п.ғ.к. Нұрланбекова Е.Қ.
магистр-оқытушы Ашимова Н.С.
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Алматы,
Қазақстан
Ағылшын тілінде студенттерді ауызша және жазбаша дұрыс
сөйлеуге үйрету
Жалпы тіл үйрету, тіл дамыту
жұмыстарының жолдары
алуан түрлі. Студент тілін
дамыту екі бағытта ауызша не жазбаша түрде жүргізіледі. Нақты айтқанда,
тілді үйретуде
бұл екі бағыт қатар, бір-бірімен тығыз байланыста жүргізілуі тиіс.
Студенттерге ағылшын тілінде ауызша және жазбаша
дұрыс сөйлеуге үйретуде біз дидактиканың негізгі
талаптарына сүйенеміз, басқа пәндердегі сияқты,
оның ғылымилығы, теорияның практикамен байланысы,
көрнекілік, саналылық, оқушылардың белсенділігін
арттыру және жүйелілік пен беріктік принципі ескеріледі.
Ағылшын тілінде
мазмұндама мен шығарма жаздыру жаздыру үшін алдын-ала
жұмыстар жүргізіледі. Студентке жаздыртатын мазмұндаманы, арнайы тақырыптарға
байланысты (сөздік қорды
қамтитын тақырыптар аясында) кітаптан үзінділер,
өлеңдер, мәтіндерді іріктеу арқылы алуға болады.
Белгілі өтілген
тақырыпқа байланысты мәтіннің мазмұнын
түсінуге дайындайды, студенттерге
түсініксіз сөздердің, сөз тіркестерінің
аудармасын түсіндіреді.
Оқытушы мәтінді
асықпай оқып, студенттердің түсінген-түсінбегенін
әртүрлі сұрақтар қойып, әңгіме
өткізіп анықтауы қажет. Содан кейін мазмұндаманың
жоспарын жасап, әр студент
өздігінше мазмұндама
жазады.
Мазмұндама ауызша түрде де, жазбаша түрде
жүргізіледі. Мәселен,
студентке мәтінді
оқытып, оның мазмұнын ауызша айтып беруіне
де, жазбаша
жазғызуға да болады. Бұл студенттердің грамматиканы дұрыс қолданып
сөйлеу тілі мен жазбаша тілін дамытады.
Мазмұндама жаздыртуда
студенттерде мынадай
дағды қалыптасады:
-
тыңдау,
тыңдағанын қайта айтып
беру;
-
ойын белгілі логикалық жүйеде жеткізу;
-
мәтінде берілген негізгі
ойды, оның дәлелі мен қортындысын
ажырата білу;
-
сөздерді дұрыс
жазу, дұрыс айту/ қолдану;
-
сөйлемді дұрыс
құруға жаттығу.
Студенттердің сөйлеу тілін шыңдауға,
шығармашылық ізденуге, ой белсенділігін арттыратын қажетті жұмыстың бірі –
шығарма. Белгілі бір
тақырыпқа шығарма
жазу барысында студенттер өз ойын
анық, айқын, түсінікті етіп жеткізуге жаттығады.
Шығарма
жазудың әр түрлі
мақсаты болады және оған қойылатын талаптар да сан
алуан:
1.
Бейнелеу,
шығарманың
идеялық мазмұнын
ашу, шығарманың я жазушының
орнын айқындау, идеялық-көркемдік элементтерін,
құрылысын талдау, тілі мен стилін көрсету, сын
тұрғысынан баяндау т.б.
2.
Шығарманың сипаттама, суреттеме, баяндау, әңгімелеу, мінездеу сияқты сан қилы тәсілдерімен
жазылуының өзі оған жан-жақты қарауды талап етеді.
3.
Бір шығарманы бәрі топ болып не берілетін тақырыпқа
қарай әр оқушы
өзінше жеке шығарма жазады.
4.
Шығарманы үйрету үшін не бақылау үшін
жаздыру.
5.
Бағдарламаға сәйкес немесе еркін тақырыпта шығарма жаздыру.
Шығарма жазу барысында студенттердің танымдық белсенділігін дамытуда
мынадай мүмкіндіктер туады:
-
студенттер белгілі бір
тақырып бойынша ойын жүйелі, дұрыс жеткізуге жаттығады;
-
тақырыпқа
байланысты ойын өз
сөздерімен еркін жазады;
-
студенттер өз білгендерін, уақиға туралы алған
әсерлерін, өз көзқарасын білдіреді;
-
ол студенттердің
әртүрлі тақырыпта сөйлеу дағдысын қалыптастырады;
-
шығармаға материал жинай білуге, оны бір жүйеге
келтіруге үйренеді;
-
студенттер өз ойын
ағылшынша дұрыс және
түсінікті білдіруге
үйренеді;
-
жазғандарын өздерінің тексеруіне, түзетулеріне мүмкіндік туады.
