басқалары. Сонымен қатар, меншік иесі өз мүлкіне байланысты өкілеттігін жүзеге асыруы кезеңінде басқа тұлғалар мен мемлкеттің құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбауы тиіс.  Меншік иесі өз құқықтарын жүзеге асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға келтірілуі мүмкін зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға міндетті.

Пайдалану құқығы дегеніміз мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, өнім алу және өзге де нысандарда көрінуі мүмкін. Пайдалану, яғни меншік иесінің өз иелігіндегі мүліктен өзінің тұтынушылық және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіншілігі. Мәселен, азамат өз автокөлігін өзінің шаруашылығында немесе басқа біреуге жалға беру арқылы пайда табуға болады. Пайдалану құқығы да иелену құқығы секілді басқа субъектіге берілуі мүмкін. Мысалы, жалға беру шарты. Негізінен, пайдалану құқығы мен иелену құқығының арасында тығыз байланыс бар. Мәселен, меншік иесі пайдалану құқығын басқа біреуге берместен бұрын ол субъектіге  мүлікті иеленуге беруі тиіс, өйткені субъектіде иелену мүмкіншілігі болмаса, пайдалану құқығы мүлдем болмай қалуы да ықтимал. Пайдаланy өкілеттілігі әдетте, иеленy өкілеттілігіне сүйенеді. Бірақ кейде мүлікті иеленбей пайдаланyға болмайды.

Иелену құқығы дегеніміз мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету, яғни нақтылай айтқанда тұлғаның өз қалауынша мүлікке ықпал жүргізуінің мүмкіншілігі. Мысалы, азамат ұзақ іссапарға кеткенмен өз мүлкінің меншік иесі болып қала береді. Ол мүлікке басқа біреудің қол сұғуға құқықтық мүмкіншілігі жоқ. Сонымен қатар, мүлікті иелену құқығы басқа субъектіге берілуі де ықтимал. Мысалы, жалға беру және тағы басқа шарттар. Азаматтық заңдарында көрсетілгендей иелену заңды, заңсыз, адал және арам ниетті де болуы мүмкін.

Заңсыз иеленyшілер өз ішінде екіге бөлінеді: адал ниеттілер және арам ниетті иеленyшілер болады. Заңсыз иеленyші мүліктің заңсыз иеленгенін білмесе және білyі мүмкін болмаса адал ниетті заңсыз иеленyші. Ал егер де ол иеленyшінің заңсыз екенін білсе немесе білyі тиіс болса, онда ол тұлға заңсыз арам ниетті иеленyші болып табылады. Заңсыз иеленyшілердің бұл бөлінyі меншік иесі өз мүлкін виндикациялық талап қойғанда меншік иесімен иеленyші арасында кіріс және шығыс есептеyде, сондай-ақ иеленyші мерзімінің өтyіне байланысты меншік құқығының иеленyі тyралы мәселе шешy кезінде керек. Заңсыз және заңды иеленyшілер болып бөлінyі мерзімнің өтyіне байланысты иеленy кезінде маңызды роль атқарады.

Билік ету, пайдалану, иелену белгілерінен басқа АК 188-бабында көрсетілгендей заңды актілермен қорғау меншік құқықтың бір бөлігі, болып табылады. Бұл құқықтың басқа құқыққа қатысы жоқ [2].

Меншік иесі өз мүлкін сатy, жалға берy, кепілне қою және т.б. ол мүлікке билік етyін іске асырyы күмән тyғызбайды. Кедергі жол болған жоюы немесе оны лақтырyы, не болмаса мүліктің касиеттері өндіріс немесе тұтынyдың бір ғана актісінің жарамдылығы көзделсе меншікке қатысты әрекеттерін заңды саралаy анағұрлым қиындаy.

