ӘӨЖ 81,373;001.4

 

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ТҰРМЫСТЫҚ ЛЕКСИКАСЫ САЛАСЫНДАҒЫ ОРЫС ТІЛІНЕН ЕНГЕН КІРМЕ СӨЗДЕР

 

         Нұрбек М.А.

Абай атындағы ҚазҰПУ, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс докторанты

Алматы қ., Қазақстан,

ұялы байланыс: 87014606867

         e-mail: muratnur80@mail.ru

 

Түйіндеме

Бұл мақалада қазақ тілінің тұрмыстық лексикасындағы орыс тілінен енген кірме сөздер қарастырылады. Қазан төңкерісінен кейінгі алғашқы жылдары, отызыншы жылдардың соңына дейін, орыс тілінен енген сөздер қазақ тілінің фонетикалық заңдары бойынша фонетикалық өзгеріске ұшырап отырды, өйткені сол жылдары осы сөздердің негізгі көпшілігі қазақ тіліне заттардың білдіретін атаулармен бірге ауызша жолмен кіріп отырды. Орыс тілі қазақтың тұрмыстық лексикасының баюының негізгі көздерінің бірі болып табылады.

 

Резюме

В статье рассматриваются заимствованные из русского языка слова в бытовой лексике казахского языка. В первые годы после Октябрьской революции, вплоть до конца тридцатых годов, заимствованные из русского языка слова подвергались фонетическому переоформлению по фонетическим законам казахского языка, поскольку в те годы основная масса этих слов проникала в казахский язык устным путем, вместе с теми предметами, которые они обозначали. Русский язык является одним из основных источников обогащения казахской бытовой лексики.

 

Summary

The article deals with borrowed words from Russian language in everyday vocabulary of the Kazakh language. During the early years after the October Revolution, up to the end of the thirties, borrowed words from the Russian language were subjected to phonetic restructuring according to  phonetic laws of the Kazakh language, because in those years the bulk of these words penetrated into the Kazakh language spoken by, along with those objects which they denote. Russian is one of the main sources of enrichment of the Kazakh household lexicon.

 

Кеңес Өкіметі жылдарында елімізде орыс тілі КСРО халықтары тілдерінің сөздің құрамының баюының негізгі және басты көздерінің біріне айналды [1]. Алайда, көне орыс жылнамалары мен хабарламаларына қарағанда, сонау ерте замандарда-ақ орыстардың, қыпшақтар мен бұлғарлардың арасында сауда-экономикалық, саяси және мәдени қарым-қатынастар жолға қойылған болатын, ал бұл олардың тілдерінде көрініс таппай қоймады [2, 87].

Қазақ тіліне орыс тілінен енген лексикалық кірме сөздердің ұзақ тарихы бар. Орыс-қазақ тілдік байланыстарын қазан төңкерісіне дейінгі және қазан төңкерісінен кейінгі деп екі кезеңге бөлу қарастырылған [3, 232].

Ш.Ш. Сарыбаев атап көрсеткендей, «қазақ тілінің орыс сөздерін кіргізуі Қазан төңкерісінен ұзақ уақыт бұрын-ақ анықталған. Орыс тілінің қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдегі ықпалына себепші болған негізгі фактор қазақ халқының өмірінде прогрессивті маңызға ие болған Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылуы болды. Қазақстанның Ресейге қосылуы қазақ халқына орыс халқының алдыңғы қатарлы мәдениетіне қол жеткізуіне мүмкіндік берді» [4, 233].