Ағылшын
тілін оқытуда сабақта
грамматикалық, лексикалық материалдарға көп көңіл бөліп, оны
пайдаланып отырудың практикалық жақтан пайдасы мол. Осының нәтижесінде
студент дұрыс сөйлем
құрастырып, сөз байлығын дамытып, әдеби тілде
сөйлеуге үйреніп, шығармашылық іске дағдыланады.
Әдеби шығармалардың көмегімен студенттердің
екінші бір тілді
үйренуде танымдық
әрекеттерін мынандай жолдармен
жүзеге асыруға болады: сөздік қорын
байыту; сөзді дұрыс
айта білуге, сөйлемді дұрыс
құрастыра
білуіне көмектесу;
сөздің лексикалық,
грамматикалық
ерекшеліктері және оларды сөйлеу кезінде дұрыс
қолдана білуін, өз ойын дұрыс жеткізе білуге төселдіру;
білім алуға жауапкершілікте болу; жеке пікірлерін қалыптастыру,
басқалардың пікірлеріне құрметпен қарау;
проблеманы шешуде таңдаулы көзқарастарды сарапқа салу
және дұрыс шешім қабылдау.
Сондықтан
ағылшын тілі сабағында тіл дамыту
үшін қосымша іріктелініп
алынған материалдар
студенттердің
ұғынуына,
оның стильдік ерекшелігін
түсінуіне, тілді
оқумен байланысты әдеби-теориялық ұғымдардың
қалыптасуына, көркем шығарма тілін талдау
жөніндегі кейбір
мәселелерді білуді қамтамасыз етуіне көмектесуі керек.
Сонымен,
біз ағылшын тілі сабағында оқушыларды жазбаша және
ауызша дұрыс сөйлеуге үйретудің мүмкіндіктері
төмендегідей деп есептейміз:
-
тақырыпқа байланысты материалдарды іріктеп алу арқылы
оқушылардың танымдық
әрекетіне қозғау салып қызығушылығын
тудыру;
-
іс-әрекетті игеру, ұғыну, жүзеге асыруға
ынта-ықыласын қою;
-
лексикалық, грамматикалық минимумның
маңыздығы мен құндылығын түсіне білу;
-
білімді практикада қолдана білу дағдыларын дамытуда
өзіндік жұмыстар жүргізу (баяндама, шығарма,
мазмұндама жазу; ауызекі және жазба тілді дамытуға
бағытталған шығармашылық жұмыстар орындау,
көркем шығармамен жұмыс жасау арқылы олардың
ерекше белгілерін даралап, қарапайым анықтамалармен бекіту);
-
оқу материалдарын түрлендіруге, оның
құрылымын баяндау бір ізділігін студенттің материалға
деген қызығушылығын күшейту мақсатымен
өзгертуге мүмкіндігі бар . Оқу материалын
өзгертудің проблемалық ситуация жасау үшін
мүмкіндігі зор (танымдық міндет қою, материалды проблемалы
баяндау, проблемалық жағдай, талас туғызатын
сұрақтар қою, іздену, зерттеу жүргізу);
-
оқытудың жаңа технологияларын пайдаланып студенттің
кәсіби шеберлігін арттырумен қатар олардың бойындағы
ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек ету және т.б.
қасиеттерін қалыптастыру;
-
тілдік орта қалыптастыру (тілдік бірліктерді
қарым-қатынас құралы ретінде қолдануға баса
көңіл бөлу);
-
материалды оқып үйрену оқушының білімін
тереңдетіп, олардың оқуға, тіл меңгеруге деген
қызығушылығын оятады;
-
студенттерді алуан түрлі
білім көздерімен, анықтамалармен, энциклопедиялармен,
сөздіктермен және т.б. жұмыс істеуге мүмкіндік
тудырады;
-
студенттің белсенді таным әрекетіне байланысты
өзін-өзі бағалауы, өзінің іс-әрекетіне
жауап беруі, өзінің мүмкіндіктерін білуі, істеген
жұмысын түзету, орындалған жұмысты жүйелеу,
нәтижесін шығару.
Сондай-ақ,
қосымша материалдарды
сабақта дұрыс
қолдану тіл дамытуда
оқушыларды ынталандырады, қызықтырады. Оқу материалына
қоса бұларды сабақта қолдану оқушылардың дүниетанымын, болашаққа
сенімін нығайтады.