Болашақ
педагогтың ғылыми-теориялық,
әдістемелік және психологиялық-педагогикалық
тұрғыда қалыптасу негіздері
К. Рахатова
«Туран-Астана» университетінің магистранты
Ұстаздың педагогикалық даярлығы – кез келген білім
беру мекемелерінің оқыту-тәрбиелік үдерісінің
тиімділік шарттарының бірі.
Ұстаздың
педагогикалық даярлығы – бұл ұстаздың
кәсіби парыздылығына, біліміне, қабілеттілігіне,
дағдыларына сәйкес білім беру, тәрбиелеу қызметтерін
орындауда сана-сезімінің дайындық күйі. Кәсіби
сана-сезімінің даму деңгейі,
кәсіби қызметінде міндеттерді тани білуі оның
дайындығының жалпы міндетті бөлігі болып табылады.
Басқалай айтқанда, бұл - ұстаздың
ғылыми-теориялық, әдістемелік және
психологиялық-педагогикалық дайындықтан, сонымен қатар жеке
тұлғаның кәсіби қабілеттілігінен, кәсіби
маңызды қасиеттерінен тұратын
тұлғасының интегративті
сипаттамасы.
Ұстаздың педагогикалық даярлығы кәсіби
құзыретінің даму деңгейін, құндылық
бағдар басымдылығын, педагогикалық әдептіліктің,
құзыреттіліктің, әлеуметтік өмір
заңдылықтардың, Конституцияның және тағы
басқа заң актілерінің нормаларын сақтау және
меңгеру деңгейін
сипаттайды.
Ұстаздың педагогикалық даярлығы тек қана
педагогикалық құзыреттілікті білу және түсінумен
шектелмейді, сонымен бірге білім беру мекемелердің әртүрлі
салаларына оны енгізу бойынша белсенді жұмыс жасауды да білдіреді.
Осының нәтижесінде ұстазда педагогикалық интуитивизм
пайда болады, яғни кәсіби парыздылық түсінігінен немесе
алдындағы логикалық бастамасынан (мейірімділік борышты орындауынан
құралады) тәуелсіз болып есептеледі. Педагогикалық
интуитивизмге сәйкес имандылық міндеттердің әлеуметтік
қажеттіліктер бойынша негізі жоқ, олар өз беттерімен,
мәңгілік және тәуелсіз екені анық.
Басқа сөзбен айтқанда, ұстаздың
педагогикалық даярлығы - бұл ұстаздың
қызметі барысында өзіндік сана-сезіміне айналатын, санасының
(педагогикалық санасы) позитивті кәсіби күйі.
Ұстаздың педагогикалық сана-сезіміне өзінің
мінез-құлығының уәжін түсінуі,
рефлексияның пайда болуы, кәсіби борышын түсіне біліп,
әрекет жасауы жатады.
Мұғалімнің педагогикалық
сипатын жеке тұлғаның сан қырлы білім алып,
тәрбиеленуі тұрғысынан қарастыруға болады.
Мұндай білім алу парыздылық сана сезім, таным және ерік
үдерістерінің нәтижесі болып табылатын парыздылық месел
(уәж) мен кәсіптік мінез-құлық
тәсілдерінің синтезімен, болашақ педагогтың
мінез-құлқындағы кәсіптік этикаға деген
тұрақты көзқараспен, өзін-өзі икемдеу,
жетілдіру көрінісімен сипатталады.
Егер
құзыреттілік маманның кәсіптік парыз негізделген мінез-құлқы, тәртібі туралы ғылым дейтін болсақ, онда оның
педагогикалық даярлығы - бұл кәсіби іс-әрекетте
парыздылықты міндеттенуді
қамтитын сананың күйі.
Сананың реттеушілік функциясы бойынша
педагогикалық сана «адам-адам»
жүйесіндегі маманның қызмет барысында кәсіптік парызына
негізделген нормалар, ұстанымдар мен ережелерге сәйкес барлық
іс-әрекетін, тәртібін, жүріс-тұрысын,
мінез-құлқын реттеуші күш бола алады. Педагогикалық даярлығы
қалыптасқан маманның кәсіптік іс-әрекетіне,
қызметінің сапасына арнайы сырттан бақылаушы, тексеруші
(инспектор, директор, проректор т.с.с.) керегі жоқ. Оның бақылаушысы –
парыздылық сана сезімі. Ондай маман қарым-қатынастың,
қызметінің әр
сәтінде өзінің әрекеттерін саналы бақылауды естен
шығармайды. Саналы бақылаудың екі түрі белгілі: белгілеуші бақылау және реттеуші бақылау.
Белгілеуші бақылау дегеніміз адамның
жан-жақта болып жатқан жағдаятты көріп, тыңдау
кезінде өзінің іс-қимылдарына сырттай көз тастап,
белгілеп, санасында, есінде ұстауы. «Өз ісіне өзі есеп беру»
қабілеті осындай бақылауға негізделген.