Қазақстанның Ресейге қосылуының нәтижесінде қазақтар орыс халқының өкілдерімен тығыз қатынас жасауға мүмкіндік алды, сауда-айырбас қатынастары жандана бастады. Бұл өз кезегінде қазақ тіліне орыс тілінен көптеген сөздердің енуіне алып келді. Бұл негізінен қазақ халқының тұрмысына орыс халқымен қатынас жасаудың нәтижесінде кірген тұрмыстық заттардың атаулары болды. Міне осылайша, Қазан төңкерісіне дейін орыс тілінен қазақ тіліне, негізінен, тұрмыстық заттарды білдіретін сөздер, яғни тұрмыстық лексика енген. Орыс тілінің сөздері қазақ тіліне Қазан төңкерісіне дейін негізінен халықтық-сөйлеу тілінен ауызша тіл арқылы кірді. Демек, төңкеріске дейін қазақ тіліне енген орыс сөздері «бүтіндей және толықтай фонетикалық деформацияға ұшырады (кірме сөздің кейбір дыбыстарының түсіп қалуы, оның біресе басына, біресе ортасына, біресе соңғы жағына жаңа дыбыстардың қосылуы, еріндік дыбыстардың ерінсіз дыбыстармен алмасуы, екпіннің сөздің соңында сақталуы, палатализацияны немесе веляризацияны өзіндік-бастапқы сөз секілді тұтастай сөздің көлемінде біржақты сақтау)» [5, 66].

Ұлы Қазан төңкерісіне дейін орыс тілінен енген кірме сөздерді былай топтастыруға болады:

1) үй жағдайы заттарын білдіретін сөздер: КЕРЕУЕТ орыстың КРОВАТЬ сөзінен, ҮСТЕЛ СТОЛ сөзінен, ШКАП ШКАФ сөзінен, ҮТІК, ӨТЕК УТЮГ сөзінен, СІРЕҢКЕ (украин тілінен енген болуы мүмкін), ЛАМПЫ ЛАМПА, БҰЗЫР, ПӨЗІР «шамның шишасы» (ПУЗЫРЬ сөзінен болуы мүмкін) шыққан.

2) ат әбзелдерін, жүк көлігі заттарын білдіретін заттар: БОЖЫ «вожжи», ЖАРМА «ярмо», ПӘУЕСКЕ «повозка», ТАРАНТАС «тарантас», ШІЛИЯ «шлея», БРИШКЕ «бричка», ЖӘМШІК «ямщик» және т.с.с.;

3) ыдыстардың әралуан түрлерін білдіретін сөздер: САМАУЫР «самовар», ШӨГЕН «чугун», ТӘЛЕҢКЕ (ТӘРЕЛКЕ) «тарелка», КӘРЕНКЕ «корзинка», БЕДРЕ «ведро», БӨТЕЛКЕ «бутылка», БӨШКЕ «бочка», КІРЕНКЕ «кринка, крынка», ШАЙКА, ПОДНАС «поднос», КҮМӘЖНІК «бумажник» және т.с.с.;

4) киім-кешекті, аяқ-киімді білдіретін сөздер: ЖЕКЕТ «жакет», КҮРТЕ «куртка», ЖЕЛЕТКЕ «жилетка», ПИМА «пимы», БӘТІНКЕ «ботинки», КӘЛӨШ «галоши», ПЕНЖЕК «пиджак» және т.с.с.;

5) әртүрлі маталардың атауларын білдіретін сөздер: БӘТЕС «батист», БОМАЗИ, БУМАЗЕЙ «бумазея», СӘТЕН «сатин», СИСА «ситец», БҮЛІС «плющ», КӘРІС «гарусь», БАРҚЫТ «бархыт», КӘШЕМІР «кашемир», МАРКИЗЕТ «маркизет», ДРАП «драп», РЕПС «рапс», МӘРЛІ «марля» және т.с.с.;

6) тұрғын үйдің және тұрғын үй құрылысымен байланысты атауларды білдіретін сөздер: МӘТКЕ «матица», ПЕШ «печь», ПЛИТА, КӘСЕК «косяк, есік немесе терезе жақтауының брусы», САМАН «саман, күйдірілмеген кірпіш», ТӘШКЕ «тачка», СЕНЕК «сени», КІЛЕТ «клеть», ТАМБУР «тамбур», ТРУБА «труба» және т.с.с.;

7) шаруашылықта қолданылатын әртүрлі аспаптардың , еңбек құралдарының атау-сөздері: КІР «гири», ШӨТКЕ «щетка», СОҚА «соха, плуг».

