Кизимбаева А
КГУТИ имени Ш.Есенова
ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИСТІК САЛАНЫ
ДАМЫТУДЫҢ ПАЙЫМЫ
Туристік ұсыныс.
Әлемдік экономиканың қазіргі даму жағдайында туризм
саласы жетекші және серпінді дамып келе жатқан салалардың
бірі болып табылады. Бүкіләлемдік туристік ұйым деректері
бойынша туризм тауар мен қызмет көрсетулердің (7,4 %)
әлемдік экспортында тек автокөлік, химия және отын
өнімдерінінің экспортына жол бере отырып, төртінші орынды
иеленеді. Ал кіріс жағынан бұл сала әлемде мұнай
өндіру өнеркәсібі мен машина жасаудан кейін үшінші
орынды иеленді.
Қазақстан бай
туристік-рекреациялық мүмкіндіктерге ие бола отырып,
туризмнің жеткілікті деңгейде дамымауымен сипатталады. Туризм
үлесі жалпы ішкі өнімде шамамен 0,3 %-ды ғана
құрайды. 2011 жылы туристік қызметтен кіріс көлемі
145,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2008 жылғыдан 2
есе артық (77,6 млрд. теңге). Республика бюджетіне төленген
салық 20,6 млрд. теңгені құрады, саладағы туристік
қызметпен шұғылданатындар саны 158700 адамды
құрады.
2012 жылғы қаңтар-қыркүйекте
туристік қызметтен түскен кірістер көлемі 91,8 млрд.
теңгені құрады, бұл 2011 жылғы
қаңтар-қыркүйекке қарағанда 11,5 % (82,3
млрд. теңге) артық. Туристік ұйымдар мен орналастыру
орындарында жұмыс істейтіндер саны 26 940 адамды
құрады.
2011 жылы елде 1715 туристік ұйым
жұмыс істеді және туристік фирмалар 630,6 мың адамға
қызмет көрсетті, бұл алдыңғы жылмен
салыстырғанда 29,6 %-ға артық (2010 жылға 486,5 мың
адам). Туристік қызметтің құрылымында ішкі туризм 32,2
%, кіру туризмі – 5,7 %, сыртқа шығушылар туризмі – 62,1 %
құраған. Егер осы көрсеткіштерді 2010 жылғы
деректермен салыстырсақ, онда сыртқа шығушылар
туризмінің 56,4 %-дан 62,1 %-ға дейін ұлғаюы, ішкі
туризмнің туристерге қызмет көрсетудің жалпы
құрылымында 35,4 %-дан 32,2 %-ға азайғаны
байқалады.
2012 жылғы
қаңтар-қыркүйекте елде 1 950 туристік ұйым
жұмыс істеді және туристік фирмалар 494,1 мың адамға
қызмет көрсетті, бұл 2011 жылғы сәйкес
кезеңдегі көрсеткіштен 10,6 % (446,5 мың адам) артық.
Туристік қызмет құрылымында ішкі туризм 18,6 %-ды, кіру
туризмі – 31,4 %-ды, шығу туризмі – 50 %-ды құраған.
Егер осы көрсеткіштерді 2011 жылғы
қаңтар-қыркүйек айларындағы деректермен
салыстырсақ, онда сыртқа шығушылар туризмнің 43,7 %-дан
50 %-ға дейін ұлғаюы, ішкі туризмнің туристерге
қызмет көрсетудің жалпы құрылымында 28 %-дан 18,6
%-ға азаюы байқалады.
Қазақстанға келетін туристік
ағындарды талдау республиканың шетел туристері үшін тиісті
деңгейде тартымды емес екенін көрсетеді, осыған байланысты
елімізге келетін туристер саны дағдарысқа дейінгі
көрсеткіштерден айтарлықтай артта қалып отыр.
Қазақстанның туристік
өнімінің бірегейлігіне қарамастан, бәсекеге
қабілеттілігі жеткіліксіз және шетелдік аналогтарға
қарағанда, қызмет көрсетудің
қолжетімділігі, туристік қызметтердің деңгейі мен
бағасы жағынан ұтылып отыр.
