Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің

аға оқытушысы  Аязбаева Меруерт Серікқызы

 «Педагогика және психология» мамандығының

4 курс студенті Мергембаева Ұлжан Мырзапақызы

 

Арттерапияны оқыту процесінде қолданудың инновациялық технологиясы

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан - 2050» стратегиясының басты мақсаты – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуды көздеп отыр. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан — 2050» халыққа жолдауының « Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары» атты бөлімінде «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін сауаттылығы жоғары елге айналуымыз қажет» –деп атап көрсетті [1]. Осыған орай жоғарғы оқу орындарында жеке адамдардың шығармашыл, креативтілік жағынан дамуы үшін жағдай жасауымыз қажет. Бұл Қазақстандағы білім беру жүйесінде маңызды міндеттердің бірі әрі негізгісі болып отыр.

Бүгінгі күнгі жоғары оқу орындарының басты міндеті - білікті мамандарды дайындау екендігі даусыз. Заман талабы өзгерген сайын жоғары оқу орындарына қоғам тарапынан қойылатын талапта өзгерді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттің болашақ дамуына арналған бағдарламасында жоғары білімнің сапалығы, адамсүйгіштігі және жаһандануы арқылы мәдениет жасаушылық, интеграциялық роліне ерекше мән берген болатын. Осыған байланысты елімізде жоғары білім беру саласы соңғы жылдары өзгеріске ұшырап, жаңа бағыт іздеу жолында.

      Жаңашылдық білім беру саласының алдында тұрған жаңа міндеттерді сәтті орындаудың негізгі шарттарының бірі болып саналады. Олар оқу-тәрбие жұмыстарының тиімділігі мен өнімділігін арттыруға септігін тигізеді. Білім беру саласына жаңалықтар еңгізбестен бұрын, қоғамдық еңбектің басқа салаларына сәтті түрде жаңалықтар енгізу  қиынға соғады [17].

Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері білім мазмұнының тұжырымдамасында: «Қазіргі кезеңде білім берудегі негізгі мақсат  жан–жақты білімді, өмір сүруге икемді, іскер, өзіндік ой толғамы бар, адамгершілігі  жоғары, қабілетті жанды қалыптастыру. Республикададағы  әлеуметтік экономикалық құрылымның өзгеруі білім беру мазмұнында жаңалықтар енгізуді қажет етеді,»– делінген [18].

Республика мектептерінде білім мазмұны мәдениеті өркендеген демократиялық қоғамға үйлесімді жаңа адам үлгісін тәрбиелеуге бағытталуға тиісті. Болашақ қоғамның азаматы:

-         дүниеге диалектикалық көзқарастың негізі болып саналатын белгілі мөлшердегі ғылыми білім жүйелерін ;

-         жаңа хабарларды өздігінен дұрыс қабылдап, бағалай білуге, дереу шешім  табуға қабілеттілікті;

-         кез–келген нақты жағдайларды өз бетінше талдай білуді т.б. меңгеруге міндетті. Сол сияқты, білім мазмұнын жаңарту тұжырымдамасының негізгі бағыттары: біріншіден, мектептегі білім мазмұнын қазіргі ғылымның динамикалық құрылымына сәйкестендіру; екіншіден, тәрбиелеу  мен сезімді дамытудың барлық өрісін (оқу, жұмыс, қарым-қатынас) ескере отырып, оқытудағы негізгі салмақты оқушылардың шығармашылық ойлауы мен еңбектенуі мақсатына аудару; үшіншіден, білімдерін өздігінен іс – жүзінде қолдана білуге тәрбиелеу; төртіншіден, жалпы адамзаттың және біздің елдегі басқа халықтардың тарихы мен мәдениетін ескере отырып, ұлттық рухани мәдениеттің қайтадан жаңаруына байланысты, өскелең ұрпақтың дүниетанымы мен адамгершілігін байыту және олардың өсуін қамтамасыз етуді қарастырады.

         Әлемдік педагогикалық тәжірибеде «технология» ұғымының ену тарихына көз жіберсек, технология идеясы  өте жаңа ұғым емес. Оқыту процесін технологияландыру  туралы ойды  осыдан 400 жыл бұрын Я.А.Коменский айтқан болатын. Оның ойынша оқыту «техникалық»болуы қажет, яғни нені үйретсе де, нені оқытса да табыссыз болмауы керек. Оқытудың мұндай механизмін, яғни нәтижеге  қол жеткізетін  оқу процесін  Я.А. Коменский  «дидактикалық машина»деп атады. Оған мақсат қою, осы мақсатқа жетудің құралдарын іздестіру, бұл құралдарды қолданудың ережелерін табу маңызды болды. Сөйтіп, мақсат–құрал оны қолдану ережелері – нәтиже модулі шықты. Бұл–білім берудегі кез–келген технологияның  өзегі. Я.А. Коменскийден кейін педагогикалық технология элементтерін  Г. Песталоцций еңбектерінен кездестіруге болады.

