БЮДЖЕТКЕ
ТҮСЕТІН ТІКЕЛЕЙ САЛЫҚТАРДЫҢ
ТӨЛЕНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік
университеті, Тараз қ.
э.ғ.к., доцент А.Ш.Молдабекова
Салықтар - өте
көп қырлы, мемлекеттің даму кезеңдері өзгерген
сайын нақтыландырылатын, ұдайы жүзеге асырылатын міндетті
ақшалай төлем болып табылады.
Салықтардың
функциялары экономикалық табиғаты мен заңи мән - жайына
қарай мемлекет кірісін бөлу және қайта бөлу
құралы алпатында мемлекеттің салықтық
қызметінің негізгі бағыттарында пайдаланылатын
салықтардың тек өзіне тән
экономикалық-құқықтық қасиеттері
ретінде көрініс табады.
Экономиканың
қазіргі даму мүмкіндіктерін есепке ала отырып мемлекеттік
қажеттіліктерге сай айқындалған салықтардың
функциялары мемлекет белгілеген бағыт бойынша іске асырылады.
Экономикалық категория
ретінде салықтың функцияларына:/1/
1) фискальдық функцияны;
2) бөлуші функцияны;
3) реттеуші функцияны;
4) бақылаушы функцияны;
5) жеңілдік беруші
функцияны жатқызуға болады.
Салықтарды
топтастыру олардың айырмашылықтары мен
ұқсастықтарын
белгілеуге септігін
тигізеді, саны жағынан шамалы
топтарға бөлу арқылы олардың
ғылыми зерделенуін
және практикада қолданылуын жеңілдетуді
көздейді.
Салықтарды топтастырудың кейбір
негіздеріне:
1) алыну тәсілдері бойынша;
2) салық салу субъектілері
бойынша;
3) салық салу объектілері
бойынша;
4) кірісіне салықтық
түсімдер (төлемдер)
есептелінетін бюджет
деңгейі бойынша;
5) салықты енгізудің
мақсат-бағдары бойынша;
6) салықтық түсімдерге деген салықтық құқықтарын пайдалану арқылы бойынша;
7) салықтық төлемдерді
төлеу көздері
бойынша сияқты қағидалар жатады.
Мәселен, салық
салу субъектілері бойынша: заңды тұлғалардан алынатын салықтар; жеке тұлғалардан алынатын салықтар; салықтық түсімдерге деген салықтық құқықтарын пайдалану деңгейі бойынша;
өздеріне тұрақты берілген
(бекітілген) салықтар; банктерге (салаларға, проценттерге) бөлу арқылы
белгіленетін (берілетін) реттеуші
салықтар болып
бөлінеді.
Республикалық бюджет –
бұл түсімдер мен бюджет
тапшылығын қаржыландыру
(профицитті пайдалану) есебінен қалыптастырылатын және
өзіне Қазақстан
Республикасының
Конституциясы мен заңнамалық актілер
жүктеген міндеттерді жүзеге асыру үшін Үкімет анықтайтын республикалық бюджет
бағдарламаларын
қаржыландыруға
арналған
Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген орталықтандырылған ақша қоры.
Қазақстан
Республикасының «Бюджет Кодексі» заңына сәйкес республикалық бюджетке түсетін түсімдер мыналарды
қамтиды:
1) республикалық
бюджеттің кірістерін, олар мыналардан тұрады:
а) салықтар, алымдар және басқа да міндетті
төлемдердің
түсімдерін (корпорациялық табыс салығы, қосылған құнға
салынатын салық; жер
қойнауын
пайдаланушылардың
арнаулы төлемдері мен
салықтары; әкелетін
тауарларға салынатын кеден
бажы, әкелетін тауарларға
баж салығы және басқа салықтар, алымдар мен төлемдер);
ә) салыққа жатпайтын
түсімдерден
(республикалық
мемлекеттік кәсіпорындар
пайдасының
үлесі; Ұлттық
банк кірісінен алынатын түсім; Үкіметтің
депозиттері бойынша алынған
сыйақылар (мүдделер);
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге тиесілі мүліктерді сатудан түсетін
түсімдер; республикалық меншік болып табылатын
акциялар бумаларына түсетін дивидендтер, мемлекеттік
лотереялардан алынатын кірістер (жергілікті өкілді органдарының шешімі бойынша өткізілетін лотереялардан
алынатын кірістерді қоспағанда); жер
қойнауы туралы ақпаратты пайдалануға бергені
