Л.
Н. Гумилев атыңдағы Еуразия ұлттық университеті
педагогика
ғылымдарының кандидаты.
Астана қаласы,
Қазақстан Республикасы
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА БЕЙІМДЕЛУІНІҢ ӨЗЕКТІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Қазіргі заманның талабы, жас
ұрпақты жеке тұлға етіп тәрбиелеу, ол
тұлғаның дүниетанымы кең, өзін - өзі
қоғамда, өзі білім алып жатқан оқу
орнындағы ұжымда бақылай алатын және кез-келген ортада
өз-өзін таныта білетін болуы қажет. Бұл міндеттер
баланың сол оқу орнына бейімделуімен тығыз байланысты. Осы
аталған міндеттерді шешу қазіргі кездегі психолоиялық –
педагогикалық ғылымның басты міндеті болып саналады. Студент — материалдық және рухани
өмірде жоғары кәсіби және әлеуметтік рөлдерді орындау үшін
белгілі бір бағдарламамен іс-әрекеттері
ұйымдастырылатын әлеуметтік жеке тұлға.
Студенттік жасқа әлеуметтік
тұрғыдан жетілу кезеңі сәйкес келеді. Бұл кезеңнің белгісі білім
алудың аяқталу кезеңі, еңбекке
деген белсенділік, қоғамдық жұмыстар, заң
алдындағы жауапкершілік, жанұя құру, бала
тәрбиесі болып келеді. Қазіргі
кезде студент қоғамдағы сан жағынан алғанда алдыңғы
орындардың бірінде. Оған әркімнің де көзі
жетеді. Соңғы
жылдардағы білім беру, оның ішінде жоғары білім беру жүйесінде
болып жатқан елеулі өзгерістерге байланысты арнаулы орта білім, жоғары білім,
жоғары білімнен кейінгі екінші жоғары білім, магистратура,
аспирантураларда білім алып жатқан жастардың саны арта
түсуде.
Студенттер - қоғамның ірі
интеллектуалдық әлеуеті. Студенттердің әлеуметтік құрылымы негізінен
біздің қоғамымызды әлеуметтік құрылымын
айқындайды.
Белгілі Кеңес Одағының
психологы Б.Г. Ананьев студенттік кезең, жеке адам тұрғысынан алғанда,
адамгершіліктік және эстетикалық сезімдердің белсенді
түрде даму кезеңі, ересек адам ретінде азаматтық, саяси -
қоғамдық және кәсіби мамандық
міндеттерінің тұрақталу, толысу кезеңі деп
көрсетеді.
Қазіргі таңдағы ғылым мен тәжірибеде
бейімделу түсінігі студенттердің дайындығының
тиімділігін жоғарлату әдісін өңдеумен
айналысады. Студенттердің бейімделуі білім берудің
фундаменталді сурақтарының қатарына жатады. Демек,
бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау жеке
тұлғаның дамуы, мамандандыру, студенттердің
әлеуметтенуі. Жоғары оқу орнына студенттердің
бейімделуінің сәтті болуынан студенттің мамандануы жақсы
қалыптасады және қоғамдық ортада дамуы
жүзеге асады.
Бейімделу - әлеуметтік ортаға жеке
тұлғаның үнемі белсенді лайықтану үрдісі,
сондай – ақ осы үрдістің нәтижесі. Мінез –
құлықтың сипатын анықтайтын осы құрам
бөліктердің ара қатынасы жеке тұлғаның
мақсаттары мен құндылық бағыттарына және
олардың әлеуметтік ортада жүзеге асырылу мүмкіндігіне
тәуелді. Әлеуметтік бейімделу үздіксіз жүріп жатса да,
бұл түсінік әдетте жеке тұлға іс -
әрекетінің және оның қоршаған адамдарының
күрт өзгеру кезеңдерімен байланысады [1,2].