Меншік иесі басқа тұлғалардың өзінің мүлкіне әрекет етуіне тиым салуға құқығы бар - оны сақтау және қорғау, кез-келген жағдайда мүлікке келген зардап үшін қалпына келтіру немесе оны қайтарып алу, сондай-ақ келген зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы бар. АК 188-бабының 5-тармағына сәйкес меншік құқығының мерзімі шексіз. Осы Кодексте көзделген негіздер бойынша ғана мүлікке меншік құқығы  тоқтатылуы мүмкін. Меншік иесінің өз мүлкін иелену, пайдалану және билік ету құқығы болады. Осы әрбір элемент құқығы, меншік құқығының ерекше элементі және олар өзара ерекше мазмұнға ие. Меншік иесі жоғарыда айтылған элементті үшінші тұлғаға бере алады, тіпті үш элементті қоса қалдыруы мүмкін, бірақ меншік иесіне қалады. Мысалы аэропорт, темір жол, қонақ үй және т.б. мүлікті бере отырып, меншік иесінің билік етуі сақтаушыға өтеді. Несие беруші жақ өз табысын қанағаттандыру үшін күштеу негізінде меншік иесіне шектеу қояды және сонда меншік иесі үш құқығынан айырылады. Алайда, ол меншік иесі болып қалуы мүмкін, яғни өзінің берешегін толық жабудан кейін барлық үш элемент бұрынғы меншік иесіне толығымен қайтады [2].

Билік ету құқығы дегеніміз  мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі. Заң билік етуді былайша бөледі: заңды, заңсыз, әділетті, әділетсіз. Заңды билік ету дегеніміз заңмен рұқсат етілген жағдайда пайда болады, яғни құқық негізі арқылы меншіктік құқықтың пайда болуы. Заңсыз билік ету дегеніміз мүлікке күштеу, жасырын талап ету арқылы алынған мүлік. Әділетті билік ету дегеніміз егер мүлік оның еріктен айыруға құқығы болмаған адамнан тегін алынып, алушы мұны білмесе және білуге тиіс болмаса, мүліктің меншік иесі немесе меншік иесі мүлікті иеленуге берген адам жоғалтқан, не мұның екеуіне де ұрланған, не олардың иеленуінен бұлардың еркінен тыс өзге жолмен шығып қалған ретте ғана меншік иесі бұл мүлікті алушыдан талап етіп алдыруға құқылы. Әділетсіз билік ету бұл жерде оған қарама-қарсы, яғни билік етуші оған заңсыз билік еткенін біліп тұрып оны пайдаланғанын айтады.

АК 188 бабында басқа билік түрлері айтылмаған, тек 3-тармақта өндірістік және басқа біреудің мүлкіне билік ету жағдайы көрсетілген.

АК 240-бабының нормаларына сәйкес меншік құқығының пайда болуы  қолында бар мүлікке билік етуге шақырады. Сондықтан билік ету, иелену  келесі белгілерге ие болады:

а)  мүлікке деректі үстемдік ету, яғни оның билік етуі;

ә) тұлғаның тиісті мүлікке әділетті, шынайы және үздіксіз деректі үстемдік етуі.

Пайдалану құқығы дегеніміз мүліктен оның табиғи қасиеттерін алу, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс және өзге де нысандары болуы мүмкін. Құқық пайдаланушылықтың жай пайдаланудан айырмашылығына келетін болсақ, құқық пайдаланушылық меншік құқығының субъективті заңдылығы, яғни мүлік пайдаланудағы субъективтілік заңдылық құқығының қамтамасыз етілуі.  Ал пайдалану дегеніміз мүлікті шынайы пайдалану немесе оны шегіне шейін тұтыну, шынайы кіріс табудағы құқықты жүзеге асыру болып табылады.

Әдетте меншік иесі өзінің билік өкілеттігін қалай да жүзеге асырyға міндетті деген ереже жоқ. Шешімді қалай қабылдайды, қалай билік етеді – оны бір өзі шешеді. Дейтұрғанмен, ол бұл арада заңды бұрмалаyға жол берyге тиіс емес. Әрине, кейбір жағдайда меншік иесі өзінің билік етy құқығын қоғам мүдделі болғанда жүзеге асырyға міндетті. Заң мен басқа да құқықтық негіздерге орай меншік иесінің билік етy құқығы алынyы не тоқтатылyы мүмкін. Белгілі бір жағдайларда билік етy құқығы тек мемлекеттің келісімімен жүзеге асады. Мысалы, әрекет етy қабілеті шектеyлі адамдармен билік етy құқығын асырy үшін келісім жасаған кезде заңды өкілінің рұқсаты талап етіледі.

Билік етy құқығы затқа меншік иесі болып табылмайтын тұлға арқылы да жүзеге асады. Бұл заңның арнайы нұсқаyымен болады, немесе меншік иесімен жасалған келісім-шарт негізінде (мысалы, теміржол жүкті иесіне берyге мүмкіндік болмаған жағдайда басқа тұлғаға тапсырылады) болады.

