Мұқанбетқазы.Ұ.М.
Қ.Жұбанов
атындағы АМӨУ, Қазақстан
Кафедраға арналған интерактивті Интернет газетті құру
Қоғамдағы
жаңа өзгерістер және оның тез ақпараттандырылуы
мен даму жылдамдығы білім беруге қойылатын талаптарды да
түбегейлі өзгертіп, қоғам қажеттілігін
қанағаттандыру үшін білім беру саласына төмендегідей
міндеттерді қойып отыр: білім сапасын арттыру, әлемдік білім беру
кеңістігіне ену, білім беру жүйесін ақпараттандыру, интернет
желісін пайдалану, электрондық оқулықтар, мультимедиалық
технологияларды пайдалану, телекоммуникациялық технологияларды пайдалану,
қашықтықтан басқару және т.б.
Бүгінгі күні
педагогикалық процестің бір маңызды бөлігі болып
мұғалімнің оқушылармен өзара
қарым-қатынас жасауының жеке тұлғаға
бағытталаған түрі саналады.
Қазіргі кезде адамды қалыптастырғаннан гөрі оны
жетілдіру, дамыту керек, тәрбиеленушінің өмірлік және
кәсіби түрде өз орнын анықтауын жүзеге асыруына
көмектесу қажет.
Соңғы кезде жас
өспірімдер сабақта жай ғана тыңдаушы рөлінде
отырғысы келмейді, оларды мұғалімнің айтқандарын,
дайын анықтамаларды жазып алу қызықтырмайды. Олар
материалдармен танысу кезінде өздерінің жеке жұмыс істеп,
ойлау қабілеттерін де көрсете алатын, ізденісте болғанын
жүзеге асыра алатын оқытудың жаңа түрлерін
күтеді.
Сондықтан жас
ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге жаңа
көзқарас, жаңа тәсіл керек, жаңа
педагогикалық ізденістер мен идеялар қажет, мұғалім
ролін арттыратын процесс жүргізілуі тиіс, бұрынғы
педагог-информатордан қазіргі кездегі оқушыларға
арналған технологияларды пайдалана алатын ұйымдастырушы педагог
дәрежесіне көтерілу керек. Менің жобамның
тақырыбы Кафедраға арналған интерактивті Интернет – газетті
құру. Алдымен Интернет газетімнің құрылымы мен
қай ортада орындайтынымды анықтадым. Газет құрылымы төмендегідей
бөлімдерді қамтыды:
-
Кафедра
құрылымы;
-
Ғылыми-ізденіс
жұмыстары;
-
Тәрбие
жұмысы;
-
Академиялық
ұтқырлық;
-
Біліктілікті
көтеру;
-
Өндірістік(педагогикалық) практика;
-
Ғылыми
апталық;
-
Түлектермен
байланыс;
-
Хабарландыру;
Жобамның визульды көрінісін анықтау
үшін emaze қосымшасының
мүміндіктерін қолданып, интрерактивті газетімнің
сұлбасын жасадым.

Сурет 1. Кафедрадағы академиялық
ұтқырлық.

Сурет
2. Мамандық туралы толығырақ.
Әдебиеттер:
1.
Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан халқына
жолдауы. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан».
2. Б.Б. Аккуланова «Ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды пайдалану арқылы білім беру деңгейін котеру».
3. www.emaze.com.