Абдрақов Б.Қ., Шилібаев А.А., Бегалиева С.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақстан

 

АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫНА МУЗЫКАНЫҢ КЕЛТІРЕР ПАЙДАСЫ

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев өзінің бір шығармасында ән немесе өлең жайында былай деп жырға қосқан екен:

Туғанда дүние есігін ашады өлең.

    Өлең мен жер қойнына кірер денең.

                                        Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен.

   Ойласаңшы бас қақпай елең-селең!

Халық ежелден –ақ өлеңді,әнді, жалпы музыканы қатты қастерлегені белгілі, жазу-сызу болмаған өте ерте замандарда талантты өнер иелері шығарған ән-күйлер, жырлар, ауздан-ауызға, ұрпақтан-ұрпаққа тарап бізге жетіп отыр.  Музыканың адам өміріндегі мәні ерекше. «Ән жоқ жерде адам тірлігі де жоқ» деп Ю.Фучек өте тауып айтқан. Музыка адамның ой өрісін, ішкі рухани қатынасын байытып сапасын кеңейтіп оларды дамытып отырады. Музыка адамды сезімталдыққа, нәзіктікке баулиды. «Музыка тамшы сияқты там-тыңдап жүрекке енеді де жанды желшіндіреді» « Жақсы музыка сәбидей пәкте, абыздың көзіндей ақылға толып» деп белгілі француз жазушысы Р. Ролла оған жоғары баға берген [1,5,6].

Жақсы ән мен сазды музыка – жан азығы. Әсем ырғақты жан тербетер ән, сазды музыка тыңдаған адамның жүрегі жай тауып, рахат сезімге бөленіп, ерекше қуанышты күйге бөленеді. Солардың арасында қан айналу, зат алмасу процесі жақсарады [2]. Музыка көңілді көтереді, қайғыны жеңілдетеді, бойды сергітеді, жанға жайлы эмоция тудырады. XVII-ші ғасырдың көрнекті дәрігері Суденкеннің: «Қалаға кезбе әнші, күйші келсе, оның қала тұрғындарының денсаулығы үшін пайдасы ондаған қашырға артып әкелген дәрі-дәрмектен әлде қайда артық болады деуі тегін айтылған нәрсе емес, білгендік.

Ежелгі гректер музыка мен  медицинаны қосып, оған қамқоршы етіп бір құдайды Апполонды беріпті. Музыканың адам денсаулығына, көңіл күйіне әсер ететін жайлы мәліметтерді ұлы дәрігер Эскулаптың, ежелгі грек математигі, философы Пифагордың, философтар Аристотель мен Платонның еңбектерінен табуға болады. Мысалы, Пифагор «Эвритмия» деген түсінікті енгізіп жарық дүниеге ойында, биде, өлеңде, адамның іс-әрекетінде, тіпті туғанда да, өлгендеде ырғақ бар екенін жазған болатын. Ол музыканы түрлі ауруларды емдеу үшін пайдалану жайды да жазыпты. Ұлы  Гомердің билігі «Одиссей» атты шығармасында Одиссейді музыкамен емдеп, оның денесіндегі қан ағып жатқан жарақат музыка құдіретімен жазылып кеткенін баяндайды. Рим дәрігері Гален музыканы уын қайтару үшін пайдалануды ұсыныпты. Музыка ырғағы күш-қуат беріп, көңіл –күйді көтеретінін әскер армияның жігерін екі-үш еселендіреді, -деп орыс армиясының белгілі қолбасшысы А.В. Суворов дәл айтқан.

Қытай мен Грекияда музыканың емдік қасиеті жайлы ертеде- ақ белгілі болып, ол біздің дәрімізге музыкатерапия немесе вокалотерапия ретінде жетіп отыр. Музыканың дыбысына, ырғағына байланысты адам организмі әрқалай әсер алады. Сондықтан оны кейбір жүйке ауруларын емдеуге, олардың алдын-алу мақсатына пайдаланатыны белгілі. Ән дыбысын қабылдау есті аппаратында басталады. Мұнда дыбыс толқыны жүйке-импульстеріне айналады. Одан олар орталық жүйке-жүйесіне белгілі бір участокка есту нерві арқылы жетеді. Сөйтіп сананың бұл деңгейінде  музыка ән дыбыс не поэтикалық, не табиғат көрінісі немесе т.б. образ түрінде  эмоциялық  реакция  туғызады. Соның  әсерінен  орталық  жүйке жүйесінде ішкі секреция бездерінде өзгерістер басталады. Содан барып басқа ағазалар мен жүйелерде функционалдық өзгерістер туындайды[6]. Мысалы, әсерлі музыка эндокринді бездер қызметін қорыту тізбегіне де жағымды әсер етеді. Ал метовтық дәрігер- ғалым, профессор Тиреля музыканың көмегімен жүрек қан тамырлар ауруларын (гипертония) саусақтандырған. Музыканың  адамға әсері оның қандай аспапта орындалуына байланысты. Мысалы ,сыбызғы қан айналымына жүрек тамырларына пайдалы әсер етсе, скрипкамен фортепиано адамның жанын-жай таптырып, жүйкесін тынықтырады екен [5]. Ал қазақтың екі ішекті музыкалық аспабы домбыраның күмбірлеген үні, қыл қобыздың сырлы жүрек елжіретер сазы қалай сізді бей-жай қалдыра алады. Музыкатерапия қазіргі кездері невроздар мен невростения секілді ауруларды емдеу мақсатында шаршап, ұйқы қашқан кезде жүйкені тыныштандыратын ем ретінде пайдаланып жүр. Музыкатерапия гипертониялық жүректің ишемиялық аурулармен нейроциркуляторлық дистония сырқатын емдеуде де қолдануын тапты. Ғылымдар музыканың тіршілікке қандай пайдасы барын анықтау үшін бірде мынадай тәжірибе жасаған. Бұл өсірілген плантацияның бірінде үнемі жаңға жайлы сазды ойнап тұрғанда да, ал екінші бір плантациядағы гүлдер музыкасыз жай тәсілмен өсірілген. Өз ұлтымыздың да музыка мен сазды әуенге байланысты неше бір аңыздары бар. Солардың бірі ботасынан айырылып, көздерінен жас сауғалап боздап тұрған арунаға сырлы сыбызғымен ән ойнағанда жаңа түйе боздағынан тиып, бойы босансып иіген екен. Міне ,әннің құдіреті!

