Тараз инновациялық-гуманитарлық
университетінің
аға оқытушысы
Аязбаева Меруерт Серікқызы
«Педагогика және
психология» мамандығының
4 курс студенті Разакулова Жұпар
Абдухаликқызы
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың топтан
оқшаулануының психологиялық себептері
Елбасының «Қазақстан - 2050»
стратегиясындағы мақсаттар
мен мұраттар мүлтіксіз жүзеге асырылса, ұрпақ
тәрбиесіндегі істерде де үлкен бетбұрыстар болары
сөзсіз. Сондай-ақ бала
тәрбиесі бойынша да «Бала тәрбиелеу –
болашаққа ең үлкен инвестиция» деп
көрсеткен. Онда тәрбиеге,
әсіресе жастарды тәрбиелеуге, аса мән беріп отыр. Себебі, зор
байлықтың мұрагері саналатын қазақ
халқының адамдық ресурстарының сапалы болуы –
тәуелсіздігіміздің, мемлекет қауіпсіздігінің,
ұлтаралық сыйластықтың нақты кепілі.
Сондықтан, Елбасы өз Жолдауында азаматтардың бойына
ерік-жігерді, еңбексүйгіштікті, мақсаткерлік
қасиеттерді тәрбиелеуге, жастарымыздың адаспай алға
басуына септігін тигізуді көргендері мол, өмірлік тәжірибелері
жеткілікті аға буынды шақырады [1].
Оқушылардың
қарым-қатынас және мінез-құлық
мәдениетін тәрбиелеу мәселелері қазіргі білім
берудің, педагогика ғылымының, мәдениеттің басты
назарында болып отыр. ҚР «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің міндеттері
қатарында «ұлттық
және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым
мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға,
дамытуға және кәсіптік шыңдауға
бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті
жағдайлар жасау» көзделген.
Қазақстан
Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына
Жолдауында «Біз бірлік пен татулық құндылықтарын
қоғамның іргетасына, қазақстандық ерекше
толеранттылықтың негізіне айналдырдық. Біз осы
құндылықтарды әрбір болашақ буынына аялай
ұсынуымыз керек» деген болатын.
Дегенмен қазіргі
қоғам жағдайында бастауыш сынып оқушыларының
қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу көптеген
қиындықтарға әкелуде. Жас ерекшелігіне байланысты
бастауыш мектеп жасында қарым-қатынас тәжірибесі әлі
жеткіліксіз және оқушылар мінез-құлық
үлгісіне еруге көп мән береді. Ал ол әрдайым
ұнамды бола бермейді. Бұқаралық ақпарат
құралдары «қазіргі батырды» насихаттайды.
Бастауыш мектеп жасындағы
балаларға тән ойлаудың эгоцентризмі балалардың
тұлғалық және топтық
қарым-қатынастағы кикілжіңдерге әкеліп
соғатын өзара төзбеушілігінен, бірін-бірі
тыңдағысы келмеуден көрінеді. Парыз, адалдық,
әділдік, мейірімділік, жауапкершілік, сыйластық сезімдері
адамдардың өзара қатынас саласын бейнелейді және
оқушылар оны қиындықпен қабылдайды, кейде тіпті ізгілікті
түсініктерден бұрыс түсіндіріліп жатады.
Ұрпақ қамы
ертеңгі ел қамы. XXI ғасырда өмір сүріп
еңбек ететін жастарды тәрбиелеуде қазақ
халқының ғасырлар бойы жинақтап уақыт талабынан
өткен бай қазынасын отбасы тәрбиесінде қолдану – кезек
күттірмейтін мәселе екені даусыз. «Тегінде адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез
деген қасиеттермен озады» деген ұлы ақын Абай сөзі
барлық уақытта өз мәнін жойған емес.
Озық ойлы білімдар адамдар
заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне өз
үлесін қосады. Бүкіл өмір барысында іргелі
қажеттіліктерді өтейтін, ашық жүйе ретіндегі
ұлттық ойлауды қалыптастыратын тағылымды тәрбиеге
тәуелді білімді қалыптастыру керек. Қоғам
тұтастығы, жастар арасындағы
ынтымақтастықтың таяу болашағы, елдің
интеллектуалдық және еңбек әлеуетінің дамуы мен
ұдайы өндірілуі және мемлекеттің нығаюы талпынысы
тек осында ғана болғандықтан жас азаматтар мен
өскелең ұрпақтың құрылуы үшін
патриоттық тәрбиенің маңызы өте зор екені
ақиқат.
Швейцарияның
кемеңгер педагогы И.Г.Песталоцци тәрбиені ана тілінде
оқытатын халықтық мектептердің бай тәжірибесіне
негіздей отырып жүргізуді мақұлдады. Ол адамның
ақыл-ойының қалыптасуы, дұрыс дамуы ұлт тіліндегі
оқудың мазмұны мен оқыту әдісін дұрыс
ұйымдастыруға байланысты деп ерекше атап көрсетті. К.Д.Ушинский бала тәрбиесіне
тоқтала келе, мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесінін негізгі ортасы
– отбасы. Бала отбасында қарапайым білім, іскерлік, дағдыларды
меңгеріп, ата-анасынан тәртіп, мінез-құлық
ережелерін үйренеді деп
көрсетті.