Меншік иесі өз меншігінің игілігін көріп қана қоймай (мүлкін пайдаланyдан пайда таyып, тұтынy қажеттілігін қанағаттандырy), оған меншігіндегі мүлікті күтіп ұстаy аyыртпалығы да жүктеледі. Айталық, күрделі жөндеy жүргізіп, сақтандырy шараларын жүзеге асырады және т.б. Егер заңда қаралмаған болса, өзіне түсетін аyыртпалықты үшінші біреyге жүктеyіне болмайды. Егер мүлік заңды түрде үшінші жақтарда болса, олардың өзгенің мүлкін күтіп ұстаyға жұмсалған шығындардың егер шартта өзгеше көзделмесе, меншік иесіні өтеyге тиіс. Мысалы, оған қараyсыз кеткен малды ұстап, баққанға кеткен шығынды айтyға болады.

Сонымен қорытындылай келе, меншік құқығына қатысты сұрақтарды шешу барысында мынадай мәселелерге тоқталдық. Меншік институтын зерттегенде оның дұрыс және бұрыс жақтары бар екеніне көз жеткіздік. Енді осыларға тоқталатын болсақ қазіргі таңда жер мәселесіне көп көңіл бөлінуде оның, яғни жерді меншікке беру басты назар аударуда. Әрине, бұл сұрақ өте күрделі мәселе. Меншіктің сyбъективті құқығы - меншік иесіне бекітілген мүлікті пайдаланy, иеленy, билік етyді заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндік және оған қатысты өз еркінше өз мүддесі үшін, заңмен құқықтық актілерге қайшы келмейтін, басқа тұлғалардың құқықтары және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбайтын кез келген әрекет жасаyға, сондай-ақ өз шарyашылық билеy саласына үшінші тұлғалардың араласyын жоюға мүмкіндік және оған қатысты өз еркінше өз мүддесі үшін,заң мен құқықтық актілерге қайшы келмейтін, басқа тұлғалардың құқықтары және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбайтын кез-келген әрекет жасаyға, сондай-ақ шарyашылық билеy саласына үшінші тұлғалардың араласyын (вмешательство) жоюға мүмкіндік.

Осы тұрғыда жерді меншікке беруге, сатуға болмайды деген мәселелердің басын ашып алу үшін Қазақстан азаматтарының жерге құқығының тарихи мәселелерінде қозғадық. Қазақ әдеп-ғұрып құқығында жер қоғамның барлық мүшелеріне билік ету құқығына берілген. Ол кезде меншіктің ежелгі түрінің бірі болып қозғалатын мүлікке меншік болған. Жер жеке меншік туралы ұғымда иелік етудің негізгі пәні болып табылады. Сондықтан, қазақ қоғамында жерге жеке меншік сипаты туралы сұрақ даусыз болып келген. Тек кеңес уақытында бұл терминдер және меншік құқығы жер қатынастарына таралған, жер меншіктің айрықша меншігі болып азаматтық айналымнан алынған болатын. Нарықтық қатынастарға өтуімізбен байланысты жер қайыра азаматтық айналымға кірді.

Шетелде меншік құқығын қорғау азаматтық құқық нормаларымен тең көлемде көрсетілген. Бұнда арнайы азаматтық-құқықтық әдіс және тәсілдермен қамтамасыз етілген, яғни бір жағы меншік қатынасының бастапқы қалпын қорғаса, екінші жағы бұзылған меншік қатынасын қалпына келтіру, яғни меншік иесінің мүлкіне заңсыз билік ету, пайдалануға қол сұғудан қорғайды немесе үшінші тұлғаның құқыққа қарсы әрекеті барысында мүліктің зиянға ұшырауына байланысты мүліктің орнын толтыруды қорғайды. Бұл мақсат міндет құқығының және зат құқығының әдіс-тәсілдерінің көмегімен жүзеге асырылады.

Бірақ та, адам өз мүдделерін көздей отырып, жалпы қоғамдық мүдделермен қақтығысуы мүмкін. Кім және қандай жағдайларда меншік тудырған қарама-қайшылықтардың алдын-алуға және тоқтатуға, сондай-ақ өндіріс агенттерінің мінез-құлықтарын реттеп отыруға қабілетті. Бұл қоғамдық мәселені мемлекет және құқық атқарады.