үшін төлемдер; республикалық бюджеттен
кредиттер берілуі
үшін алынған сыйақылар (мүдделер);
республикалық меншікті
мүлікті жалға беруден алынатын
түсімдер;
тәркіленген
мүлікті, белгіленген
тәртіппен
республикалық меншікке өтеусіз өткен
мүлікті сатудан
алынатын түсімдер;
Қазақстан Республикасы
азаматтарының
төлқұжаттары
мен жеке куәліктер бергені үшін төлем; мемлекетке өткен мүлікті; заңсыз алынған мүлікті өз еркімен
тапсырудан немесе оны
өндіріп алудан намесе
мемлекеттік функцияларды орындауға уәжілетті
тұлғаларға
немесе оларға теңестірілген тұлғаларға заңсыз көрсетілетін
қызметтердің
құнын
өндіріп алудан алынатын
салалардың
түсімдері; өнімдерді
лицензиясыз жеткені үшін
төленетін
айыппұл сомаларының түсімдері; лицензиялық тәртіп белгіленген казино,
татализаторлар мен ойын
бизнесі қызметтерінен алынған кірістерді
қоспағанда, өзіне
лицензиялық
тәртіп белгіленген лицензиясыз
қызметтен алынған кірістерден
түсетін түсімдер;
атқарушы санкция; басқа да
салыққа
жатпайтын түсімдер;
б) Капиталмен жүргізілетін
операциялардан алынатын кірістерден; мемлекеттік резервтерден алынған
тауарлар үшін берешекте
өтеуден және мемлекеттік
қордан астық сатудан
алынатын түсімдерден;
2) Мына
төмендегілердің
алынған ресми трансферттерді (гранттарды):
- заңды және
жеке
тұлғалардан
немесе шет мемлекеттерден;
- бюджеттік алымдардан;
3) республикалық бюджеттен
бұрын берілген кредиттер
бойынша негізгі борышты
өтеуден тұрады.
Қазақстан Республикасы
Бюджет кодексіне сәйкес мына салықтар республикалық бюджетке
түседі;/2/
1.
Заңды
тұлғалардан алынатын корпорациялық табыс салығы;
2.
Қазақстан Республикасы аумағында
орындалған жұмыстарға және көрсетілген
қызметтерге,сондай-ақ Қазақстан Республикасы
аумағына импортталынатын тауарларға салынатын қосылған
құн салығы:
3.
Импортталынатын тауарларға және газ конденсатын
қоса алғанда шикі мұнайға салынатын акциздер;
4.
Жер қойнауы пайдаланушылар
төлейтін үстеме пайда салығы;
5.
Экспортталатын шикі
мұнайға салынатын рента салығы Республикалық
бюджеттің тұрақты бекітілген кірістерігн құрайды.
1-кесте Жамбыл облысы бойынша
республикалық бюджет кірісіне түсетін тікелей салықтардың түсімі
мың.тг
|
р/с |
Көрсеткіштер |
2012 жылы |
2013 жылы |
Ауытқуы (+,-) |
|||
|
Нақты түсім сомасы |
Үлес салмағы % |
Нақты түсім сомасы |
Үлес салмағы % |
Нақты түсім сомасы |
Үлес салмағы % |
||
|
1 |
Салықтық түсімдер мен алымдар |
9445528 |
98,0 |
11795605 |
98,1 |
2350077 |
0,1 |
|
1.1. |
Корпорациялық табыс салығы |
1182218 |
12,2 |
870298 |
7,2 |
-311920 |
-5 |
|
1.2. |
Қосымша құн салығы |
7046141 |
73,1 |
9671832 |
80,4 |
2625691 |
7,3 |
|
1.3 |
Акциз салығы |
1023846 |
10,6 |
1067888 |
8,8 |
44042 |
-1,8 |
|
1.4. |
Басқа да салықтар |
416 |
0,1 |
1 |
- |
-415 |
-0,1 |
|
1.5. |
Алынатын міндетті төлемдер мен алымдар |
192907 |
2,0 |
185585 |
1,7 |
-7322 |
-0,3 |
|
Республикалық бюджет |
9637914 |
100,0 |
12023646 |
100,0 |
2385732 |
- |
|
Кестедегі
берілген мәліметтер бойынша республикалық бюджет
түсімдеріндегі 2012-2013 жылдар
аралығындағы салықтық түсімдер 98,05 пайызды
құраған, оның ішінде: корпарациялық табыс
салығы 9,7 пайызды; қосымша құн салығы 76,75
пайызды; акциз салығы 9,7 пайызды; алынаттын міндетті төлемдер мен
алымдар 1,85 пайызды құраған. Жергілікті бюджет - бұл ұлттық табысты
аумақтық тұрғыда бөлуге мүмкіндік жасайтын
және билік пен басқарудың жергілікті органдардың
қаржы базасын жасауды қамтамасыз ететін экономикалық
қатынастардың жиынтығы.