Қазан төңкерісіне дейін енген сөздердің осынау тізбесінен көрініп тұрғандай, әйтсе де орыс тілінің қазақ тіліне Қазан төңкерісіне дейін де белгілі бір ықпалы болғанымен, бұл ықпал қазақ және орыс тілдерінің Қазан төңкерісінен кейін орын алған қарым-қатынастарындағыдай айтарлықтай күшті болған жоқ. Сондықтан «орыс тілінің көршілес халықтардың тілдеріне төңкеріске дейінгі ықпалы мен орыс тілінің КСРО халықтарының тілдеріне осы уақыттарда болып отырған ықпалының арасында принципті айырмашылық бар» [6, 165-166] деп атап көрсеткен академик В.В. Виноградовпен келіспеске болмайды.

Орыс тілінен қазақ тіліне Қазан төңкерісіне дейін енген кірме сөздердің бәрі дерлік қазақ тілінің айтылу нормаларына бағына отырып фонетикалық өңдеуге ұшырады.

Қазан төңкерісінен кейінгі кезеңде КСРО-ның барлық халықтарының, соның ішінде қазақ тіліне де ықпалы өлшеусіз үлкен бола бастайды. «Кірме сөздерді енгізуші тілдердің одан әрі қарай дамуы мен баюына септігін тигізетін лексикалық және басқа да элементтерді кіргізу үдерісі кеңестік кезеңдегі КСРО халықтарының көпшілігінің әдеби (жазба) тілдерінің дамуының өзіндік ерекше белгісі болып табылады» [7, 24].

Қазақ халқының әлеуметтік және тұрмыстық өміріндегі кеңестік кезеңінде түбегейлі өзгерістер болды, бұл қазақ тілінің лексикасында көрініс таппай қоймады. Сондықтан қазақтың қазіргі әдеби тілінде орыс тілінен енген жаңа тұрмыстық заттарды білдіретін көптеген сөздер бар. Бұл сөздер әртүрлі тұрмыстық заттарды білдіреді де қазақ халқының жаңа тұрмысын білдіреді. Мәселен, қазіргі қазақ тілінде ДИВАН, КРЕСЛО, СЕРВАНТ, ТАХТА, ТОРШЕР, ТЕЛЕВИЗОР, ТЕЛЕФОН, РАДИО және т.с.с. кірме сөздер кеңінен тараған.  

Қазан төңкерісінен кейінгі алғашқы жылдары, отызыншы жылдардың соңына дейін, орыс тілінен енген сөздер қазақ тілінің фонетикалық заңдары бойынша фонетикалық өзгеріске ұшырап отырды, өйткені сол жылдары осы сөздердің негізгі көпшілігі қазақ тіліне заттардың білдіретін атаулармен бірге ауызша жолмен кіріп отырды.

Алайда, орыс тілінің Кеңес Одағы халықтарының ұлтаралық қатынас тілі ретіндегі рөлінің арта түсуіне және барлық ұлттардың оны өз еріктерімен үйренуге және игеруге деген талпыныстарына байланысты еліміздің барлық ұлттарының, соның ішінде қазақтардың да, ана тілінен басқа екінші тілді – орыс тілін меңгеру үдерісі жүріп жатты. Бұған сондай-ақ, 30-шы жылдардың соңында КСРО-ның жазбасы кейін пайда болған халықтарының көпшілігінің өздерінің жазбасының негізі ретінде орыс әліпбиін таңдауы өзінің септігін тигізді. Бұл жағдай КСРО халықтары мәдениеттерінің өзара жақындасуы мен өзара әрекеттесуінің бұрынғыдан да күшейе түсуіне жағдай туғызды, сондай-ақ Кеңес Одағының барлық халықтарының орыс тілін меңгеруін едәуір жеңілдетті. Жазбаны орыс графикасына ауыстыру орысша сөздерді кіргізу тәсілдеріне де пайдалы әсер етті. С.К. Кеңесбаев атап көрсеткендей, «қазақтың әдеби тілінің қазіргі даму кезеңінде, әсіресе жазбаны орыс графикасының негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру сәтінен бастап, орыс тілінен және Кеңес Одағының өзге де халықтарының тілдерінен сөздерді кіргізудің қолайлы және бірыңғай тәсілі табылды. Жат тілдердің сөздерін фонетикалық және грамматикалық тұрғыдан игеру сөздерді кіргізудің бұдан бұрынғы жолдарынан тиімді түрде ерекшеленетін дұрыс жолмен бағытталған» [8, 14].

