Психология и социология/4.Психология терроризма.
Өрлеу БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы
бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін
арттыру институтының аға оқытушысы
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Личко А.Е. Особенности саморазрушающего
поведения при разных типах акцентуации характера у подростков Текст. /Е.
Личко// Саморазрушающее поведения у подростков. — Л.: ВНИИ им. В.М. Бехтерева,
1991.-С. 9-15.
2. А.В. Ипатов. Ипатов А. В. Личность аутодеструктивного подростка.
Исследование и коррекция: Моногра- фия. СПб.: Аура Инфо, 2012.- 248 с.
3. Мухина, В.С.Возрастная психология. Феноменология развития :
Учеб. для студ. обучающихся по пед. спец. / В.С. Мухина. - 11-е изд., перераб.
и доп. - М. : AcademiA, 2007. - 638 с.
4. Шнейдман Э. Душа самоубийцы. / Э. Шнейдман
- М.: Смысл, 2001
Жеткіншектердің аутодеструктивті
мінез-құлқының алдын алу
Қазіргі танда
қоғамымыздың негізгі
мәселерінің бірі
мінез- құлқында аутодеструктивті
бар кəмелетке толмаған
балалар санының өсуі болып табылады.
«Аутодеструктивті»
сөзі латыннан аударғанда-қалыпты жағдайдағы
құрылымының бұзылуы деп атайды. Аутодеструктивті
мінез-құлық – адамның қалыпты дамуына, дене
бітімі мен психологиялық денсаулығына қауіп төндіретін
мінез-құлық.
А.Е. Личко демонстративті,
аффективті және шын суицидалды мінез – құлық
түрлерін бөліп көрсетті. Бұлардан басқа
«ситуативті» суицид деп аталатын (кенеттен пайда болған дағдарысқа
жауап ретінде төтеп бере алмай, өз-өзін өлтіру) түрі де
болады.
Сол себепті өмірдің дағдарыс
кезеңдерінде жағдайдан шыға білуге үйрету
мақсатындағы алдын алу шараларын өткізудің маңызы
зор. Парасуицидалды мінез-құлық – өз-өзіне көңілі толмау салдарынан, психологиялық
соққы кезіндегі жан жарасын жеңілдету мақсатында
өмірін қию мақсатынсыз өткір, ұшты заттармен
денесіне дене жарақаттарын салу[1].
Психологиялық шиеленісушілік
атмосферасы, отбасында кикілжіңдердің жиі болуы балаға
қатты əсер етеді жəне жиі бірден теріс əсер етеді.
Бұндай күйде балалар ықпалға тез көнеді,
өйткені олар ішкі күйзелісінен арылуға тырысады.
Отбасындағы
сəтсіз жағдайлар əртүрлі болады — ұрыстар мен
өзара түсініспеушіліктер, жасөспірімге деген ата-ана
мейірімінің жетіспеушілігі. Өмірдің əртүрлі
кезеңінде осы факторлардың əрқайсысы келең- сіздік
тудыруы мүмкін, бірақ олардың ықпалы əртүрлі
болады[2].
В.С.
Мухинаның пікірінше, мұндай жасөспірімдердің
мінез-құлқындағы ауытқушылықтың
негізгі себептері «сүйіспеншілікке қажеттіліктің»
орындалмауы, бұл жасөспірімдердің жеке тұлғасының
бұзылуына әкеледі. Ата-ананың сүйіспеншілігіне
қанықпаған бала тәрбиеге көнбей, даму
барысындағы тұлғалық қиындықтарға,
эмоциялық күйзелістерге бейім, өтірік айту мен
көреалмаушылық сезімдерге тез бой алдырады[3].
Э.Шнейдман пікірінше аталмыш әрекет,
өзінің соматикалық немесе психикалық денсаулығына
қандай да болмасын зақым келтіруге бағытталған. Осы әлеуметтік
мінез-құлық ережелері, психологиялық аспектілері мен
жасөспірімдердің әлеуметтену мәселесі, жыныстық
барабарлық мәселесі, бейімделу мен өзін-өзі реттеу,
сонымен бірге әлеуметтiк патологиялардың әртүрлі
көрінісі сияқты кең ауқымды мәселелерді
қамтиды [4].
Дүние жүзілік денсаулық
сақтау ұйымы (ДДҰ) девиантты
мінез-құлықтың алдын-алу жұмыстарын біріншілік,
екіншілік, үшіншілік профилактикаға бөлуді ұсынады.
Біріншілік профилактикаға белгілі құбылысты тудыратын
жағымсыз факторларды жою жатады. Екіншілік профилактиканың міндеті-
психологиялық ауытқушылықтарды ерте анықтау,
түзету.
Сонымен қатар «қатерлі
топпен» жұмыстану. Үшіншілікті профилактика
мінез-құлықтың бұзылыстарымен бірге жүретін
жүйке-психикалық бұзылыстардың емделуі сияқты
арнайы тапсырмаларды қамтиды [99].
Психологиялық алдын алу
жұмыстары жекелік, отбасылық, топтық ұйымдастыру
формалары түрінде іске асады.
Психопрофилактикалық
жұмыстың басты әдістеріне: ақпараттандыру, топтық
дискуссия, тренинг жаттығулары, рольдік ойындар,тиімді әлеуметтік
мінез-құлықты модельдеу, психотерапиялық
әдістемелер түрінде
ұйымдастырылды [100].
Жеткіншектердің
мінез-құлық ауытқушылығын түзету
жұмыстары мақсатында топтық-тренинг жаттығулары
жүргізілді және әлеуметтік теріс факторлардың алдын-алу
мақсатында ата-аналарға, оқушыларға ағарту
жұмыстары жүргізілді.
Жеткіншектердің мінез-құлқына теріс
әсерін тигізетін әлеуметтік факторлардың алдын алу
мақсатында кешенді жұмыстар жүргізуге болады:
-
жанұя қарым-қатынасындағы
сәтсіздіктерді, бала тәртібін қадағалаудағы
ата-ананың іс-әрекетін зерделеу;
-
жеткіншектердің
бос уақытын
дұрыс ұйымдастыру;
-
аутодеструктивті мінез-құлықтың
себептерін
психологиялық-педагогикалық тұрғыдан анықтау;
-
сыныппен жүйелі, кешенді тәрбие жұмыстарын жүргізу.
Жеткіншектердің мінез-құлық
ауытқушылығы, оған әсер ететін факторлар -
қоғамымызды жайлап алған күрделі, өзекті
мәселе болғандықтан, ол бірден аз уақытта шешілмейді.
Оны болашақта жан-жақты, жүйелі зерттеу
қоғамдағы әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық,
моралдық қарым-қатынастарды түсінуге мүмкіндік
береді.