Бейімделу
үрдісінің негізгі типтері жеке тұлғаның
қажетсіну мен мотивтерінің құрылымына байланысты
қалыптасады: 1) белсенді тип - әлеуметтік ортаға белсенді
ықпал жасаумен сипатталады; 2) енжар тип – топтың
құндылық бағыттары мен мақсаттарын енжар,
конформды қабылдаумен анықталады. Студенттердің үйреніп
кетуі, ең алдымен, орта мектеп пен жоғары оқу орнындағы
оқыту тәсілдерінің сәйкес келмеуімен
қиындатылады. Мекетппен салыстырғанда басқа мәнермен
баяндалатын дәрістерді толық түсінбеу, күнделікті
бақылаудың болмауы, ең басында студенттердің
үлгірімі мен хал –жағдайына теріс әсер етуі мүмкін, ал
кейде көңілі қалу мен өз күшіне сенбеуіне де
әкелуі мүмкін. Лайықтануды сонымен бірге
тұрмыстық шарттарының өзгеруі де баяулатады,
сондықтан басқа қаладан немесе ауылдан келген студенттер
үшін бейімделу әсіресе қиынға соғады. Кейбір
бірінші курс студенттері күтпеген қиындықтармен кездесіп,
мамандықтың дұрыс таңдағандарына
күмәндана бастайды. Олардың басым бӛлігінде
өздерінің болашақ мамандығы жайлы білімнің
жетіспеушілігі күмән туғызады, бұл, өз кезегінде
олардың ұстанымдарын өзгертеді, оқуға
қызығушылықтың жоғалуына, үлгірімнің
төмендеуіне әкеледі.
Жоғары оқу
орнындағы оқудың басталуының өзінде,
көптеген студенттердің төмен жұмыс қабілеттілігі,
тез шаршайтындығы, үрейліліктің жоғары деңгейі
байқалады. Аңдаусыз ұстанымдармен басқарылатын адам
үйреншікті жағдайларда қарапайым, қайталанатын
міндеттердің шешілуін жүзеге асырады. Ал ол жаңа
жағдайларға түскен кезінде, барлық міндеттер ол
үшін типті емес, яғни оның оларды шешетін стандартты
тәсілдері жоқ, оған мінез – құлықтың
жаңа алгоритмін, өмірлік міндеттерді шешудің жаңа
тәсілдерін жасап шығару қажет. Бірінші курс студенті
оның болашақ мамандығымен тікелей байланысты пәндерді
тезірек оқығысы келеді, ал оған оқудың бірінші
үш жылында жалпы пәндерді оқуға және олардың
болашақта арнайы пәндерді оқыған кезінде және
кейінгі өндірістік іс - әрекетте қажет болатынына сенуге
ұсынады[2,3].
Алайда студентті
қызықтыру үшін бір сенім аз, сондықтан мотивацияны
күшейтіп, оқуға қызығушылықтың артуы
мақсатында кіші курстарға мамандықтың кейбір
элементтерін енгізеді, оның айқын мысалы
―Мамандыққа кіріспе
деп аталатын пән болады, өйткені ол барлық
факультеттер мен мамандықтарда бар.
Қарқынды
әлеуметтік – экономикалық өзгерістер, ғылымның
түрлі салаларында білімді жинақтау, өндіріс үрдістерін
жетілдіру, қоғамның тез информатизациясы – осының
барлығы адамға жаңа талаптарды туғызды. Қазіргі
заманғы қоғамға қоршаған ортамен бірге
тіршілік ете алатын ғана емес, сондай – ақ онда өз ішкі
потенциалын жүзеге асыруға қабілетті адамдар қажет.
Алайда қазіргі заманғы жастардың басым
бөлігі өзгеріп отыратын дүниенің жағдайларында
бейімделуге және дамуға қабілетті емес. Жастардың
бейімделмеуі, болашақ мұғалім жайлы сөз
қозғалғанда әсіресе өзекті мәселелерді
білмеуі. Жас маманның қалай дайындалуына оның профессионалды
– педагогикалық іс - әрекеті, ал сәйкесінше, оның
оқушыларының дайындық және даму деңгейі де
байланысты. Қазіргі уақытта профессионалды дайындықтың
бастапқы сатысында студенттердің бейімделу мәселесі педагогикалық
баспасөзде орталық орынның біреуін алады. Жоғары
оқу орнындағы білім беру жүйесі қоғамдық
өмірдің өзгерістеріне дайын болмауымен түсіндіріледі,
дәстүрлі түсініктегі білім ғана кешегі
оқушылардың табысты бейімделуінің құралы ретінде
шыға алмайды. Өз зерттеуімізде біз бейімделуді, студенттің
жаңа – болашақ мұғалім – мәртебесіне ие болуына
жағдай жасайтын үрдіс, тұлғаның профессионалды
әлеуметтендірілуінің контекстінде қарастырамыз.
