Педагогические
науки /5.Современные
методы преподавания
п.ғ.к., доцент Н.У.Асильбекова
педагогика магистрі, аға оқытушы М.А.
Мырқасымова
Психология мамандығының 2 курс студенті А. Жаныбекқызы
Тараз Мемлекеттік педагогикалық институты,
М.Х. Дулати атындағы
Тараз Мемлекеттік университеті, Қазақстан
Бастауыш
сыныптарда халық педагогикасы дәстүрін жаңа
технологиялар арқылы ендіру
Қазақстан
Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті –
ұлттық және жалпыадамзаттық қазыналар,
ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру үшін
жағдайлар жасау», - деп ерекше атап көрсетілген. Осы
Заңның 8-бабында «Білім беру мекемелеріндегі тәрбиелеу
бағдарламалары этномәдениет элементтерімен байытылады», - делінген.
Келер
ұрпаққа қоғам талабына сай ұлттық
тәрбие мен білім беруде педагогтардың инновациялық
іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін
меңгеруі – маңызды мәселелердің бірі. Ал ғылым
мен техниканың жедел дамыған, мәліметтер ағыны
күшейген XXI ғасырда жан-жақты дамыған
ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген,
шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру мектептің
басты міндеті болып саналады.
Ұлттық
құндылықтар сананың басты белгісі
болғандықтан, адамның мінез-құлқы,
іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасы
арқылы сипатталады (әдептілік, мейірімдік, қайырымдық
т.б.). Халықтық тәрбие - әлеуметтіліктің биік
шыңы, адам ұрпағының негізін қалаушы, халық
мәдиенеті, басқалардан айырмашылығы – адамның рухани
байлығы мәңгілік [2].
Қазақ
халқының ғасырлар бойы қалыптасқан
әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі мен тәлімдік
мұралары арқылы жас ұрпаққа тәрбие беруде
қазақтың ағартушы-педагогтары А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев,
Ж. Аймауытов, М. Дулатов, Х.Досмұхамедов мектеп оқушыларына,
мұғалімдеріне және болашақ ұстаздарға арнап
оқулықтар, оқу құралдары мен әдеби
шығармалар жазды.
Халықтық
педагогиканы зерттеген шетел педагог-ғалымдары Г.Н.Волков, Я.И.Ханбиков,
В.Ф.Афанасьев, Е.Л.Христова, Г.Н.Филонов, А.Э.Измайлов, Т. Ормонов болса,
Қазақстан ғалымдарының ішінен
С.А.Ұзақбаева, Қ.Б.Жарықбаев, С.Қ.Қалиев,
Қ.Б.Бөлеев, Қ.Ж.Қожахметоваларды атап өтуге
болады.
Халықтық
тәрбиенің мүмкіндіктерін мектептің
оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану мәселелері С. Қалиев,
С.А. Ұзақбаева, М.Х. Балтабаев, А.А. Қалыбекова, Қ.Е. Ералин,
Қ.Б. Бөлеев т.б. докторлық диссертацияларында
қарастырылған.
Халық
педагогикасының негіздерін
бастауыш сынып оқушыларына жүйелі түрде пайдалану
мәселесінің арнайы зерттеу нысаны болмаған. Осыған
байланысты мектеп қабырғасында оқушыларды
халықтық педагогика негізінде тәрбиелеу теориясы мен
практикасында қайшылық орын алып тұрғандығы
байқалады [3].
Педагогикалық технология,
оқыту технологиясы туралы мәселелер соңғы жылдары
педагог-ғалымдардың назарын аударып, әр түрлі
қырынан зерттелуде. Бағдарламалап оқыту мәселелері Б.Беспалько,
М.Кларин, И.Лернер, В.Оконь, Н.Талызин және басқалардың
еңбектерінде зерттелген.