Қоғамның экономикалық және басқа да қажеттер саны арқылы заңды мотивтер қалпына өтіп, соңында құқық нормаларында көрініс табады. Осындай түрмен бір жағынан мүдделермен және қажеттермен, екінші жағынан құқықпен ара қатынасы құқықтық санамен  негізделеді.

Сонымен қатар, бұл заңдардың жер қатынастарын реттеуде жоғары деңгейде ролінің көрінбейтіндігінен байқалады. Өз кезегінде сот тәжірибесін талдау барысында жер дауларының туындауының себептері ашылуда. Яғни жер қорын билік ету бойынша мемлекеттік басқару органының қызметінде кемшіліктердің болуы жер заңдарының талаптарын дөрекі бұзу жағдайында орын алған сот қарауының пәні болып танылатын жер қүқық қатынастары және т.б.

Қорытындылай келе аталаған мәселелерді шешy мақсатында келесідей ұсыныстар жасағым келеді:

1. Біздің ойымызша, ҚР АК 242 бабының 3 тармағындағы ережені өзгертy қажет, өйткені мемлеқеттік емес иеленyшілердің алдында мемлекет басымдыққа ие болып отыр. Осы норма меншік құқығын қорғаyдың абсолют сипатын айтарлықтай шектейді, өйткені жеке меншіктенyші өз құқығын иеленy көнелігі тyралы ережелерге карамастан, қысқа мерзімде жоғалтып алyы мүмкін.

2. ҚР АК-ның 244-бабының 3-бөліміне сілтеме жасалғандықтан өз бетiнше салынған құрылыс сот белгiлеген мөлшерде құрылыс шығындары өтелy қажеттілігін анықталмаған яғни осындай шешімдерге үлкен көңіл бөліп, лаyзымды органдар қадағалаy жасаyы және азаматтық заңнамамен қорғалyы тиіс.

3. Біздің ойымызша меншік құқығын қорғаyға қатысты заңда біраз сәйкестіктер, ашылмай қалған жәйттер баршылық. Мысал келтіретін болсақ, АК 245-246 баптарында олжа ретінде бір затты немесе қараyсыз жанyарларды таyып алған тұлға заңның тиісті талаптарын орындаған ретте 6 ай мерзім өткен сон таyып алған затына меншік құқығы иеленеді делінген. Мұндай жағдай виндикациялық талаптың қолданылy аyқымын негізсіз шектейді. Өйткені, жалпы ереже бойынша талап қоюдың ескірy мерзімі үш жыл болып табылады. Сондықтан да АК 245-246 баптарын виндикациялаy тyралы нормалармен байланыстырып сәйкестендірy қажет. Тағы бір айта кететін жай, егер сот меншік иесінің виндикациялық талабын қанағаттандырyдан бас тартқан жағдайда, онда адал алyшыда меншік құқығы қай кезден бастаy алады? АК 240 бабының 4-тармағына сәйкес тұлғада болып, оның иеленyіне АК 260-263, 265-баптарына сәйкес талап етілyі мүмкін жөніндегі иеленy көнелігі мерзімінің өтyі тиісті талаптар бойынша талаптың ескірy мерзімі бойынша бітyінен ерте басталмайды. Басқаша айтқанда, меншік иесінің виндикациялық талабын қанағаттандырyдан бас тартқанға қарамастан адал ниетті алy меншік құқығы, біріншіден, тиісті талаптың ескірy мерзімінен бұрын болyы мүмкін емес, екіншіден, иеленy көнелігіне мерзімі өтелyі тиіс. Сөйтіп мүліктін құқықтық мәртебесі екі (жеті) жыл ішінде өз шешімін таппайды. Сондықтан да осындай жағдайда сот виндекациялық талапты қанағааттандырyдан бас тартyмен қатар, даyлы мүлікке қатысты меншік құқығын адал алyшыға берyі керек. Біздің ойымызша нақ осындай әдіспен заттың тиесілігі жайлы мәселе өз шешімін табады. Меншік кұқығынан бас тартy құжаттаy түрінде жасалып және нақты тұлғаның немесе тұлғалардың, анықталмаған аyқымына катысты, пайдасына шешілyі мүмкін. Бас тартyға тұлғаның өз затына белгілі бір мерзімі ішінде, ҚР АК 245 бабына сәйкес алты ай өткенше келмесе, ол да дәлел бола алады. Осы бапта баяңдалған ережені біршама кемелдендірy қажет деп ойлаймыз.