Реттеуші бақылау
адамның іс-әрекеттерін басқарып, қылықтарын
өзінің түсінігі бойынша заң және мораль
талаптарына сәйкес бағындыра білу қабілеттерінде
көрінеді. Мұнда, міне, маманның педагогикалық
әлеуетінің мөлшері көрініс табады.
Ұстаздың
педагогикалық сана-сезімін
сипаттайтын жалпы көрсеткіштер:
-
«оқушының
жан саулығы мен денсаулығына зиян келтірме!» атты киелі қағиданы іске асыратын жоғары
ұстаздық мәдениетті құруға
ынталылығы;
-
кез-келген
жағдайды әділ бағалау, өзінің және
бөгде біреудің көзқарасын дұрыс түсіне
білу, өзінің қарым-қатынас әрекеттеріне сыни
қарауға икемділігі;
-
қызметінің әрбір саласына және
ұқсас салаларына қатысты жедел ақпараттана білуі,
пассионарлық индукцияны (басқа адамдарға өзінің
идеялары мен көңіл-күйін жұқтыру),
педагогикалық шеберлікті меңгере білуі, өз бойында жалпы
және арнайы-кәсіби интеллектті, ой-саналылықты
тәрбиелеуі.
Мұндағы
интеллект – зеректілік, саналы, сыни тұрғысынан ойлау
қабілеті, кез-келген ақпаратты талдау-таразылауды
қамтитын ақыл-ой
функцияларының тұтастығы. Сондықтан, жоғарыда
келтірілген келеңсіздіктердің алдын алу үшін және
елдің әлеуметтік-экономикалық тұрғыда
өсіп-өнуін қамту үшін білім беру саласының басты
рөлі – интеллектуалды ұлт қалыптастыру. Бұл - заманымыздың ең
өзекті мәселесі.
Ал
интеллектуалды ұлт қалыптастыру үшін болашақ
мамандардың педагогикалық
санасын тәрбиелеу қажеттігі туады. Өйткені,
педагогикалық сана -
өзіндік ойлау, кез-келген іске шығармашылықпен қарау,
жалпы адамзаттық құндылықтарды түсіне білу,
қарама-қайшылықтарды жоюда болжамдар құра білу,
білімге деген белсенді құштарлықпен оны сауатты игеру
мүмкінділігімен сипатталатын тұлғаның
интеллектуалдық мәдениетін қамсыздандырады.
Ұстаздың педагогикалық сана-сезімін қалыптастыру
өмір бойы жүреді. Бірақ та бұл үдерісті жас
кезінен бастау керек, себебі
қазақ философы Зейнолла Серікқалиұлы «Бүгінгі студент келешекте сапалы
қызметкер болу парызын белгілі бір сала бойынша жанына жайлы күн
көріс қамына мамандану деп сезінсе, ел басшысы болуды атқамінерлікке
баласа, онда арам шөбің не, алаяғың кім бәрібір,
дәл өзімізден аумаған қосаяқты пенденің
бірі деп шүкірлік етеміз де, арамзамен ауыз жаласып жүріп-ақ
адаматқа (кентаврға) айналған тіршілік жұрағаты
құқында ғұмыр кешкен бола береміз» деп,
мұғалімнің санасын педагогикалық тұрғыдан
тәрбиелеудің мәні мол екендігін ескертеді.
Сондықтан, ең
алдымен, болашақ ұстаз өз пікірінің
дұрыстығына жеке тұлғалық сенімділік қасиетін тәрбиелеу керек,
яғни өзіндік бағалы бағдарына сәйкес саналы
әрекет жасауға мүмкіндік беретін өз танымы
қалыптасуы қажет. Болашақ ұстаз педагогикалық
дайындық нәтижесінде қабылдайтын сана-сезімі оның педагогикалық сана-сезімнің
жоғарғы көрінісі болады, сонымен қатар кәсіби
парызына қарым-қатынасын көрсетеді. Жоғарыда
айтылғанның дәлелі ретінде К.Д.Ушинскийдің сөзін
келтірейік: «Мұғалімнің педагогика және психология
саласында білімі, теориялық тәжірибесі болуы керек. Бірақ
оған тек қана терең білім жеткіліксіз.
Өзіне-өзі сенімді адам болуы керек. Сенімсіз
шығармашылық шабытта жұмыс істеуге мүмкін емес.
Адамзатты тәрбиелеудің басты жолы - сендіру. Тәрбиелеушінің сендірусіз тәрбиелік әдістері жақсы
болса да, ешқандай әсер
етпейді, әлсіз күйінде қалады».
Ұстаздың қалыптасқан ішкі нанымы кәсіби
қызмет үдерісінде педагогикалық кредоға («кредо (лат.
