Нурсеитова А.А.

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі

 

Киім атауларының тақырыптық мәні.

(Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов шығармалары бойынша)

         Лингвомәдениеттану халқымыздың тілінде ғасырлар бойы сақталып, оның тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетінен мәліметтер беретін деректерді тілмен байланыстыра зерттеу. Бұл бағыт қазақ тіл білімінде көптеген ғалымдардың Ә.Қайдар, Ж.Манкеева, Н.Уәли, Е.Жанпейісов т.б. еңбектерінде жан-жақты зерттеліп жүр. Ұлттың мәдениеті мен тілін байланыстыра зерттеудің қажеттілігі жөнінде Ж.Манкеева былай дейді: «...атап айтқанда, ұлттық тіл ерекшелігінің сырын, табиғатын сол тілде сөйлеп ұлт өкілінің рухани, психологиялық, әлеуметтік т.б. сипаттарымен біртұтастыққа зерттеу... Солардың ішінде тілді ұлттық сана, дүниетаным, мәдениет, тарих, этностық рухты бейнелейтін таңба ретінде қарастырылатын – лингвомәдениеттану саласы. «Лингвомәдениеттану» деген атаудың құрамында тіл мен мәдениеттің сабақтастығы айқын көрініс табады... Сондықтан ұлттық болмыс мазмұн  тұтас мәдени жүйе ретінде өз бойында сақтаған құнды этномәдени дерек ретінде тілдік бірліктерді «ұлт пен тіл  біртұтас» деген қағидаға сәйкес жинақтап, жүйелеу, талдау игілікті де өзекті іс болмақ» [1.8].

Кез келген халықтың өз тарихы, мәдениеті, әдет-ғұрпы, өзіндік өркениеті бар. Ал бұның бәрі сол халықтың тілінде бейнелеп, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырады. Қазіргі таңда халықтың дүниетанымын, мәдениетін тілдік мәселелермен сабақтастыра зерттеу тіл білімінде өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Осындай салалардың бірі – лингвомәдениеттану саласы.   Тіл білімінде  тілді таңбалар жүйесі ретінде сипаттаудың мәні ерекше. Символ мәселесі ғылым нысанына ежелден-ақ енген. Яғни, «Символ» тану ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде дүниеге келген «симолизм» ағымынан әлдеқайда ерте туған. Символ туралы ой қозғау, тұжырым айту Аристотель мен Платонан бастау алып, И.Кант, Шелегель, Шеллинг, Гете, Гегель т.б. философтардың еңбектерінде сипатталған.Ал қазақ ғылымында символды біздің мақсатымызбен байланысты зерттеу өз бастауын Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, Қ.Жұбанов, Ә.Марғұлан, М.Әуезов, С.Мұқанов, еңбетерінен алса, осыған жалғас ғылыми көзқарастардың тілші-ғалымдар І.Кеңесбаев, Ә.Т.Қайдаров, Е.Н.Жанпейісов, К.Ш.Хұсайынов, Т.Жанұзақов, Н.Уәлиев, Р.Сыздықова, Ж.А.Манкеева еңбектерінен көруге болады.

    Тілімізде ұлттық мәдениеттің өзегін құрайтын киім атауларының этнолингвистикалық табиғатын тануда тілдік құралдармен айшықталған күрделі құрылымын қазіргі қоғамдық сана мен мәдениеттің бүгінгі деңгейіне сабақтастырудың негізі олардың "тілдік әлемінде" жатыр. Тіліміздегі киім атауларына байланысты туған мақал-мәтелдер мен фразеологизмдер арқылы қалыптасқан әлем бейнесі, ұлттық мәдениет, халықтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, наным-сенімдері оның баға жетпес тілінде ғана бейнеленеді. Осыған байланысты, қазақ тіліндегі де киім атаулары арқылы жасалған мақал-мәтелдер мен фразеологизмдер халықтың тұрмыстық, әлеуметтік тәжірибесінің негізінде пайда болған, бойына ғасырлар құпиясын сақтап келген танымдық табиғатыхалықтың ментальді болмысын танытатын, яғни ұлттың философиялық ойының мазмұндылығын дәйектейтін, этносқа тән дүниенің тілдік бейнесін танытатын фразеологиялық тіркестер мен мақал-мәтелдер көптеп саналады. [2.25].

      Халықтың өзі қоршаған ортаға ерекше мән беріп, заттар мен құбылыстарды танып білуде басты белгілерін салыстыру, расату сияқты қасиеттерін жинақтап, ортақ белгілерінің негізінде жаңа ұымға атау берген. Бір затқа ат беру әр халықтың мәдениетіне, тілінің ерекшелігіне байланысты қалыптасады. Қай заттың атауы болмасын жайдан-жай емес, қоғам қажеттілігінен, сол атауға зәрулігінен туындаған. Ұғым нәтижесінде зат не құбылыс атауға ие болса, атау адам танымы негізгі деп таныған уәждер аясында қарастырылады. Заттың атауына негіз болған атауыштық белгілер арқылы тілдегі уәжділік қалыптасады. Мысалы:                            

     Түлкі тымақ, сырты пай,Мойнында бар ақ шарп.Қымбат ішік, қыл шапан

 Папирос тарттым баптанып,Бешпет, шалбар – сукнодан .Тігінші тіккен ақша алып. [Ш.Қ.57 б]

   «Түлкі тымақ, қымбат ішік, қыл шапан, бешпет, шалбар – сукнодан» секілді қазақ тұрмысында дайындалатын дәстүрлі киім-кешек ерекшелігіне қарай негізгі қолданған шикізаттары төрт түлік малдың жүні мен терісі, аң терілері, құстың мамығы болған. Суреттеліп отырған этномәдени лексиканың маңыздылығы оқырманға жетуі және оның санасынан орын алып ұлт менталитетіндегі алатын орнының айрықша көрінетінінде. Ақ түс күні бүгінге дейін жақсы бастама атаулының бәрінен де табылады. Өйткені ол сұлулық әлемінің, адамгершілік қасиеттерінің біртұтас жиынтығын құрайды.