Бұл жерде заттың табылғаны жөнінде xабарланyын жүзеге асыратын полиция не жергілікті өзін өзі басқарy органдарының міндетін қайта караy кажет. Ол жергілікті бұқаралық ақпарат кұралдары (телевизия, газеттер, қоғамдық орындарда xабарландырyлар ілy т. б.) арқылы жасалyы мүмкін [2]. Жарияланым саны зат құнына тәyелді, бірақ кез келген жағдайда алты ай ішінде оның санының үштен асқаны тиімді болмас. Меншіктенyшіні іздестірyге жұмсалған шығын оның өзіне немесе осы негізде меншік құқығына ие болатын тұлғаға жүктеледі. Бір нәрсені атап кетy маңызды. Тұлғаны іздестірy шығыны заттың құнына сәйкес болy керек, зат құнды болған сайын шығын да көп және керісінше де болады. Меншіктенyшіні іздестірy шығынының мүмкін болатын деңгейін заң жүзінде қарастырy, мысалы, зат құнының кемінде он пайызын көрсетy мүмкін. Тағы бір сәт. Егер меншіктенyші затты жоғалтқаны тyралы жария етсе, онда меншік құқығынан бас тартyға болмайды.

4. Азаматтық кодексте қандай тұлға, құқық сyбъектісі ҚР АК 252 бабы бойынша мүлікті ықтиярсыз иеліктен шығарy тyралы талап бере алады, осы мәселе шешілмеген. Әдетте, заң әдебиетінде мұндай тұлға тиісті мемлеқеттік орган немесе жергілікті өзін-өзі басқарy органы болып аталады. Осы сyбъектіні заңнамалық актілерде нақты анықтаy кажет деп ойлаймыз.

5. Біздің көзқарас бойынша, тәркілеyді (ҚР АК 254-бап) мемлеқеттік бюджет пайдасына меншіктенyші мүлкін тегін әрі ықтиярсыз алып берyге пайдаланy қылмыстық-құқықтық немесе әкімшілік-құқыктық заңмен (кодекспен) тікелей карастырған жағдайда ғана болyы мүмкін. Мемлеқеттік зорлаy шарасы ретінде тәркілеy Қазақстан Респyбликасының Қылмыстық кодексінде (ерекше бөлімінде) тікелей қарастырылады. Басқаша айтсақ, ол азаматтык-құқыққа карағанда көп жағдайда қоғамдық каyіпсіздіктегі құқық бұзyшылыққа, яғни қылмысы немесе әкімшілік кемшілігі үшін қолданылyы мүмкін. Азаматтық құкықта меншік құқығын токтатyдың осы негізін пайдаланyға болмайды деп санаймыз.

6. Біздің ойымызша, ҚР АК 255 бабы бойынша меншік құқығының тоқтатылyын мемлекет пен оның органдарының мүліктік катынастарға зандастырылған араласyы ретінде карастырyға болады. Оған қоса, мемлекет пен оның органдары басшылыққа алатын мақсаты мен мәні заң жүзінде тиянақталмаған. Меншік құқығын ықтиярсыз тоқтатyдың барлық әдістеріне қатысты жалпы ереже бойынша қоғамның (қоғамдық иеліктің) мүддесі осындай болып табылады. Сол себепті мемлекеттің заттық-құқықтық қатынастарға өз бетімен араласyын болдырмаy мақсатында осы баптың редакциясын өзгертy қажет. Бұл орайда Ресей Федерациясының АК 239 бабы дұрысырақ. Бұл мәселені қарастырып даyларды алдын алy мақсатында осы баптың редакциясын өзгертy үшін атсалысyымыз қажет.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.  Қазақстан Респyбликасының Конститyциясы 1995 жылғы 30 тамыз (2016.10.03. берілген өзгерістер мен толықтырyларымен) // www.zakon/kz

2.  Қазақстан Респyбликасының Азаматтық Кодексi (Жалпы бөлiм) 1994 ж.27 желтоқсан (2016.21.04. берілген өзгерістер мен толықтырyлармен) //www.zakon/kz

3.  Рyзаинова А. М. Перспективы развития госyдарственной собственности в yсловияx рыночного xозяйствования // Евразийское сообщество. - 2012. - №1. - С. 35-41.