Әбжан
Г.М., Смайыл С.Ж
Абай
атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университеті
Болашақ
мамандардың бәсекеге қабілетті, білімді және
құзіреттілік
қасиеттерін
қалыптастыру мен дамыту
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың биылғы
Қазақстан халқына арнаған Жолдауында:
Қазақстандағы әрбір ұрпақтың
ертеңгі күні дүниенің төрт түкпірінде
өзінің қалаған, ұнатқан және
қоғамға пайда ойлар мақсатта еркін еңбек ете
алатын болашақ
мамандардың тұлға
болуы жөнінде Елбасымыз нақты міндет қойды. Еліміз үшін
маңызды болып табылатын осы стратегиялық міндетті шешу
жағдайында болашақ мамандардың ең басты
функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда
ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын
таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға
дайын тұруы болып табылады. Елбасы Жолдауы – бұл бүгінгі
уақыт талабына сәйкес қажеттіліктен туындаған өте
маңызды құжат. Ұлттық бәсекелестік
қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен
айқындалатыны риясыз шындық. ХХІ ғасыр білімнің
жаңа философиясын, жаңа
ақпараттық-коммуникациялық және педагогикалық
технологияларды талап етеді [1].
Қазіргі ақпараттық
қоғам барлық типті оқу орындарының алдына мынадай
міндеттер қояды:
қажетті
білімді өз бетінше ала отырып, пайда болған сан алуан
мәселелерді шешу үшін оларды тәжірибеде біліктілікпен
пайдалануға, өзгеріп отырған өмір
жағдайларына оңай
бейімделуге;
дербес
сыни тұрғыда ойлай білуге, пайда болған мәселелерді
көре білуі және жаңа технологияларды пайдалана отырып, оларды
шешудің тиімді жолдарын табуға, өзінің алған
білімдерін қоршаған ортада қай жерде қалай пайдалануға болатынын
саналы түрде түсіне білуге;
ақпараттармен
сауатты жұмыс жасай білуге( ақпаратты іздеу, өңдеу, ой
елегінен өткізу, қолдану, сақтау және тарату);
әртүрлі
әлеуметтік топтарда коммуникабельді, тез тіл табыса алатындай
болуға, кез келген жанжалды жағдайларды болдырмауға немесе
ондай жағдайлардан біліктілікпен шыға алуға;
адамгершілік
қасиеттерін, интеллектісін, мәдени деңгейін дамыту бойынша
өз бетінше жұмыс жасауға қабілетті бітірушілерді
дайындау.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев
Қазақстан халқына арнаған былтырғы Жолдауында
ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның
білімділік деңгейімен айқындалатынын, осыған орай білім
жүйесін реформалаудың нәтижелерінің бірі жаңа
сатыдағы педагогтың өмірге келуі болуға тиіс екенін
айырықша атап өткен. Елбасымыздың биылғы Жолдауында да
жаңа дәуір туғызған міндеттерді толық
жүзеге асыру мақсатында заман талабына сай білім беру жүйесін
жасап, болашақтың жоғары технологиялық және
ғылыми өндірістері үшін алысты барлап, кең
ауқымда ойлай білетін, бәсекелестік қабілеті жоғары,
қарымы мол басқарушы кадрлар қорын жасақтау туралы
тұжырым Жолдаудың ғылыми және тәжірибелік
құндылығын айқындай түседі. Жақсы
педагог-маман – қазіргі таңда қоғам үшін аса
қымбат қазына болып есептелмек. Бәсекеге қабілетті
Қазақстан, бәсекеге қабілетті Қазақстанның
қарышты экономикасы десек те, жақсы экономикадан демеу алатын,
қуатты әлеуметтік мемлекеттің қабілетті халқы
үшін де ең қажеттісі – білімділік.
Академик Әбдімәлік
Нысанбаев: “Қазақстанның экономикалық дамуының
қуатты қарқыны таяу болашақта еліміздегі адам
ресурстарының тапшылығын ең бір өзекті мәселеге
айналдыруы мүмкін. Сондықтан біз отандастарымыздың санын да,
сапасын да күрт дамыту ісін қолға алуға
мәжбүрміз”, - деп атап көрсетті.
