Елдеева Динара Кенжебайқызы

Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжі,Қызылорда

Студенттердің ақпараттық-мәдени көзқарасын жетілдіру мәселелері

 

Бүгінгі таңда басты  мәселелерді ақпараттық технологиялар көмегімен шешу, жұмыс барысын оңтайлы ұйымдастыруға қабілетті кәсіби маман даярлау жүйесін жетілдіру өзекті мәселелердің бірі. Ақпараттық технологиялар аймағында педагогикалық сала мамандарын оқыту мазмұнын қалыптастырудың келесі мақсаттарын қолдануға әкеледі:

-  ақпараттық технологиялар аймағында оқыту мазмұнын анықтаудың маңызды факторы оның бағыттылығы;

-  оқыту мазмұны педагогикалық мамандықтар студенттерін ақпараттарды, ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы өңдеуді талап етіп,өз бетінше педагогикалық мәселелерді шешуге жеткілікті білімдер мен оларды қолдану дағдыларын меңгеруді қамтамасыз етуі  тиіс;

-  мазмұн студентте педагогикалық мәселелерді шешуде пәнаралық байланыстың негізінде өзінің педагогикалық қызметіндегі білімдерді комбинациялауда пайдаланылатын білімдер жүйесін тұтас қабылдауын қалыптастыруы тиіс.

Педагогикалық практиканы жетілдірудегі жаңа жетістіктер педагогикалық мамандықтар студенттерін оқытуда жаңа технологиялардың пайда болуына әкелуде. Ақпараттық төңкеріс, қоғамның, білім берудің ақпараттандырылуы өмірлік маңызды мәселелерді өздігінен  шешуді, білімдегі бос кеңістіктерді жылдам жою қабілеттілігін белсендіруді талап етеді. Жоғарғы оқу орындарындағы оқыту үрдісінде аталған мақсаттарға жету үшін жаңа шарттар құрылады: оқу сабағының жаңа формалары жасалып, іске асырылады.

Адам қызметінің түрлі салаларында компьютерлік технологиялардың ендірілуінің білім беру саласына да ықпал етпеуі мүмкін емес. Компьютерлер оқу үрдісінің техникалық орталары ғана емес, адам оқытудың алғашқы қадамынан бастап өзінің дамуына, педагогикалық тәжірбиесінің өсуіне пайдалануға тиісті жаңа интелектуалдық фонды, жаңа орналастыруларды, қалыптастыруға әкеледі. Оқу үрдісін ақпараттық технологиялар қорында құру оқытушылардың алдынан жаңа мүмкіндіктер ашып, одан жаңа білімдерді, жаңаша ойлауды, оқытудың жаңа принциптері мен формаларын талап етеді.

 Педагогикалық мамандықтар студенттері үшін педагогикалық қызметті тиімді үйлестіру біліктіліктерін меңгеру үшін ақпараттық технологияларға негізделген пәндерді игеруге өте маңызды. Бүгінгі күні қоғамның көптеген салаларында мамандардың өз қызметінде ақпараттық мәдениеттің негізгі құраушысы болып табылатын ақпараттық технологияларды пайдалана білу біліктілігі маман сапасына қойылатын негізгі талаптардың бірі болуда. Ақпараттық технологиялар интеллектуалды оқытуды, экспреттік жүйелерді, гипермәтін және мульттимедианы, микроәлемдерді, имитациялық оқытуды, демонстрацияларды қамтиды. Бұл дербес әдістемелер оқу мақсаттары мен оқу жағдайларына тәуелді қолданылады, яғни оқушылардың қажеттілігін ескеру, пәндік аймақ бойынша білімге талдау жасау және оқытудың психологиялық принциптерін ескеру.

 Соңғы жылдардың тенденциялық сипаты жоғарғы оқу орындарының (ЖОО) білім беру үрдісінде информатиканың жетістіктерімен мазмұндалған ақпараттық технологияларды, дербес жағдайда, Web-технологияны, ақпараттық қорларға ену тұтынушылық қосымшасынан- Интернетке, мәліметтерді басқару Интернет қызметтерімен, хаттамаларымен және мамандандырылған Web- серверлермен өзара әрекеттесуге негізделген. Аталған технологияның негізгі ерекшеліктерінің бірі ЖОО-дағы оқытушының қатысуымен өтілген аудиториялық сағаттардың кемуі. Бұл оқу үрдісін оқытушылар ақпараттық ортадан алатын оқу-әдістемелік жабдықтамалардың рөлін нақты ұлғайтуға әкеледі. Web-технологияны кеңінен пайдаланудың келесі себебі Интернет желісінде өте үлкен ақпарат көлемі жинақталған, бұларды жаңа білім беру бағдарламаларын ендіру сатысында нақты оқу-әдітемелік қор құрылғанға дейін білім бер мақсатында  қолданған тиімді.