Дамыта оқыту
технологиясы Л.Выготский, Д.Эльконин, В.Давыдов, Л.Занков, ал
жеке-бағдарлы оқыту технологиясының жобасы Ш.Амонашвили
еңбектерінде жан-жақты зерттелген. Ұлттық
тәрбиені жаңа технологиямен сабақтастырып,
тұрмыстық салт-дәстүрлерді жаңа өмір
талабына сай қолдануды кәсіби шеберлікпен жүзеге асыру
қажет [4].
Жоғарғы
оқу орындарында болашақ мамандарды дайындау барысында, мектеп
қабырғасында инновациялық іс-әрекетке бағытталу
өте тиімді.
-
педагогикалық инновацияны, педагогикалық
технологияларды оқып-үйрену, жүзеге
асыру – педагогтардың
шығармашылық ойлауын дамытудың ең тиімді факторы;
-
инновациялық іс-әрекет арқылы өз
мамандығына деген сүйіспеншілігі арта түседі;
-
инновациялық теориямен қарулану және
алған білімді мектептің оқу-тәрбие процесіне
нәтижелі пайдалана білу
арқылы педагогика саласындағы негізгі тұжырымдар, ережелер,
идеялар мен оқытудың жаңа принциптері және
заңдылықтарымен танысады, іскерліктерін шыңдайды;
Әрбір педагог
өз тәрбие жұмысының жемісті болуы ғасырлар бойы
қалыптасқан этнопедагогика жетістіктерін тиімді пайдаланумен
анықталатынын түсінуі қажет. Атаулы мақсаттарға
жету үшін «инновация», «инновациялық іс-әрекет»
ұғымдарына түсініктеме беріліп, инновацияның пайда болу
және даму тарихы жөнінде мағлұмат беріледі.
Инновациялық іс-әрекеттің құрылымы мен
ерекшеліктері ашып көрсетіледі [5].
Сондықтан
инновациялық технологияны меңгеру үшін төмендегідей міндеттерге назар
аударуды қажет етеді:
1. Халық өміріндегі құбылыстардың педагогикалық
мәнін талдау, балаға жеткізудің тың
жолдарын іздестіру;
2. Халықтың тәрбие мазмұнын қазіргі міндеттерге
сәйкестендіру, жаңарту, толықтыру;
3. Ел ішіндегі қолданысқа кең тарамаған
салт-дәстүрлерді іздеу, жинақтау, өмірге
пайдалануды қалыптастыру;
4. Көне әдет-ғұрып,
салт-дәстүрлердің қазіргі жағдайдағы
педагогикалық мүмкіндіктерін
анықтау, қолданысқа
ендіру;
5. Ескі мен жаңаны ұштастырып, дамыған, мәдениетті,
үйлесімді салт-дәстүрлерді дүниеге
келтіруге жағдай жасау.
Мақаланы жазу
барысында қазақ халқының салт-дәстүрлерін
мектептің оқу-тәрбие процесіне ендірудің
педагогикалық технологияларының жүктемесі жасалды. Жіктемеде
қолданылатын технологияның атауы, мәні және
мүмкіндіктері қамтылады;
-
мұғалім мен оқушының
психологиялық, жалпыпедагогикалық, дидактикалық
тұрғыдан
өзара іс-әрекетінің жүйесі халықтық
тәрбиені саналы түсінуге және еркін меңгеруге
көмектеседі;
-
оқу жүйесін кезең бойынша
ұйымдастыру, диагностикалау, оқу-тәрбие формаларын,
әдістерін таңдап алу тақырыптардың
сабақтастығын қамтамасыз етеді;
-
әр түрлі пәндік білім, білік
дағдының интеграциясын қамтамасыз ететін дидактикалық
жүйелер білімнің тұтас жүйесін мақсатты
түрде қалыптастыруға ықпал етеді;
-
тренингтердің алуан түрлерін:
психологиялық тренингтер, іскерлік тренингтер,
коммуникативтік біліктер тренингтерін тиімді пайдалану белсенділік
танытуға дағдыландырады;
-
эврисикалық
әдістерді пайдалану кәсіби іс-әрекетке
шығармашылық тұрғыдан қарауға
баулиды;
-
өзін-өзі тану, өзін-өзі сезіну,
өзіне-өзі баға беру тәсілдері педагогтың де,
оқушының да
педагогикалық импровизация дағдыларын қалыптастырады;
-
этнопедагогика материалдары арқылы
ұлттық сана-сезім қалыптасып, ұлттық
құндылықтарды бойына сіңіреді [6].