тілінен сredo – сенемін, сенімдімін – сенім, көзқарастар,
өмірге көзқарасының негізі») айналады - ол кәсіби парыздылығын түсіну
негізінде қызметтік әрекеттерге талаптар қалыптастырады
және мінез-құлықтарына ішкі реттеуші күш болып табылады.
Ұстаздың педагогикалық даярлығы педагогикалық
мінез-құлықтарын қалыптастыруға көмектеседі.
Олардың қалыптасуы:
-
педагогикалық құзыреттілікның
негіздерін меңгеру деңгейіне;
-
педагогикалық құзыреттілікті жете
түсіну деңгейіне;
-
педагогикалық құзыреттіліктің
ерекшелігіне;
-
әрбір ұстаздың жеке
тұлғалық қайталанбас шығармашылық
дарашылдығына байланысты.
Сонымен педагогикалық
кәсіп мағынасына ұстаздың қоғамдық
функцияларының мақсаты мен мәселелерін адамтану проблемаларын
түсінудегі рөлін анықтайтын жоғары дамыған
парыздылық санасы, құзыреттілік нышаны енеді.
Бұл жүйенің («педагогикалық сана,
педагогикалық сана-сезімі, педагогикалық сенімі,
педагогикалық кредо») бір элементінің түсіп қалуы
ұстаздың педагогикалық дайындығының
қалыптаспауына әкеледі.
Ұстаздың педагогикалық даярлығының
қалыптаспағаны олардың қызметіндегі олқылықтарынан
көрініс табады, нақтырақ айтар болсақ:
- тәрбиешілердің, ұстаздардың кәсіби парызын
түсінбеуі тәрбиеленушімен дұрыс қарым-қатынас
құрай алмауынан, олардың көңіл-күйін
түсінбеуінен,
оқушылардың белсенді дамуына барлық күшін
жұмылдыра алмауынан байқалады;
- ұстаздың
кәсіптік санасының қалыспағандығы,
яғни кәсіби «Мен»
концепциясының жоқтығы кәсіби-педагогикалық
өзіндік сана-сезімінің педагогикалық сеніміне және
кредоға айналуына мүмкіндік бермейді.
Осыдан мектепке дейінгі
мекемелердегі тәрбиешілерден бастап, жалпы білім беретін мектептер,
лицейлер, колледж
мұғалімдерін, жоғары оқу орнының
оқытушы-профессорлар құрамын, яғни білім беру
жүйесіндегі барлық қызметкерлердің педагогикалық
даярлығын қалыптастыру қажеттігі туады.
Ұстаздық
тәлім-тәрбие беретін оқу орнында
профессорлық-оқытушы құрамы құзыреттілік
оқытулармен қатар, психологиялық комфорт атмосферасын
сақтай отырып, педагогикалық құзыреттілік ұстанымдары
мен ережелерін әрбір студенттің жеке нанымына айналдырған
уақытта, олар бұл ұстанымдарды сақтау ең негізгі
және қажетті екенін түсінген жағдайда ғана осы
антты саналы түрде бере алады.
Ұстаздың құзыреттілік даярлығын
қалыптастырудың теориялық негіздері болатын, болашақ
мұғалімнің кәсіптік
сапасын арттыруға арналған талай ғылыми ізденістер баршылық.
Атап айтсақ:
-
болашақ
мұғалімнің білімділігі мен қабілет-қасиеттерін
шыңдау (Кузьмина Н.В., Усова
А.В., Құдайқұлов М.Ә., Хмель Н.Д., Грехнев В.С.,
Каргин С.Т., Шадриков В.Д., Успанов К.С., Сманова Г.Т., Зверева В.И. т.б.);
-
студенттерде
кәсіби-техникалық бағыттылығын
қалыптастырудың педагогикалық негізін қарастыру
(Э.Ф.Зеер, Б.К.Момынбаев, Ш.Абдраман, Б.С.Безрукова, Т.В.Кудрявцева Казаков
В.Г., Кондратьева Л.Л. т.б.);
-
болашақ
мұғалімнің әлеуметтік бейімделу мәселелері
(Мұқанова Б.И. Кенесарина
З.У., Меңлибекова Г.Ж., Мудрик А.В., Василькова Ю.В., Василькова Т.А.,
Аминов Н.А., Морозова Н.А., Смятских А.Л., Ильин Г.Л., Лотон Д.т.б.);
-
қазақ
халқының педагогикалық мәдениетін ұстаз
тұлғасына ұялату мәселелері (Аймауытов Ж.,
Жұмабаев М., Жарықбаев Қ., Қалиев. С. ТәжібаевТ.,
Елікбаев Н., Ұзақбаева С.А., Наурызбаев Ж., Оршыбеков Ы. т.б.);
-
педагог-студенттердiң
танымдық iзденiмпаздығын қалыптастыру
(Әбiлқасымова А.Е., Джакупов С.М., Мажитова Л.Х., Зязин Б.П., Гапонова С.А. т.б.);
-
болашақ
мұғалімнің кәсіптік дайындығының
теориялық негіздері (Выготский Л.С. , Хофман Ф. , Асмолов А.Г., Хмель
Н.Д. Шадриков В.Д., Тригубова Н.Н.т.б.)
