Дөненқожаева Мира Өтегенқызы

 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Қызылорда қаласы химия – биология бағытындағы  Назарбаев Зияткерлік мектебі

Қазақстан Республикасы, Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі  55

Тел/факс: 8-724 22 55 11 51, e-mail: Donenkhozhaeva@kzl.nis.edu.kz

 

ӘДЕБИЕТ ПӘНІНЕН ОҚУШЫЛАРДЫ ҒЫЛЫМИ--ІЗДЕНІС ЖҰМЫСЫНА БАУЛИ ОТЫРЫП, ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ

 

Дарынды, жас талапты жастар – бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Бізге керегі – шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын, мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын,  дарабоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті»,-деп еліміздің болашағы жастарға үлкен мән берген. «Дарындылық тұжырымдамалары» атты психологтар дайындаған құжатта «Дарынды бала дегеніміз – айрықша жетістіктерімен ерекшеленетін және іс-әрекет барысында сондай жетістіктерге ұмтылатын бала» делінген.[1,15-б.]

Сонымен, дарынды деп психология  ғылымында атап көрсетілгендей, адамның бір іске айрықша қабілеттілігі, өмірдің қандай да бір саласында өзін ерекше бір қырынан көрсетуін айтамыз.Бала бойындағы дарындылық, ғылымилық қабілетін ашу, жақсы танымдық қасиеттерін зерттеу, айқындау – заман талабы. Ал оқытудың түпкілікті нәтижесі – өз ойын дәлелдей алатын, жан - жақты білімді, білімін жүзеге асыра алатын, қалыптасқан өзіндік азаматтық көзқарасы бар іскер, ақылды, адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру. Ол үшін белгілі бір жоба болуы шарт. Яғни, оқушының дарындылығын айқындау, шығармашылық дарындылығын зерттеу, анықтау, белгілі бір бағыт -бағдарлама бойынша жұмыс жүргізу қажет.Жеке тұлғаны (дарындыны) жалпы сынып оқушылары арасынан табу, іздеу,іс жүзінде оны сынып оқушыларының білім деңгейінен күрделірек әртүрлі  тапсырмалар беру арқылы білім деңгейін, қабілетін бақылап, сынақтан өткізу керек.

Өзімнің әдістемелік ізденісім ретінде «Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқушыларды   ғылыми-зерттеу ізденістеріне баули отырып, дарынды оқушылармен жұмыс» тақырыбында  зерттеу жұмысын жүргізудемін.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен оқушыларды ғылыми ізденіске баулу үшін:

1.Пәнді қазіргі қоғам талабы- білім берудің кіріктірілген бағдарламасына сай өмірмен байланыстыра оқыту;

2.Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері мен  жаңа педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану;

3.Шығармашылық жұмыстарды жүйелі әрі тұрақты түрде жүргізу;

4.Сыныптан тыс оқу,үйірме жұмыстарын шығармашылықпен жүргізу;

5.Оқушыларды түрлі пәндік-зияткерлік  сайыстарға жиі қатыстыру;

6.Оқырмандар клубын,дебат клубын ұйымдастыру;

               7.Пәндік олимпиадаларға,эссе байқауларына  дайындау және қатыстыру;

               8.Ғылыми конференцияға,ғылыми жобаға қатыстыру керек.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде Кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша 11-сыныптың әдебиет пәнін оқытуда  мына мақсаттар қамтылған:

-Қазақ әдебиетіндегі шығармаларды әлем әдебиетіндегі шығармалармен салыстырып, әр түрлі әлеуметтік орталарда өз пікірін логикалық тұрғыдан жүйелі айтады

-Хикаят, поэма, драма, романдардағы көтерілген мәселелерді түсініп, әлемдік деңгейдегі шығармалармен салыстырып, креативті ой айтады;

-Шығармадағы басқа ұлттың және жалпыадамзаттық құндылықтардың ерекшелігін зерттейді, өз халқының құндылықтарымен ұштастырып, түрлі ортада еркін қолданып айтады;

-Шығарманың құрылымын басқа автолардың шығармаларымен салыстырады, оқиды; -Ақын-жазушының өзіндік қолтаңбасын, стилін анықтайды, оқиды;

-Мәтіннің түрлі интерпретацияда берілуін ажыратады, талдап, талқылап оқиды;-

-Шығарманың негізгі ойын кең көлемде пайдаланып, ғаламдық шығармаларымен байланыстырып,ойын дәлелдеп жазба жұмыстарын шығармашылықпен жазады;