2011 жылғы жағдай бойынша
Қазақстанда 1642 орналастыру орындарында 81015 төсек-орын
болды, бұл 2010 жылға қарағанда 6,5 %
төсек-орынға артық. Төсек орындарды жалпы орналастыру
орындарының санының 63,5 %-ын қонақ үйлер
құрады, олардың 27,0 %-ы – санаты бар қонақ
үйлер және 36,5 % – санаты жоқ қонақ үйлер.
Орналасу орындарының 40,5 % негізгі бөлігі Алматы – 17,1 %, Астана
– 9,6 % қалаларында шоғырланған, сондай-ақ оларға
жақын Алматы және Ақмола облыстары тиісінше 6,6 % және
7,2 %. Шығыс Қазақстан облысында 19,7 %,
Қарағандыда – 11,7 %, Павлодарда – 6,2 % және
республиканың басқа да облыстарында 21,9 % орналасу орындары
шоғырланған.
Сыйымдылығы 29584 төсек-орын болатын
873 қонақ үйлер төсек-орындарының 57,5 %-ын
құрайтыны және санаты жоқ екенін атап өткен
жөн. Санаты бар, сыйымдылығы 213 қонақ үйде
төсек-орындардың жалпы санынан 42,5 %-ын құрайтын 21
882 төсек-орын, олардың көпшілігі төсек-орындар 4*
санатты – 35,6 %, 3* – 29,3 %, және 5* – 19,5 % қонақ
үйде шоғырланған, қонақ үй
төсек–орындарының 15,6 %-ы 2* және 1* санатты
қонақ үйлерге тиесілі.
2012 жылғы
қаңтар-қыркүйектегі жағдай бойынша
Қазақстанда сыйымдылығы 82 435 төсек-орын болатын 1 484
төсек-орындық орналастыру орны жұмыс істеді, бұл 2011
жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 1,4
% төсек-орынға артық. Төсек-орындардың жалпы
санының 61,1 %-ын, 27,0 %-ы санаты бар қонақ үйлер
және 34,1 %-ы санаты жоқ қонақ үйлер, ал 38,9
%-ын басқа да орналастыру орындары құрады.
Төмендегіні ескерсек, 2011 жылы Қазақстан
Республикасында орналасу орындарында нөмірлік қор
жүктемесінің орташа коэффициенті 24,0 %-ды құрады (2010
жылмен салыстырғанда 20,3 %):
қонақ үйлерде көрсеткіш
30,5 %-ды құрады. (39,0 %-ы –санатты қонақ
үйлерде және 24,3 %-ы санаты жоқ қонақ үйде),
бұл ретте толымдылықтың ең жоғарғы
деңгейі 5* санатты қонақ үйлерде (49,5 %), ең
төменгі деңгей 1* қонақ үйлерде - 21,9 %
тіркелген;
басқа орналасу орындарында бұл
көрсеткіш 12,5 %-ды құрады.
2012 жылғы
қаңтар-қыркүйекте сыйымдылығы 28 140
төсек-орын болатын 838 қонақ үй қонақ
үйлердегі жалпы төсек-орындар санының 34,1 %-ын
құрады және олардың санаттары жоқ. Санаты бар,
сыйымдылығы 22 199 төсек-орындық, қонақ
үйдегі төсек-орындардың жалпы санының 27 %-ын
құрайтын 214 қонақ үй бар, олардың
көпшілігі 4 * санатты қонақ үйлерге - 32,5 %, 3 *
санатты - 31,3 %, және 5 * санатты қонақ үйлерге - 19,2
% шоғырландырылған. 2* және 1* санатты қонақ
үйлерге қонақ үйдегі жалпы төсек-орындар
санының 17 %-ы тиесілі.
Нөмірлік қор
жүктемесінің жоғарғы коэффициенті Маңғыстау
– 88,4 % және Атырау облыстарында - 47,8 %-ды құрайды.
Ең төменгі коэффициент Солтүстік Қазақстан - 11,6
%-ды және Алматы облыстарында - 8,4 %-ды құрайды. Астана
және Алматы қалаларында тіркелген нөмірлік қор
жүктемесінің орташа деңгейі тиісінше 31,1 %-ды және
26,8 %-ды құрайды.
