Психологические науки

аға оқытушысы Садреймова   А.Ж.

Абай атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы. Алматы қ. Қазақстан Республикасы

 

ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ТҰЛҒАНЫҢ ӨЗІНДІК АКТУАЛИЗАЦИЯ  МӘСЕЛЕСІ

 

Өзіндік актуализация мәселесі тұлға психологиясының ең қызықты және аз зерттелген мәселелердің бірі болып табылады. Соның ішінде өзіндік актуализацияның гендерлік ерекшеліктері мәселесіне арналған зерттеулер мүлдем аз. Бұл мәселені оқыту және тәрбиелеу әдістерімен шешу эффективті болмады, осыдан ер адамдарда көп бөлігі қазір алаңдаушылық, немқұрайлылықты сезімде және дезадаптацияланған мінез-құлықты көрсетеді. Осыдан әйелдер мен ер адамдар арасындағы қарымқатынастарда, жанұя мен қоғамдық қатынастарда да шиеленістің ұлғаюы байқалады. Жас еркек адамдарда инфантелизмдік мінездің басымдылығы, жеке өміріндегі басты шешімдерді шешуде жалпы пассивтілік байқалады.

Қазіргі кезде біз байқап жүргеніміздей біздің мемлекетіміз гендерлік мәселеге көп көңіл аударғандығы байқалады. Оған дәлел ретінде гендерлік саясатты, гендерлік теңдік мәселесі, гендерлік балалар сияқты шаралардың ұйымдастырылуын келтірсек болады.Соның ішінде өзіндік актуализацияланушы ер адамдар мен әйелдер арасындағы гендерлік ерекшеліктерді зерттеу, қазіргі кезеңдегі дамыған Қазақстан қоғамында өте маңызды мәселе болып келеді.

Қауымның қазіргі дамыған кезеңінде, ер адамдар мен әйел адамдарындағы өзіндік актуализациясы мен өз жолын анықтауы, олардың мінез-құлық типінің және құндылық мәселелерінің өзгеруі мен қайта құрылуы байқалады. Қазіргі кезде жауапкершілігі көп жұмыстарда (еңбек, ақша табу, жанұяны қорғау және материалды қамтамасыз ету, балаларды тәрбиелеу), жиі инициативаны әйел адамдары өзіне алып отыр.

Қазіргі кезде жиі байқалатыны, ол әйелдер қауымының ер адамдардың қауымынан физикалық және моральді, ал кейде интеллектуалдық, басымшылығы және доминанттылығы. Қазақстан әйелдері қазіргі уақытта жанұяда, жұмыста, ата-аналар жиналысында, әлеуметтік жұмыстарда, маслихатқа депутат ретінде сайлануға инициативаны жиірек көрсететін болды. Осының бәрі қоғамдағы әйелдердің рөлінің деңгейінің көтерілуін көрсетеді. Бірақ бұндай тенденция, әрқашанда жағымды болып келмейді, өйткені бұл тенденция ер адамдарды моральді және қоғамдық міндеттерін орындауынан алшақтатады [1].

Психологияда өзіндік актуализация мәселесі – тұлға психологиясындағы ең қызықты мәселелердің бірі. Актуализация (actus – деген латын түбірінен – қылық, іс) – бұл заттық нәтижесі бар, күшті жұмсау, процесс ретіндегі іс-әрекетті білдіреді. Ал өзіндік актуализация – бұл адамның өзінің тұлғалық мүмкіншіліктерін көбірек көрсету мен дамытуға талпынысы.

Өзіндік актуализация түсінігін алғаш енгізген Курт Гольдштейн. Көбінесе миы зақымданған пациенттермен жұмыс жаған нейрофизиолог К.Гольдштейн өзіндік актуализацияны индивидиумге позитивті және негативті салдарды әкелуі мүмкін әрбір ағзадағы іргелі процесс ретінде қарастырды. Гольдштейн «ағза өзіндік актуализация асыру процесінде өзінің индивидуалды қабілетін, өзінің әлемдегі табиғатын жүзеге асыруға тырысады» деген. Ал тұжырымдама ретінде тұлғаның өзіндік актуализация мәселесі алғаш рет шетелдік гуманистік психологиясымен қарастырылды. Сондықтан да, өзіндік актуализация арасындағы гендерлік ерекшеліктерінің психологиялық мәселесін зерттеуді әлі де керек етеді.  

     Әдебиеттер:

1.Жарикбаев К.Б. Состояние и преспективы развития этнопсихологических исследований в Казахстане //Национальные процессы:пути и способы регулирования. – Алма-Ата, 1992 с.69-71