Халменова З.Б., Умбетова А.К.

әлФараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

 

Студенттердің білімін бағалаудың құзыретті бағдарлы жүйесі және CӨЖ  әдістемелік қолданудың рөлі

         В статье рассматривается роль самостоятельной работы студентов в формировании профессиональной компетенции; умение развивать индивидуальные способности; умение аргументировать и формировать выводы.

         In the article the role of independent work of students is examined in forming of professional competense; ability to develop individual flairs; ability to argue and form conclusions.

         Соңғы жылдары студенттерге білім беру жүйесінде жаңа технологиялар оқу үрдісіне кеңінен еңгізіліп келеді. Барлық оқу орындарында түрлі оқыту және бақылау бағдарламалары  белсенді түрде жүргізіледі, электронды анықтамалық жүйелер, шынайы-виртуалды зертханалар, мультимедиалық лингафондық кабинеттер, компьютер сыныптары, арнайы зертханалармен жабдықталған

Жүйелік принцип: - оқытудың басты қағидалары дидактикалық процестің барлық кезеңдерінде бақылау жасау, яғни алғашқы күннен бастап материалды қабылдап, ұғынып, оны практика жүзінде қолдануға дейін үзбей оқу.

Бұл принцип кешенді түрде жүргізіліп, әр-түрлі бағалау әдістерді пайдалануды талап етеді.

-         Көрнекілік принцип: - барлық студенттерді тексеру бір критери мен ашық жүргізу керек. Бағаны ашық хабарлап, бағалаудың мотивтерін түсіндіру керек. Бағалаудың нәтижесін талқылап, талдап, коррекция жасаудың жоспарын құрып көрсету керек.

-         Объективтілік принципі: - студенттердің білімін бақылап, оны дәлелдеп, баға қойуды басқаларға естіртіп, дәлелдеп қою керек. Осы үш принциптерден басқа субъективті бағалу жақтарыда кездеседі. яғни, гуманистік тұрғыдан (студенттердің денсаулығы, семья жағдайы т.б.).

-         Модуль-рейтинг жүйесін енгізуде басты мақсат оқытушы мен оқушының оқу үдірісін басқару арқылы алдына қойған мақсатына жету.

Ал басқаруды мынадай талаптарды орындағанда жетуге болады:

-         Мұғалім СӨЖ орындауды ұйымдастыру арқылы;

-         Студенттердің оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстар жүргізуіне ықпал жасау;

-         Студенттердің білімін бағалауда ашық, айқын жариалау арқылы топтағы, потоктағы үлгеріміне өзгерістер туындату;

-         Мұғалым мен сутденттер арасында оқу үдірісіне жауапкершілігін күшейту [1].

         Жоғарыда атап кеткендей аудиториалық сабақтар, яғни, лекция мен семинар сабақтарында оқытушы студенттермен ғылыми және тәрбиелік тұрғыдан өзара үнемі тікелей қарым-қатынаста болса, ал, СӨЖ барысында оқытушы көбінде студенттердің жұмысын тексеріп қана қоймай, тапсырманың жоғары деңгейде, қойылған талаптарға сай, уақытылы орындалуын, тапсырылуын талап ете алады. Негізінен СӨЖ тапсырмаларына студенттердің қызығушылығын оятатын тақырыптарды беру ең дұрысы.

Ең басты мән беретін тұсымыз осы әдісті қолдануда ол ооқытушының қызметі. Өйткені ол- дебат, пікір таластар барысында жауаптың дұрыс- бұрыстығын бағалайтын, өзара дауласып кету жағдайын қадағалайтын басты тұлға. Ең бірінші ол дұрыc тақырып талдай білуі тиіс.

СӨЖ-ді ұйымдастыруда ең басты міндетіміз ретінде «универ жүйесіне» уақтылы силлабусты енгізу. Өйткені студент өз мезгілінде СӨЖ тапсырмалары мен көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттермен танысып, СӨЖ орындау жөніндегі орындау жөнінде жазбаша әдістемелік нұсқаулармен, қойлатын талаптармен таныс болуы тиіс. Онда курс бойынша студенттер өзіндік жұмысты қандай түрде дайындауы, яғни баяндамалар, рефераттар, эссе жазу, жоба және тағы басқа түрінде тапсыру және әдебиеттер тізімі көрсетіледі. Өзіндік жұмыс тапсырмаларына лекция, семинар барысында мүлде қарастырылмаған жаңа тақырыптар беріледі.

         Мысалы, студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастыруда қолданатын жобалық технология әдісі болып табылады, «Органикалық синтез химико-технологиялық үрдістердің теориясы» пәні бойынша СӨЖ тапсырмасында  «Мұнайдың  шикізат қоры және оның Қазақтан Республикасындағы дамуы» тақырыбын талдау барысында студент негізгі өзекті проблеманы, қазіргі уақытта мұнай мен газдың үлкен экономикалық маңызы бар,өзіндік ерекшелігі бар пайдалы қазба деп, бұлардың өңдеу өнімдерін өндірістің барлық салаларында,көліктің барлық түрінде, әскери және азаматтық құрылыста,ауыл шаруашылығында,энергетикада,тұрмыста кеңінен қолданады деп талдау жасайды. Соңғы онжылдықта мүнайдан өте көп мөлшерде әртүрлі химиялық материалдар (пластмасса, синтетикалық талшықтар, каучуктер, лактар, минералды тыңайтқыштар және т,б,) өндірілуде. Мүнайды қазіргі уақытта алтын ретінде бағалайды, мүнай мен газ елдің экономикасы мен техникалық потенциалын ғана емес, саясатын да анықтайтын басты көрсеткіш болып табылады, Сондықтан осындай аса құнды пайдалы қазбаларды тиімді өндіру және өңдеу басты мәселе болып табылады.

         СӨЖ тақырыбын талқылау барысында студенттер өз көзқарастарын айқындап әртүрлі сараптамалар жасайды. Осылайша студенттердің өз  бетінше  тұжырымдар жасап өз топтағыларының көзқарасына ойларын айтады. Реферат пен баяндамаларды талқылауда топтан бір студент нақты тақырып бойнша сөз алады, қалғандары пікір айтушы ретінде толықтырады, талқылынады.

Студенттердің реферат бойынша сөйлегенде белгіленген уақыттан аспауы тиіс екенін ескерткен дұрыс. Бұл студенттердің жазған рефератты бастан аяқ оқымай, ең бастысы оның өз көзқарасын қысқаша, әрі негізгі тақырыпты нақтылы жеткізуі үшін маңызды [2].

 

Қолданылған әдебиеттер:

1.     Барабанизиков А.В., Корочкин Б.П. Научно-педагогические основы повышение эффективности самостоятельной работы. //Организация и методика СРС. Материалы Всероссийской научно-практицеской конференции. 16-17 мая 1998 г. Москва.

2.     А.А. Түргенбай. Студенттердің өзіндік жұмыстарын дайындау және өткізуде оқытудың жаңа технологияларын қолдану. //«Заманауи үздіксіз кәсіби білім беру жүйесіндегі түлектің құзыреттік үлгісі» атты 18-ғылыми-әдістемелік конференция материалдары, Алматы, 2013 ж.4-кітап. 125-127б.