Б.Н. Сабыралиева, М.Қ.Райымқұлова
Тараз инновациялық -гуманитарлық университеті, Тараз қ.
Балхаш көлін пайдаланудағы ластану
түрлері
Балқаш көлі — Қазақстандағы
ең ірі эко жүйелердің бірі болып табылады. Көл
Балқаш – Алакөл ойысында орналасқан. Келемі — 501 мың
км2, ұзындығы -605 км. ені — 9-74 км аралығында. Ал ең
терең жері -26 м. Бұл көлдің 1970 жылдардағы
сипаты болса, қазір мүлдем басқаша. Жетісу
өзендерінің ішінде Іле, Қаратал, Ақсу және Лепсі
өзендері Балқашқа құяды. Балқаш көлі
шөлейт және шөл табиғат белдемдерінде
орналасқандықтан, оның климаты шұғыл континентті
болып келеді. Су айдынының булануы өте жоғары. Осыған
байланысты судың деңгейі тез өзгеріп отырады.
Ұзақ жылдар тіршілігі тұрақты болып келген су айдынының
қалыпты жағдайы өзгере бастады. Балқаш
көлінің экологиялық жағдайының нашарлау себебі
Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендерінің мол суының
Балқаш көліне жетпей суармалы егістерге жұмсалуынан.
Оның үстіне бұрынғы кездерде Аягөз, Биен,
Сарқанд және Басқан өзендері Балқашқа
құйып, оның табиғи су деңгейін сақтап
отырған. Ал қазір бұл өзендер Балқашқа
құймайды./1/.
Антропогендік
жағдайлар Балқаш көлінің жағдайын шиеленістіріп
жіберді. Балқаш экожүйесінің одан әрі нашарлауына Іле
өзені бойына салынған Қапшағай суқоймасы да
әсер етеді. 1970 жылы Қапшағай суқоймасындағы Іле
өзенінің суын бөгейтін Қапшағай бөгеті
салынды. Оған косымша Іле өзенін қоректендіріп отырған
Шелек өзені Бартоғай бөгетімен бөгеліп, онда
көлемі 300 мың м3 су жинақталды. Осылайша Үлкен Алматы
каналы (БАК) салынды. Каналдың салынуына байланысты Шелек өзені
Ілеге құюын тоқтатты. Осының бәрі Іле —
Балқаш су алабының табиғи жүйесінде
қалпытасқан тепе-теңдік заңын бұзды. Балқаш
экожүйесінің бұзылуының зардаптары. Іле — Балқаш
экожүйесіндегі өзгерістер (әсіресе Қапшағайдан
төменгі бөлігі) өте сирек кездесетін Іле тоғайын,
өзен жағасындағы шұрайлы жайылымдар мен оның
сағасындағы қамыс-қоғаның жойылуына себепші
болды. Көлдің жағалаулары кеуіп, тұзды шаң жиі
көтерілді. Ауа райы өзгеріп, қуаншылық пен аңызақ
желдер үдеді./2/.
Балқаш көлі соңғы жылдары 2
метрге жуық төмендеп отыр. Сонымен көл жағалаулары
батпақтанып, сорланып, тақырлар мен шөлдерге айналуда.
Іле — Балқаш экожүйесіннің фаунасы мен флорасы зардап
шегуде. Балық аулау соңғы жылдары 5 есе төмендесе,
уылдырық шашу (Қапшағай су қоймасы) тіпті азайды.
Сонымен қатар балықтардың Іле бойындағы егіс,
көкөніс алқаптарына пайдаланылған пестицидтер,
гербицидтер және минералды тыңайтқыштар
қалдықтарымен улануы жиі байқалуда.
Бұл өңірдегі экологиялық ірі
мәселелер қатарына Балқаш көлі бойындағы
Балқашмыс комбинаты, Приозер, Ақсүйек кен рудаларын байыту
кешендері, Сарышаған полигоны және Текелі
қорғасын-мырыш комбинаттары осы аймақта тұрақты
тұрғындарға өз зардабын тигізіп отыр. Балқаш
көлін құтқару бүгінгі күннің талабы.