-Көркем шығармадағы белгілі бір тақырыпта ғаламдық деңгейдегі дәйектерді жинақтап, креативті эссе жазады;

-Белгілі бір шығармадан тақырыпқа байланысты шығарманың маңыздылығын әлеуметтік-мәдени тақырыпқа сәйкес зерттеп, өмірдегі мәселелермен салыстырып кретивті жоба жазады.[2, 14-б]

Әдебиет пәні бойынша білім сапасын арттырып, бала дарынын дамытуда оқушыларға                       үнемі үш бағытта  тапсырма беріп отырамын.Олар Блум жүйесі бойынша:

Білу және түсіну: Көркем шығарманы түсініп оқу.Композициялық құрылысына талдау.

Анализ және интерпретация.Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беру, шығарма тіліне талдау,(теңеу, эпитет, метафора т.б.) анализ  жасау.

Салыстыру және бағалау.Шығарманың сюжеттік құрылымын басқа автолардың шығармаларымен салыстырады, ұқсастығы және айырмашылықтарын бағалайды, қарапайым зерттеу жұмысын жазады. Оқыған шығарма бойынша оқушының сыни көзқарасы және өз шығармашылығына талдау жасату.

Қай пәнді оқытсақ та, оқыту процесі оқыту әдістері арқылы жүзеге асады. Әр сабақты оқытуда белсенді әдіс-тәсілдерді де таңдап алып пайдаланамыз. Өз тәжірибемде Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген әдіскер- мұғалім Бітібаева Қанипа Омарғалиқызының әдебиетті оқыту технологиясын пайдалана отырып, қазақ әдебиетін оқытуда көптеген қиындықтардың шешімін тапқандай болдым. Қ.О.Бітібаеваның: «Әдебиетті оқытуда мұғалім оқушыларға көркем туынды туралы, оқулық авторы, не ғалымдар пікірін қайталауда, не соны қаз-қалпында мазмұндатуды мақсат етпеу керек, ең бастысы, сол көркем туынды туралы оқушының ойы мен пікіріне ерекше көңіл бөлген жөн. Бұл пәннің басқа пәндерді оқытудан өзгешелігі де, күрделігі де осында»[3,45-б] деген пікірінбасшылыққа алып, шәкірттерімнің бойына өзіндік пікір мен өзіндік сыни  ойлаудың дәнін себудемін.

Әдіскер-мұғалім Қ.О. Бітібаева әдебиетті оқытуда әдіс-тәсілдерді:сөздік әдіс, көрнекілік әдіс, практикалық әдіс, зерттеу әдісі деп бөледі. Өз тәжірибемде зерттеу әдісін тиімді пайдаланудамын. Зерттеу әдісі оқушы білімін қосымша материалдармен байытып, іздендіруге, өз беттерімен мәселелерді шешуге тиімді. Оқушылардың өздігінен ойлануы мен іскерлігін, өз беттерінше қорытынды шығару дағдыларын жетілдіруге өте пайдалы екенін айтуға болады.Мәселен сыныпта көркем шығарманың мазмұнымен танысып болған соң,міндетті түрде зерттеу әдісі бойынша мәтінге шығармашылық,композициялық,тілдік талдау жасатамын.Топтық оқыту әдісін пайдалана отырып,әр топқа жеке талдау жұмысын беремін.Мысалы 11-сыныпта  М.Әуезовтің  «Абай жолы» роман-эпопеясын өткенде  жеке тараулардағы эпизодтар бойынша  топтық жұмыстар орындады.

               1-топ. Шығарманы композициялық құрылысына талдау.

                   2-топ.Мәтінді образға талдау.

                   3-топ.Мәтінге тілдік талдау.

 

 

 

тарихи сөз           архаизмтұрақты тіркес       

    болыс                         бастаңғы, кәмшат бөрік                Жан ұшырып жүгіріп келеді            

        шен                          алтыбақан,тоғыз сый                Әңгір таяқ ойнатады.

            поштабай                   қоржын,тайтұяқ,             Мұрттай ұшып жығылам

                қамшы      мақпал,манат               ұйып тыңдау,тілін безеу,

                     нөкер,мырза          желек,тақия         жанын жалдау,емеурін білдіру,

Овал: Шығармаға тілдік талдау                         отау,керме                                                  тостағанды бас салды

                                                            зор кеуде                   

«Өнерпаз                                                                 зор кеуде,алып күй,

болсаң,өр бол»                                            байды сауып,

                                                      дүние беті                          жуан содыр,күй бұралады,

                                    ел жүзі                                  қызыл көмей .

