Экономические
науки/Финансовые отношение
Кусаева
Н.С.
Қорқыт
Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, «Қаржы»
кафедрасының оқытушысы, экономика магистрі
Сақтандыру компаниясының
бәсекелестік ортадағы қызметін талдау («НОМАД иншуранс»
Сақтандыру компаниясы» АҚ мәліметтері негізінде)
Сақтандыру компаниялары меншік формасына,
ұйымдастырушылық-құқықтық формасына
және ішкі құрылымына байланыссыз қызметінің
мақсаты сақтандыру операцияларын орындау болып табылатын,
шаруашылық құрылым. Олар құру тәртібі мен
қызметі арнайы заңмен бақыланатын заңды
тұлғалар.
Сақтандыру компаниялары өз қызметін
бәсекелестік, ұсынылатын қызмет көлемі мен сапасын,
бағасы мен жүктелетін сақтандыру міндетін орындау
сенімділігін салыстыру жағдайында
жүзеге асырады [1].
Сақтандыру саласы кәсіпкерлік
қызметтің барлық салалар тиімділігін көтеруге
ықпал ететін инфрақұрылым. Бұл Қазақстанда
сақтандырудың барлық түрлерін дамыту маңыздылығын
анықтайды. Менің ойымша, біздің елімізде сақтандыруды
дамыту сақтандыру нарығын ұйымдастыру және
сақтандырушылар қызметін заңмен бақылау бойынша
көп жылдық тәжірибесі бар өндірістік дамыған
елдердің тәжірибесін оқып және таразылап
қолдануға негізделуі керек.
Елде сақтандыру нарығы
болу үшін міндетті шарттар – сақтандыру қызметіне деген
сұраныстың болуы, сақтандыру қызметіне деген
қажеттілікті қанағаттандыратын сақтандырушылардың
болуы.
Енді Қазақстанның
сақтандыру нарығының құрылымына талдау жасаймыз (1-кесте)
[2].
Кесте 1
Қазақстан Республикасы сақтандыру
нарығының құрылымы
|
Атауы |
2011 жыл |
2012 жыл |
2013 жыл |
|
Сақтандыру
ұйымдарының саны |
38 |
35 |
34 |
|
оның ішінде
өмірді сақтандыру бойынша |
7 |
7 |
7 |
|
Сақтандыру
брокерлерінің саны |
14 |
13 |
14 |
|
Актуарийлердің
саны |
85 |
82 |
72 |
|
«Сақтандыру
төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ-ның
қатысушысы болып табылатын сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымдарының саны |
33 |
31 |
30 |
Қазақстанда сақтандыру қызметін жүзеге
асырып отырған сақтандыру ұйымдарының жалпы саны 2011
жылы 38 болса, кейінгі жылдары олардың саны азайып, 2013 жылы 34-ті
құрады. Оның ішінде талданып отырған кезеңдерде 7
өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары бар.
Талданып отырған кезеңдерде «Сақтандыру төлемдеріне
кепілдік беру қоры» АҚ-ның қатысушысы болып табылатын
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының саны
2011 жылғы 33-тен 2013 жылы 30-ды құрап отыр.
«НОМАД иншуранс» сақтандыру
компаниясы» акционерлік қоғамы 2004 жылдың қаңтарында
құрылған. Компанияның акционері – Мыңбаев А.С.,
ол «НОМАД иншуранс» СК» АҚ акцияларының 100%-ын иеленеді.

Сурет 1. «НОМАД иншуранс» сақтандыру
компаниясының активтерінің динамикасы, млрд. теңге
Компания
заңды және жеке тұлғалардың барлық
санаттарына сақтандыру шешімдерінің кең шоғырын
ұсынады, сондай-ақ қазақстандық және
шетелдік сақтандыру ұйымдарының тәуекелдерін
сақтандыруға береді және қабылдайды.
Енді «НОМАД иншуранс» сақтандыру компаниясының
қызметіне талдау жасаймыз. Келесі суретте компанияның
активтерінің жиынтық көлемінің динамикасы бейнеленген
(1-сурет).
Суреттен көріп отырғанымыздай, сақтандыру
компаниясының активтерінің жиынтық көлемі біршама
өскен. Егер активтер жиынтығы 2011 жылы 9,5 млрд. теңге
көлемінде болса, 2012 жылы олардың көлемі 3,5 млрд.
теңгеге артып, 13,0 млрд. теңгені құраған. Ал
2013 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 8,2 млрд. теңгеге, 2012 жылмен
салыстырғанда 4,7 млрд. теңгеге ұлғайып, 17,7 млрд.
теңгені құрады.
Енді «НОМАД иншуранс» сақтандыру компаниясының
міндеттемелеріне талдау жасаймыз. Келесі суретте сақтандыру
компаниясының міндеттемелері жиынтығының динамикасы
бейнеленген (2-сурет).

