Кадырова А.Е
Тараз мемлекеттік педагогикалық
институты,оқытушы
Кадырова А.Е
№20 орта мектеп мұғалімі
Мектеп жасына дейінгі
балаларды оқыту мен тәрбиелеуде дидактикалық ойындарды
пайдалану
ХХІ
ғасырда ғаламдану талаптарына сәйкес ғылым мен техниканың
үздіксіз дамуы нәтижесінде адамзаттың заман талабына сай
дамуының заңдылықтары негізінде көптеген дамыған
елдердің және біздің еліміздің де білім беру
жүйесінде елеулі өзгерістер
енуде.
Жаңа білім беру реформасы мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу болғандықтан, балаларды тәрбиелеуді ойын іс-әрекеті арқылы жүргізу қажеттігіне ерекше мән береді.
Ойын - бала өміріндегі
тәрбиенің шешуші шарты. Бала өзін қоршаған
ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы
құбылыстар мен заттарды ойын арқылы түсініп
ұғынады.
К. Д. Ушинский мектеп жасына дейінгі балалардың ерекшеліктерін ескерсе,
былай деп жазады: «Бала табиғатты көрнекілікті аса
қажетсінеді. Балаға өзіне белгісіз бес сөзді
жалаң үйрете бастасаңыз, көп уақытты зая кетіріп,
босқа қиналасыз. Ал енді жиырма сөзді суреттермен
байланыстыра үйретсеңіз, бала оны лезде қағып алады.
Сіз балаға қарапайым ғана ойыңызды қанша
түсіндірсеңіз де, оңай ұға қоймайды.
Дәл сол ойды күрделі суреттер көрсете баяндасаңыз, ол
сізді тез түсінеді»[1].
Дидактикалық ойын адамгершілікке тәрбиелеудің
құралы болып табылады. Дидактикалық ойынмен
ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді
жеңіл келеді. Сондықтан дидактикалық ойынды іріктеп
алуға нақтылы сабақтың мақсаты,
мүмкіндіктері мен жағдайларын ескертуге ерекше назар аударған
жөн.
Дидактикалық ойын – балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын
- айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ол балаларға
өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын
үйретіп қана қоймай, ұйымдастырушылық
қабілетін қалыптастырады. Педагогикада дидактикалық ойындарға
былай анықтама беріледі: дидактикалық ойындар дегеніміз –
балаларға белгілі – бір білім беріп, іскерлік пен дағдыны
қалыптастыру мақсатын көздейтін іс - әрекет.
Дидактикалық ойындардың
мақсаты:
1. Бағдарламада анықталған
білім, білік және дағдылар жайында түсін ік беру;
2. Бағдарламада анықталған білім, білік және
дағдыларды қалыптастыру;
3. Бағдарламада анықталған білім, білік және
дағдыларды тиянақтау және бекіту;
4. Бағдарламада анықталған білім, білік және
дағдыларды қайталау және пысықтау;
5. Бағдарламада анықталған білім, білік және
дағдыларды тексеру.
Дидактикалықойынның міндеті:
1.Баланың
қызығушылығын туғызу;
2.Баланың белсенділігін арттыру.
Балабақшадағы тәрбиелеу - оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс - әрекет кезіндегі тілдік қарым - қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген [2].
Ойын – үнемі даму құбылысы. Ойынға үйрету мен тәлім-тәрбие жұмыстарында пайдалану балалардың ой-өрісін, дене дамуын қалыптастыруға көмектеседі. Ойын сонымен қатар тарихи құбылыс болып та табылады.
Ойындар - өзінің болмысы, мазмұны жағынан тарих түкпіріне жетелейтін бірден бір сара жол. Ол адамзат тарихымен тікелей байланысты және үнемі даму үстінде болады. Сондықтан, ол адамның барлық іс-әрекетінің дамуында да өте маңызды орын алады. Ойын адамның еңбек әрекетінен туындап, адам қиялының нәтижесі бола отырып қоғамдық экономикалық формацияның өзгеруіне өз әсерін тигізеді, ойын мен ойыншық қалыптасқан адам мәдениетінің ең бір қызықты құбылысы болып есептелінеді.