Сабақтарда қолданылытын қазіргі заманғы электрондық-коммуникативтік орталардың      қысқаша жіктелуі:

Аудиальды орта. Дыбыстық техникалық орталар класына жататын дәтүрлі техникалық орта.

Визуальды орта. Қазіргі уақытта оқытудың визуальды орталарына қатысты дәстүрлі статикалық жобалау орталары (дипроекторлар,графопроекторлар) мен жаңа үлгідегі презентациялық құрылғыларға қатысты жобалау құрылғылары осылай аталады.

Аудиовизуальды орталар. Аудиовизуалдық орталар класы оқушыларға бір мезетте ақпаратты екі канал бойынша ұсынуға арналған электрондық-техникалық орталарды қамтиды. Қазіргі кезде аталған класқа қатысты ақпаратты аудивизуалдық тасымалдау құралдары (бейнежазбалар, оқу теле хабарлары, мультимедиа бағдарламалық орталары) пайдалануға мүмкіндік беретін электрондық орталар (бейнемагнитафондар, бейнекамералар, бейнежүйелер, теледидар, дербес компьютерлер, мультимедиа-жобалаушылар) осылай аталады.

Оқытудың ақпарттық және бейнекомпьютерлік орталары. Аталған технологиялардың анықтамасынан оларды іске асыру орталары дербес компьютерлер мен қазіргі заманғы бейнежүйелер екендігі шығады. Сабақта оқытушы бағдарламаларды пайдаланудың қажеттілігі туралы ұмытпау қажет.

Мультимедиа-орта. Анықтамасы бойынша аталған класқа қатысты деп мәтіндік ақпаратпен, графикалық бейнемен, дыбыспен,анимациялық компьютерлік графикамен бір кешенде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы техникалық орталар осылай аталады. Мультимедиа-технологияларды іске асырудың негізгі ортасы бейнелеудің компьютерлік және бейнекомпьютерлік ортасы болып табылады.

Цифрлық бейнежазба. Соңғы уақытта цифрлық бейнежазбаға байланысты жаңа технологиялар жылдам қарқынмен дами бастады. Бейнежазбаны құру, өңдеу және көрудің бұрын белгісіз мүмкіндіктерін ұсынатын компьютерлер мен пайдаланушылардың саны тұрақты өсуде.

 Сабақты қазіргі заманғы техникалық орталарды және жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланылып өту, жадыны, көрнекілікті, қабылдауды жаттықтырып, екпінділігін арттырады, оқушылардың зейінін тұрақтандырады, сондай-ақ, ұсынылатын ақпаратты басқаша бағалауға мәжбүр етеді.

 Ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізінде қалыптасатын ақпараттық мәдениет педагогтың кәсіби мәдениетінің маңызды құрамдас бөлігінің бірі болып табылады.

 Болашақ педагогтардың ақпараттық мәдениетінің қалыптасуы оның күнделікті қызметінде ақпараттың, бұқаралық ақпараттық құралдарды пайдалануы ықпалына байланысты болады. Осы тұрғыдан алғанда орта және жоғарғы оқу орындарында болашақ педагогтардың ақпараттық мәдениетті қалыптастырудың қажеттілігі нақтылана түседі.

 Болашақ педагогтардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда келесі шарттар сақталуы тиіс:

 1.Оқу жоспары мен оқу бағдарламаларының нақты саладағы ақпараттық технологиялар тенденцияларына сәйкес келуі.

 2.Жоғарғы білім беруге жаңа ақпараттық технологиялардың енгізілуі.

 3.Студенттерде өз қызмет саласында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану қолдану қабілеттілігі мен информатика және есептеу техникасы орталарын меңгеруінің кәсібилігін қалыптастыру.

 4.Маман-педагогтардың кәсіби даярлығының ақпараттық және компьютерлік технологиялар аймағы бойынша жоғарғы деңгейі.

 5.Қазіргі заманға сәйкес техникалық (компьютерлік) қордың бар болуы.

Әрбір маман білікті маман болып қалыптасуы үшін адамзаттың іргелі ғылым саласында жинақтаған білім қорының анықталған мөлшерін меңгеруі және күнделікті кәсіби қызметке қажет болатын практикалық біліктіліктер мен дағдылар жиынтығын игерулері тиіс.

 Ақпараттық технологияларды оқу үрдісінде пайдалану үшін есептеу техникасы, оған сәйкес бағдарламалық жабдықтама, мұғалімнің ақпараттық сауаттылығы қажет.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.                     Баралиева Н.Б., Байшоланова Қ.С., Гагарина Н.Л. «Ақпараттық жүйелер», Алматы: 1994.-6,6 б.б

2.                     Сенько Ю.В. Гуманитарные основы педагогического образования-М.:Изд-во «Академия» 2001-624с

3.                     Михеева Е.В. Информационные технологии в проффессиональной деятельности:Учебное посибие для студ.пед.вузов. – М.:Изд-во Академия, 2006.-384 с.