Сурет 2. «НОМАД иншуранс» сақтандыру
компаниясының міндеттемелерінің динамикасы, млрд. теңге
Сақтандыру компаниясының міндеттемелеріне талдау жасайтын
болсақ, 2011 жылы міндеттемелер 6,6 млрд. теңге көлемінде
болса, 2012 жылы міндеттемелер 2,3 млрд. теңгеге артып, 8,9 млрд.
теңгені құрап отыр. Ал 2013 жылы 2011 жылмен
салыстырғанда 6,1 млрд. теңге, 2012 жылмен салыстырғанда 3,8
млрд. теңге көлемінде өсім орын алып, міндеттемелер 12,7
млрд. теңгеге тең болған.
Енді келесі сурет мәліметтері негізінде сақтандыру
компаниясының капиталына талдау жасаймыз (3-сурет).

Сурет 3. «НОМАД иншуранс» сақтандыру
компаниясының жиынтық капиталының динамикасы, млрд.
теңге
Есепті кезеңде сақтандыру
компаниясының жиынтық капиталының көлемі біршама
артқан. Егер 2011 жылы капитал көлемі 2,9 млрд. теңгені
құраса, 2012 жылы 1,2 млрд. теңгеге ұлғайып, 4,1
млрд. теңгені құраған. Ал 2013 жылы 2011 жылмен
салыстырғанда 2,1 млрд. теңгеге, 2012 жылмен салыстырғанда
0,9 млрд. теңгеге ұлғайып, 5,0 млрд. теңгені
құраған.
Сақтандыру компаниясының капиталының
құрамында жарғылық капитал көлемі 2011 жылы
2 085 млн. теңге көлемінде болса, 2011 және 2012 жылдары
жарғылық капитал көлемі күрт азайып, 405,0 млн.
теңгені құраған.
Келесі суретте «НОМАД иншуранс» Сақтандыру
компаниясының сақтандыру сыйлықақылары мен
сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша
шығыстарының таза көлемдерінің динамикасы бейнеленген
(4-сурет).

Сурет 4. Сақтандыру сыйлықақылары
мен сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша шығыстардың
таза көлемінің динамикасы, млрд. теңге
Суреттен көріп отырғанымыздай, сақтандыру
компаниясының сақтандыру сыйлықақыларының таза
сомасының көлемі талданып отырған кезеңдерде азайып
отырған. Атап көрсетсек, 2011 жылы аталмыш көрсеткіш 9,4
млрд.теңге көлемінде болса, 2012 жылы 2,1 млрд. теңгеге
азайып, 7,3 млрд. теңгені құраған. Ал 2013 жылы 2011
жылмен салыстырғанда 4,5 млрд. теңгеге, 2012 жылмен
салыстырғанда 2,4 млрд. теңгеге азайып, 4,9 млрд. теңгені
құраған. Ал сақтандыру төлемдерін жүзеге
асыру бойынша таза шығыстардың көлемі керісінше талданып
отырған кезеңдерде өскен. Яғни, 2011 жылы 0,6 млрд.
теңге, 2012 жылы 1,3 млрд. теңге және 2014 жылы 1,2 млрд.
теңге болған.
Суреттен байқап отырғанымыздай, сәйкесінше
сақтандыру сыйлықалыраның таза сомасы мен сақтандыру
төлемдерін жүзеге асыру бойынша таза шағыстардың
арасындағы айырмашылық көлемі азайған. Аталмыш
көрсеткіш табыстылығын білдіреді. Ол 2011 жылы 8,8 млрд.
теңгені, 2012 жылы 6,0 млрд. теңгені және 2013 жылы 3,7 млрд.
теңгені құрап отыр. Бұл әрине талдап
отырған сақтандыру компаниясының табыстылығына
әсерін тигізіп отыр [3].
Сонымен бірге компанияның жарғылық капиталы мен
бөлінбеген пайда көлемі де азайған. Осы орайда, «НОМАД
иншуранс» сақтандыру компаниясының бәсекелестік
ортадағы қызметін жетілдіру бойынша жұмыстар жасау
қажеттілігі туындап отыр.
Осы
орайда теориялық зерттеулер мен талдаулар негізінде келесі
мәселелерді жүзеге асыру ұсынылады:
Жеке
сақтандыруды дамыту мәселелері;
Өзара
сақтандыруды дамыту;
Халықтың
сақтандыру мәдениетін көтеру;
Кадрлық әлеуетті дайындау;
Ұлттық сақтандыру нарығының
бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін біріншіден мемлекет
тарапынан қолдау керек, екіншіден сақтандыру компанияларын
пулдарға, сақтандыру холдингтеріне біріктірудің нақты
іс-әрекеттері қажет. Сондықтан да осы сала мамандарының
қайта сақтандыру мәселелерін сақтандыру пулдарын
құру және салықтық механизм арқылы шешу
керек деген пікірлермен келісу қажет. Бірақ бұл ұлттық
сақтандыру нарығын қайта сақтандыру
компанияларының қаржы тұрақтылығын нығайту
жолымен қорғау керек екендігін жоққа шығару емес.
Бұл жерде мәселені шешудің екі бағыты көрсетіліп
отыр. Біріншісі-ұлттық қайта сақтандыру компанияларын
құру, екіншісі- сақтандыру пулдарын құру.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1.
Жуйриков К.,
Назарчук И., Жуйриков Р. «Страхование: теория, практика, зарубежный опыт». –
А.: ОФ «Бис», 2000
2.
Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің сақтандыру
секторының ағымдағы жағдайы туралы
есебі//www.nationalbank.kz
3.
«НОМАД Иншуранс»
Сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының
қаржылық есептіліктері