«Білім алушылардың танымдық
қабілеттерін дамытудың психологиялық –
педагогикалық негіздері»
Беркенова Г.С. - А.Байтұрсынов
атындағы Қостанай Мемлекеттік Университетінің педагогика
және психология кафедрасының доценті, педагогика
ғылымдарының кандидаты.
Сеилова А.К. - А.Байтұрсынов
атындағы Қостанай Мемлекеттік Университетінің 6М010300
«Педагогика және психология» мамандығының магистранты.
Қазіргі заман үрдістің қарқыны
білім беру жүйесінің алдына үлкен мақсаттар мен
жаңа міндеттер жүктейді. Жас ұрпақты жан-жақты
жетілген, ақыл-парасатты, ой-өрісі биік, бәсекеге
қабілетті азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың
ең басты мәселесі. Бұл әр оқытушының
шығармашылық ізденісін жаңаша істеуін қажет етеді. 21
ғасыр – білім ғасыры. Тек білімді азаматтарымен ғана
еліміздің болашағы жарқын болашақ. Білімді
ұрпағы бар мемлекет өзінің даму жолында кез келген
кедергілер мен тосқауылдарға қарсы тұра алады дегендей
білім беру үрдісінде білім алушылардың танымдық
қабілеттерін дамыту – басты мақсат болып отыр. Қазіргі
педагогикалық-психологиялық білім беру жағдайларда
танымдық қабілеттерді кешенді түрде, мысалы танымдық
қызығушылық, мотивация, ойлау қабілетін, ізденісін бір
сабақ көлемінде қолданылса ғана сабақ жемісін,
білім алушылардың білім сапасы арту деңгейін көретініміз
анық.
Жеке тұлғаның ойлау, зейінін,
интеллектісін жетілдіре, білім беру барысында қалыптастыру үлкен
жетістіктерге жеткізеді. Оқытушы мен білім алушы, екі жақты
үнемі ізденісте өшпес ұмтылыста, үздіксіз
құлшыныста болғанда ғана, білім үрдісінде
жаңа әдістерді оқытушы ендірсе, сонда ғана білім
алушылардың білімге деген құштарлығы өркейіп,
нұры тасып, танымдық қабілеттері одан бете дамып,
дүниетанымдары арта түсері анық.
Білім алушылардың танымдық қабілеттер
белсенділігін арттыру, таным қабілеттілігінің оянуына түрткі
болу- оқытудың негізгі мәселелерінің бірі. Білім
алушылардың танымдық белсенділігі ал кезеңінде
қабылдау, есте сақтау, ойлау, қиялдау үрдістері мен
зейіннің тұрақты күйін қажет етеді. Білім
алушылардың өзіндік сезімдік танымы негізінде
қабылданған білімі мен дағдысы, ертігі мен шеберлігі
әлдеқайда нәтижелі әрі жемісті болады. Таным
қабілеті әр адамзатқа тән, қоғамдағы
өзгерістерге сәйкес білім алушыларға бүгінгі
таңда тиянақты білім беру үшін олардың танымдық
қабілетін дамыту басты мақсат болып отыр. Білім алушылардың
белсенділігін арттыру жолында олардың
әр пәнге деген қызығуын, өздігінен даму
дағдыларын қалыптастыру ізденімпаздыққа,
шығармашылыққа тәрбиелеу әр
оқытушының міндеті. Сол себепті білім мазмұнын оқыту
әдістерін, түрлері мен құралдарын, әдістемелік
жүйені жаңа сапалық негізінде қайта құру
қажеттілігін естен шығармағанымыз абзал. Білім мазмұны
ақпарат көзі болып қоймай, білім алушылардың
өздігінен білім алу құралына айналуы керек. Бұл
мақсатқа жету жолында пән аралық байланыс, білім
алушылардың өзіндік танымдық белсенділігін дамытуға
арналған сабақтың түрін өзгертіп отырып
нәтиже беретіні сөзсіз. Педагогикалық ахуалға байланысты
оқытудың дара және ұжымдық түрлерін
біріктіру, оқу құралдарын дұрыс пайдалана білудің
де маңызы зор.
Білім алушылардың танымдық
қызығушылығын, ізденімпаздығын арттыру үшін
оқу үрдісі оларды қанағаттандыратындай
ұйымдастырылуы қажет. Жүз рет естігенше, бір рет көрген
артық деп босқа айтылмаған. Соңғы кездегі
теледидардан беретін интеллектуалды ойындар, бағдарламаларды әр
пән бойынша қолдану әдістемелері баспа сөз бетінен орын
алып отыр. Осы озық тәжірибелерді әр оқытушы
қолдана білсе, білім алушыларды өз пәніне деген
қызығуын тудырады және ең алды танымдық
қабілеттерін дамытуға жол ашады. Екі жақты зерттеу,
психология, педагогика білім беру жағдайларда танымдық
қабілеттер дамытылатынына көз жеткізу және дәлелдеу.
