Жинақтаушы
зейнетақы
жүйесінің қалыптасуы және оны мемлекеттік
реттеу саясаты
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университетінің оқытушысы, э.ғ.к. Бекешева Д.А.
Қазақстан
Республикасының зейнетақы жүйесіне қатысы бар
халқына зейнетақыға шыққан соң өз
кірісінің деңгейі үшін жауапкершілікке ие болу қажет,
себебі олардың жеке зейнетақы шоттарында өздері
қалыптастырған жинақтар зейнетақы
төлемдерінің көзіне айналады.
Әрбір
азаматқа ерікті зейнетақы жарналары есебінен өз жинағын
арттыруға және соның арқасында еңбек жолын
аяқтаған соң өзіне көбірек кіріс
қамсыздандыру мүмкіндігі беріледі.
Мемлекеттік заң
шығарушы және атқарушы билік
органдарының
көмегімен азаматтарды әлеуметтік қорғау
мен зейнетақымен қамтамасыз ету бойынша нормативті – заңдық актілердің сақталуының
кепілі болуы керек,
өйткені ол бүкіл
қоғамның
мүддесін білдіруші ретінде
зейнетақыны
сақтандыруды
ұйымдастыруда
айтарлықтай орынды иеленеді
әлеуметтік
әріптестік негізінде зейнетақыны сақтандыру
субъектілерінің
мүдделерін
үйлестірудегі
мемлекеттің принципиялды рөлі
экономикалық
және
ұйымдастырушылық
құқықтық
тетіктерді
жасақтаудан тұрады. Ал
басқа
міндеттердің шешімі өзін - өзі реттеудің нарықтық
тетіктерінің еншісіне тиеді [1.54б.].
Мемлекет тұрғындардың табыстарын
қаржыландыру,
басқару мен реттеу
мәселелерінің кең ауқымын қамтиды,
және ол экономиканың нарықтық
жүйеге
трансформациялануы барысында зейнетақымен қамтамасыз
етуде маңызды (және
оңай емес) рөлді
ойнайды. Осы ретте,
елдің
қаржылық ресурстарының ауқымының және
қоғамдық
қорлардың
ақшаларын пайдалану мүмкіндігінің шектеулігі
себебінен,
тұрғындардың
әлеуметтік
сұранымдары мен оларды
қаржыландыру
көздері арасындағы тепе – теңдікті сақтау міндетті ең өткір
және маңызды мәселе. Мемлекеттің
зейнетақы
ақшаларын бөлу қоғамдағы пайда
болып жатқан қаржылық ресурстарының ауқымының өсуіне қарай мынадай сұранымдарды қанағаттандыруы
тиіс:
1)
тұрғындардың әлеуметтік
мәртебесі,
ұлттық, жас ерекшелігі
құрамына
және оның еңбекке қатысу
тәсіліне тәуелсіз өмір
сүрудің
төменгі
деңгейін
қамтамасыз ету;
2)
азаматтардың,
оның ішінде тұрғындардың еңбекке жарамсыз
топтарының
өмірлік
деңгейлерін
көтеру, бұл әлеуметтік бағдарланған
нарықтық
экономика жолын ұстанатын кез – келген
мемлекеттің
мақсаты болып табылады;
3)
тұрғындардың еңбекке
қатынастығы
және іс – керлік белсенділігін көтермелеу
негізінде әлеуметтік әділдікке қол жеткізу.
Осы ретті
мемлекеттің
және
заңдық
қағидаларды
атқарудағы
оның
жасақтайтын
тетіктерінің болуы қоғамдық дамудың объективті
сұранымдарына себепті болатындығын айта кету керек. Мемлекет тек
экономикалық
қатынастар мен олардың бағалық,
қаржылық,
несиелік және сақтандыру түрлерінің
объективті
қажеттілігін ескереді.
Егде
тартқан кездегі қамтамасыз етудің мемлекеттік бағдарламаларын жасақтаудағы табыстарды
мемлекеттік реттеудің негізгі
принциптері азаиаттар үшін
маңызды ақша құралдарын жинақтау, табыстарды
бөлу мен оларды
сақтандыру
функцияларымен байланысты.
Функция ретіндегі
ақша жинақтау қандай да бір адамға бөлініп
жатқан табыстарды оның
өмірінің
өне бойында теңестіруді көздейді
және көмектеседі. Адамдар
әлі еңбекке
жарамды және нақты
табыстары бар кезде,
қартайған
шағында өз сұранымдарын қанағаттандыруда
өз қолындағы табыстардан
артық тұтыну мүмкіндігіне ие болу үшін олар
ақшасының бір бөлігін жинақтайды.