мақал-мәтел                        көп мағыналы сөз ауыспалы мағына          

 

      Бұлай талдау әдісі оқушының ғылыми зерттеушілік қабілетін оятып,ғылымның белгілі саласына бейімдейді.Мысалы, тілді немесе әдебиетті  зерттеуші ретінде бағытталады.

Зерттеушілікке бағыттайтын тағы бір әдіс -әдеби-деректі сөздік әдісі.Бұны көбіне тарихи шығармармаларды өткенде жиі қолданамын.Оқушы ғаламтордан не қосымша әдебиеттен деректер іздейді , зерттейді, зерттеу дәптеріне түсіреді. Кейде реферат жазады. Мысалы:

 Ж. Молдағалиевтің  «Мен- қазақпын» поэмасы  бойынша топонимикалық атауларға зерттеу жасайды.

Әдеби-деректі сөздік әдісі

Шығармадағы тарихи есімдер

Тарихи есімдер жайлы мағлұмат

Архимед

Ежелгі Грекияның ұлы ғалымы, математигі, механигі

Сократ

Батыс философиясының негізін қалаушы ежелгі грек философы.Платонның ұстазы

Коперник

Дүниенің гелиоцентрлік жүйесін жасаушы поляк астрономы, математигі, экономисті.

Джордано Бруно

Италия, Нола — 17.2.1600, Рим) — италиялық философ, ақын, астроном.

Шыңғыс хан

Азияда тұңғыш біртұтас мемлекет құрушы, өз заманының аса ірі әскери және мемлекет қайраткері.

Ақсақ Темір

Орталық Азия жаһангері,қолбасшы

Асан қайғы

14-15 ғ.б. – мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ.

Жошы хан

1187-1227ж.Шыңғыс ханның үлкен ұлы, моңғол қолбасшысы

Истай-Махамбет

1836-38 ж. Кіші жүз елінде хан-сұлтандар мен би-болыстарға қарсы шыққан көтеріліс басшылары

Мариям Жагорқызы

Рыкина Мария Егоровна(1887- 1959ж.) халық өнерпазы, ҚазКСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері

 

Ежелгі қалалар мен жер-су аттары           

 

Еділ,Жайық,Ертіс

 

Петропавл түрмесі

 

 

 

           Б.Майлиннің  «Шұғаның белгісі» романы бойынша  тілдік  атауларға зерттеу жасайды.

 

Берілген сөздер

 

мағынасы

ақсүйек

архаизм 

Ұлттық ойын аты 

кереге

архаизм 

киіз үй сүйегінің қабырғалық бөлігі, талдан, жіңішке қайыңнан жасалады 

жесір

 

күйеуі , не атастырған  адамы қайтыс болған, ерсіз әйел 

инедей қиянаты жоқ

Тұрақты тір

Еш жазығы жоқ  

қызойнақ

архаизм 

қыздардың бас қосатын  сауығы  

шаңымды аспанға шығарды

Тұрақты тіркестер 

 

Обашық

Тарихи сөз 

тастан,топырақ тан үйiп жасал ған көлемi мен биiктiгi әр түрлi төбешiк, төмпешiк, қорым 

болыс

Тарихи сөз 

қазақ жерінің патшалық Ресейдің қоластында болған кезіндегі аумақтық әкімшілік бөлінісі. 

Жүрегім тас

төбеме шықты

Тұрақты тіркестер 

қорқу 

бәйбіше

Туыстық атау 

түркі тектес халықтардың тұрмыс-салтында, отбасылық дәстүрінде қалыптасқан жұбай мәртебесі.

жаназа

архаизм

жуылып тазаланған мәйіт үшін мұсыл мандардың дәрет алып, құбыла жаққа қарап, аяқта тұрып оқыған намазы мен мәйіт үшін жасайтын дұғасы

көпке топырақ шашу

Тұрақты

тіркес 

Көпшілікті жаман атты қылу 

алтыбақан

архаизм 

Ұлттық ойын  

олжамнан қақты

Тұрақты тіркес 

Несібемнен айырды. 

Отаудың сықырлауығы

архаизм

киіз үйдің ішкі жағынан жабылатын екі бөлек тақтай есік.