Ұлттық
тәрбиенің бастау бұлағы – отбасы
болғандықтан, отбасында қалыптасқан
салт-дәстүрлерді зерттеп, тәрбиелік мәнін ашып,
тәжірибе жинақтау қажет. Отбасы – адамзат баласының
дүниеге шыр етіп келгенде есігін айқара ашып енетін ортасы,
тәрбие алып өніп-өсетін, ер жететін ұясы. Бала
тәрбиесіне арналған салт-дәстүрлер:
«Құрсақ той», «Шілдехана», «Азан шақырып ат қою»,
«Бесікке бөлеу», «Сәбиді қырқынан шығару»,
«Тұсау кесер», «Тілашар», «Атқа мінгізу», «Сүндет той»,
«Тоқым қағу», «Мүшел той», т.б. Бұл дәстүрлер
қоғамдық, әлеуметтік сипатқа ие болып
отырған. Жеке бас мүддесі мен
қоғамдық мүдделердің туыстық,
қандастық, адамгершілік негізінде тоғысуы, үйлесімді
шешілуі жас ұрпақтың қайырымды, адал, өткір,
қайратты азамат болып қалыптасуына зор ықпалын тигізген.
Халықтық тәрбиенің танымдық
қағидалары жас ұрпақты көк пен жердің,
табиғат пен адам жаратылысының, ата-баба рухы мен тірілер
өңірінің белгілі бір табиғи тұтастығын,
рухани жақындығын түсінуге негізделген. Осы
ұғымдарды қазақ халқы түсіндіру, қызықтыру,
үгіттеу, сендіру, үйрету, өзіне-өзінің
сенімділігін ояту, топ алдына шығу, сөз сайысына түсіру
арқылы ширатып, қалыптастырған. Қазақтың
тарихи-этикалық поэмалары жас ұрпақтың патриоттық
сезімін оятса, мақал-мәтелдер мен билердің шешендік
сөздері ынтымақ пен еңбекке баулыған.
«Бастауыш мектеп»
журналында жарияланған А. Мұхамеджанованың «Бастауыш сынып
мұғалімінің инновациялық іс-әрекеті» атты
мақаласындағы идеялар біздің де ізденісімізбен
ұштасқандықтан, автордың кейбір идеяларын игілігімізге
жаратқанымызды айтамыз.
Арнайы курстың
мақсаты: педагогикалық жаңалықты қолдану
және меңгеру қабілеті, әдіснамалық
мәдениеті бар зерттеуші-мұғалімді даярлау, мазмұны:
педагогикалық міндеттерді шешу деңгейіне жетілген ғылыми
білім, әдістері: проблемалық мазмұндау, танымдық
және іскерлік ойындар, педагогикалық ситуацияларды модельдеу
және талдау; меңгеру деңгейі: білімді жаңа
жағдайларда қолдану, альтернативті тәсіл;
қарым-қатынас стилі: демократиялық, педагогтың
қажеттілігі мен қызығушылығына бағытталуы,
эмпатиялық, диалогты; бақылау формасы: өзін-өзі
бақылау, оқытудың нәтижесін және процесін ішінара
бақылау.