Осы келтірілген мысалдардан-ақ музыканы тек адам ғана емес, бүкіл табиғат ұнатады екен, ол бәріне қажет екен. Қарап тұрсаңыз табиғаттың әрбір құбылысы, әрбір суреті таңғажайып саз музыка емес пе? Мәселен ағаш жапырағының сыбдыры, бұлақ суының сылдырай аққаны, құстардың үні шегірткенің шырылы, араның ызыны, көбелектің көлбей ұшуы –сезіне түсіне білген, адамға бәрі ән, бәрі музыка.

Табиғат аясында бірер сағат болудың өзі адамға бір аптаға қуат күш-жігер беретін сондықтан. Мысалы, шаршап  келгенде 15-20 минут жанға жайлы жеңіл музыка тыңдасаңыз жаныңыз сергіп сала беретінін күш-қуатсыз уақытының өзінде қалпына оралатынын байқайсыз[3,4].

Құрманғазы,Тәттімбет пен Дәулеткерейдің күйлері, назды да нәрлі халық әндері, Шәмші Қалдаяқов пен Нұрғиса Тлендиевтің жан қытықтар сырлы әндері қандай құдіретті, қандай әсерлі, оларды тыңдап отырған сәтте бойдағы бүкіл тамырдың босап жүрегің ерекше дүпіл қағып, жүйкең рахат сезімге бөленеді. Бірақ «Әннің де әсері бар, естісі бар» дегендей, музыканың да әр түрі бар. Дөрекі, айқай-шуға толы музыка адам организміне кері әсер етеді. Ондай музыка тыңдаушы адамның жүйкесін тоздырып шаршатып тастайды.

Данышпан Абай да «Жақсы ән мен тәтті күй, жадыратар адам баласын» деп музыкаға жоғары баға берген. Жақсы музыкалық әуеннің адамның эстетикалық сезімдерінің қалыптасуында ерекше маңыз алаңындағы Мағжан Жұмабаев былайша сипаттайды: Халықтың арғы- бергісін қозғап, естеріне түсіріп мұң-мұқтажын зарлап кем-кетігін көрсетіп әдемі даусымен құйқылжытып тұрғанда қандай тас көңіл болса да жібегімен еркіне қоймайды. Жақсы ән мен күйлер адам психологиясын нұрландырып, байытатын ләззатқа бөлендіреді.

Жастарды көркем өнерге үйрету ол сезімталдыққа үйрету ол әдемілікке үйрету, сұлулыққа үйрету, санасымен түсінгенде ғана өзін қоршаған ортадағы өсімдік пен табиғат үйлестігін ұғына алады. Ал адамзатқа ол түсінік табиғат талабына сай ақылға келуіне, өмірді жанымен сүйіп, өзін-өзі жаман жолға салынып кетуден сақтауға басқаларға қамқор көзбен қарауға тәрбиелейді.

Қысқаша айтқанда, музыканы өмірімізде атқаратын мәні ерекше. Сондықтан жүрген ортамыз айналамыз, тұрмысымыз, өміріміз сезімді қозғайтын, жүректі тербейтін жақсы сазды әнге жанға ләззәт қуатын, бойымызды жадырататын көңілді толқытып, шалқытатын әсем жырға толы болсын.

Әдебиет:

1.   Ордабеков С., Тәжібеков С. Денім сау болсын десеңіз. Алматы,  «Қазақстан» -1982-80.

2.   Петрушкин В.И. Музыкальная психотерапия.  Москва, 1998

3.   Тель Л.З. Валеология человека (учебник в 3-х томах), Астана. 1999

4.   Тель Л.З. , Давленов Е.Д. Денсаулық кодексі, Астана , 1998

5.   Ордабеков С. Медициналық валеолгия, Тараз, 2005

6.   Ордабеков С.О., Абдрақов Б.К. Валеология (оқу құралы), Қарағанды. 2012