«Әлеуметтік оқшаулану», «оқшаулану», «ұялшақтық»,
«бөлектену» - жалғыздық сезімін басынан өткізетін
адамның күйін сипаттайтын терминдердің бірі. Әлеуметтік
қобалжу, қоршаған орта алдындағы қорқыныш,
қауіптенушілік сезімі, құрбыларының шектеп тастауы,
конфликтілі жағдайдағы топтан оқшаулану сезімдері бала
психикасындағы көп толғандыратын жайт.
Сондықтан біз бастауыш сыныптағы балалар
ұжымындағы оқшаулану және қарым-қатынас
мәселесін теориялық зерттеу барысында зерттеу мәселесіндегі
терминдерге жан-жақты талдау жасауға тырыстық.
Мектеп тәжірибесінде ең көп кездесетін жағдай-оқушылардың
ақыл-ойы мен сабаққа үлгеріміне байланысты
балалардың өзара қарым-қатынасындағы
ерекшеліктер. Мұнда да айтылатын мәселе қарым-қатынас
жасау технологиясы баланың ақыл-ойы мен сабақ
үлгеріміне тікелей байланысты.
Мектеп оқушылары арасында туындайтын оқшауланған
балалардың болу себебін түсіндіретін оқушылардың
өзара конфликтерін түгелдей болдырмау мүмкін емес. Конфликттерді алдын алу
жолында маңызды роль алатын - тәртіп болып табылады. Тәртіп -
белгілі бір тәртіптілікке бағыну әрекеті арқылы балаға
өзіне қажетті бостандығының толық дамуын
қамтамасыз ететін әрекет.
Мектеп оқушылары
арасындағы қарым-қатынасында проблемасы бар балаларға
психологиялық көмек көрсету істеріне, конфликттердің
алдын-алу әрекеттеріне мектептегі жақсы оқу тәрбие беру
ұйымының болуы, тәртіптің болуы,
оқушылардың қарым-қатынасқа түсуінің
қиын жағдайларында мұғалімнің белсенді
көмек беруі негізгі роль атқарады. Бүдан басқа,
оқушылардың конфликтерді шешу және басқара білуіне
дағдылану үшін мектептерде оқушыларға арнайы
оқытатын жоғарыдағы бағдарламаларды
қолдануға болады.
Психологиялық
конфликтінің даму динамикасын зерттеу барысында мұндай
конфликтілерді балалар өз бетімен шеше алмайтындығы
түсіндірілген. Мұндай балалармен ерекше жеке дара жүмасты
ересек адамдар жасау керек, яғни өз құрбыларымен
жағымды қатынас құру жағдайларын қарастыру
қажет. Зеттеулер бойынша, әсіресе, экспериментті ойындар балаларда
әрбір баламен өте ерекше, дифференциалды әрекеттер жасай
отырып, балалардың жағымсыз әрекеттерінің себебін
анықтап, оның ерекшеліктерін зерттеу қажет, одан әрі
оны шешудің жолдарын қарастыру қажет.
Өз
балаларының ойындарын бақылай отырып, олардың бір шетте
оқшауланып, балалармен араласуға бата алмай, үлкендерден
қорқып, сенімсіздік пен ұялшақтық байқатуын
көру ата-аналар үшін қандай қиын.
Қарым-қатынастың
бұзылуы, жанжалдасушылық пен оқшауланушылық
баланың қоршаған ортаға нашар бейімделуінің
белгісі.
Егер мұғалім
оқушыларға дұрыс тәрбие беріп, білімдерін
жоғарылатамын десе, онда ең бірінші кезекте оқушылардың
өзара қарым-қатынасын, сондай-ақ мұғалім
мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты реттеп алған
жөн.
Олай болса, біз
әрбір сабақта, балалармен бірлесе жұмыс жүргізу
барысында балаларды тату болуға, бірігуге үйрететін,
басқаларды түсінуге, қолдауға көмектесетін
ойындар мен жаттығуларды тиімді қолданудың жолдарын білуіміз
керек.
Қарым-қатынасты
жақсартуға арналған тапсырма мен ойындарға
қатысушылардың көп болуы соғұрлым нәтижелі
бола түседі. Кейбір жаттығуларды ата-аналар өз балаларымен
бірге орындай алса, ал көпшілік бөлігі құрдастары,
достарымен бірге ойналатын болады. Сондықтан төменде
көрсетілетін ойындар мен жаттығуларды өткізбес бұрын,
оны жүргізетін орындарды ұйымдастырып алған жөн.
Балаларға арнап мерекелер мен ойын-сауықтарды жиі-жиі ұйымдастырып,
оларға көбірек көңіл бөлу -мұғалім
іс-әрекетін жандандыра түседі.
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Назарбаев Н.Ә.
«Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси
бағыты. Лекция курсы. – Тараз, 2012.
2. Жарықбаев Қ.Б. «Ұлттық психологияны оқыту
– ұлтшылдық емес» - Қазақ әдебиеті, 1 –
қырқүйек, 2000.
3.
Әбеуова И.Ә. Әлеуметтiк психология. (оқу
құралы) - А., 2001.-58б.
4 Рояк А.А Проблема
социальной изоляции детей. //Вопросы психологии. 1996г №3.-106.
5. Обозов И.И.
Психологическая культура взаимоотношений. М., Знание, 1996.