Адам қабілеттілігі, оның
сапалық деңгейі қандай? Жазушы Ғабиден
Мұстафиннің сөзімен айтсақ: “Адам адам дейміз,
адамшылығы болмаса адам неге керек?”. Осындай өзекті сауалға
халқымыздың көпшілік қауымға өнеге
болған асыл қасиеттерін қымсынбай тағылым ете отырып,
жауап бере аламыз. Иба мен ізетті оған қоса
имандылықты өзімізге серік етсек, осы жолмен ғылым мен
білімді игерсек, қазақ халқының әр
ұрпағы қабілетті болмақ. Адам ресурстары осы жолмен
жетілмек, осылайша өркендемек. Осы жолда Отанға,
ұлтқа,ағайын-туыс, дос-жаранға адал болсақ, сол
адалдықты әлем болып әспеттесек, біз насихаттап отырған
адам болмысындағы өміршеңдік қасиет,
рухани-адамгершілік құндылықтар, адам ресурстары дами
түспек [2].
Білім өзінің шынайы
міндетіне лайықты болу үшін жас ұрпақты мектепке
дейінгі тәрбие мен бастауыш мектепте білім беруде ең маңызды
адамдық сапаларды – адамгершілікті сүюді, аяушылықты,
төзімділікті, имандылықты, әдептілікті, шыншылдықты,
мейірімділік секілді асыл қасиеттерді дамыта отырып оқыту
жүктеледі. Данышпан философ Әбу-Насыр әл- Фарабидің
мынадай тамаша бір сөзі бар екен: “Адам әуелі балаға
тәрбие, сосын білім беруі керек. Егер бұл міндет тәрбиесіз
адамның қолына түссе, онда зұлымдықтың,
апаттың болғаны деп түсіну керек”,-дейді. Сондықтан да,
қазіргі таңда, жас ұрпақты сапалы түрде
оқыта отырып, саналы тәрбиелеу талаптарын жүзеге асырудың
мынадай жолдарын ұсынып жүрміз. Олар: Рухани-адамгершілік
құндылықтарды кез келген пәнді оқытудың
мазмұнына енгізу; Сыныптан тыс ұйымдастырылатын тәрбие
жұмыстарыныда жас өрендердің асыл қасиеттерді игеруіне
аса зор ықпал ететіндей бағытта ұйымдастыру.Ұстаз
алдында тұрған міндет: табысты және әрекетке дайын
қабілетті,әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы
тұлғаны қалыптастыру.
Тобықтай түйінді
тарқатып айтқанда халқымыздың тағдыры- жас
ұрпақтың қолында. Оларды жігерлендіру, жаңа
бағыт, үлкен серпін әкелу- баршамызға артылған
міндет. Ұлы ойшыл Жалал-ад-дин Рулш былай деген екен: «Сен бұл
өмірге мақсатты тіршіліктерді тындыруға келдің
және алдағы міндетің де сол. Егер осыны орындамасаң,
онда ештеңе істемегенің». Озық
ойлы білімдар адам заманның, қоғамның дамуына,
өзгеруіне өз үлесін қосады [2].
Соңғы жылдары жеке
тұлғаны қалыптастыруды дамыту және оған
жан-жақты терең білім беру мақсатында жүйелі
жұмыстар атқарылуда. Адам баласына шын мәнінде білімді болуы
үшін үш қасиет: жан-жақты білім, ойлауға дағдыланғандығы
және сезім дарқандығы қажет.
Әрбір тұлғаның
өн бойына осы қасиеттерді сіңіріп, жаңашыл
үрдіспен еңбек ететін болсақ, бәсекеге қабілетті
тұлғаны қалыптастыру мәселесі өз шешімін табады. Білім
беру барысында жеке тұлға
ретіндегі ерекшеліктерін ескеру- тұлғаның
өзін-өзі дамыту мәселесін оңтайлы шешуге
мүмкіндік береді. Орыстың ұлы педогогы В.А.Сухомлинский
«Мектептің басты міндеті – әрбір адамның дарындылығын
ашу, оны толыққанды шығармашылық, еңбек жолына
бағдарлау. Әрбір оқушының қайталанбас дарынын
дәл басып табу, аша түсу, қастерлеу,
бұл-тұлғаны адамзат қадір-қасиетінің
өркендеуінің жоғарғы деңгейіне дейін көтеру
деген сөз»,-деп атап көрсетеді
Қазіргі таңдағы
оқыту мақсаты – тұлғаның танымдық
тәжірибесін ескере отырып, жеке тұлға ретінде дамуына
оң ықпал, көмек көрсету. Ұлтымызды
дәріптейтін, рухымызды биіктетіп, ұлттық сенімімізді
жігерлендіретін ұрпақтың болашағы – үлкен міндет. Ол үшін
мұғалім кәсіби біліктілігін жаңа бағытта
арттырып, білім мазмұнын жаңартып, тиісті әдіс-тәсілдерді
қолданып, әдістемелік негіздерді қалыптастыруы керек.