Ғалымдар Д.Б. Богоявленская, Ю.Н. Кулюткина, Н.А. Милославованың
соңғы зерттеулерінде бейімделудің тұлғаның
өзінің оқу және тәрбиеде белсенділігінен
тәуелділігі ерекше атап көрсетілді. Берілген мәселе бойынша
көптеген еңбектердің талдауы, іс - әрекеттің
жаңа шарттары мен мақсаттарына сәйкес ортаның
өзгеруіне жағдай жасайтын, іздеу (интеллектуалды) белсенділігі
түрінде ашылатын, тұлғаның ортамен өзара
әрекеттесу үрдісі ретінде көрінетін, бейімделудің
өз түсінігін қалыптасуына жағдай жасаған.
Профессионалды – педагогикалық дайындыққа бейімделу
үрдісінің мағыналық сипаттамаларын түсіну
үшін келесі негізгі қызметтер бөлініп алынды: коммуникативті,
мотивационды, бағыттаушы, дамытушы, когнитивті.
Бейімделу үрдісінің барлық бөлініп алынған
қызметтері оның құрылымымен орталанған, атап
айтқанда әлеуметтік рөлдермен, мінез –
құлықтың әлеуметтік формаларымен және
әлеуметтік байланыстармен сипатталады. Бейімделу үрдісінің
бірінші сатысы – автономизация — бірінші курс студенті өзін ортаға
қарама – қарсы қоятынымен сипатталады. Екінші саты –
теңестіру — ―кешегі оқушының қоршаған студенттік орта жүйесіне
қосылуын білдіреді. Үшінші саты — бірігу — студент өзін
жоғары оқу орынның білім беру кеңістігі
жүйесінің құрам бөлігі ретінде сезінгенде, жүзеге
асады. Сонымен бірге, өз зерттеу жұмысымызда біз бейімделудің
бірнеше деңгейлерін ажыраттық: дезадаптация, енжар және
белсенді бейімделу. Бейімделу мәселесі
психология және педагогика ғылымдарының ежелгі тарихынан келе
жатқан мәселесі болғанымен де өзінің
өзектілігін қазіргі күнге дейін жоғалтпаған. Кез
келген қоғамдық жағдайдың ерекшелігі
халықтың көшіп-қонуымен көрінеді. Яғни
жаңа ортаға қоныстанған жеке тұлғаның
бейімделуі арқашан да өзекті мәселе болып табылады.
Қалалық және ауылдық
қоғамның арасындағы ерекшеліктер арқашан
байқалады. Демек, ауылдан қалаға келген студент жаңа
ортаға келгенде бөтен қаланың өзіндік
ережелерімен, құндылықтарымен, талаптарымен танысып,
жаңа қоғаммен қарым-қатынасқа түсу
олардың көз-қарасына, дүние-танымына бейімделуіне
әсер етеді. Ауылдан
қалаға оқуға келген студенттерде бірінші курста психологиялық
өзгерістер байқалады. Бейімделу кезеңінде
жаңа қоғам олардың жүйке-жүйесіне,
мінез-құлқына қатты әсерін тигізеді.
Сондықтан да, мұндай жағдайда студент бірінші курсқа
келгенде жаңа ортада жаңа
ақпараттарды қабылдауы мен
қоғаммен қарым-қатынасқа түсуі
төмен көрсеткішті көрсетуі мүмкін[1,3].