Дамытудың тиімді жолдарын ұсыну. Педагогикада танымдық қабілеттерді
кешенді түрде қолдануды дамыту жұмыстың басты
мақсаты. Қазіргі білім беру жүйесінде жаңа
парадигмаға сәйкес бәсекеге қабілетті тұлға
тәрбиелеу, оқыту және дайындау.
Педагогикалық
үрдісте білім алушы мен оқытушының арасындағы
өзара әрекеттесу жүріп, ол әрекеттесу әр
түрлі әдістер арқылы іске асады. Әдістерге
технологиялық жағынан жақындау әдістің
өнімділігін тиімді арттыру мақсатында бағытталған,
яғни мұнда білім алушының танымдық мүмкіндігі,
жеке адамның белсенді танымдық қабілеттігі ескерілмейді.
Білім беру
жүйесі Қазақстанның ұлттық даму саясатында
белгіленген басымдылық қатарында ерекше орында тұр. Білім
сапасын арттырудың көзі – оқытудың тиімді жолдарын
қолдану. Ал білім алушылардың білім сапасы – оқытушылардың
шығармашылыққа, нәтижеге бағытталған
еңбегінің нәтижесі.
Қазіргі қоғам жастардан білімі мен
интелектуалдық деңгейі жоғары болуын талап етеді, аса
білімді, шығармашыл, алғыр адамдарға тiршiлiктiң жылдам
өзгеретiн шарттарында бейімделуге
қажеттiлiк туындайды. Негiзгi және бiлiмнiң
кәсiби негiзiн ЖОО тығындайды, оқыту процесi білім
алушылардың өздері таңдаған еңбек
iс-әрекетiнде кәсiпқойдың қалыптасуы үшiн
керек болатын сапалы білім, іскерлік пен дағды игеруіне бағытталу
керек. ЖООғы оқыту қарқындылығы, қазiргi
өндiрiс және
әлеуметтiк-саяси өмірдің жоғары
шапшаңдығы шарттарында алдағы уақыттағы
міндеттерді шешу қиындықтарымен негізделген, білім алушылардан
жоғары ақыл-ой ынтасын, психикалық және еңбекке
қабілеттілікті талап етеді. Дегенмен, бәрi де ЖОО оқыту
бағдарламасымен жұптаса алмайды да, көптеген себептермен
үлгере алмайтын болады. Оқытудың төмен сапасының
аса кеңінен тараған себебі білім алушылардың танымдық
қабілеттерінің дамуының кемшілігінен болып табылады.
Жоғары білім жүйесінің ұйымдастырылу мен жетілдірілуі
білім алушылардың танымдық және психикалық
іс-әрекеттерін бiртұтас түсiнусiз мүмкін емес
және оқытудың барлық сатыларында психика дамуының
психофизиологиялық анықтауларын терең оқып білу.
Мұнда ең маңызды шарт білім алушылардың танымдық
іс-әрекетін ұйымдастыруда кешенді тәсілге келу болып
табылады, алдын ала қарастырылған қажеттілік тек
тұлға дамуының психикалық заңдылықтарын
білуге ғана сүйену емес, білім алушылардың дара ерекшеліктерін
де білу, осыған байланысты жоспарлы түрде интелектуалдық даму
процесін бағыттау, көбінесе танымдық
қабілеттердің дамуымен қосылады. Тек осы
заңдылықтар мен ерекшеліктерді білу негізінде білім
алушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруда
ғылыми дәлелденген жеке тәсілді жүзеге асыруға
болады. Осыдан шыға, оқу – танымдық iс-әрекеті
барысында білім алушылардың
танымдық қабілеттерінің психофизиологиялық
анықтау құрылымын зерттеу өзекті мәселе болып
табылады. Танымдық қабілеттерді зерттеуде кешенді тәсілді
қолдану білім алушылардың дара тұлғалық
дамуының динамикасын анықтауға, жеке дамуының кемшіліктерін айқындауға,
дамудың жағымсыз көрінісін, олардың өзара
байланысын және өзара әсерінің себептерін
түсінуге мүмкіндік береді. Білім алушылардың танымдық
қабілеттері қалыптасуының сұрақтарын шешу
тығыз мынадай педагогикалық мәселелермен байланысты,
оқыту мен даму байланысының үздіксіздігі,
оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін
қолдану, білім алушылардың креативтік ойлауы дамуы, білім
алушылардың жалпы және кәсіби
құзыреттілігінің қалыптасуы, оқу
бағдарламасының, заңдылықтарының мазмұнын психологиялық
қамтамасыз ету, оқу іс-әрекетінде білімді меңгеру.
