ӘОЖ
796.012
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ-ОҚЫТУДЫҢ
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Бекбергенова Жанар Ешеналиевна,
магистрі
Махамбетов Ерик Оралбекұлы, аға оқытушы
Казакстан Республикасы, Тараз
қаласы
М.Х.Дулати
атындағы Тараз мемлекеттік университеті
Мұның
өзі бағдарламалық оқыту әдісінің
мәнін ашады: материалды компьютер қоры негізінде оқу –
алдыңғы технологиялар, технологиялық
құралдардың алуан түрін (оның ішінде
дәстүрлі оқулықтар, аудио және видеожазбалар
және т.б.) қолданумен айрықшаланатын болса, мұнда
бағдарлама құралдарын, оқушылардың өз
бетінше тиімді оқуын арттыратын бағдарламаларды басымырақ
қолдану жүргізіледі; компьютер қорымен оқыту – білім берудің
барлық мүмкін боларлық формаларын қолдану
(мұғалімнің қатысуымен), шын мәнінде,
жоғарыда айтылғандармен сәйкес келеді; компьютердің
көмегімен бағалау – өз бетінше оқыту технологиясы деп
қарастырылады, дегенмен ол практикада басқаларға
құрамдас элемент болып кіріп жүр. Мұндай жүйе
оқылатын пәннің мазмұны мен дәстүрлі
оқытуда қолданылатын немесе оқыту бағдарламаларында
жүзеге асырылатын әдістерге тәуелсіз; компьютерлік
коммуникация – білім беру және оны жеткізумен қамтамасыз ете
отырып, жоғарыда аталған технологиялардың барлығының
ажырамас құрамы болып табылады. Жергілікті, аймақтық
және басқа компьютерлік желілерді қолдану үшін
жұмсалады. Компьютерлік коммуникация жекелеген оқу
орындарының, қаланың, аймақтың, елдің
ақпараттық білім жүйесінің мүмкіндіктерін
көрсетеді.
Оқытудың
ақпараттық технологиялары осы ақпараттық білім
жүйесінің шегінде жүзеге асырылатын болғандықтан,
осы білім технологиясына ақпараттық және
бағдарламалық қолдаумен көрсететін құралдар
бір ғана компьютермен, оған енгізілген бағдарламамен шектеліп
қалмауы керек. Шын мәнінде бәрі керісінше,
оқытудың ақпараттық технологияларының
бағдарламалық құралдары және білім
технологияларының өздері ақпараттық білім ортасына –
ақпараттық білім жүйесінен бөлінген жүйешелер
түрінде қосылады.
Оқытудың
ақпараттық технологиясында қолданылатын бағдарламаны
қамтамасыз етуді бірнеше категорияға бөлуге болады:
оқытатын, бақылайтын және үйрететін жүйелер;
ақпарат іздеу жүйесі; модельдеу бағдарламалары;
танымдық сипаттағы инструменттік құралдар; әмбебап
сипаттағы инструменттік құралдар; коммуникацияны
қамтамасыз етуге арналған инструменттік құралдар.
Модельдеу
бағдарламалары – бұл ерекше аз мамандандырылған
бағдарламалар, оларды компьютерде арнайы қолдану және
оның кейбір мәселелерін зерттеуге тура келеді.
Инструменттік
құралдар деп – жаңа электрондық ресурстар жасауды
қамтамасыз ететін бағдарламаларды атайды:әр түрлі
форматты файлдар;мәліметтер қоры;бағдарламалық
модульдер;жекелеген бағдарламалар мен бағдарламалар жиыны.
Мұндай
құралдар пәндік-бағытта болуы мүмкін, сол секілді
нақты міндеттер ерекшелігі мен қолдану саласына тәуелді болмауы
да мүмкін. Білім үрдісінде қолдануға негізделетін
бағдарламалық құралдарда сақталатын негізгі
талаптар – бұл жеңілдік пен табиғилық,
оқушының оқу материалымен жеңіл танысуына
мүмкіндік жасау.
Білімді
ақпараттандыру жағдайында болып жатқан кемшіліктерге
қарамастан, оны «ақпараттық революция» деп атауға
болады, өйткені қол жетерлік табыстар мыналар:ақпаратты
ұсынудың жаңа формасы. Қызықты, жанды немесе
алдын ала жазылған мультимедиалық ақпарат тек текстен емес,
графикалық бейнелерден, анимациядан, дыбыстан және
видеоүзінділерден құралып, Internet желісі арқылы
беріледі немесе басқа телекоммуникациялық құралдар
арқылы компакт-дискілерге жазылады;жаңа кітапханалар.
Интеллектуальдық ресурстар көлемі және табыстары өседі.