Студенттің
білімді меңгеруі мен білім алуға деген
қызығушылығы және оның үлгерімінің
жоғары дәрежеде болуына оның жаңа қоғамдық
ортадағы студенттермен, оқытушылармен, жоғары оқу
орнының әкімшілігімен өзара қарым-қатынасының
жақсы болуы үлкен әсер етеді. Сондықтан
профессор-оқытушылар құрамының студенттермен
жұмыс жасау жағдайы олардың бейімделуіне үлкен
әсерін тигізеді. Жоғарғы оқу орнында білім алу
уақыты жастық шақтың екінші кезеңімен немесе жеке
бас қасиеттерінің қалыптасу күрделілігімен ажыратылатын
зерделік шақтың бірінші кезеңімен сәйкес келеді. Осы
зерделік шақтың бірінші кезеңі Б.Г. Ананьев, А.В. Дмитриев,
И.С. Кен, В.Т. Лисовский, З.Ф. Есаревтің және т.б.
еңбектерінде талданады. Осы кездегі адамгершіліктік дамудың
маңызды сипаты мінез-құлықтың саналы
мотивтерінің күшеюі болып табылады.
Егер студентті жеке адам деп зерттесек, онда 18-20 жас –
бұл адамгершілік және эстетикалық сезімдердің белсенді
дамуының, мінездің қалыптасып және тұрақтануының,
әсіресе, ересек адамның әлеуметтік рөлдерінің
толық жиынын яғни азаматтық, кәсіби-еңбектік
және т.б. меңгерудің кезеңі. Бұл кезеңмен жастардың «экономикалық
белсенділігінің» басталуы тығыз байланысты. Демографтардың
пайымдауынша экономикалық белсенділік – ол адамның өз бетінше
өндірістік іске араласуы, еңбек жолын бастауы және өз
жанұясын құруы. Бір жағынан мотивациялардың,
барлық құндылықтардың жүйесінің
қайта жасалуы, екінші жағынан кәсібиленуге байланысты арнайы
қабілеттерінің қалыптасуының шапшаңдығы осы
жас кезеңін мінез бен интеллект дамуының орталық шағы
ретінде бөліп қарастырады. Студент жеке басына арналған
зерттеулер өзінің
өзбеттілігін табуымен және ашық байқалатын,
жоғары мәдениетті индивидуалдылығының қалыптасуын
көрсетеді. Студенттік шақ сондай-ақ бұл кезеңдегі
интеллектуалдық және физикалық күш дамуымен
ерекшеленеді. Бірақ та, осы мүмкіндіктерімен олардың
жүзеге асырылуының арасында қайшылықтар кездесіп жататыны
да рас[3,4].
Жоғарғы оқу орнына түсу жас адамда
өз қабілет, мүмкіндіктеріне сенімін нығайтады,
толыққанды және қызықты өмірге үмітін
жалғайды. Сонымен қатар, екінші және үшінші курстарда
жоғарғы оқу орнын, мамандықты, кәсіпті
таңдаудың дұрыстығы туралы сұрақтың
кездесуі де жиі байқалады. Б.Г. Ананьевтің тұжырымы бойынша
студенттік жас кезеңі адамның негізгі социогенездік
әлеуетінің дамуы үшін сензитивті кезең болып табылады.
Жоғарғы білім адам психикасына, оның жеке басының
дамуына үлкен әсер береді. Оқу орнында білім алу кезінде
жағымды жағдайлар болғанда студенттерде психиканың
барлық деңгейлерінің дамуы өтеді. Олар адам
саналылығының бағыттылығын анықтайды, яғни,
жеке адамның кәсіби бағыттылығын сипаттайтын ойлау
қоймасы қалыптасады. Оқу орнында үлгерімді оқу
үшін жалпы интеллектуалдық дамудың, соның ішінде
қабылдау, елестеу, ес, ойлау, зейін, эрудицияланған, танымдық
қызығушылық, белгілі бір логикалық операциялардың
аумағын меңгеру және т.б. жоғары деңгейі
қажет. Осы деңгейдің кейбір төмендеуі оқу
әрекетіндегі жоғарғы мотивация немесе жұмысқа
қабілеттілік, табандылық, мұқияттылық және
ұқыптылықтың бірігуі болуы мүмкін. Бірақ
мұндай төмендеудің де шегі болады, мұнда
компенсаторлық механизмдер көмектесе алмайды да студенттің
оқудан шығарылуы да мүмкін. Әр түрлі оқу
орнында осы деңгейлер аз да болсын ерекшеленеді, бірақ жалпы
алғанда тіпті беделді және беделді емес мамандықтар деп
аталынатын астаналық және аймақтық оқу орындарын
салыстыратын болсақ, олар бір-бірімен өзара ұқсас болып
келеді. Оқу орнында гуманитарлық білімді жеткілікті меңгеру
үшін адам интеллектінің айқын көрінетін вербальды типін
игеруі керек. Жоғарғы оқу орнына келіп түскеннен бастап
болашақ мамандарға әлеуметтік қабылданған
нормаларға жағымды қатынас, адамның өз
мүмкіндіктерін шынайы бағалау сияқты жеке адамға
тән қасиеттер дамиды[5].
