Дуйсенбек Б -
магистрант
Жоғарғы оқу орнындағы
компьютерлік орталықтың жұмысын зерттеу және
басқаруға арналған жұйені құру.
Ақпараттық
технологиялар қазіргі заманда қарқынды және жылдам
дамып келе жатыр. Бірақ дегенмен де ақпараттану әлі
ғылым деп есептелмейді. Біз білгендей, әр ғылым
дамығанда, адамзатқа небір пайда немесе жақсылық
әкелуге бағытталады. Ақпараттық технологиялар
адамзатқа деген көмегі – адамзат қозғалысындағы
біріңғай процестерді автоматтандыру. Жылдан жылға халық
саны өсіп келеді, сонымен бірге олардың сұраныстары
өсіп келе жатыр. Адамзат 21-ғасырға ақпараттық
технологиялармен бірге аттанады. Күнделікті өмірде жан
жағыңа қарасаң, ақпараттық технологиялар
элементтерін әрбір жерден көруге болады. Көшеде
тұрған банкоматтар, сатушылар қолданатын компьютерлер,
бұлар алғаш пайда болған ақпараттық технологиялар
көріністері. Келе-келе бұндай ақпараттық технологиялар
адамзат шаруашылығының әр саласына ене бастады. Алдымен интернет,
көбімен бізге почта, кітапханаға баруды алмастырды, жазу редакторлары
баспа машиналарын алмастырды, сызуды жобалау бағдарламалары үлкен
парақтар мен сызғыштарды алмастырды. Ал ең дегенде
үлкен жетістік ол - деректер қоры. Деректер қорылары
үлкен-үлкен, талай шаршы метр алатын мұражайларды алмастырды.
Бірақ бұл шешімдер тек жергілікті, локалды түрде ғана
жауап бере алды. Үлкен жүйелерді автоматтандыратын қажеттілік
пайда болды. Яғни кішкене ғана процесті бейнелейтін емес, сол
процестерді жиып, бір-бірімен байланыстырып, орталықтан басқарылатын
жүйелер жасау керек болды Қазірігі заман адамы өз
өмірін компьютер қолдануынсыз сипаттай алмайды. Сондықтанда
кез келген үлкен немесе кіші ұйымдарда нәтижелі жұмыс
жасау мақсатында деректерді басқару үлкен мәселе болып
отыр. Бұл үшін кейбір ұйымдар папка толған шкафтар, ал
көпшілігі үлкен көлемдегі деректерді жүйелеп,
құрылымдап және тиімді сақтайтын деректер
қорының компьютерленген әдісін қалайды.
Қазірдің өзінде үлкен қаржылық, өнеркәсіптік
және сауда-саттық ұйымдарын деректер қорынсыз
көзге елестету қиын. Себебі, олар деректер қорынсыз
құйылып жатқан ақпарат тасқынына
тұншығып қалушы еді.
Осы
ақпараттарды компьютерлік негізге ауыстырудың көптеген
себептері бар. Қазіргі кезде ақпараттарды электронды есептеуіш
машинада (ЭЕМ) файл түрінде сақтаған, қағаз
түрінде сақтағаннан арзан. Деректер қоры
қолданушыға ақпаратты сақтауға, жүйелеуге
және тйімді түрде шығаруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар клиент/сервер технологиясын қолдану қаражат пен
уақытты тиімді пайдаланып, керекті мәліметті уақытында алып
отырады. ЭЕМ де деректерді, сызуларды, суреттерді кез келген форматта
сақтауға болады.
Жалпы
деректерді өңдеу жүйесінің әкімшілігі дами
отырып, автоматтандырылған ақпарат жүйесін
басқаруға көшеді.
Автоматтандырылған
бағдарламалық жүйесі (АБЖ) – ЭЕМ мен адамның
өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ететін,
программалық-аппараттық құралдар жиынтығы. Ол
келесі функцияларды іске асырады:
- ЭЕМ-ге ақпараттарды енгізу мүмкіншілігі;
-
ЭЕМ-нен
ақпаратты мониторға, принтерге және т.б. шығару.
Енгізу
құралдары мәтіндік, координаттық, факсималдық
сияқты енгізілетін ақпараттардың кең түрдегі
жиынтықтармен қамтамасыз ету керек. Сондықтанда АБЖ
әмбебап немесе арнайы пернетақта, координатты ақпаратты
енгізу құралы (тышқан), әр түрдегі сканерлер секілді
құралдармен жабдықталған[1].