Сондықтан әр педогог
әрбір тұлғаның ойынан шығып, қажеттілігін
қанағаттандыра білуге дайын болуы тиіс. Жеке
тұлғаның рухани өсуіне жағдай туғыза
алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз
әрекетіне өзгеріс енгізе алатын ұстаз ғана
бүгінгі қоғамның мүддесінен шыға алады. Ойы
жүйрік, саналы,бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны
тек қана жаңа тұрпатты педагог қалыптастыра алады.
Өйткені ұстаз жақсы тұлғаны жасайды.
Еліміздің
білім беру жүйесін жетілдіруде көзделіп отырған
мақсаттардың ең негізгісі-әрбір жеке
тұлғаға білім алудың өмірлік жолын еркін
таңдауына мүмкіндік туғызу. Сындарлы ойлайтын, өз
мүмкіндіктеріне сенімді; әр түрлі әлеуметтік және
өндірістік проблемаларды өз бетінше шешуге қабілетті
тұлғаны дайындау үшін оқытудың сапасын жетілдіру
аса маңызды мәселе болып табылады. Елбасы сөзімен
түйіндесек, «білім беруде тек оқытумен шектелмей, оны
керісінше,әлеуметтік адаптация процесіне бейімдеу қажет». Осы
мақсатта білім негіздерін өз еркімен үйренетін,
іс-әрекет мақсатын, міндетін,
түрін,тәсілін,жағдайын өзінше түсініп,
алған білімін өмірде қолдана алатындай жағдайға
жеткізуіміз керек. Оқытудың ұтымды технологиясын пайдалану
арқылы шәкірттің тұлғалық болмысын
дамытуға мүмкіндік туады. Жеке тұлғаны
қалыптастыруда әрбір ұстаз шәкіртпен
ынтымақтастықты орнатып, шығармашылық негізде
әрекет ету керек және мына мәселелерге назар аударған
жөн:
1.Тұлғаның қалыптасып, өз бейнесін табуы,
даралық, руханилық болмысын танытуы;
2. Тұлғаға қолдау көрсету және өзін-өзі
қорғауға ұмтылдыру;
3.Тұлғаны түсіну, салауатты өмір мен өзіндік
қатынастың негізін қалау;
4.Жаңа ақпаратты талдай отырып, терең меңгеруге,
маңызын анықтай алуға мүмкіндік жасау;
5.Өзіне қарама-қарсы идеяларды жоққа
шығаруға емес, түсінуге ұмтылуды нұсқау.
Осы жайттарды ескере отырып,
оқушының жеке тұлға ретінде дербес өзіндік
әлеміне бойлату арқылы өзін-өзі дамытуға,
өз мүмкіндіктерін таныттырып, оны жүзеге асыруға, өз
жан дүниесінің мәнділігін сезіндіруге бағыттайтын
әрбір ұстаз өз қызметін үлкен сеніммен
атқарғаны жөн. Себебі мұғалім ең жауапты
міндетті орындайды – ол адамды қалыптастырады. Мұғалімі қандай болса, шәкірті де сондай
сенім жүгін көтереді.
Мемлекеттің болашағы,
үміті мен сенімі – жас ұрпақ тәрбиесіне үлкен
жауапкершілікпен қарау, заман талабына лайықты болашақ
мамандардың қызмет етуі қоғам дамуын алға
бастайды. Ендеше, еңсені биіктетіп, еліміздің болашағы
үшін ұлт мақтанышына айналар ұрпақты жетектеп, адамзат
құндылығы – білім екенін көрсету жолында еш аянбауымыз
қажет.
Пайдаланған
әдебиеттер:
1. Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2011- 2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы, 2010жыл.
2. Қазақстан
мектебі. №12 Алматы. 2003 ж
3.Н.Ә.Назарбаев
Қазақстан - 2030. Барлық казақстандықтардың
өсіп-өркендеуі,қауіпсіздігі және
әл-ауқатының артуы, Ел Президентінің
Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы. Білім.
Резюме
Бұл
мақалада қабілетті маман
қалыптастыру мен дамытудың әлеуметтік маңызы
қарастырылды, сондай-ақ негізгі белгілері мен қалыптасу
жағдаяттары сипатталды.
Түйін сөздер: қабілет, дамыту, бәсекелестік
қабілет,адам ресурсы,тұлға.
Ключевые слова: способность, развивать, соперничество способность,
ресурс человека, личность