құда

Туыстық атау

Ерлі-зайыптылар туыстарының арасындағы жекжаттық қатынастарды білдіреді

Көптің сөзін аяқ асты қылды

Тұрақты тіркес

Сөз тыңдамау, ұят жасау.

делбе

 

арбаға не шанаға жегілген көлікті бұрып отыруға арналған әбзел

Төбем көкке жетті

Тұрақты тір

қуану

абысын

Туыстық атау

Қазақы ортадағы ағайынды адамдардың әйелдерінің бір-біріне жақындық қарым-қатынасын білдіретін туыстық атау

 

Ізденіске баулудың тағы бір жолы оқыған шығармасы бойынша аннотация жасату.Жазғы демалыс күндері оқушылар өз бетінше оқыған шығармасы бойынша аннотация жүргізеді.Назарбаев Зияткерлік мектептерінде  11-сыныптың әдебиет сабағында оқушылар М.Әуезовтің  «Абай жолы» роман эпопеясының 4 кітабын да оқып шығу тапсырылады. Кіріктірілген білім беру бағдарламасының 3-тоқсанында 24 сағат осы шығармаға арналаған.Шығарманы өткен оқу жылының соңында өз бетінше оқып, әр тарау бойынша аннотация жасауды ұсындым.

 

                  Аннотация дәптері  №1 нұсқа

Оқыған Шығарм 

 

баспасы

Шығарма аты,авторы

Қысқаша мазмұны

Кейіпкерлер: ұнамды

Ұнамсыз

 

 

 «Қайтқанда» бөлімі

Қаладағы оқуды аяқтаған 13 жасар Абай ауылға келді

Аналарымен қауышады.Үлкен үйге әкесінің қасында отырып, рудың үлкендері мен танысады. Өзіне таныс емес әңгіменің куәсі болады ...

Жұмабай, Байтас,Абай,анасы Ұлжан, әжесі Зере

Сұлу жүзді Айғыз, Қалиқа жеңгей, Жиренше,Барлас ақын, Байкөкше,

Бөжей, Байсал Сүйіндік, Қаратай, Оспан, ... Қодар

Құнанбай,

Майбасар

Жексен, Қамысбай, Жұмағұл

 

 

 

                      2-нұсқасы. Ж.Молдағалиев  «Мен қазақпын» поэмасы

Шығарма түрі

баспасы

Қысқаша

мазмұны

Семантикалық карта.

Поэзиялық

прозалық

драмалық

Мен қазақпын

 

1-бөлім

 

 

 

 

Оқушыларды ғылыми-ізденіске СТО бағдарламасының тиімді әдістері арқылы да баулуға болады. Оқытудың бұл әдістеріне ғылыми ізденіс, пікірталас, дебат, шығармашылық әдістері жатады, сол сияқты  «Зерттеу кестесі», «Болжау кестесі», «Дамыту картасы», «Түртіп алу» әдісі, «Кубизм», «ББҮ», «Үш қадамды сұқбат» , «Әңгімелеу кестесі», «Екі жақты бақылау күнделігі», «Бұрыштар әдісі», «РАФТ» әдісі т.б.Бұл әдіс-тәсілдер оқушының пәнге деген қызығушылығын оятып,шығармашылық,зерттеушілік қабілетін арттыра түседі.

1.«Зерттеу кестесі» әдісі 9-сыныпта ауыз әдебиеті,батырлық,ғашықтық жырлар бойынша

Зерттеуші ғалымдар

Дәуірі,жылнамасы

Пікірлері

Қосымша ақпарат

Менің көзқарасым

 

 

2.Зерттеу картасы  Лиро-эпостық жыр. «Қыз Жібек»жыры

 

Бұрыннан білетінім          

Мұғалімнен алған ақпаратым

Мәтіннен алған ақпарат

Қосымша

Оқулықтан алған ақпар

Сөйлеуші оқушыдан алған ақпарат

Қорытынды пікірім

Жаңа ойлар

Ауыз әдебие

тіндегі

 ғашықтық

 жыр. Кинофильм

б/ша

мазмұнын білемін

Ғ.Мүсірепов

«Қыз Жібек»

атты пьеса жазған. 1975ж

кинофильм түсірілген.Реж

С.Қожықов

Әртістер:

Жібек-

М.Өтекешова,

Төлеген-

Қ.Тастанбеков

Бекежан-

А.Әшімов

Жыр екі бөлімнен тұрады.1-бөлімде

Төлеген Бекежан қолынан мерт болады.

