э.ғ.к. Бермухамедова Г.Б.

Қазақстан Республикасы, Ақтау қаласы, Ш. Есенов атындағы Каспий  мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті

НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

 

Инновациялық экономика құру - ел келешегінің дамуындағы ең басты бағыттардың және міндетті шарттардың бірі. Соңғы жылдары инновациялық саясатты қалыптастыруға деген ұмтылыс маңызды мәселеге айналды. Бизнес, ғылым мен білім және мемлекетаралық қарым-қатынас механизмі бар ұлттық инновациялық тиімді жүйе құрған жерлерде ғана жалпы ішкі өнімнің ғылыми ауқымының аз ғана уақытта айтарлықтай өсіміне қол жеткізуге болады. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары ғылыми-технологиялық дамудың стратегиялық маңызды бағыттарындағы зерттеу жұмыстары күрт қысқарды, кәсіпорындардың инновациялық қарқыны төмендеді. Президент Жарлығымен 2003-2005 жылдар аралығына Қазақстанда индустриялық-инновациялық даму стратегиясы қабылданғаннан кейін ғана жағдай жөнделе басталды. Үкімет ұлттық инновациялық жүйенің 2015 жылға дейін дамуы мен қалыптасуы жөніндегі бағдарламасын мақұлдады [1].

Индустриялық-инновациялық стратегияны енгізудің тиімді тәсілдерінің бірі – бұл  бір аумақта орналасқан және түпкі өнім өндіру шеңберінде  өзара технологиялық байланысқа ие болған кәсіпорындардың интеграциялануы мен кооперациялануы осы салаға материалдық, қаржылық және санатерлік ресурстар құйылуының қуатты факторлары болып табылады. Экономиканы дамытудың мұндай инновациялық тәсілі кластер принципін пайдалану негізінде жүзеге асырылады және оның мақсаты интеграцияға кіруші кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату болып табылады.

Инновациялық факторларды өндіріске  енгізу арқылы жалпы ішкі өнім көлемін тез қарқынмен дамыту мүмкіндігі пайда болады және бұл факторлар ел экономикасының дамуын экстенсивті бағыттан, интенсивті бағытқа бет бұруға жағдай жасайды [4].  

Экономиканы дамытуды теңгерiлiмдiк негiзде, аймақтың жалпы түсiмдегi жартылай шикiзат құрамын кезең-кезеңге бөлiп, жоғары технологиялық өнiмге, оның iшiнде экспорттық өнiмдерге ауыстыру және өңірлік ғылыми-техникалық мүмкiндiктердi тиiмдi пайдалану арқылы экономиканы өсiру «Қазақстан–2050» стратегиясының ең өзектi басымдылықтарының бiрi болып табылады.

Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы аясындағы шикізат экспортын жандандыру және өңдеу өнеркәсібіне кең ауқымды инвестиция тарту индустриалық-инновациялық даму Стратегиясының маңызды міндеті болып табылады [2].

Өңір экономикасының сипаттамалық ерекшелiгi оның технологиялық даму және инновациялық әлеуеттер салалары деңгейлерiнiң өзара едәуір алшақтығы болып отыр. Индустриялық-инновациялық даму Бағдарламасы ғылым мен техниканың үздік жетiстiктерiн пайдалану негізінде экономика салаларын әртараптандыру арқылы және дамудың шикiзаттық бағытынан шегiну арқылы облыстың ұзақ мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық дамуына бiрегей аймақтық саясат жүргiзуге және қалыптастыруға бағытталған.

Өңірлік Бағдарламаның негiзгi мақсаты өнеркәсiп орындарының импорталмастыратын және бәсекеге лайық өнiмдерiн өндiру тиiмдiлiгiн көтеру мен тұрақтандыру және облыстың индустриялық-инновациялық әрi қарай дамуы үшiн жағдай жасау болып табылады.

Инвестициялық-инновациялық жобалардың жүзеге асырылуы өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі өңдеу өнеркәсібі көлемінің үлесінің артуына әсер етеді.

Индустриялық-инновациялық қызметті басқару мақсаты - жаңа ойларды қолдау, бастама көтеру, оларды бақылау, инновациялық өнімді нарыққа шығаруға жағдай жасау болып табылады.

Инновациялық қызметтің дамуы ең алдымен, ғылыми – техникалық ақпараттанумен өзара байланысты, сондықтан  кез – келген мекемеде, оқу орындарында ақпараттық – технологиялық орталықтар жұмыс істеуі керек. Инновациялық қызмет негізінде ғылыми – техникалық прогресс жатыр. Ғылым мен техника адам өмірінің дамуымен қатар жүреді. Елімізде осы мәселені өркендету мен дамыту барысында көптеген заңдық–құқықтық актілерге қол қойылды, алайда бұл қабылданған құжаттар оны жүзеге асыру және орындау талаптарымен үндеспей жатыр, осы олқылықтың орнын толтыру шарт. Ол үшін жаңа кредиттік технология осы саясатты әрі қарай дамыту мақсатында жүзеге асырылуы тиіс [3].

