Экономические науки/ 10.Экономика предприятия
Еркегуль Семинарқызы
Магистрантка ЖГУ им.И.Жансугурова
ҚАЗАҚСТАН – ҚЫТАЙ ҚАРЫМ
– ҚАТЫНАСТАРЫ
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы
көршілес Қытай халық Республикасымен тікелей байланыстар орнатып
экономикалық жағынан серіктес, достық,
ынтымақтастықта болуы
Еуразия жүрегінде орналасқан қазақ елі
үшін маңызы зор болашағы кемел шараға айналды.Әлемге
әйгілі «жібек жолы» екі ел халқының
қоян-қолтық қатынасын жалғап келді.
Қазақстан Республикасы-Ресей мен Қытай сияқты алып
державалардың арасында бой көтерген тәуелсіз мемлекет. Екі ел
арасындағы байланыс алғашында тайпалық, халықтық
деңгейде болса, уақыт өте келе мемлекеттік деңгейде
даму үстінде.Бірақ ұзақ тарихи процесс негізінде
барыс-келістер мен алыс-берістер сипаты мен пішіні әр кезеңде
әр қилы дамыды. Оған дәлел-Абылай хан
тұсындағы көп векторлы дипломатиялық
қатынастың қалыптасуы. Ал Қазақ хандығы
тұсында, Ресей Империясының отарлау саясатының
нәтижесінде байланыстар үзілген еді. 1991 жылдың
желтоқсанында КСРО ыдырап, жаңа тәуелсіз
Қазақстан Республикасы дүниеге келді.[1]
Он сегізінші ғасырдың жасыны
жарқылдаған қазақ сахарасында Абылай армандап
өткен мұң- шерге толы он тоғызыншы ғасырда
Кенесарыны мерт еткен жаппай қырып-жоюдың қарсаңында
Бөкейханов межелеп кеткен асыл мұраттар өлген жоқ. Ол
арман-аңсардың барлығы да «Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы»
конституциялық заң қабылданған сол бір тарихи
күнде-1991 жылғы желтоқсанның 16- сында жүзеге
асты.[2]
Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін 1991
жылдың шілде айының 9-ы мен
16-сы аралығында Қазақстан Республикасының Президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басқаруымен
біздің республикамыздың мемлекеттік делегациясы
Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданы халықтық
үкіметінің шақыруы бойынша Қытай Халық
Республикасына барып, бірқатар маңызды мәселе шешеді. Сапар
барысында Н.Ә.Назарбаев Цзян Цземинмен кездесіп, достық пен тату
көршілікті нығайту біздің екі елдің мүделеррін
ғана емес, сондай-ақ Азияда, бүкіл дүниежүзінде
бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау және
нығайту ісіне қызмет ететіндігін
атап өтті. 1991 жылдың желтоқсан айында ҚХР
Сыртқы сауда министрі ЛИ Ланьцин мен Сыртқы істер министрінің
орынбасары Тянь Цзинпэй бастаған үкімет делегациясы
Қазақстанға танысу сапарымен келді. 1992 жылдың 3 қаңтарында
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы
ресми түрде дипломатиялық қатынас орнатты.[3]
Пекинде орналасқан ҚХР-дағы ҚР
елшілігінен басқа Қытайдың территориясында ҚР Бас
консульдіктер Гонконгта (2003 тамызынан) және Шанхайда (2005 мамырынан),
сондай-ақ СУАР-дың Үрімші қаласындағы
Төлқұжат-визалық қызметі (консульдік мекеменің
мәртебесінсіз, 1995 жылдың наурызынан) істейді. 1993
жылғы 18 қазанда және 1995 жылғы 11-14 қыркүйек
аралығында Президент Н. Назарбаев Қытайға ресми сапары болып,
онда келіссөздер нәтижесінде екі елдің мемлекет басшылары Қазақстан
Республикасы Қытай Халық Республикасымен арадағы достық
қарым-қатынасты одан әрі дамыту мен тереңдету
жөніндегі бірлескен декларацяға қол қойды.
1994 жылғы
26 сәуірде екі елдің мемлекеттік шекарасы туралы келісімге
қол қойылып, 1996 жылы межелеу аяқталды.