Табыстарды бөлу
функциясы бір адамның өмір бойы тапқан табыстарын
басқа адамның пайдасына
бөлуді көздейді.
Сақтандыру кірістерді
аяқ астынан болатын
жағдайлардан,
мәселен
жинақтардың
жоғалуына әкелуі мүмкін экономикалық
дағдарыс,
инвестициялық
тәуекелдерге
байланысты, табыстарды қорғауды көздейді.
Қандай
да бір елдегі қарттарды қамтамасыз ету
бағдарламалары
үш функцияны да
орындауы тиіс, дегенмен
олардың
әрқайсысында
мемлекетке
әртүрлі рөл берілуі
керек. Осыдан, нарықтық елдерде
көптеген
қаржылық
және басқарушылық тетіктердің болуы тиістігі туралы
тұжырым келіп шығады. Басқаша
айтқанда,
нарықтық
экономикадағы
мемлекеттерде зейнеткерлерді қорғаудың әртүрлі жоспарларының арасындағы жауапкершілікті
қамтамассыз ету мен
бөлу
қажеттілігі туралы мәселе кеңінен
көтерілді.
Ғылыми экономикалық әдебиетте,
көбінесе,
шаруашылықты
жүргізудің
социалистік жүйесі жағдайында әлеуметтік
қамтамассыз ету тегін
болады, яғни еңбекке жарамсыз азаматтарды қамтамасыз ету еңбекті марапаттау
ретінде емес, керісінше
өз жарналары арқылы зейнетақылық
ресурстарды
жинақтауда
еңбеккерлердің
қандай да бір
қатысуынсыз, мемлекеттің есебінен
жүріп отырды деген
пікірлер айтылады.
Осы ретте
әлеуметтік
қамтамасыз
етудің негізгі формасы
ретінде зейнетақымен қамтамассыз етуде «тегін» элементінің мүлдем
болмайтындығын айта кету
керек, өйткені еңбекке жарамсыз
азаматтардың
сұранымдарын
қаржыландыру, салық төлеуші ретіндегі немесе еңбекақысының сақтандыру жарнасын
төлеуші ретіндегі еңбеккерлердің есебінен
құралатын
қорлармен
жүзеге асырылады [2.8б.].
Мемлекет өздігінен ештеңеден зейнетақымен
қамтамасыз ету қорларын құрмайды,
тек
тұрғындардың
табыстарын бөлу процесін
ғана ұйымдастырады. Ақша жетпей қалатын кезде,
қоғамдық
тұтыну қорларын әлеуметтік қамтамасыз ету мақсаттарына бөліп бере отырып,
мемлекет мемлекеттік бюджеттегі
қаржыларды
пайдаланады. Сондықтан зейнетақылық жүйенің дамуы
мемлекеттік
зейнетақылық
төлемдер арқылы жұмыскерлердің өмірлерін қамтамассыз
етуге негізделуі тарихи
қалыптасты.
Әміршіл
- әкімшілік экономикада саяси
және экономикалық орта
зейнеткерлік
жүйенің
тұрақты
жұмыс істеуіне мүмкіндік берді, өйткені жүйе
«ұрпақтардың
ауызбірлігі» принциптеріне негізделген
еді, ал жұмыс
істеп жатқан ұрпақтарының төлемдері өмір
сүріп отырған зейнеткерлерді асырау үшін толық
еді. Қартайған жаста
тұтыну үшін арналған ұлттық
өнімнің
уақытша босаған бөлігі, қоғам арқылы еңбекке жарамсыздардың
бүгінгі күндегі ұрпағына бағытталады. Ал нарықтық экономика
жағдайында,
орталықтандырылған
басқару мен зейнетақылық сфераны
нормандырудың
қалыптасқан
тәжірибесінен бас тарту
жүреді.
Қазақстандық экономист – ғалымдар «әлеуметтік қорғау
жүйелерін өзгерту жеке
экономикалық
өзгерістерден
гөрі көп уақыт
алады және мемлекеттен
үлкен кұш –
жігерді талап етеді, өйткені біздегі
әлеуметтік
төлемдердің
көп бөлігі өткен
жолымыздағы социалистік міндеттемелерімен байланысты, ал оны
қазір ешкімге арта
алмайсың» деп айтады.