Сонымен лингвомәдениет дегеніміз халық мәдениетінің сол ұлт тіліндегі көрінісі болып табылады. Ал ұлт мәдениеті сол ұлттың тілінде жазылып, сақтлған өлең-жырларда, тарихи және батырлар, лиро-эпостық жырларда, тарихи көркем шығармаларда т.б. бейнелейді. Сондықтан бұл шығармалардың тілін зерттей отырып, халқымыздың тұрмыс-тіршілігіне қатысты мәліметтерді жинақтап, зерделеу лингвомәдениеттану саласының дами түсуіне зор үлес қосары сөзсіз.[1.20]       

     Кез келген таңбаның екі жағы болады: бірінші жағы – формасы, екінші – мазмұны. Тілдік таңба мен шартты таңбалардың арасындағы ұқсастық: екеуінде де тұлға мен мазмұн бар, екеуі де бірдеме жайында «хабарлаудың» құралы. Соның негізінде олардың айырмашылықтарын лингвист ғалымдар көрсеткен  болатын. Таңба ұғымы лингвистика, әдебиеттану, семиотика, математика, мәдениеттану, архитектура т.б. ғылым салаларында қарастырылады. Ал лингвистика ғылымының  әрбір даму сатысында таңба  мәселесі негізгі мәселеге байланысты шешіліп отырды және лингвистиканың осы қазіргі кезеңіне сай шешіледі де. Құрылымдық лингвистикада таңба тілдің әр түрлі деңгейіне байланысты қарастырылады. Себебі тілдегі таңбаларды дыбыс, сөз, сөйлем, мәтін, олардың сыртқы жамылғыштарының жүйесі құрайды (С.А.Өткелбаева, Қ.Б.Күдеринова, А.Жұбанов т.б.).

     Фе де Соссюрдің таңбаның екі жақты, еш уақытта бірінен-бірі жеке бөліп қарауға болмайтын, бір-бірімен байланысты екі қыры  таңбалаушы мен таңбаланушының арасындағы қатынастың ешқашан бөлінбейтін біртұтас еместігін жоғарыда аталған зерттеулер мен басқа да теориялық еңбетер дәлелдеп отыр. Сонда аңғарылатын нәрсе – таңбаның динамикалық сипатқа ие екендігі, оның тұрпат межесі мен мазмұн межесі дамуға, өзгеруге биімдігі және де мазмұн межесінің тұрпат межесімен салыстырғанда даму дәрежесі жоғарлығында. Тілдік таңба болмысындағы бұл сипат мазмұн межесін тек құрылымдық лингвистикада қарастырудың жеткіліксіздігіне жол ашты. Себебі таңба адам танымының даму деңгейіне сәйкес, өмірдің, еңбектің, мәдениеттің нәтижесі ретінде көрініс тапқанда символға айналады. Сондықтан да символ мәселесі мәдениетпен, тарихпен, салт-санамен тығыз байланысты қарастырылуы тиіс. [1.5 б]     

       Ақселеу мініп,Қылаңнан киіп.Басында –сәлде,Аузында – алла. [А.Б. 29 б]

«Орамал тонға емес, жола» деп ал,әзірге ат-шапаны осы боп тұр. [А.Б. 44]

    Қазақ тіліндегі заттық мәдениетке қатысты атаулар немесе тұрмыстық лексика қазақ халқының материалдық өндірісінің деңгейін, сипатын, киім мен тұрмыс бұйымдарын әшекейлеуге қажет мұқтаждықты қамтамасыз етуге бағытталған қазақтың халықтық қолөнер бұйымдарын бейнелейді. Ал олар – қазақ халқының материалдық қана емес, рухани да байлығының көрсеткіші»[2,7].

       Демек, киім атауларының тілде таңбалануы жалпы адамзат танымы мен дүние танымы адамдар тәжірибесі мен ойлау нәтижелерінің сөзде бекітілуі негізінде болады. Сонымен «таңба сыртқы дүние объектілеріне нұсқайтындықтан, ол шындық болмыс пен белгілі бір деңгейдегі байланыста болмақ. Сондықтан таңбаларды түрге бөлудің негізгі белгісі болып таңбаның қоршаған ортамен байланысының түрі алынады. Бұған себеп-салдарлы байланыс, материалдық тұрғыдан ұқсастық, құрылымдық ұқсастық немесе ұқсатықтың тіпті болмауы да негіз бола алады» - деген тұжырым киім атауларының тілдегі таңбалануына байланысты пікірімізді нақтылай түседі

    Көркем шығармада қолданылған этнолексика, этномәдени атаулар тарихи- мәдени және лингвистикалық мазмұн мен мәнді тудыратын категория, ұлттық болмысымыз бен ұлттық танымымызды көрсететін, ұрпақтан- ұрпаққа жетіп отыратын рухани байлығымыз болып табылады.   

Пайдаланылған әдебиеттер:

          1.Қайырбаева Қ.С. Қазак тіліңдегі этномәдени атаулардың символдық мәні.   : Филол.ғыл.канд.дисс. —Алматы, 2004. — 135 б.

           2Манкеева Ж. М. Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың танымдық негіздері. – Алматы, 2008. -356 б.     

          3.Шәкәрім Құдайбердиев шығармалары (өлендер, дастандар, қара сөздер). Алматы: Жазушы. 1988, 360-бет.                                                            4.Байтұрсынов А. Б.20 Шығармалары: Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер. – Алматы: Жазушы, 1989. – 320 б.