Қазан төңкерісінен кейінгі кезеңде орыс тілінен енген тұрмыстық лексика сөздері, тұрмыстың әртүрлі салаларын қамтиды. Оларды былай топтастыруға болады:

1. Жиһаз заттарын білдіретін сөздер: МЕБЕЛЬ, КОМОД, ПОЛКА, СЕРВАНТ, ТУМБОЧКА, ЭТАЖЕРКА, ДИВАН, ДИВАН-КРОВАТЬ, КОЙКА, КРЕСЛО, ЛАВКА, СКАМЕЙКА, ШКАФ, ШИФОНЕР және т.б.

Бұл сөздер орфографиялық тұрғыдан өздерінің орыс тіліндегі түпнұсқаларынан ерекшеленбейді. Қазіргі қазақ тілінің иелері оларды орыс тіліндегідей айтады. Бұл сөздердің бәрі қазақтарда бұрын соңды болмаған заттарды білдіреді, демек, қазақ тілінде оларға ешқандай бәсекелес жоқ, себебі сол заттардың өздері болмағандықтан қазақ тілінде соларға тиісті сөздер де болған жоқ.

Орыс тілінен немесе өзге тілдерден орыс тілі арқылы енген осы аталған кірме сөздердің бәрі қазақ тілінің әртүрлі сөздерімен еркін тіркесімге түседі де қазіргі қазақ тілінде барлық көне қазақ сөздері секілді қызмет етеді. Олар жиі пайдаланылатын сөздер болып табылады. Мұғалімдер бөлмесіне Жұбан Қалекеңе ере кірді. Қара сүрікпен қапталған диванға жайғаса отырды (Е.Д., с. 124).

2. Үй тұрмысына қажет заттардың атауларына байланысты сөздер: МАТРАЦ (МАТРАС), ПРОСТЫНЯ, КЛЕЕНКА, САЛФЕТКА, АБАЖУР, ПРИЕМНИК, РАДИО, ТЕЛЕВИЗОР, ПАТЕФОН, ГАРДИНА, ШТОРА, ЛАМПА, ТОРШЕР және т.б.

3. Ыдыс-аяқтардың атауларын білдіретін сөздер: КОВШ, КАСТРЮЛЯ, СЕРВИЗ, БОКАЛ, РЮМКА, СТАКАН, ТЕРМОС, ФЛЯГА, СУМКА, БИДОН және т.б.

4. Орыс тілінен енген киім-кешек атаулары: МАКИНТОШ, ПЛАЩ, МАНТО, ПАЛЬТО, ДЖЕМПЕР, КИТЕЛЬ, КОСТЮМ, СЮРТУК, САРАФАН, МАЙКА, ТРУСЫ, ФУТБОЛКА, ПИЖАМА, КЕПКА, ФУРАЖКА, ШҮЛЕМ, ПАПАХА, КОСЫНКА, БЕРЕТ, ПАНАМА, ГОЛЬФИ, БОТЫ, КОРСАЖ, КОЗЫРЕК, ФЕТР, ГАЛСТУК және т.б. Мұнда сондай-ақ ШҮЛЕМ «шлем», ГОЛЬФИ «гольфы» сөздерінен басқа барлық сөздер орыс тіліндегідей жазылып, айтылады. Соңғылары қазақ тілінің айтылу заңдылықтарына сәйкес орфографияда және айтылуда шамалы ғана өңдеуге ұшырады.