Студенттердің жоғарғы оқу
орнына бейімделуі ғалым педагог Стокаренко бойынша келесідей
жіктеледі: а) кәсіби бейімделу, оқу үрдісінің
мазмұны, сипаты, жағдайлары мен ұымдастырылуына икемделу,
оқыту және ғылыми өзбеттілік дағдыларының
жасалуы; б) әлеуметтік – психологиялық бейімделу – индивидтің
топқа, онымен өзара қарым-қатынасқа икемделуі,
өзіне тән мінез-құлық стилінің
анықталуы. Басқаша айтсақ, «бейімделу – ешқандай ішкі дискомфортты сезінбей
және қоршаған орта мен қарама-қайшылықсыз
адамның қоршаған ортаның әлеуметтік,
физикалық, әр түрлі талаптарына бейімделе алу
қабілеті». Бейімделу – бұл белсенді іс-әрекеттің
алғы шарты және оның тиімділігінің қажетті шарты.
Бұдан индивидтің қандай да бір әлеуметтік
рөлінің жақсы қызмет етуі үшін бейімделудің
жағымды маңызы көрінеді. Зерттеушілер бірінші курс
студенттерінің оқу орнының жағдайына
бейімделуінің үш түрін көрсетеді:
1.формальды бейімделу, студенттердің жаңа
ортаға, жоғарғы мектеп құрылымына, ондағы
оқыту мазмұнына және оның талаптарына қатысты;
2.қоғамдық бейімделу, яғни, бірінші
курс студенттерінің топтық ішкі бірігуі және жалпы
алғанда топтардың басқа студенттермен қосылу
үрдісі;
3.Дидактикалық бейімделу, жоғарғы
мектепте студенттердің оқыту жұмыстарының түрлері
мен әдістеріне байланысты бейімделу[4].
Мамандарды даярлаудың
сапасын көтеру үшін студенттер білімін бақылауды жүзеге
асыруды ашады. Емтихандық сессияларда үлгерімдікті бақылау
жүйесі студенттердің тек сол кезде ғана дайындалып, кейіннен
ұмытуға себепші болатын жағдай ғана.
Студенттердің кітаппен жұмыс жасау, бүкіл семестр бойына
жүйелі түрде дайындалмауы
да кездейсоқ емес.
Студенттердің әр курстағы дамуы бірнеше
сипатқа ие. Бірінші курс ұжымдық өмірдің
студенттік түрлеріне кешегі абитуриентті үйрету міндетін шешеді.
Студенттердің мінез-құлқы конформизмнің
жоғарғы деңгейімен ерекшеленеді. Бірінші курстағы
студенттерде өз рөлдеріне дифференциацияланған қадам
жоқ. Екінші курс – студенттің оқу әрекетіндегі ең
қысым түсетін оқыту мен тәрбиелеудің барлық
түрлері жедел араласады. Студенттер жалпы дайындықты алады,
олардың мәдени сұраныстары мен қажеттіліктері
қалыптасады. Берілген ортаға бейімделу үрдісі негізінен аяқталған
деп саналады. Үшінші курс – мамандандырудың басталуы, ғылыми
жұмысқа қызығушылықтың күшеюі
студенттің кәсіби қызығушылығының
тереңдеуі мен ары қарай дамуының бейнеленуі ретінде
көрінеді. Мамандануға табанды қажеттілік жеке адамның
жан жақты қызығу аумағының таралуына жиі
әкеліп соғады. Әдетте, жоғарғы оқу
орнындағы жеке адамның қалыптасуының түрлері
мамандану факторымен анықталады. Төртінші курс – оқу
іс-тәжірибесі кезінде мамандықпен бірінші нақты танысу.