Қазақстан мен Қытай Шанхай ынтымақтастығы
ұйымы (ШЫҰ) шеңберінде байланысын күшейтті. Қытай
Азиядағы өзара әрекеттестік және сенім шаралары
жөніндегі үдерісті белсенді түрде қолдайды. Сонымен
қоса, пекин Астанамен бірлесіп Әлемдік және
дәстүрлі діндер сьезінің шешімдері аясында іс-шаралар
өткізеді. ҚХР Қазақстанның ДСҰ-ға
кіруі бастамасының қолданғандардың
алғашқыларының бірі болды. Қазақстанмен сауда
айналымында Қытай Ресейден кейін екінші орын алады. 2008 жылы ҚХР
мен Қазақстан Республикасы арасындағы тауар айырбасы 8 млрд.
АҚШ долларын құрады. Атасу-Алашанькоу мұнай
құбыры стратегиялы
маңызға ие. Ол Қазақстанға мұнай
экспортының бағыттарын әртараптандыруға мүмкіндік
береді және ҚР- ның транзиттік әлеуетін де
толығырақ пайдалануға жол ашты. Қазақстан мен
Қытай дипломатиялық қатынастарда энергетикалық
ынтымақтастықтың сауда-экономикалық та, саяси стратегиялық маңызы
зор. Мемлекеттер арасындағы екі жақты қарым қатынаста
басты басымдық сауда экономикалық ынтымақтастыққа
беріледі..
Екі жақты ынтымақтастықтан туған
саяси табыс Қытайдың Қазақстанға
қауіпсіздік кепілдік беруін (1995 жылдың ақпаны),
шекаралық мәселені толық реттеу (1999 жылдың 23
қарашасындағы Бірлескен коммюнике, 2002 жылдың 10 мамырындағы
Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасын демаркациялау туралы
Келісімшарт), 2001 жылдың 12 қыркүйегіндегі
Трансшекаралық өзендерді пайдалану мен қорғау
саласындағы ынтымақтастық туралы Келісімге қол
қойылуы, үкімет басшылары орынбасарларының деңгейінде
Ынтымақтастық жөніндегі Комитеттің
құрылуы.[4]
2005 жылдың сәуірінде ҚХР Елшілігі
ресми түрде Астанаға көшті. Қазақстан-Қытай
қатынастарының бір ерекшелігі-қол жеткен
уағдаластық пен қол қойылған келісімшарттарды
іске асырудың орнықты
нормативтік-құқықтық базасы мен
механизмінің жасалуында. Стратегиялық серіктестік орнату туралы
2005 жылдың 4 шілдесіндегі
Бірлескен декларация, 2002 жылдың 23 желтоқсанындағы тату
көршілік, достық және ынтымақтастық туралы
келісімшарт, 2003 жылдың 3
маусымындағы 2003-2008 жылдарға арналған
Ынтымақтастық Бағдарламасы және 2004
жылдың 2 шілдесінде құрылған
ынтымақтастық жөніндегі Комитет ҚР мен ҚХР
арасындағы стратегиялық серіктестіктің ұзақ
мерзімді тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.
Жоғары деңгейдегі саяси диалогтың
ұдайылық сипаты мәселелерді уақытында
талқылауға және әртүрлі салаларда
ынтымақтастықты одан әрі дамытудың жолдарын анықтауға
мүмкіндік береді. Әлемдегі екі жетекші, өскелең
мемлекеттер ретінде біздің елдеріміз арасындағы
қарым-қатынас қазірдің өзінде екі жақты
шеңберден шығып, маңызды стратегиялық мәнге ие
болып отыр. Бірінші кезекте, Қытай мен Қазақстан – шынайы
және сенімді саяси серіктестер. Саяси өзара сенім – бұл екі
жақты қарым-қатынастың басты басымдығы. Тараптар
шекара мәселесін толықтай шешті. Саяси салада да шешілмеген
мәселелер жоқ. Екінші жақтың түбегейлі мүдделеріне
қатысты маңызды мәселелерде де бір-бірін нық қолдаудан
танған емес. Біздің елдеріміздің көшбасшылары
тек тығыз жұмыс байланыстарын ғана емес, сондай-ақ
терең жеке достық байланыстарын да ұстанып келеді.
ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтао Қазақстанда жеті
мәрте болса, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан
Назарбаев сапармен, сондай-ақ халықаралық
конференцияларға қатысу үшін Қытайда 17 рет
болған. Бұған қоса, екі мемлекеттің басшылары
екі жақты негізде, сондай-ақ өңірлік және
халықаралық күн тәртібінің көкейкесті
мәселелері бойынша тұрақты түрде пікірлер алмасу
үшін түрлі халықаралық шараларда да жиі кездесіп
тұрады. Тараптар терроризм сияқты қазіргі заманның
қасіретімен күш біріктіре күресу мақсатында
БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК және басқа
көпқырлы пішіндерде өзара тиімді іс-қимыл танытып
келеді. 2010 жыл екіжақты қарым-қатынастарды дамытуда
үлкен маңызға ие жыл болды. Осы жылдың
алғашқы жартысында Президент Назарбаев пен Төраға Ху
Цзиньтао бір-бірімен сапарлар алмасып, екі жақты
қарым-қатынасты жаңа тарихи кезеңге шығаруға
алғышарт жасайтын жан-жақты стратегиялық әріптестік
құрып, дамытуға уағдаласты. [5]
Өзара сауда-экономикалық,
инфрақұрылымдық қатынас 2010 жылы 20,31 млрд.
долларға өскен. Нақтырақ айтсақ, бұл-60
еседен асқан дегенді көрсетеді. Бүгінде Қазақстан
ТМД елдерінің ішінде Қытайдың екінші сауда әріптесі
болып отыр. Екі мемлекет басшысы үстіміздегі 2015 жылы тауар айналымын 40
млрд. доллар деңгейіне жеткізу туралы мақсат қойған
болатын. Бүгінде Қытайда жүзеге асырылып жатқан 12-ші 5
жылдық жоспар көп басымдықтары бойынша Қазақстанды
дамытудың 2020 жылдарға дейінгі кезеңге арналған
стратегиясымен сәйкеседі. Алға көз тігетін болсақ,
елдеріміздің іскерлік ынтымақтастық әлеуеті әлі
де жоғары екенін көреміз және оның болашағы аса
зор екенін байқаймыз.
Қазақстан ашық теңізге шыға алмайын
құрлықтық ел екнін ескерсек, ал Қытай
Қазақстанның әлемге шығудағы үлкен
бір есігі болып табылады. Ең бірінші кезекте, Қытай мен
Қазақстан – шынайы және сенімді саяси серіктестер. Саяси
өзара сенім – бұл екі жақты қарым-қатынастың
басты басымдығы. Тараптар шекара мәселесін толықтай
шешті.Бүгінгі таңда саяси салада да шешілмеген мәселелер
жоқ. Екінші жақтың түбегейлі мүдделеріне
қатысты маңызды мәселелерде де бір-бірін нық қолдаудан
танған емес.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1 Бужеева.А.Б. Тәуелсіз
Қазақстан Республикасы мен Қытай мемлекеті арасындағы
алғашқы қарым-қатынастардың қалыптасуы мен
даму факторлары//ҚазҰУ хабаршысы.-Тарих сериясы.-№3(74).-2014.-188
б.
2 Назарбаев Н.Ә. Тарих
тағылымдары және қазіргі заман.-Алматы:
Қазақстан, 1997. -33 б.
3 Бужеева.А.Б. Тәуелсіз
Қазақстан Республикасы мен Қытай мемлекеті арасындағы
алғашқы қарым-қатынастардың қалыптасуы мен
даму факторлары//ҚазҰУ хабаршысы.-Тарих сериясы.-№3(74).-2014.-189
б.
4 Ермекбаев Н.Б., Қойшыбаев Г.Т., Лама Шариф К.К.
Қазақстан және әлем елдері. .-Алматы:
Қазақстан, 2007. -99 б.
5 Қазақстанның
жаңа тарихы: дағдарыстан шығу. .-Алматы:
Қазақстан, 2012. -190 б.