Автоматтандырылған
бағдарламалық жүйелерді құру үшін деректер
қоры қолданылады. Деректер қорымен жұмыс жасауда
программа желілік тұрғыда болу керек. Осыған орай әртүрлі пайдаланушыларға
рұқсат құқықтарының бөлінуі,
қажетті қамсыздандыру, шек қоюлар және басқа
ережелердің іске асырылуы
деректер қорының сервер
құралдары арқылы іске асады. Деректер қоры білім қорын жүйелендіру
функциясын атқарады. Осы жүйелендіру негізінде жаңа білімдер
пайда болады.
Деректер қоры
дегеніміз - бұл, бәрінен де бұрын, белгілері бойынша
ізделетін мүмкіндіктерімен сипатталатын деректер обьектілерін
сақтаушы, деректер қорымен сипатталатын пайда болушы
құбылыстар немесе түсініктемелер. Бұл біртекті
жиынтық, кейбір ақпараттық критерийлерді реттейді.
Компьютерлік деректер қоры ақпаратты жинаушы файлды(немесе файл
жиынтығын) көрсетеді. Деректер қоры жазбадан, ал жазба
өрістерден тұрады[2].
Деректерді және олардың арасындағы
байланыстарды ұйымдастырудың түрлі типтерібар:
иерархиялық, реляциялықжәне тораптық.
ИерархиялықДҚ-ында жазба элементтері реттеліп
жазылады да, оның бір элементі негізгі, қалғандары
бағыныңқы элементтер деп есептеледі. Мұнда элементтер
нақты тізбек бойынша сатылы түрде реттеліп қойылады. Онда
берілгендерді іздеп табу саты бойынша төмен бағытта
жүргізіледі. Мысалы, Norton Commanderпрограммасындағы каталогтар,
білім жүйесіндегі иерархиялық кластар тізімі, т.б.
Реляциялық ДҚ- кесте түрінде
дайындалған берілгендер. Ол ең көп тараған берілгендер
қоры (relation - қатыс, байланыс), кестелер арасындағы
байланыстар - жиі пайдаланылатын ең маңызды ұғым.
Деректер қорында жазбаүшін кесте жолы алынады, кестеде
қайталанатын бірдей жолдар болмайды. Кесте бағанын
құрайтын жазба элементтері өрісдеп аталады.
Өрістің негізгі ерекшелігі - бір өріс элементтері бірдей
типті етіп құрылады, мысалы, саңдық не символдық.
Деректер
қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ) – деректер қорын
құру, толтыру, жаңадан құру және
өшірілуі үшін бағдарламалы құралдар.
Деректер
қорын басқару жүйесін үш түрде
анықтауға болады:
-
дербес;
-
мамандық;
-
нақты
тапсырыспен арнайы жасалатын.
Дербес деректер
қорын басқару жүйесі қолданыстын тура белгіленген
жағына ие емес, «өмірдегі бар жағдайға ептелген»
және қолданушыдан арнайы білімді талап етеді. Маманды деректер
қорын басқару жүйесі сияқты, универсалды
өндірісті әріректей арзан, жеткілікті сенімді және
жұмысқа жылдам дайын.
Тапсырыспен жасалатын
деректер қорын басқару жүйесі тапсырыс берушінің
максималды дәрежеде жұмыс спецификасын есепке ала отырып
жасалынады. Бұл жүйе аз емес мәнге ие шығындарды талап
етеді және жұмысқа дайындалуы, жетілдіру жұмыстары да
аз емес уақыт кезеңін алады, яғни бірнеше айдан бірнеше
жылға дейін. Қолданушыдан маманды білімді талап етпейді.
ДҚ-ын
жобалағанда деректер ұжымы үш деңгейде
қарастырылады: ақпараттық-логикалық
(инфологиялық), даталогикалық (концептуалдық) және
физикалық. Бұл деңгейде инфологикалық,
концептуалдық және физикалық модельдер сәйкеседі.
Барлық жобалау процесін үш кезеңге бөлуге болады. [3]
Мәліметтер моделі - бұл мәліметтердің
құрылымын анықтайтын ереже, рұқсат етілетін
мәліметтердің жүзеге асырылуы және мәліметтерге
рұқсат етілетін операциялар.
Инфологиялық
модель мазмұндық деңгейде заттық облысты бейнелейді.
Қолданылған
әдебиеттер тізімі
1.
Гайдамакин
Н.А. Автоматизированные информационные системы, базы и банки данных. – Москва,
2002.-7 б.
2. Горев А., Ахаян Р.,
Макашарипов С. Эффективная работа с СУБД. – СПб: Питер, 2000.- 115 б.
3. Бакнелл Д.
Фундаментальные алгоритмы и структуры данных в Delphi7: СПб:ООО «ДиаСофтЮП»,
2003. – 560 б.