Қазіргі таңда кез-келген бір кәсіпорынның немесе фирманың инновацияға деген көзқарасы өте маңызды болып табылады. Сондықтан да нарықтық экономика жағдайындағы бәсекелестік көптеген жағдайда инновациялық қызметтерді талап етеді. Жалпы инновациялық қызмет ролінің маңыздылығын талдау мақсатында инвестицияның берген анықтамасы мен оның механизмін зерттеу болып табылады. Мұның ішінде келесі талдау бағыттары қарастырылады:

- мәселелердің негізделген құрылымдық идеясын талдау;

- ұйымның рационалды құрылымын талдау;

- ұйым басшысының инновациялық жоба басшылығын, олардың командаларының кәсіби шеберлігін талдау;

- ұйымның ақпараттық қамтамасыз сапасын талдау;

- ғылыми тұрғыда келу және қазіргі менеджмент әдістерін жобалауда қолданылатын сәйкестікті талдау;

- ұйымның бәсекелестік мүмкіндігін қолдануды талдау;

- инновация және жаңалық портфелі құрылымын талдау (сатып алынатын жаңалық, ұйымға ендіруге арналған жаңалық, жинақтауға арналған жаңалық, жеке жасалған жаңалық, сатуға арналған жаңалық);

- жоба экспертизасының сапасын талдау;

- ұйымның инновациялық қызмет тиімділігінің есеп көрсеткішінің сапасын талдау;

- инновациялық қызметтің ынталандыру жүйесін талдау;

Ұйымның инновациялық қызмет тиімділігін, рөлін талдауды келесі принциптерді сақтай отырып іс-жүзіне асыру керек:

- диалектика (жүйелікпен келу, динамикалықпен келу). Қажеттілік және кездейсоқтық ашу принципі, бірлік және қарама-қарсылықты күрес принципі, өту принципі, жоқты жоққа шығару принципі;

- талдау мен жинақтау бірлігі;

- ранжирлеу;

- баламалы нұсқаулардың сәйкестігін қамтамасыз ету;

- оперативтілік;

- сандық анықтамалылығы және т.б.

Талдау әдістері: салыстыру, балансты, индексті, факторлық және т.б.

Инновация бұл – экономикалық категория. Категория бойынша инновация жаңа енгізудің жалпы және маңызды қасиеттерін, себептерін, қатынасын көрсетеді. Категорияның маңызы оның функцияларында көрінеді. Экономикалық категорияның функциясы оның ішкі құбылысын нақты түрде енгізеді. Инновацияның функциялары оның экономикалық жүйедегі көрінісін және де шаруашылық үрдісіндегі рөлін көрсетеді.

Инновация жаңа өнім немесе операцияға (технология, үрдіс) салынған капиталдың пайда болған нарық көрсеткіші болып табылады. Сатуға дайын инновацияны іске қосарда, «ақша-инновация» айырбасы жүзеге асырылады. Осындай айырбастың нәтижесінде кәсіпкермен алынған ақша мүліктері, біріншіден, инновацияны құру және сату шығынын жабады; екіншіден, инновацияны жүзеге асырудың нәтижесінде пайда түседі; үшіншіден, жаңа инновацияларды құруға үлкен бір ынта (стимул) береді; төртіншіден, жаңа инновациялық үрдістің қаржыландыру қайнар көзі болып табылады. Осыларды қарастыра отырып, инновацияның үш функциясын көрсетуге болады:

өндірістік;

- инвестициялық;

- ынталандырушы;

Өндірістік функция мынаны білдіреді: яғни, инновация кең өрістің маңызды қайнар көзі болып табылатынын көрсетеді.

Нарықта сатылған инновациялардан түсетін ақшалай түсім қаржылық ресурстардың қайнар көзі және де инновациялық үрдістің эффектілік мөлшеріндегі қызметін жасайтын қызметкерлік пайданы құрайды. Қызметкерлік пайда сауда-өндірістік, инвестициялық, инновациялық және қаржылық істердің көлемін кеңейтуге бағытталуы мүмкін. Пайданың қолдану бағыттары «Шаруашылық субьект ақша ағымының жоспарында» көрсетіледі. Осылайша, инновациядан пайда көру және оны қаржылық ресурстардың қайнар көзі ретінде қолдану өндірістік функцияның инновациясын құрайды.

Инновацияны өткізу нәтижесінде түскен пайда әрбір бағытта қолдануы мүмкін, соның ішінде капиталдың қызметінде. Капитал пайда көру үшін алынатын ақша болып табылады. Бұл капитал бүкіл инвестициялардың  қаржыландыруы немесе белгілі бір инновацияның жаңа түрлері үшін  қолданылатын инновация пайдасы инновацияның инвестициялық функциясын құрайды.

Инновацияны енгізу нәтижесінде кәсіпкердің алатын пайдасы кез-келген коммерциялық шаруашылық субьект мақсатының функциясына тікелей сәйкес келеді. Бұл құбылыс кәсіпкердің жаңа инновацияларға стимул ретінде қызмет атқарады; әрқашанда оған сұранысты үйренуге, маркетингтік істерді жүргізуді ынталандыруға, қаржылық басқарудың жаңа қасиеттерін қолдануға (реинжиниринг, брэнд-стратегия, бенчмаркинг және т.б.) қызуғышылық тудырады [5].  