Инновациялық педагогикалық технологиялар негізінде
педагогтардың даярлығын жетілдірудің компоненттері:
1. Мотивациялық; өлшемдері:
-
Инновациялық педагогикалық
технологияларға қызығушылықтың болуы, олардың кәсіби даярлықты
жетілдірудегі қажеттігін түсінуі;
Көрсеткіштері:
-
Кәсіби даярлықты жетілдірудің
қоғамдық мәнін саналы түрде сезіну;
-
Кәсіби даярлығын жетілдіруге ынтасының
болуы;
-
Кәсіби даярлықты жетілдіруге қажетті
білім, білік және дағдыларды игеруге қызығушылықтың
болуы;
-
Инновациялық педагогикалық технологиялардың
кәсіби даярлықты жетілдірудегі маңыздылығын
түсіну;
2. Мазмұндық; өлшемдері:
-
Педагогтың кәсіби іс-әрекетінің
мәні, ерекшеліктері және кәсіби шеберлікті жетілдіру жолдары
туралы білімі;
Көрсеткіштері:
-
Тұтас педагогикалық процесс туралы білімі;
-
Білім берудің мақсат, міндеттері,
мазмұны, ұйымдастыру формалары туралы білімі;
3. Процессуальдық; өлшемдері:
- Кәсіби іс-әрекетті жүзеге асыру білігі мен
дағдысы;
Көрсеткіштері:
-
Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыра білуі:
-
Педагогикалық процесті басқара білу;
-
Білім беруді жобалау;
-
Ғылыми-зерттеу іс-әрекеттімен
шұғылдану білігі.
Инновациялық
педагогикалық технологиялар негізінде мектеп
мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін жетілдіру
мүмкіндіктері оқу процесін жобалаудан көрінеді, бұл
мүмкіндіктерді оқу іс-әрекеттерінде және оқудан
тыс әрекетте, педагогикалық пратика барысында пайдалануға
болады.
Мақсатты
жұмыс барысында баланың таным белсенділігі артты,
табиғатқа, елге, айналаға, өзіне деген азаматтық
үні айқын сезіліп, балалардың бойында елжандылық,
көшбасшылық қасиеттері айқын көрінеді.
Жасалынған
қортындылар негізінде мынадай ұсыныстар айтуға болады:
-
қазақтың халықтық
салт-дәстүрлерін оқу-тәрбие процесіне ендіру
кәсіби білім берудің сапасын арттыруға мүмкіндік
береді;
-
халықтық тәрбие жолдарын
телекоммуникациялық оқыту құралдарымен жүргізу
заман талабына сай болғандықтан, техникалық
құралдарды тиімді пайдалану әдістеме жүйесін
дайындауға ерекше назар аударған тиімді;
-
мектеп мұғалімінің белсенділігін
арттыру мақсатына біліктілікті арттыру жұмысын жетілдіре түсу
және білімін жетілдіруге мүдделі ету жолдарын қарастыру;
Қорыта
айтқанда, қазақтың ұлттық тәрбие
үлгілерін инновациялық технологиямен жүргізудің
ықпалы зор. Жас ұрпақты белсенділікке,
шығармашылдыққа, ұлтжандылыққа баулиды,
өз елін, өз халқын, өз құндылықтарын
кұрметтеуге саналы түрде ықпал етеді. Әр
оқушының психологиялық, физиологиялық, жеке-дара
ерекшеліктері ескеріледі, міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра
отырып, мүмкіндік деңгейлері ашылады.
Әдебиеттер:
1. Н.Ә.Назарбаев. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1999.
2. Ә.Табылдиев. Этнопедагогикалық оқылымдар. – Алматы:
Білім. 2006.-312б.
3. Тәлім-тәрбие тұжырымдамасы // Қазақстан
мұғалімі, 1993 ж. 3 ақпан.
4. Болатова Л.А. Болашақ мұғалімдерді қазақ
халқының салт-дәстүрлерін мектептің
оқу-тәрбие үрдісіне пайдалануға дайындау Автореферат. –
Шымкент, 2004. -27б
5. Сарбасова Қ.А. Инновациялық педагогикалық
технологиялар негізінде бастауыш сынып мұғалімдерінің
даярлығын жетілдіру. Автореферат. – Қарағанды. 2005.-15б.
6.Ш.Беркімбаева. Қазақ мектебі – қазақ
ұлтының бесігі // Этнопедагогика. 2006. №3.