;
-
болашақ
мұғалімнің жалпы, этикалық, ізденушілік
мәдениетін қалыптастыру ерекшеліктері (Хмель Н.Д., Куанышев Ш.Ш.,
Молдажанова А.А., Таубаева Ш.Т. т.б. );
-
болашақ
мұғалімнің кәсіптік дайындығын адамгершілік
тұрғыдан талдау (Сухомлинский В.А., Амонашвили Ш.А., Азаров Ю.П.,
Фридман Л.М., Бейсенбаева А.А.,Төлеубекова Р.К., КалюжныйА.В. Смелкова
З.С., Брязгунов И.П. т.б. ) еңбектерінде
қарастырылған.
Бұлардың бәрінде ұстаздың
құзыреттілік даярлығын қалыптастырудың
әртүрлі аспектілері акмеологиялық, аксиологиялық,
мәдениетілік, гуманистік, біртұтастық т.с.с.
әдіснамалық келістерге негізделген.
Акмеологиялық
келістер әрбір студенттің шығармашылық
қабілеттерін дамытуға барынша мол жағдайлар жасап,
кәсіптілік шыңына жетуге ықпал етудің факторлары мен заңдылықтарына сүйенетін
құзыреттілік тәрбиелеуді көздейді.
Аксиологиялық
келістер болашақ ұстаздардың моральды санасы және
мінез-құлқының сипаты ретінде
құндылықты бағдарлығын зерттеп,
қалыптастыруға негізделеді.
Мәдениеттілік
келіс педагогикалық қызметтің қыр-сырын меңгеру
үдерісінде студенттің жеке бас мәдениетінің
қалыптасуын естен шығармау қағидаларын негіздейді.
Гуманистік келіс
болашақ ұстаздардың құзыреттілік даярлығын
қалыптастыруда жеке тұлғалық қабілет
қасиеттерін адамгершілік нормаларына сәйкестендіріп,
әлеуметтік идеология мен имандылықты қамтуға
негізделеді.
Тұтастық
келіс бойынша болашақ ұстаздарды оқыту, тәрбиелеу
және дамытуды педагогикалық қызметінде іске асырудың
біртұтастығын қамсыздандырады, педагогикалық
үдерістің басқа да қатысушылармен
қарым-қатынас жасауды, өз-өзін болашақ
ұстаз ретінде сезінуді, кәсіби қызметте әртүрлі
рөлдерде бола білуді құзыреттілік ұстанымдарға
сәйкестендіріп, мұның бәрі біртұтастық
жүйе ретінде ескереді.
Ұстаздың
құзыреттілік даярлығын қалыптастыру келесі ұстанымдарға
негізделеді:
қалыптастырудың әдістері мен мазмұнының
ғылымилық ұстанымы, адамға әсер етудің
жаңашылдық пен өзіншілдік ұстанымы, мөлшерлік
ұстанымы, кәсіби қызмет тәжірибесін, ғылым
жетістіктерін игерудің жүйелілік және бірізділік
ұстанымы, студенттердің
шығармашылық белсенділігі, саналылығы және дербестік
ұстанымы. Оларға қысқаша сипаттама беріп көрелік.
Болашақ
ұстаздың құзыреттілік даярлығын
қалыптастырудың әдістері мен мазмұнының ғылымилық ұстанымы
студенттерді қазіргі заманғы ғылыми білімдермен
қамсыздандырып, тәрбиелеу және оқытудың
өзара сабақтастығын ашып, сонымен қатар, болашақ
ұстазды педагогикалық құзыреттілікның
алғышарттарымен, даму тарихымен, кәсібіне сәйкес
парызының мазмұнымен және осы саладағы қазіргі
заманғы жаңа идеялармен, белгілі ғалымдардың
зерттеулерімен таныстыру болып табылады.
Қолданылған
әдебиеттер тізімі:
1.
М.А.Гулина Психологическая деонтология. – СПб., 2008.
2. Л.М. Анисимова Социальная деонтология. –
Ижевск, 2005.
3. Н.М. Блохин Юридическая деонтология как наука и
учебная дисциплина. – Ульяновск, 2004.
4.Философия /Жоғары
оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы.
Авторлар коллективі. Редакциясын басқарған Кішібеков Д., Алматы,
Рауан, 1991
5. Аль-Фараби. Социально-этические трактаты.
А.-А., 1973.