Білім алушылардың танымдық қабілеттерін
дамытып қалыптастырудағы педагогикалық шарттарды
айқындау тұлғаның белсенділігін көтеруде ерекше мәнге
ие болатындығына Мустояпованың «Қазіргі кезде білім
алушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың
дидактикалық шарттары» атты еңбегінде біршама сипатталған.
Сонымен қабілеттер жайлы барлық пікірлерді
қорыта келе, біз төмендегідей тұжырым жасаймыз.
Қабілеттер мәселесі – білім алушылардың жекелік
айырмашылықтар мәселесі. Қабілеттер туа бітетін қасиет
емес, олар өмір сүру барысында дамып отырады. Қабілеттер
ережесі әр адамда әр түрлі деңгейде болады. Адам
бойындағы жалпы және арнайы қабілеттердің
алғышарты нышан болып табылады. Қабілет әрекетте
байқалып, сол әрекет арқылы дамып отырады.
Көптеген зерттеуші педагогтар мен психологтар
таланттылық деп белгілі бір салада өнер музыка жоғары
жетістікке жеткізетін қабілетті айтады. Олар таланттылық
тұқым қуалау арқылы берілуі өмірде көп
кездесетін жағдай болғанымен ол бірден – бір фактор бола
алмайтындығын дәлелдейді. Педагогикалық білім беру
жағдайларында біздің көзқарасымыз бойынша білім
алушылардың танымдық қабілеттерін қолдана отырып келесі
педагогикалық шарттар кешенді түрде білім беру үрдісінде
жүзеге асырылса, білім алушылардың оқуға танымдық
қызығушылығын арттыру, мативация жоғарылығы,
өзін - өзі бақылау, білім алушылардың оқу
жемісінің нәтижесін көретініміз абзал. Сонда ғана
танымдық қабілеттерді кешенді түрде қолданудың
тиімділігіне көз жеткіземіз.
Қорыта айтқанда қазіргі кездегі психологтар
мен педагогтар адамның жеке басының дамуындағы
қиялдың маңыздылығының ең тиімді жолы
шығармашылық жұмыста көрсету, үйрету,
көркемдік әдебиетте нақылау, өз бетінше жұмыс
жасауына жағдай жасалу, яғни еркіндік беру керектігін айтады. Таным
және шығармашылық күрделі психологиялық процесс.
Бұл қасиеттерді дамыту өте күрделі үрдіс болып
табылады. Яғни шығармашылық және танымдық
қабілеттердің маңызы білім алушыларға
өзін-өзі тануға, өмір шындығын білуге, ізденуге,
ұмтылуға талпыну қабілеттерін дамытады. Яғни білім
алушыны жан-жақтылық ойлау, іс-әрекеттер жасау
қабілеттерін дамытады , ол үшін білім алушылардың айналасына
қолайлы жағдайлар жасауымыз қажет. Яғни тек қана
оқытушы ғана емес атан-ананың септігі зор. Қазіргі
заман талабына сай оқыту жас ұрпақты біліммен сусындау
оқытушының міндеті. Мемлекетіміздің рухани және
әлеуметтік дәрежесі қазіргі таңда білім
деңгейімен бағаланады. Жас ұрпақты осы талапқа
сай тәрбиелеу үшін оқытушы өзінің оқыту
әдістерін күннен-күнге жетілдіріп отыруы тиіс.
Қоғамдағы өзгерістерге сәйкес білім
алушыларға бүгінгі таңда тиянақты білім беріп,
танымдық белсенділігін арттыру үшін олардың әр
пәнге қызығушылығын, өздігінен даму
дағдыларын қалыптастырған жөн.
Қолданылған
әдебиеттер тізімі
1. Мөженақова М.С. Мектептің
педагогикалық процесінде оқушылардың танымдық
қызығушылығын өлкетану материалдары негізінде
дамыту.п.ғ.к. дисс...Автореф Қарағанды 2004.
2. Білім ғылыми
педагогикалық журнал, 2011 жыл.
3.
Бапаева М.Қ. Жоғары мектепте психологиялық білім беру
процесін жетілдіру, оқу құралы. – Алматы, 2006 жыл.