2012 жылғы
қаңтар-қыркүйекте Қазақстан Республикасында
орналасу орындарында нөмірлік қор жүктемесінің
коэффициенті 26,1 %-ды құрады (2011 жылғы
қаңтар-қыркүйектегі 22,0 %-бен салыстырғанда),
оның ішінде:
қонақ үйлердегі
көрсеткіш 36,6 % (38,1 %-ы санаты бар қонақ үйлерде,
және 29,0 %-ы санатсыз қонақ үйлерде), бұл ретте
толымдылықтың ең жоғары деңгейі 5* санатты
қонақ үйлерде (48,1 %), ең төменгі деңгей
1* санатты қонақ үйлерде (29,2 %) тіркелді;
басқа орналасу орындарында бұл
көрсеткіш 14,0 %-ды құрады.
Астана және Алматы қалалары ең
маңызды туристік орталықтар болып табылады, онда
халықаралық стандарттарға сай келетін орналастыру
орындарының неғұрлым көпшілігі шоғырланған.
Аталған қалалардан тысқары орналасқан орналастыру
орындары халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келмейді
және негізінен қазақстандық туристерге
бағытталған. Ірі қалаларда 3* және 4* санаттағы
қонақ үйлер тапшы.
Қазақстандық туристік
нарықта халықаралық қонақ үй
брендтерінің қатысу деңгейінің төмен екені
байқалады. Барлық халықаралық қонақ
үй компаниялары төрт бизнес-дестинацияларда: Астана, Алматы,
Атырау, Ақтау қалаларында орналасқан.
Қонақ үйлер
қызметтерінің деңгейі жоғары орналасу орындарында
тұру бағасы өзге елдердегі жетекші туристік
дестинацияларға ұқсас қонақ үйлердегілерге
қарағанда, айтарлықтай жоғары. Астана және Алматы
қалаларында 5* санатты халықаралық бренд қонақ
үйлерінде нөмірдің құны Еуропаға
қарағанда 2-3 есе жоғары. Басқа орналасу орындарындағы
қызмет бағалары – пансионатта, туристік базаларда, кемпингте,
келушілерге арналған жатақханаларда және басқаларында
айтарлықтай төмен.
Жоғарылатылған бағалар
орналастыру орындарының төмен толтырылуына, бәсекелес
ортаның жетіспеушілігіне және бизнес-туристерден күшті
тәуелділікке байланысты. Ұсынылатын қонақ үйлер
қызметтерін қоса алғанда, туристік қызметтер шектеулі
сервиспен ұсынылады және әлсіз реттелген.
Тұру және әуе билеттеріне
жоғары бағалар Қазақстанға тур бағасын
едәуір арттыратынын және тиісінше халықаралық нарықтағы
баға бойынша оның бәсекеге қабілеттілігін
төмендететінін атап өткен жөн.
Орналастыру орындарының, оның ішінде
қонақ үйлердің, пансионаттардың,
үйлердің және демалыс базаларының, сондай-ақ
шипажай-курорттық мекемелердің материалдық базасы физикалық
тозуының жоғары деңгейімен сипатталады. Бүгінгі
күні көптеген қонақ үйлерде санаттың
болмауына байланысты туристер үшін тұратын орындарында
ұсынылатын қызметтер сапасы халықаралық
талаптарға сәйкес келмейді.
Туристік ұсыныстардың жалпы
деңгейі төмен күйінде қалып отыр, бұл туристік
өнімдер дамуының жеткіліксіз деңгейіне және туристерге
арналған мамандандырылған қызметтердің және жайлы
жағдайлардың жетіспеуіне байланысты. Бұл
визит-орталықтарының болуына, туристік дестинациялардағы
белгілер мен көрсеткіштерді орнатуға және т.б. қатысты.
