Айдарбекова
К.А., Садуахасова Ф.Т.
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды
мемлекеттік университеті
Бастауыш мектеп оқушыларының оқуға танымдық
қызығушылын арттыру жолдары
Білімді реформалау жағдайында, аса
маңызды шешуді қажет ететін міндет мектеп оқушыларының
білім сапасын жетілдіру, тәрбиелеу және дамыту болып табылады. Осы
себептен де білім берудегі жеке тұлғаға зейін қою
проблемасы ұлғаюда, яғни олардың білімді игеруі мен
біліктілігін, дағдысын қалыптастыру белсенділігін көтеруге
баса назар аудару керек.
Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру
жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы
адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға
және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу
үшін қажетті жағдайлар жасау», - делінген [1].
Қазақстан
Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттiк бағдарламасында білім беру жүйесінде
жеткілікті нысана – білім, білік, дағды жиынтығын меңгеру
ғана емес, оқушылардың ақпаратты өздігімен табу,
талдау, құрылымдау және тиімді пайдалану дағдысын
бойына сіңіру, ақпараттық процесті түрлендіру
арқылы оқушылардың танымдық
қызығушылығын қалыптастыруға назар
аударылған [2].
Жеке
тұлғаны дамыту және қалыптастыруды қамтамасыз
етудің қажетті шартының құралы, қазіргі
алдыңғы қатарлы педагогикалық іс-тәжірибе
шартының құралы, қазіргі алдыңғы
қатарлы педагогикалық іс-тәжірибе мен дидактикада кең
тараған проблемалы оқыту, ойын әрекетін енгізу,
оқушылардың жалпыбілімдік біліктілігі мен дағдысымен қатар
танымдық қызығушылығының қалыптасуы болып
табылады. Бастауыш мектеп оқушыларында қазіргі білім беру
модернизациялау жағдайында
оқырмандық қызығушылықты дамыту
«қызығушылық» түсінігін және философияның,
педагогиканың, психологияның еңбектеріндегі түсініктермен
негізделетін жеке талдауларды қажет етеді.
Қызығушылықтың
мазмұны мен сипаты – адамның мотиві мен қажеттілігінің
құрылуымен және іс-әрекетті игеру формалары мен
құралдарының қасиеттерімен де қызығушылықты
мақсаттылы қалыптастыру оқыту мен тәрбиелеу процесінде
маңызды мағынаға ие.
Қызығушылықтың
бір түрі – танымдық қызығушылық. Оның
нысанасы болып танымдық процесс саналады. Ол құбылыстың
мәні, белгілі білім саласының ғылыми негізін
меңгерудегі талпынысты сипаттайды. Бұл «жеке тұлғаны
танымдық салада, нақты пәндік салада және білімді
меңгерту процесінде бағыттау әрекеті». Жеке тұлға
құрылымында танымдық қызығушылық:
қоршаған орта нысанасы мен болмысында психикалық процесті
саралап бағыттау ретінде; жеке тұлғаның осы
құбылыс, іс-әрекет саласымен айналысуды қажетсінуімен;
барлық психикалық процестің қарқынды жүзеге
асуына, іс-әрекеттің нәтижелі болуына ықпал ететін
белсенділікті арттыру ретінде; нысанаға, қоршаған орта
құбылыстарына, олар туралы білімін арттыруға, ғылым
салаларына бағытталған белсенді ой-пікірлерге, эмоцияға толы
саралы көзқарас ретінде айқындалады [3].
Танымдық
қызығушылық – жеке тұлғаның өте
маңызды білім меңгеру түрі. Ол оқушының
өзіндік әрекеттерін дамытуды көздейді.
Қызығушылық қызметтің нақты пәндік,
оқу, шығармашылық әрекеті мен тұтас
өміршеңдігінің қуатты және белсенді
ынталандырушысы болып табылады. Адам таным процесінде қоршаған
дүниенің жаңа фактілерін, жаңа байланыстарын,
өзара тәуелді құбылыстарын ашады. Танымдық
қызығушылық нақты көріністі қабылдайды.
Қабылданған заттар мен құбылыстар оқушының
сана-сезімінде із қалдырады, оқыту поцесінің ерекшеліктері
сезімнен ойлауға өту құбылысын қамтамасыз етеді.
