Банктің қаржылық жағдайын жетілдіру жолдары

 

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушысы, э.ғ.к. Бекешева Д.А.

 

Халықаралық нарықта қаржы ресурстарын тартуға қатысты айтатын болсақ, қазақстандық банктерге бұл ең алдымен халықаралық рейтинг агенттіктерінің қысқа және ұзақ мерзімді несиелік рейтингін алу үшін қажет.

Қазақстанда қолданылатын банктерге арналған соңғы шектеуді қарастырудың маңызы зор. Әлемдік практикада банк өзі жеткізгісі келетін кірістілік деңгейіне және тиісінше жол берілетін тәуекелдер деңгейімен сәйкес меншік инвестицияларының құралдарын өзі белгілейтіні белгілі. Банк өз инвестицияларының сенімділігіне сенімді болғанда ғана нақты құралды пайдалана бастайды. Банк үшін жаңа құралдарға және инвестициялық салаларға салымдар банктер арасындағы өршіп келе жатқан бәсеке нәтижесінде ғана салынады.

Нарықтық практикаға қарамастан Ұлттық Банк банктердің несие қоржынының 10% мөлшерін шағын бизнесті несиелеуге пайдалану туралы міндеттемесі – мемлекет оның көмегімен шағын бизнеске инвестициялардың келуін және осымен өндіріс деңгейін тиісінше арттыруға сенім артатын өкімдік шектеу болып табылады.

Екінші жағынан, Қазақстанда бизнес ахуалы қалыптаспаған, сонымен бірге жоғары салықтар, жемқорлық, алаяқтық практикасы дамыған, кәсіпкерлер арасында менеджменттің жеткілікті деңгейге жетпеу, пайыздық ставкалардың жоғары деңгейі жағдайында – осы шектеу коммерциялық банктердің тәуекелдерін одан әрі ушықтырады.

Банктер осы жағдайда шағын бизнесті несиелей ме? Бұған сену екіталай, шамадан тыс тәуекелге шалдығудан гөрі банктер осыдан жалтару үшін түрлі қулыққа баратын болар.

Мемлекет осы жағдайда елімізде бизнес-ахуал құру арқылы тамаша нәтижелерге жете алар еді. Атап айтқанда, ол үшін салықтарды төмендетіп, инфляцияның төмен қарқынын және тиісінше пайыздық ставкалардың сақтау  бизнес жүргізу үшін қажетті ресми құжаттар мен шектеулердің санын азайту, яғни шетелдік және отандық кәсіпкерлерді теңестіру, сондай-ақ кәсіпкерлердің менеджмент деңгейін арттыру үшін оларды оқытуды ұйымдастыру қажет.

Сонымен бірге, несиелеу кезінде тәуекелдерді шектеудің маңызды әдістерінің бірі банктердің кепілзатқа құқығымен қатар банк тәуекелдерін төмендетудің тағы бір механизмі бар.

Әлемдік практикада бірыңғай мүлік тізбесі институты бар. Мәселен 1997 жылы Украинада банк несиелерін алу кезінде кепілзат ретінде пайдаланылған жылжитын мүліктің орталықтандырылған тізбесін енгізу туралы заң жобасы ұсынылды. Осы тізбені құрудағы мақсат – несиелер бойынша банк тәуекелдерін төмендету және олардың пайыздық ставкаларын төмендету. Пайыздық ставкалардың деңгейі жоғары болуынан қайтарыл­майтын несиелердің деңгейі де жоғары болады. Украина нұсқасындағы тізбе мемлекеттік ұйым болуы және оның ақылы қызметтері де барынша төмен болуы мүмкін [1. 23 б.].

Осындай тізбе құрылған жағдайда, коммерциялық банк несие берер алдында кепілзатқа ұсынылып отырған мүлік басқа банктер тарапынан кепілдік құқықтан бос екеніне көз жеткізе алар еді.

Казақстанда осыған ұқсас тізбе құру мәселесі әлі талқыланған жоқ, алайда несиелер бойынша пайыздық ставкалардың жоғары болуы және қайтарылмаған несиелердің жоғары пайызы осы мәселенің ең басымды ретінде қаралуын қажет етеді.

Қарастыруды қажет ететін келесі мәселе – Ұлттық Банк жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін жақсарту жолдары.

Қазақстандық банк жүйесінің шетелдік банктерден айырмашылығы – көрсетілетін қызметтер аясының тарлығы. Мәселен, Қазақстандық банктер практикасында қолданылатын тек дәстүрлі құралдар банктерге қойылатын талаптарға жауап бермейді.

Мысалы, қазіргі таңда Қазақстан банктерінің қызметтер тізімінде жедел операциялар жоқ. Ал, әлемдік практикада жедел қызметтер клиенттерге арналған міндетті қызмет болып табылатынын атап өту қажет. Қазақстанда біршама ірі банктер құрылса, олар осы операцияларды өз практикасына енгізуге тура келеді. Олар осыны неғұрлым жылдам орындаса, нарықта бәсекеге қабілетті жайғасымдарға жайғаса алады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1 Ә.Д.Шелекбай, Н.А.Әлмереков. «Банк ісіндегі тәуекел-менеджмент: теориясы, әлемдік практика, Қазақстан тәжірибесі» // Оқу құралы. Алматы: «Экономика», 2007

2 Б.И. Лисак «Основные методы оценки и управления риском ликвидности в банках» //Банки Казахстана, 2006.