1998
жылы «Қазақстан
Республикасындағы
зейнетақымен
қамтамасыз ету туралы»
Заңның
қабылдануымен,
республикада оның негізі
міндетті сипаттағы сақтандыру болып табылатын жинақтаушы зейнетақы
жүйесі басталды. Міндеттілік
элементтері мынадай жағдайлармен түсіндіріледі:
- мемлекеттің көмегі мен
қолдауына үміттеніп, қарттық жасқа
ақша жинамайтын азаматтардың тарапынан болатын «моральдық тәуекелден»
қоғамды
қорғау қажет;
- қарт жаста салымның жоқтығына
алып келетін, өзінің «алысты
көрмейтін жеңітек» жүріс – тұрысынан жұмыскерлерді қорғау қажет;
- өзіне қажетті барлық затты адам өзі
табуы тиіс, яғни
зейнетақы істеу арқылы бүкіл өмір
бойы жиналады дегенді
білдіретін
нарықтық
экономика принципін жүзеге асыру талап етіледі.
Дегенмен, мемлекет
азаматтарды жинақтаушы зейнетақы қорларына
зейнетақы жарнасын төлеуге міндеттей отырып, зейнетақылық активтердің сенімділігін,
олардың қызмет атқару мен жинақтау тетіктерін
түсіну үшін, қарапайымдылығы мен
ашықтығын
қамтамассыз етуі тиіс.
Жаңа зейнетақылық жүйенін керек уақытында болашақта күтілетін
зейнетақылық жинақ денгейін бере алу қабілеттілігі
– қорлардың өте маңызды қабілеті. Таяудағы
өткен жолымызда бұл қабілеттілікті мемлекеттік кепілдікпен
сәйкестендірді. Дегенмен
экономикалық өсім мен
жинақтан
тәуелді нәрсеге мемлекеттің кепілдік бере алмайтыны
анық. Ол тек
еңбекке жарамсыз азаматтардың материалдық
күтімін қамтамасыз
ететін ұйымдардың жұмыстарының үстінен тиімді бақылау жасауға ғана кепілдік бере
алады.
Зейнетақы жүйесін өзгертудегі
негізгі міндеті болып
еңбекке сәйкес зейнетақының берілуі
тиіс болғанымен, экономикалық артықшылықтар
ерекше назар аудартады.
Зейнетақы
жүйесін
өзгертудің
белгілі эффектілері ішкі
салымның өсімін, еңбек
рыногындағы
ақауларды жоюды және
осыдан келіп шығатын тұтас
алғанда экономика үшін
артықшылықтарымен
капитал рыногының дамуын
қамтиды.
Мемлекетік емес
зейнетақы
қорларының
жүйесінде мемлекет «ұрпақтардың ауызбірлігі» жүйесіне
қарағанда басқа
рөлді ойнайды. Бұл
рөл зейнетақы активтерінің жинақталуын
қамтамасыз ететін реттеу
мен қадағалау секілді
тетктерді орнатудан көрініс табады.
Азаматтардың егде
тартқан
жасындағы
сұранымдарын
қанағаттандыру
жауапкершілігін мемлекет біршама
дәрежеде азаматтардың
өздерімен
бөлісті. Одан бөлек, мемлекетпен
қатар зейнетақы төлемін үйымдастыру
мен тәртіпке жауапкершілікті бөлуді
жұмыс берушілер де,
және
жұмыскерлер де қамтамасыз етулері керек.
Әлемдегі бір де
бір мемлекет, тіпті
экономикалық
тұрғыдан
дамыған
мемлекеттердің
өздері, өз азаиаттарын
қатаң
шақтарында
күтімге алу міндеттемесін жалғыз
өзінің мойнына ала
алмайды.
Демек, зейнетақымен қамтамасыз
етудегі мемлекеттің рөлі,
олардың табыс табуына
және ақшасын жақсы
зейнетақыға
жинау мүмкіндігін беруден,
нақты деңгейдегі зейнетақыны жинай алмаған мүлдем жұмыс істей алмайтын
адамдарды
қамқорлығына
алу үшін қоғамның барлық мүшелеріне
жағдай туғызу міндеттемесін көрініс
табады. Соған сәйкес, мемлекет нарық жағдайында қоғамды
қажетті
зейнетақылық заңдарымен қамтамасыз етеді және оның
орындалуын бағалайды.
Тұтасынан алғанда, жинақтаушы
зейнетақы
жүйесіндегі
мемлекеттің
рөлін мынадай функцияларымен сипаттауға болады:
1) Әлеуметтік
– бұл функция зейнетақыны төлеу
мақсатында жинақталған активтердің сақталуын
қамтамасыз ету, алғашқы дәрігерлік көмекті
қамтамасыз етуден кем
соқпайтын
қоғамның
табанды талабы болып
табылады. Егер мемлекет
өз азаматтарына зейнетақы жинаған міндетті түрде
жасауды талап ететін
болса, мемлекеттің осындай
әлеуметтік функциясы күшейе түседі.