Танымдық
қызығушылық оқушының жеке басының
тұрақты қасиеті бола отырып, оның оқудағы
белсенділігін, өздігімен дербес танымдық мақсатты қоя
білуін анықтайды. Осыны ескере отырып, психологтар
қызығушылық ұғымын былайша сипаттайды:
қызығушылық
танымдық қызығушылық бір пәнге (бір нәрсеге)
қызығушылық. Демек, оқушылардың қандай да
бір нәрсеге немесе бір пәнге қызығушылығы сатылап
қалыптасады, мұны жоғарыда аталған зерттеулер
нәтижесі дәлелдейді.
Оқушылардың
сабақтағы қызығушылығы мен белсенділігін
қалыптастырудың жолдары сан-алуан. Бұл пікір
педагогикалық әдебиеттерде көрсетіліп,
нақтыланған әрі бірнеше ғалымдар пікірлеріне
үндесіп отырады. Сондықтан қандай да бір пән болмасын, сол
пәнге оқушының қызығушылығын, белсенділігін
қалыптастыруды тудыру жолдары, шарттары мен қолданылатын
жұмыс түрлерін жинақтап көрсетуге болады.
1. Берілетін білім мазмұны
мен оқушының жас ерекшелік ақыл-ой даму
деңгейінің сәйкестігі.
2. Берілетін білім
мазмұнының қызықты болуы.
3. Оқу әрекеті
мотивінің,міндет мақсатының, айқындылығы
4. Мұғалімнің
кәсіби және мәдени құзырлығының
жоғары деңгейлігі.
5. Оқушылардың
міне-құлық, қабілет ерекшелігінің ескерілуі.
6. Оқушылардың
өз бетінше және шығармашылық жұмысының
тиімді ұйымдастырылуы.
7. Оқытудың
көрнекілікке, бақылау әрекетіне негізделе жүргізілуі.
8. Оқушының оқу
мүмкіндігін, денсаулығын есепке ала оқыту
9. Проблемалық жағдаят
тудыра оқыту тиімділігі.
10. Ерік – жігері, жауапкершілік,
борыштық сезімін тәрбиелеу.
Сабақта берілетін оқу
материалдарын оқушыларға жеткізу үшін, әр – түрлі
оқыту әдістерін қолдануға болады. Мектептегі ең
кең тараған оқыту әдісі – ол мұғалімнің ауызша баяндауы. Бұл әдіс
оқу процесінде жетекші рөл атқарады, барлық
пәндерді оқытуда және сабақтың түрлі кезеңдерінде әсіресе
жаңа материалды түсіндіруде
кеңінен орын алады.
Мұғалім
өзінің сөзін көрнекі бейнелермен байланыстырады.
Мұғалімнің ауызша баяндауы, сұрақтарды анық
және түсінікті етіп қоюы, проблемалы ситуация тудыратын етіп қоюы, баяндалатын материалдың ең маңызды жерлерін
айырып беруі, хабарлаудың жүйелі және дәлелді болуы
қажет.
Мұғалімнің
сөзі әсерлі, тартымды, сенімді сонымен қатар дауыс
ырғағы мен мимикасы мәнерлі және бай болғаны
жөн.
Танымдық
қызығушылық – оқу процесінің жүзеге
асуының басты шарты және оқушылардың
өздерінің танымдық әрекеттерінің сипаттамасы.
Оқу барысында оқушылардың қызығушылығынсыз
оқыту процесі болмайды. Оқушылардың танымдық
қызығушылығын
қалыптастыру – бұл ынтаны тудыратын, оқушыға
оқу материалдарына қызыға кірісу сезімін оятатын
мұғалім әрекетінің жүйесі [4].
Әдебиеттер:
1. Қазақстан
Республикасындағы «Білім туралы» заңы. – Алматы: Юрист, 2007. – 11
б.
2. Қазақстан
Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы// http://sc0015.kokshetau.akmoedu.kz/documents/view.
3. Ушинский К.Д.
Педагогические сочинение: в томах. Т 1 // Сост. С.Ф.Егоров, М: Педагогика,
1988, с. 413).
4. Омарова Р.
Білім берудің жаңа парагдимасы жағдайында
оқушылардың шығармашылық
қызығушылығын қалыптастырудың дидактикалық
негіздері. п. ғ. д... автореф -2008, б. 45