Сондықтан әрбір табиғи экожүйені көздің
қарашығындай сақтау мен қорғау адамзат
баласының парызы. /3/. Әйтсе де, қарапайым халық
қауіптің бар екенін білмегенімен, ғалымдар бұл
проблемамен талай жыл айналысып келеді. Балқаштың шынымен-ақ
аянашты халде қалғанын ғалымдар мойындап отыр. Қазіргі кезде
Балқаш көлінің суы ластану дәрежесі өте
қауіпті жағдайға соқтырғалы отыр. Суларды
ластаудың негізгі көздері:
1. Ауыл шаруашылығында
жерді улы химикаттармен тыңайтудан қалған қалдық
сулардың қайта келіп өзендерге, көлдерге
құюы;
2. Кен орындарын пайдаланудан болатын
өндіріс қалдықтарын;
3. Ағаш материалдарын
дайындауға, өндегендегі және су жолдарымен
тасымалдағандағы ағаш қалдықтары;
4. Су және темір
жолдарының лас қалдықтары;
5.Техникалық өсімдіктерді
алғашқы өндеудің қалдықтары./4/.
Бұл
айтылған су қорларының ластану көздерінің
ішіндегі ең қауіптісі балықтарға зиянды әсер
ететін құрамында химиялық улы заттар бар
өндірістің қалдық сулары. Оған:
целлюлоза-қағаз фабрикалары, химия өндіріс орындары,
мұнай өңдеу, металлургия заводтары, мал шаруашылығы
өнімдері – жүнді, теріні өңдейтін заводтар т.б. жатады.
Ластаушы
заттардың негізгі үлесін ЖШС «Қазақмыс
корпорациясының» (2008 ж. –
1006,08 мың тонна, 2009 жылы – 922,6 мың тонна) мыс қорыту
барысында бөлінетін күкірт газы заттары құрап отыр. Балқаш көлінің
тағы бір ластаушы көзі-Балқаш балық шаруашылығы.
Балқаш
көлі жыл бойына тек Іле өзенімен ғана 23 мың тонна
жеңіл органикалық заттармен, 8 мың тоннадай минералды
азотпен, 5 мың тонна фтормен, 2 мың тонна темірмен, 1,5 мың
тонна бормен, 0,7 мың тонна броммен, 70 тонна минералды фосформен, 60
тонна пропанамидпен, 3,4 тонна дихлоранилинмен, т.б. улы заттармен ластанады.
Мұнымен қоса Балқаш көліне металлургия комбинаты су
шығындыларын, улы заттардың қоспасын жіберуде. /5/.
Көлемі жағынан әлемде 13-орында тұрған
Балқаш жыл сайын ластану деңгейі артып, табаны
батпақтанып, айдыны зауыт қалдықтарымен уланған.
Балқаштың әу бастағы тылсым жаратылысы оның
қазіргі тағдырына айналып бара жатқан тәрізді
Әдебиеттер тізімі:
1. Ұ. Б.Асқарова
«Экология және қоршаған ортаны
қорғау»-Алматы,2002
2. Аралым-арым, Балқашым-бағым /
Құрастырушы Н.Жүнiсбаев.-Алматы: Қайнар, 1988.-264 бет.
3. Арал-арымыз, Балқаш
бағымыз емес пе едi: Мəжiлiстiң экология жөнiндегi
үкiметтiк сағатында айтылған ой-көзқарастары//
Азия Транзит.- 2000.-N6.-22-27 б.
4. Ахметов Қ. Үлкен
үмiт күтемiн// Орталық Қазақстан.- 2001.-1
желтоқсан
Самаков
А.Б.Проблемы гидроэкологической устойчивости в бассейне озера Балхаш Алматы:
Каганат, 2003
5.
Романова С.М., Казангапова Н.Б. Озера Балхаш уникальная гидроэкологическая
система. Алматы:2003