Дидактикалық ойындарды және ойын әдістерін бүгінгі таңда оқыту үдірісінде пайдалана отырып, балалардың танымдық белсенділігін арттыра отырып бала мен тікелей қарым-қатынасқа түсу оны оқыту үрдісіне ынталандыру, сапалы қасиеттерін ашу білім, біліктілігін, іскерлік пен дағдысын қалыптастыру жолы болып отыр.
Мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетін барлық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде ойын әдісінің бірі дидактикалық ойындарды оқыту үрдісінде мазмұнына сай пайдалану әр бір тәрбиеші-педагогтың міндеті екені белгілі. Бірақ арнайы оқыту мазмұнына сай жүйелі жасалған дидактикалық ойындар мен ойын әдістерінің мазмұнын құрастырып сол оқу іс-әрекетіне, тақырыпқа, мақсатына сай ойындарды жүйелі пайдаланатын тәрбиешілер өте аз.
Құрбыларымен қарым-қатынас жасау
қажеттігі, олардың эмоциялық қолдауына ие болу
қажеттігі баланы мақсатты түрде зейін қойып, есте сақтауға
мәжбүр етеді.
Ойын
мақсатсыз бос ермек емес. Көп уақытқа созылатын, баланы
қалжырататын жаттығулар, жіптен секіру, орамал тастау, доптан
секірту сияқты ойын түрлерін меңгеру өзінің
оң нәтижесін береді. Балалар ойнай жүріп, белгілі ережелерге
сүйеніп, әлгіндей заттар арқылы іс-әрекетті игеру
міндетін орындайды. Ойнай жүріп, бала мол күш-жігер жұмсайды
[3].
Ойын жағдайы, сондай-ақ,
баланың ақыл-ой әрекетін дамытуға үнемі
ықпалын тигізеді. Бала кез келген күтпеген жағдайға
қашан да дайын болып, оны дәл сол жерде дұрыс шеше білуі
тиіс, ол ойын атауына сәйкес жоқ заттың орнын басатын
нәрсемен әрекет жасай білуі тиіс.Орын басатын зат ойлау үшін
тірек болмақ. Сол затқа сүйену негізінде бала нақты зат
туралы ойлауды үйренеді. Ойды дамытудың мәні мынада: бала
тікелей қабылданатын көрнекі жағдайда зат арқылы
әрекет етуді біртіндеп тоқтатады да, заттар туралы ойлауды, ойын
жоспарында оларды пайдаланып, әрекет етуді үйренеді. Сөйтіп,
ойын баланы түсініктер жоспарына сай ойлауға баулиды.
Сонымен бірге ойын тәжірибесі,
әсіресе ойын жөніндегі нақты өзара
қарым-қатынастар ойлаудың айрықша
қасиетінің негізін құрайды, мұның өзі
басқа адамдардың көзқарасын қабылдауға,
олардың мүмкін болатын мінез-құлқын болжап білуге
және осының негізінде өз мінез-құлқын
түзеуге мүмкіндік береді.
Дидактикалық ойындардың
өзіне тән ерекшеліктері бар.
Бір жағынан – ойында ойындық
әрекет негізге алынған, оның көмегімен жеке
тұлғаның белгілі бір сапалары: зейін, байқағыштық, ес, ойлау,
ізденімпаздық, белсенділік қалыптасады.
Екінші жағынан – ойын
сабақта белгілі бір дидактикалық міндетті, жаңа материалды
оқып-үйрену, өткенді қайталау, іскерлік пен
дағдыны қалыптастыру, білімді іс жүзінде пайдалану
міндеттерін шешуді көздейді.