2-бөлімде Сансызбай Жібекті әмең герлік салт бойынша алып

қашады.

М.Ғабдуллин

 «Халық ауыз әдебиеті» оқулығы б/ша оқиға ХVII ғ туған,себебі қалмақтар қазақ жеріне көп шапқын шылық жаса ды.Хорен-

қаламақ ханы

Жыр идеясы

жайлы 2түрлі пікір бар.

1.Көшпелі кезең,рулық

патриархалдық тұрмыс-

ты дәріптеу.

2.Керісінше

сынау,жастардың бас бостандығын аңсау.

Халықтық

сипаттағы

ескі жыр.

Зерттелуінде

қайшылық

көп.Ұлттық

салт-дәстүр,

әдет-ғұрып

мол көрініс

тапқан.

Жырдың

500 жылдығы

аталып өтті.

Жырдың

2-бөлімі бойынша фильм түсірілсе

екен.

 

Сонымен жас зерттеушімен жүргізілетін жұмыс түрлері:

1.Тақырып бойынша баяндама, реферат жазу, оны мектеп ішінде қорғау;

2.Ғылыми мақала, монография жазу;

3.Көрнекті ғалымдармен шығармашылық байланысқа шығу;

4.Ғылыми еңбектермен жұмыс жасау;

5.Оқушы еңбегін баспасөзге жариялау;

6.Мерзімді басылымдардан материалдар жинақтап, ғаламтормен байланыста болу;

7.Оқушылардың алғашқы еңбегін кітапша етіп шығару.

Осы жұмыстардың нәтижесінен кейін қабілетті оқушымен белгілі бір бағыт-бағдар бойынша жұмыс жүргізу қажет.

«Бұлақ көрсең, көзін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп, бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін ашу – мұғалім міндеті.Қорыта келгенде айтарым , егеменді еліміздің дүние жүзі елдерімен терезесі тең болуы үшін оның негізгі тұтқасын ұстайтын, дүние әлемін шарлайтын - біздің дарынды да қабілетті ұландарымыз. Халқымыз: «Басында бұлағы бар өзен ұзақ ағады» деп бекер айтпаған, сондықтан зияткер мектептердің дарынды дарабоздарын  тәрбиелеуде  үнемі ізденіс үстінде жүруді өзіме міндет санаймын.

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.«Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы  4/2011   15-бет

2.Кіріктірілген білім беру бағдарламасы  «Қазақ әдебиеті Т1» Жоғары мектеп . Маусым 2014

3.Бітібаева Қанипа. «Әдебиеттітереңдетіпоқыту» ... «Мектеп» баспасы ЖАҚ, 2003.  4.Е.Дүйсенбаев,А.Балғожаев.«Оқыту үрдісінде танымдық және шығармашылық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану» Қызылорда , 2006    42-бет3.

5.Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы (Үшінші деңгей) 2012

 

                                                   Аннотация

Зерттеуші мұғалім әдістемелік ізденіс жұмысында  қазақ  әдебиеті пәнінен  оқушыларды ғылыми  ізденіс жұмысына баулудың  бірнеше жолдарын көрсетеді. Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану арқылы әдебиет сабақтарында оқушынының әдебиеттанушы ретінде зерттеу жұмысына қызығушылығын арттыруды мақсат еткен. Әдебиетті оқытуда  оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының стратегияларын  және әдіскер-мұғалім  Қ.О. Бітібаеваның әдебиетті оқыту әдістемесін қолдана отырып әдебиет пәнінен дарынды оқушыларды анықтау мәселесіне тоқталған.

                                                         Аннотация

В данной   методической статье   учитель-исследователь  продемонстрировала несколько приемов и методов, которые  может использовать ученик при проведении исследовательской работы по предмету  «Казахская литература».  Данные эффективные  приемы и методы окажут неоценимую помощь ученику при проведении им исследовательской работы на уроке казахской литературы и при анализе художественного произведения с точки зрения исследователя. Особое внимание автор уделила выявлению талантливых и одаренных детей   через использование стратегий критического мышления, а также  методов и приемов учителя-методиста Битибаевой К.О.

Аnnotation

In the methodological a teacherwas shown several ways of  involving pupils in scientific-research work in Kazakh literature subject. The aim of to increase pupils interest in research work as a person who is studying the literature ,by using the active teaching methods and approaches. This  article is about exposing the gifted students in literature by using the K.Bitibayeva methods and strategies of critical thinking.