Зейнетақылық
бағдарламаларды
басқаруға
қатысу ерікті болып
табылатын елдердің өзінде, мемлекет
процестің
барлық
қатысушылардың
әрекеттерін
қатаң
бағылауда ұстайды. Мұндай бағылаудың
мақсаты – еңбек
етіп, бүкіл өмір
бойына
жинақтаған
жұмыскерге төлемдері бойынша
міндеттемелерін
орындауға кепілдік беруді
білдіреді;
2)
Саяси-зейнетақы
жүйесінің
дамуын үкімет құрамындағы өзгерістерден тәуелсіз қамтамасыз етуді білдіреді,
яғни зейнетақы жүйесінде сақтандыру мен ауызбірлік
принципі әрқашан жұмыс
істеуі керек және
қандай да бір
саяси өзгерістерден тәуелді болмауы тиіс;
3)
Экономикалық – азаматтардың
жинақталған
зейнетақы
жинақтары отандық экономикаға инвестициялауымен
байланысты. Мемлекеттік бюджет
тұрғысынан
жинақтар көп жағдайларда салық
салынғанға
дейін зейнетақы қорларына орналастырылады.
Яғни, зейнетақы қорларындағы төлемдерден кіріс салық алынады.
Ал бұл, салықтық түсімдер уақыт
тұрғысынан орташа алғанда бірнеше
онжылдықтарға
кейінге
қалдырылғандығын
білдіреді.
Мемлекет
экономикалық
функциясы табыстардың сипаты,
бағыттары мен реттеу
үрдістері бойынша, әрқашан қандай да бір экономиканың нақты – тарихи
ахуалымен, оның аймақтық және
ұлттық
өзіндік ерекшелігімен анықталады.
Демек,
зейнетақы
қорларындағы
ірі ақша көлемі елдің
экономикалық дамуы үшін
айтарлықтай стимул бола
алады. Осындай стимулдық болуы, өз кезегінде,
зейнетақы
қорларының
жұмыс істеу үлестері мен
инвестициялық
қызметіне
мемлекеттің
мүдделілігін
күшейте түседі.
Зейнетақымен қамтамасыз
етудің әлемдік тәжірибесі мемлекеттердің
зейнетақымен
қамтамасыз етудегі үш
мүмкін рөлі бар
екендігін көрсетті. Бұл
ең біріншіден:
1)
Бекітілген табыстың күнкөріс деңгейімен байланысты, негізгі зейнетақыны барлығы
үшін бірдей ставкада
беру. Ол өмір
сүру көздерін тексергеннен кейін беріле алады
немесе барлығына бірдей
төлене алады.
2)
Басқа көздерден түсетін табыспен
айқындалатын,
қосымша
зейнетақы. Мемлекет бір
де бір заматтың
зейнеткерлікке
шыққаннан кейін нақты
соммадан кем зейнетақы алмайтындығын
кепілдендіреді, және зейнетақы арасындағы
айырмашылықты кез –
келген жеке қордан орнын толтырады.
Ол іс жүзінде
мемлекеттік емес қамтамасыз етуді кепілдендіреді.
3)
Барлығы үшін бірдей
ставкадағы негізгі зейнетақы, және
оған қосымша, жарналық төлем мен еңбек
стажымен анықталатын зейнетақы.
Демек,
жинақтаушы
зейнетақы қоры онда
әрекет ететін ортаны
анықтауда мемлекет басты
рөл ойнайды, яғни
осы мағынада бүкіл
зейнетақы
жүйесінің кепілі болып
табылады.
Мемлекет
экономикалық
функциясы табыстардың сипаты,
бағыттары мен реттеу
үрдістері бойынша, әрқашан қандай да бір экономиканың нақты – тарихи
ахуалымен, оның аймақтық және
ұлттық өзіндік ерекшелігімен анықталады.
Қорыта келе, айтатынымыз, мемлекет өтпелі экономика кезіндегі зейнетақы активтері мен жинақтарын реттеудегі
экономикалық
рөлін, дамыған нарықтық экономикадағы мемлекеттің экономикалық
рөлімен салыстыра отырып,
шешуге болмайды. Қазақстанның орталықтандырылған жоспарлы
экономикадан, әлеуметтік қамтамасыз етудің
барлық жүйелерін түбірлі тұрғыда
өзгертуді керек ететін
нарықтық
экономикаға
өтуінің
трансформациялық
кезеңінде, бұл проблема
шет елдердің практикасында кездеспейтін
қосымша белгілерге ие
болады.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен
қамсыздандыру туралы» заң жобасы / 2013 жылдың 16 мамыр/
2.
«Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық Кодексі) 2013ж.