Студенттер мінез-құлқын арнайы дайындықтың тиімді
түрлері мен жолдарын интенсивті іздестіреді. Студенттер мәдениет
пен көпшілік өмір құндылықтарын асыра
бағалайды; оқу орнын жақында тәмәмдау – болашақ іс-әрекет түрін
нақты тәжірибелік қағидаларын қалыптастырады. Студенттерде жұмыс
орны, материалдық және жанұялық жағдаймен
байланысты одан әрі өзекті бола бастаған жаңа
құндылықтар пайда болады. Сөйтіп, студенттер біртіндеп
оқу орнының ұжымдық өмірінен алшақтай
бастайды. Біздің ойымызша, студент жеке адам
ретінде өз қызығушылықтары мен мүмкіндіктерімен
ерекшеленеді. Ол үлгерімді студент болуымен қатар келешек
өмірінің жоспарларын құрайды. Сондай-ақ студент оқу
уақытынан бөлек махаббат, эстетикалық таным,
басқалармен қарым-қатынасқа түсу, бос
уақытын өзткізуге де уақыт бөлуі керек. Сонымен қорыта келгенде адам,
қоғам және олардың арасындағы байланыста
үнемі түрленіп, дамып, өзгеріп отыратын күрделі
құбылыстар. Қазіргі өзгермелі қоғам
жағдайында, күрделі экономикалық және саяси
өзгерістер жалпы адам психикасына елеулі әсер ететіні белгілі.
Осыған байланысты адамның бейімделуін зерттеу адам мен оны
қоршаған орта қатынасының динамикасын күшейтетін
факторлардың өсуімен, қоғамның адамға
қоятын талаптарының көбеюімен, тұлға
қалыптасуы мен дамуы мәселесінің маңыздылығымен
байланысты. Студенттің оқу орнына оптималды бейімділігін
қамтамасыз ететін тактика мен жоспарларды жасау үшін бірінші курс
студенттерінің өмірлік жоспарлары мен
қызығушылықтарын, басым мотивтерінің жүйесін,
тартымдылық деңгейін, өзін бағалауын,
мінез-құлқын саналы реттеу қабілетін және т.б.
білу маңызды. Осы мәселені сәтті шешу жоғарғы
оқу орнының
педагогикалық - психологиялық қызметінің
дамуымен байланысты.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Столяренко Л.Д. Основы психологии / Л.Д. Столяренко. - 2-е изд. - Ростов н/Д:
Феникс, 1997. - 736 с.
2.
Стефаненко Т.Г. Этнопсихология / Т.Г. Стефаненко. – М.: Академический проект,
1999. – 320 с.
3.
Яковленко Л.Н. Адаптация первокурсников // Аспирант и соискатель. – 2003. – С.
116-120.
4.
Воронский В.А. Исследования студентов к условием в вузы / В.А. Воронский //
Соционика. – 2001. - №6. – С. 29-33.
5. Любимова
Г.Ю. От первокурсника до выпускника / Г.Ю. Любимова// Вестник Московского
Университета. Сер 14. Психология. –2001.- №1. 48 – 52
6.
Свиридова Н.А Адаптационные процессы в среде молодежи /Н.А Свиридова // соц.
ис. № 1. 2005.
7. Дудник
Е.А. Адаптация учащихся младщих классов к условиям обучения в среднем звене. Дипломная
работа. - У-Ка, 2010.
8.
Шайхова М. Жастардың әлеуметтік – психологиялық бейімделу
мәселелері / М. Шайхова // Ұлағат. – 2012. – №1. – 49-51 б.