5. Орыс тілінен енген маталардың атаулары: МАРКИЗЕТ, МАРЛЯ, РЕПС, ФИЛЬДЕКОС, КРЕЦДЕШИН, ФАЙДЕШИН, ФАНЗА, ШИФОН, БОСТОН, ГАВАРДИН, ДРАП, КОВЕРКОТ, КАШЕМИР және т.б.

6. Тұрғын үйді, оның бөліктерін, тұрғын үй-шаруашылық құрылыстарын білдіретін сөздер: ПОГРЕБ, ТАМБУР, ТРУБА, ФАНЕРА, ЧЕРЕПИЦА, ШИФЕР, КАРНИЗ, ПОДВАЛ және т.б.

7. Әртүрлі тұрмыс заттары мен әшекейлерді білдіретін сөздер: ПЕРЛАМУТР, МЕДАЛЬОН, ЗОНТИК, КЕРОГАЗ, ФОНАРЬ, КОНФОРКА және т.б. [9].

Орыс тілінен қазан төңкерісінен кейін енген кірме сөздердің бәрі, негізінен, түп негіз тілде қандай формада қызмет атқарса қазіргі қазақ тілінде де сол формада пайдаланылады. Олардың кейбірі орыс тілінде өзге тілдерден енген кірме сөздерді білдіреді. Алайда олар қазақ тіліне орыс тілінен енген, сондықтан оларды орыс тілінен енген кірме сөздер ретінде қабылдаған дұрыс.

Әйтсе де бұл кірме сөздер орыс тіліне тән формаларын сақтағанымен, қазақ тілінің негізінде олар көне қазақ сөздерімен тіркесіп жатады, сөйлемде қазақ тілінің грамматика заңы бойынша жазылады. Олардың кейбірі сөзжасаушы негіз ретінде қызмет етеді. Қазақша сөздермен тіркесе отырып, заттардың күрделі атауларын жасайды (РАДИОҚАБЫЛДАҒЫШ) және т.б.

Мысалы ШКАФ сөзі КІТАП және КИІМ сөздерімен тіркесе отырып, КІТАП ШКАБЫ, КИІМ ШКАБЫ атауларын түзеді. ПРОСТЫНЯ, ГАРДИНА сөздері қазақша –ЛЫҚ жалғауының көмегімен сын есімдерді түзеді: ПРОСТЫНЯЛЫҚ, ГАРДИНАЛЫҚ

Міне осылайша, орыс тілі қазақтың тұрмыстық лексикасының баюының негізгі көздерінің бірі болып табылады. Қазан төңкерісінен кейін енген кірме сөздер семантикалық тұрғыдан игерілген, әйтсе де формальдық тұрғыдан игерілмеген күйінде қалып отыр.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Ахунзянов Э., Скорик П.Я., Терещенко Н.М., Феоктистов А.М., Петровская Л.А. Русский язык – один из основных источников обогащения языков народов СССР. М., Наука, 1969.

2. Абдулин И.А., Ахунзянов Г.Х., Ганиев Ф.А. Указ. соч., с. 87

3. Сарыбаев Ш.Ш. Развитие лексики казахского языка в Советскую эпоху. – В кн.: М.О. Ауезов. Сборник статей к его шестидесятилетию. Алма-Ата, 1959, с. 232

4. Сарыбаев Ш.Ш. Указ. соч., с. 233

5. Кенесбаев С.К. Развитие казахского литературного языка в Советское время. – В кн.: М.О. Ауэзов. Сборник статей к его шестидесятилетию. Алма-Ата, 1959, с. 66

6. Виноградов В.В. Великий русский язык. М., 1945, с. 165-166

7. Виноградов В.В., Дешериев., Ю.Д., Решетов В.В., Серебринников Б.А. Основные итоги и задачи разработки вопросов письменности и развития литературных языков народов СССР. Алма-Ата, 1964, с. 24

8. Кенесбаев С.К. Прогрессивное влияние русского языка на казахский. – В кн.: Прогрессивное влияние русского языка на казахский. Алма-Ата, Наука, 1965, с. 14

9. Абдигалиева Б. Бытовая  лексика казахского языка, М., 1984. 200 с.