          Әдіснамалық (инновациялық) парадигма тұрғысынан педагогикалық білім берудің әдіснамалық бағытын Н.Д.Хмель, Ш.Т.Таубаева, А.К.Рысбаева, Н.А.Абишев, Ш.Х.Курманалина және т.б.; университеттік педагогикалық білім беру мазмұнын С.А.Абдыманапов, К.К.Закирьянов, Б.Абдыкаримов, Т.Д.Жангисина, М.Курманов, Б.Т.Кенжебеков және т.б.; білім беру мазмұнын жаңарту мәселесімен Ж.А.Қараев, А.Е.Абылкасымова, Г.Е.Алимухамбетова, Е.У.Медеуов, Е.Жұматаева және т.б.; педагогикалық білім берудің синергетикалық мазмұнын З.Жанабаев, Л.Х.Мажитова және т.б. ғалымдар зерттеген [46, 47].

 «Арттерапия» терминi (art – өнер, artterapy – өнер арқылы терапия жүргiзу) көбiне ағылшын тiлдi  халықтар қоныстанған елдерде  кеңiнен тараған. Арттерапия   ауру адамның психоэмоциональды халiне өнер арқылы  ем жүргiзу және әсер етудi бiлдiредi [11].

Әртүрлi жастағы адамдармен жұмыс жасау барысында, жеке адамның саналы әрi бейсаналы iс-әрекеттерiне шығармашылықтың әмбебап түрдегi мiнезде әсер ететiнi анықталған. Шығармашылықтың формасы мен мiнездемесiнiң адамға әсерiн зерттеу жолы, өнердiң функциональды теориясы деп аталады. Болжам ретiнде шығармашылық функцияларының әлеуметтiлiгi, жалпы өнердiң байланыстылығын ашады. өнер функцияларының типологиясына жеке адамның жекелiк типологиясының сәйкестiлiгiн құруға болжам жасалады. Жалпы жекелiк қасиеттер өнердiң сәйкестiлiк көрiнiсiн анықтайтын, сурет шығармашылығына қарама-қарсылы функциональды өріс болып табылады.

Жалпы алғанда, арттерапияның алдына қойған мақсаты   бiреу ғана, ол –жеке тұлғаның гармониялық дамуы, әлеуметке бейімелуінің кеңеюiне мүмкiндiктерiн жоғарылату. Сонымен қатар микро және макроорталарда қоғамдық әрi мәдени iс-шараларға белсендi қатысуларын кеңейту. Арттерапияның әрбiр нұсқаулары жеке тұлғаның өз шынайы келбетiн ашып көре алуына, өзiн тани бiлуiне, iшкi «Менiң» айқын көруiне мүмкiндiктер бередi. Сонымен қатар, олар өзiнiң жекелiк дамуында жоғарғы жетістікке жетуiне жол табады

Қазіргі уақытта өмірдің мағынасы – ол адамның санасындағы субьективті ең маңызды құндылық және оның мінез-құлқының басты реттеушісіне айналған құндылық. Адам дамуының шыңы - осы процесте өз денсаулығының белгісі бойынша адам организімінің, құратын қатынастардың адамгершілік нормаларға сәйкестілік белгісі бойынша тұлғаның еңбектегі және қарым-қатынастағы, сондай-ақ қоршаған орта мен өзін-өзі танудағы сәттіліктер белгісі бойынша іс-әрекет субьектісі ретіндегі қабілеттерінің жететін ең жоғарғы көрсеткіші. Өзгелермен қарым-қатынас барысында қайталанбас тұлға ретінде қалыптасу, басқалармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу - баға жетпес байлық. Осы байлыққа ие болған адам қоғамда өз орынын тауып, үйлесімді өмір сүре алады. Оған жету жолы сан түрлі.

Зерттеу жұмысымызға өзек болған еңбектерге сүйене отырып жүргізілген зерттеу жұмысының теориялық бөлімінде оқыту процесінде арттерапия элементтерін жүйелі әрі бірізді, сонымен қатар сауатты қолдана білу әрбір жек тұлғаның өзін-өзі тануына жол ашады. Оның шығармашылық қабілеті мен қиялы байып, креативті ойлау қабілеті дамиды және өзін-өзі бағалауы жоғарылайды.

Сонымен, инновациялық оқыту технологиясының озық үлгісі ретінде арттерапия және оның элементтерін оқыту процесінде қолдану өте маңызды әрі тиімді болып келетіндігі анықталған. Сонымен қатар, арттерапия элементтерін оқыту процесінде қолдану сабақты жандандыра түседі. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.    «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 17.01. 2014ж.

2.     Бұзаубақова К.Ж. Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру. Монография. –Алматы: Жазушы, 2006. -25б.

3.    Арттерапия. Артметоды как психологический инструмент исследования и развития личности. Психологическая газета. N 6. 1997. -19б.

4.    Копытин А.И. Арт-терапия на русском языке. Питер, 1994.-160б.

5.     Журнал «Няня», Арттерапия – лечение игрой. N 2,2002.-15б.