Жергілікті бюджеттерді
қалыптастыру мен пайдалану өндіріс пен айырбасқа
қатысушылар арасындағы, атап айтқанда кәсіпорындар мен
мемлекет арасындағы, меншіктің барлық нысандарындағы
макроэкономикалық өндірістік және өндірістік емес
салаларының кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелері
арасындағы, бюджет жүйесінің буындары арасындағы,
мемлекет пен халық арасындағы қоғамдық өнім
құнының қозғалысын білдіреді.
Жергілікті бюджеттерге билік
пен басқарудың жергілікті органдарының сан қырлы
қызметінің негізгі қаржы базасы бола отырып, олардың
экономикалық дербестігін нығайтады, шаруашылық қызметін
мамандандырады, ведомстваға қаржы аумақтарда оларға
деген инфрақұрылымды дамытуға, аумақтың
экономикалық әулетін кеңейтуге, қаржы
ресурстарының резервтерін ашып, пайдалануға мүмкіндік
жасайды.
Жергілікті бюджетке
түсетін түсімдер мыналардан тұрады:
1.Жергілікті
бюджеттердің кірістерін-салықтардың, алымдардың
және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдердің түсімдерін, салыққа жатпайтын
түсімдерді және капиталмен жүргізілетін операциялардан
түсетін кірістерді-коммуналдық меншік обьектілерін
жекешелендіруден, аймақтардың өзін-өзі қамтамасыз
ету үшін сатып алатын астықты өткізуден және жер
учаскелерін және тұрақты жер пайдалану
құқығын сатудан түсетін түсімдерді;
2. Жеке және
заңды тұлғалардан немесе шетелдік
мемлекеттерден,жоғарғы немесе төменгі бюджеттерден
алынған ресми трансферттерді;
3. Бұрын жергілікті бюджеттердден берілген кредиттер
бойынша негізгі борышты өтеуді қамтиды. Жамбыл обылысы бойынша
жергілікті бюджеттің кірісіне түсетін түсімдерді 2-кестеде
қарастырамыз.
2-кесте- Жамбыл облысы бойынша
бюджетке түсетін тікелей
салықтардың
түсімі
мың.тг
|
р/с |
Көрсет кіштер |
2012 жыл |
2013 жыл |
Нақты түсім-дердің ауытқуы
(+,-) |
||||
|
Жоспар |
Нақты түсім |
Ауыт- қуы (+,-) |
Болжам |
Нақты түсім |
Ауыт- қуы (+,-) |
|||
|
1 |
Корпораиялық табыс салығы |
899558 |
1182218 |
282660 |
824318 |
870298 |
45980 |
-311920 |
|
2 |
Жеке
табыс салығы |
2257358 |
2332385 |
75027 |
2738728 |
2844233 |
105505 |
511848 |
|
3 |
Әлеуметтік салық |
5685770 |
5285702 |
-400068 |
5984422 |
6125084 |
140662 |
839382 |
|
4 |
Жер салығы |
193691 |
176052 |
-17639 |
160843 |
182005 |
21162 |
5953 |
|
5 |
Мүлікке салынатын салық |
1208131 |
1371687 |
163556 |
1297302 |
1384178 |
86876 |
12491 |
|
6 |
Көлік салығы |
202537 |
205652 |
3115 |
221971 |
226856 |
4885 |
21204 |
|
|
Жиыны |
10447045 |
10553696 |
106651 |
9943255,2 |
11632654 |
1689398,8 |
1078958 |
Жамбыл обылысы бойынша тікелей
салықтардың 2012-2013 жылдар аралығында нақты түсімі 1078958 мың
теңгеге артқан.,себебі; ол
жеке табыс салығының 511848 мың теңгеге; әлеуметтік салықтың 839382
мың теңгеге; жер салығының 5953 мың
теңгеге; мүлікке салынатын салықтың 12491 мың
теңгеге; көлік салығының 21204 мың теңгеге
салықтардың артуына байланысты болған.
Жалпы жұмысты қорыта келе мынандай
ұсыныстарым бар:
1. Шаруашылық субъектілердің табысына
салынатын тікелей салықтың мөлшерін алдын-ала
жоспарланғанда - шаруашылық
субъектілердің
өсімін сату мүмкіншілігін бағалау;
2.
Экономикамыздың
тұрақталуына
байланысты - тікелей
салықтың
мөлшерін әлі де болса
төмендету.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.Құлпыбаев С., Мельников
В.Д., Қаржы негіздері: Оқулық.-Алматы IEM, 2009.-670 б
2.Молдабекова А.Ш., Қаржы,
ақша айналымы және несие: Оқу құралы.-Алматы:
«Үш Қиян» 2012.-516 б