Мектепке дейінгі кезеңнің
оқу іс-әрекеті процесінде аса дайындықты қажетсінбейтін
дидактикалық ойындарды пайдалану керек және олар оқытатын,
үйрететін сипатқа ие болуы тиіс. Дидактикалық ойындарды
ұйымдастырғанда оның сабақтың мақсатына
жетуге көмектесетін жағын ескеру маңызды. Оларды
сабақтың әрбір кезеңіне сәйкес дұрыс
пайдалану да өте тиімді. Оқыту үрдісінің басында ойын
баланың қызығушылығын оятады, оны ұйымдастырады,
сабақтың ортасында ойын тақырыпты меңгертуге
бағытталады, сабақтың аяғында ойын ізденіс сипатына ие
болады. Бірақ ойын сабақтың қандай кезеңінде
ұйымдастырылса да, қызықты, түсінікті болуы балаларды
іс-әрекеттің әр түріне баули алуы тиіс.
Дидактикалық ойындардың
қайсысын болмасын өткізу барысында балалар түрлі
іс-әрекеттерді орынайды. Дегенмен олардың қандай да бір
іс-әрекеттің басым орындалуына орай топтастыруға болады.
Демек, ойын барысында орындалатын негізгі іс-әрекеттерді анықтап,
оның түрлерін іс-әрекетке орай алмастырып отыруға тура
келеді [4].
Кейбір дидактикалық ойындарда
балалардың орындаушылықпен
(берілген үлгіге еліктей отырып), біршамасында еске түсіруімен,
(қайта жаңғырықтандырумен) байланысты, қайсы
бірінде тексеру мен бақылау, өзгерту, түрлендіру,
әртүрлі мүмкін варианттарды іздестіру сияқты
іс-әрекеттер орындайды. Ойын элементтерін пайдалану нәтижелі болу
үшін осы сияқты іс-әрекеттерді алмастыра отырып
дидактикалық ойындардың өзгермелі болуын да жүзеге
асыруымыз керек. Әсіресе дидактикалық ойындарды мектепалды
даярлықты қалыптастыруда пайдаланудың маңызы зор.
Ол үшін баланың мектепте оқуға арнаулы және жалпы дайындығын ажырата білуіміз қажет. Арнаулы дайындық балада алдымен мектептің ана тілі, математика, дүниетану секілді оқу пәндерін үйренудің негізі болып табылатын білімнің, ұғымның, іскерліктің, дағдының бар-жоғымен, жалпы дайындық оның дене және психикалық дамуына қарай анықталады[5].
Бұл
ойындар балалардың оқыту үрдісіндегі жұмысын
түрлендіре түседі, олардың пәнге
қызығушылығын оятып, ынты-ықылас қоюына баулиды
және оқушылардың зейінін, ойлау, зерде үрділерін
дамытады. Өмір тәржірибесін бір жүйеге келтіруге
үйретіп, жүйке
жүйесін демалдырады. Міне, сондықтан да ойын
оқу-әрекетінде жетекші роль атқарады.
Балалар ойын барысында тәлім-тәрбиелік маңызы
жоғары, адамгершілік, ізгілік қасиеттеріне сезініп, өздерін
еркін ұстап, ізденімпаздық, тапқырлық қасиеттері
байқалады. Сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік
арқылы түрлі психологикалық түсінікпен сезім
әрекетіне сүйенеді.Ойын үстінде бала қуаныш пен реніш
сезімдерін сезінеді. » Ойын өмір сүру әдісі емес, бірақ
адам әрекетінің құрамды негізі. Ақылды адам
дегеніміз ең алдымен ойнайтын адам»,-дейді. Міне,сондықтан
адамдарды жасына қарамастан ойын өзіне тартып тұрады»,-дейді
[6].
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі
1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы.//Егемен Қазақстан 14 желтоқсан 2010ж.
2. Р.Қоянбаев «Тәрбие теориясы» - Алматы, 1990.
3. «Бала және балабақша»
журналы. №8-9-11-2011.
4. В.И.Ядышко, Ф.А.Сохина «Мектепке дейінгі
педагогика»
Алматы.1982.
5.Сағындықов
Е. Қазақтың ұлттық ойындары. –А: Рауан, 1993-176
б.
6.
«Балдәурен» ғылыми әдістемелік журнал.№15-16 -13-14- 27-30
бб.