Кәсіпкерліктің инновациялық қызметі – бұл жаңа немесе өнімнің жақсаруы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуметтік шаралар жүйесі. Бұл жеке сұранысты, сонымен қатар жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның мұқтажын қанағаттандыруы үшін пайдаланылады.

Инновацияның екі тұрпаты ажыратылады:

- өнімділік;

- үрдістік.

Жаңа өнімді өндіріске енгізу инновацияның түбегейлі өнімділігі ретінде анықталады. Мұндай жаңалықтар негізінде жаңа технологияға негізделеді, не тіршілікте қолданылып жүрген технологияның жаңа түрінде пайдалануын ұштастырады.

Процестік инновация – бұл жаңалықты енгізу немесе өндіріс тәсілін және технологияны едәуір жетілдіру, жабдықтарды және өндірісті ұйымдастыруды өзгерту. Жаңалық дәрежедегі инновация негізінде жаңа, яғни өткен, отандық және шетелдік тәжірибеде ұқсастығы жоқ және жаңа нәрсенің салыстырмалы жаңалығы болып ұсақталады. Негізінде өнімнің жаңа түрлері, технологиясы және қызмет көрсетуі басымдық, абсолюттік жаңалықтарға ие болады және үлгінің түп нұсқасы болып табылады. Инновацияның өмірлік кезеңі өзара байланысты процестердің және жаңалықтарды енгізу сатысының жиынтығын көрсетеді. Инновацияның өмірлік кезеңі уақыт аралығы ретінде идеяның дүниеге келуінен өндірістік өткізуден алып  тастағанға дейінгі инновациялық өнімнің негізінде анықталады [6].

Кәсіпкерліктің инновациялық қызметін әзірлеуде, енгізуде, жаңалықтарды пайдалануда қосылатындары:

- жаңалық идеяны әзірлеу, зертханалық ғылыми жұмыстар, өнімнің жаңа зертханалық үлшілерін, техниканың жаңа түрлерін, жаңа конструкцияны және бұйымдарды дайындауда ғылыми-зерттеу және конструкциялық жұмыстарды жүргізу;

- өнімнің жаңа түрлерін дайындау үшін шикізаттар мен материалдардың қажетті түрлерін таңдап алу;

- жаңа өнімді дайындауда технологиялық процесті әзірлеу;

- қажетті өнімдерді дайындау үшін жобалау, жасау, сынақтан өткізу және жаңа техниканың үлгілерін енгізу;

- жаңалықтарды іс жүзіне асыруға бағытталған ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдерді әзірлеу және енгізу;

- қажетті ақпараттық ресурстарды және инновацияны ақпаратпен қамтамасыз етуді зерттеу және әзірлеу;

- қажетті ғылыми – зерттеу және конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін дайындау, оқыту, жаңа мамандық беру және қызметкерлерді арнайы әдіспен іріктеу;

- лицензиялау, патенттеу, ноу-хау жұмыстарын жүргізу немесе қажетті

құжаттарды алу;

- инновацияны жетілдіруді ұйымдастыру және маркетингтік зерттеулерді жүргізу болып табылады [7].

Қорытындылай келе, елімізде индустриялы-инновациялық дамуды жетілдіру үшін төмендегідей шараларды атқарылуы қажет: елдегі инновациялық-инновациялық саясатты жүзеге асыруда келесідей күштерді қалыптастыру және нығайту; мемлекеттік мекемелердің қызметін индустриялы-инновациялық дамудың мақсаттарына сәйкес қайта құру. Бұл – білім, ғылым, қаржы, фискалдық және тарифтік саясатты жетілдіруді қажет етеді; индустриялы – инновациялы дамуды халық арасында насихаттау; отандық өнімдердің халықаралық Нарықтарда бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін әлемдік стандарттар мен сертификаттарға көшу; инновациялық қызметке мемлекеттік қолдау көрсету, шағын инновациялық бизнесті ынталандыру.   

         Сол себепті экономика салаларын жаһандану үдерісіне сәйкестендіре дамытуға, экономиканың шикізат экспортына тәуелділігін төмендетуге және әлемдік нарықта сапалы бәсекеге қабілетті өнім ұсынысына  бағытталған сервистік-технологиялық экономикаға өтуге жағдай жасау керек.

 

ӘДЕБИЕТТЕР:

 

  1. Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2010 жыл.
  2. «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы. Қаңтар,2011жыл.
  3. Аубакиров Я. А «Экономикалық теория» - 2004ж. Алматы, 135 бет
  4. Курс предпринимательства В. Я. Горфинкель, В.А. Швандер – М.2007 г. «Экономика».  
  5. Тургинбаева С.А. Менеджмент в малом бизнесе. Алматы. 2000г.
  6.  Баймұратов О. Национальная экономическая система. – Алматы: Атамұра, 2001. –С.192
  7. Ахметгалиев Б. 10 лет: Казахстан и интеграция. – Алматы: Атамұра, 2001. – С.192