Қазақстандағы ішкі және
сырттан келуші туризміне сұраныстың артуы 2000 жылдан бастап 2007
жылға дейінгі кезеңде қарқынды түрде өсті,
кейіннен экономикалық дағдарысқа байланысты 2008 және
2009 жылдары төмендеуі байқалды. Экономиканың қайта
қалпына келуімен туризмге сұраныстың 2010 жылы
жаңғыртылды және 2011 жылы туристік келудің саны 11,7
%-ға артып рекордтық деңгейге жетті, түнеу саны 2010
жылға қарағанда 25,9 %-ға артты:
2000 жылғы 43 298 келушіден 2011 жылы 2
845 832 келушіге дейін өсті, жылдық өсу қарқыны
17 %;
2000 жылғы 1 250649 түнеулер санынан
2011 жылы 7 085 020-ға дейін көтерілді, жылдық өсу
қарқыны 25,9 %.
Ішкі туризм нарығында бүгінде
қалыптасқан жағдайды төмендегі факторлар сипаттайды:
Қазақстанда туристік қызмет көрсетулерге арналған
сұраныс азаматтардың материалдық мүмкіндіктерімен
шектеледі, жайлылықтың жеткілікті деңгейін қамтитын
демалыс базалары санының аздығы. Ішкі нарық туроператорлары
мен еліміздің шипажай-курорттық кешені кәсіпорындарының
қарым-қатынасында мүдделердің келіспеушілігі
қазақстандық азаматтар қажеттіліктерін
қанағаттандырмауға әкеп соқтырады.
2011 жылы туристік келу құрылымы
мынадай көрсеткіштермен сипатталды:
орналасу объектілерінің типтері бойынша:
келушілердің 88,1 %-ы қонақ үйлерге,
(келушілердің 45,8 %-ы санатты қонақ үйлерге және
42,3 %-ы санатсыз қонақ үйлерге) және
келушілердің 11,9 %-ы басқа жерлерге орналасқан;
өңірлер бойынша: тіркелген
келушілердің 46,1 %-ы, оның ішінде Астана 18,0 % және Алматы
қалаларында 17,6 %, сондай-ақ 5,7 % Ақмола, 4,8 % Алматы
облыстарында тіркелген. Шығыс Қазақстан облысында - 12,5 %,
Қарағанды - 7,8 %, Атырау - 7,5 %, Маңғыстау - 5,2 % және
басқа да облыстарда 20,9 % келуші тіркелген;
шыққан елдер бойынша: 79,5 %-ы
қазақстандық келушілер, 4,8 %-ы Ресей Федерациясынан
келушілер, 2,4 %-ы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия
Біріккен Корольдігінен келушілер, 1,6 %-ы Америка Құрама
Штаттарынан келушілер, 1,4 %-ы Түркия Республикасынан келушілер, 1,3 %-ы
Италия Республикасынан келушілер, 0,9 %-ы Қытай Халық
Республикасынан келушілер, 0,9 %-ы Германия Федеративтік Республикасынан
келушілер, 0,8 %-ы Нидерланд Корольдігінен келушілер және басқа
елдерден келушілер саны 6,4 %;
сапарға шығу мақсаттары бойынша:
іскерлік және кәсіптік – 69,6 %, демалыс, бос уақыт
және рекреация – 25,0 %, достары мен туыстарына бару – 3,0 %, басқа
мақсаттарда – 2,4 %. Қазақстандық келушілердің
(30,7 %) демалыс және рекреация мақсатында саяхатқа
шыққанын, ал бұл уақытта шетелдік келушілер
республикаға тек іскерлік және кәсіптік мақсаттарда
(93,2 %) келгенін атап өту қажет.
Жоғарыда атап көрсетілгендей,
Қазақстандағы туризм негізінен жергілікті
халыққа, сондай-ақ, шетелдік резиденттердің іскерлік
және кәсіптік іссапарларына сүйенеді.
2011 жылы Қазақстанға келген
барлық шетелдік резиденттердің жалпы саны 5 685 132-ні
құрады, бұл 2010 жылға қарағанда 20,6
%-ға артық. Шетелдік резиденттердің көпшілігі
көршілес үш елден: Өзбекстан Республикасынан (34,0 %),
Қырғыз Республикасынан (27,1 %) және Ресей Федерациясынан
(23,7 %) келген. Олардың келуінің негізгі себебі жеке (76,9 %)
және транзиттік сапарлар (17,0 %), ал іскерлік туризм мен бос уақыт
және рекреакция мақсатында 6,1 %-ы ғана келген.