Internet злектрондық кітапхана каталогтарымен бірігіп, жер
қашықтығы мен уақыт айырмашылығына
қарамастан, зор ақпараттар көлемін жинауға қол
жеткізеді. Әрине, мұндай кітапханалар онда сақталатын
ақпараттарға толық жол аша бермейді;оқу
сабақтарының жаңа формалары.
Білімгерлер
мен оқытушылардың виртуальды семинарлар және зертханалар
режімінде бірігіп жұмыс жасауы, сонымен бірге жаңа синхрондық
мүмкіндік пайда болды. Бірқатар білімгерлер үшін мұндай
жұмыс формалары анағұрлым ыңғайлы, өйткені
дәстүрлі оқытуға қарағанда, оларға
өз мүмкіндіктеріне қарай, өздеріне қолайлы
графикпен жұмыс жасау және артық ескертулермен кездеспей
отырып ашу қызықты;білімнің жаңа құрылымы.
Бүгінгі
күні білім жүйесіне жаңа құрылым беру үшін
телекоммуникация жүйелерімен толықтырылуы қажет, сонымен
қатар білім үрдісіне ақпараттық және
коммуникациялық технологияларды енгізуде жоғары біліктілікке ие
мамандар керек.
Көбінесе
қашықтан оқыту бағдарламалары оған барынша мол
қол жеткізуге мақсатталған және оқыту сапасына
аса анық емес талаптар қояды.
Қазіргі
таңда әлеуметтік жағынан қорғанған адам –
ол технология ауысуына және нарық талабына сай терең білімді,
әрі жан-жақты адам. Қазіргі білім жүйесінің
ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай,
өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше
өрлеуіне қажеттілік тудыру. Қорытындысында білім беру –
адамға үздіксіз оқуға, білім алуға
жан-жақты білім қызметін ұсынатын әлеуметтік институт
болуы керек.
Елімізде
білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның
мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның
дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл
оқу-әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдына
жаңа талаптар мен міндеттер қойуда.
Мұғалiмнің
ақпараттық - коммуникациялық құзырлылығы
мен ақпараттық мәдениетiн қалыпастыру қазiргi
таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi
ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр.
Қарастырылып отырған мәселе "Жаңа
ақпараттық - коммуникациялық технологиялар"
ұғымының пайда болуымен және бiлiм беру саласында
компьютердiң қолданыла бастауымен тығыз байланысты.
Жаңа
ақпараттық технологиялар- бiлiм беру iсiнде ақпараттарды
даярлап, оны бiлiм алушыға беру процесi. Бұл процестi icкe асырудан негiзгi
құрал компьютeр болып табылады. Компьютер - бiлiм беру iсiндегi
бұрын шешiмiн таппай келген жаңа, тың дидактикалық
мүмкіндіктерді шешуге мүмкiндiк беретiн зор құрал.
Кейінгі
кездері бiлiм беру жүйесiне енген «құзырлылық» немесе
"құзiреттiлiк" ұғымы жеке қасиеттерi
мен бiлiм, бiлiк, дағды, ic тәжiрибесi, түсiнiгiнің
бiрлiгiн сипаттайды.
Қазiргi
уақытта құзырлылықтың бiрнеше түpi бар,
соның бiрi - aқпараттық
коммуникациялық құзырлылық.
Қорытынды:
Ақпараттық коммуникациялық құзырлылықты
қалыптастырудың базалық, жалпы жәнее кәсiби
кезеңдерiн бөлiп көрсетiп, ақпараттық
технологияларды оқу қызметiнде қолдану мен кәсіби
мiндеттердi шешуде қолданудың ара жiгiн ашып көрсетедi.
Бұл тұрғыдан қарастырғанда,
ақпараттық құзырлылық екі құрамдас
бөлiктен тұрады: компьютeрлiк сауаттылық және
компьютeрлiк бiлiмдарлық. Мұндай бағдарламаның білім
сапасын жетілдіруі үшін орындауы міндетті талаптар қатарын
құрастыруға болады:сапасы мен мүмкіндігі жоғары
білім кеңістігін құру, кәдімгі оқу орындары
ұсынатын мүмкіндіктерден жоғары білім ортасын жасау; интернет
желісінде әмбебап компьютерлік кітапхана құру, кез келген
уақытта қолданушыға қол жеткізерлік және
кәдімгі кітапханаға көлемді ақпарат беруі тиіс;желі
бойынша педагогтармен қарым-қатынас
ұйымдастыру;оқытушының да, оқушының да білімін
компьютермен тексеру жүйесін жасау.
Төмендегідей
базалық шарттар сақталған жағдайда сапалы білімге
қол жеткізуге болады:қымбат тұратын технологиялар мен
бағдарлама өнімдерін қолдану;іштей және
қашықтан оқыту түрлерін
біріктіру;қажетті ақпараттық ресурстарды табуды
жеңілдететін толық каталогтар жасау.