Республикаға шет елден келушілердің көпшілігі отбасыларында
немесе достарында тоқтайды, бір күнге де келіп кетеді (бір
күндік келушілер). Өзбекстан Республикасы және
Қырғыз Республикасынан келетіндердің көпшілігі еңбек
мигранттары болып табылады.
Сыртқа шығушылар туризмі бойынша келушілер
саны 2011 жылы 8 020 400 құрады, бұл 2010 жылға
қарағанда 8,2 %-ға көп. Сыртқа шығушылар
туризмінің мұндай көлемі елдің төлем балансында
теріс туристік сальдоның қалыптасуына ықпал етеді (422 млн.
АҚШ долларынан көп). Қазақстан Түркия
Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Біріккен Араб
Әмірліктері, Тайланд сияқты елдерге «туристік донор» болып
қалып отыр, бұларда туризм индустриясы қарқынды даму,
жаңа жұмыс орындарын құру және төлемдік
баланс құрылымы жақсарып, халықтың
әл-ауқаты арту үстінде.
Қазақстандық туристердің
сыртқа шығушылар туризміне сұранысы
Қазақстандағы туристік дестинациялар мен орналастыру
объектілерінің бизнес үлесін жоғалтуды білдіреді.
Сондықтан, республикада туризмнің сапалы дамуы арқылы
қазір шетелде демалып жатқан жергілікті туристердің белгілі
бір саны туризмге жұмсалатын шығындарды ел шегінде қалдыра
отырып, қазақстандық туристік дестинацияларды таңдайды
деп болжауға болады.
Халықты жұмыспен қамтамасыз
ету үшін бәсекеге қабілетті дамыған туристік
индустрияны құру, мемлекет кірісінің тұрақты
өсуін және сырттан келушілер және ішкі туризмнің
көлемдерін ұлғайту есебінен халықтың да кірісін
көбейту тиісті инвестицияларсыз мүмкін емес.
Туризм саласындағы негізгі капиталға
инвестициялар 2010 жылы 143,7 млрд. теңгені, 2011 жылы 178,9 млрд.
теңгені құрады. Салалардағы негізгі капиталға
инвестициялардың, тауарлар өндіретін және көрсететін
қызметтердің өсу үрдісі бар екенін атап өткен жөн.
Туризм дамуының негізгі экономикалық
көрсеткіштерінің өзгерісін талдай келе,
Қазақстандық туризмнің әлеуеті толық іске
асырылмай отыр деген қорытындыға келуге болады, өйткені
туристік саланың дамуы туристік қызметтегі
қазақстандық және шетелдік азаматтардың
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін
көліктік-логистикалық жүйенің қажетті
инфрақұрылымын, оның ішінде, Мемлекеттік шекарадан
өткізу пункттерін (автомобильдік, авиациялық, теміржол) қайта
жөндеуден өткізуді ескере отырып, кең мүмкіндікті
қамтамасыз ете алатын қазіргі заманғы бәсекеге
қабілетті туристік кешенді құруға тікелей байланысты.
Туристік кешенді құру еліміздің экономикасының дамуына
– бюджетке салықтық түсім есебінен едәуір үлес
қосады, шетелдік валютаның құйылуы, жұмыс
орындары санының артуы есебінен, сондай-ақ мәдени және
табиғи мұраның сақталуын және оны тиімді пайдаланылуына
бақылауды қамтамасыз етеді.
1.
Браймер Р.А. Основы управления в индустрии гостеприимства,
Москва, 1995 г.
2.
Папирян
Г.А. Экономика туризма, Москва: Финансы и статистика,
1998 г.
3.
Зорин
И.В. и др. Менеджмент туризма, Москва, 1996 г.
4.
Сапрунова
В. Туризм: эволюция, структура, маркетинг, Москва,
1997 г.
5.
Борисова
Ю.Н., Гаранин Н.И., Забаев Ю.В., Сеселкин А.И.
Экономика туризма: учебное пособие,- Москва: 1996 г.
6.
Азар
В.И. Экономика и организация международного туризма,
Москва: Экономика, 1996 г.
7.
Алтынбаев
Б.А., Смыкова М.Р. Экономика и организация туризма.
Алматы, 1999 г.