Жүсіпов А.Е. ф.ғ.к., Оралова Г. ф.ғ.м., Төлеужанова Ж.,

Ертаева М.Қ. п.ғ.м., Жүсіпова Ә.Р.

 

 

«С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті» АҚ

 

Қайшы тілдік тұлға: диалог және аралас формадағы орны

 

Қайшы тілдік тұлғаны тек монологта ғана емес, сонымен бірге диалог және аралас форма арқылы салыстыра отырып ашу өзекті болмақ. Диалог мәтінмен тығыз байланысты. Н.Арутюнова, Г.Гаврилова, Н.Комина, А.Агапова сияқты ғалым еңбегінде диалог түрлі құрылымдық семантикалық қырынан сипатталған [1;53]. Макро- және микроконтексті бар диалогтық контекст те қайшылықты ашуда кеңінен қолданылады. Түрлі бірліктің диалогтық бірлігі коммуникацияға түскен қайшы тілдік тұлға, сондай-ақ қатысушы сөйлеміндегі нысан ретінде жұмсалған тұлғаға бар жағдай жасайды. Салыстырмалы категориялық мазмұн табиғаты осы шартты қолдайды [2]. Қайшы тілдік тұлға шамамен симметриялы: 1-ілікпе сөздегі 1ТТ; 2-ілікпе сөздегі қайшы 2ТТ, ілікпе сөз барысында салыстырмалы қатынас сәйкес келеді. Тілдік тұлға біреуі ілікпе сөзбен емес, автор сөзімен берілуі мүмкін, алайда бұл жерде диалогтық ерекшеліктің қандай да бір маңыздылығы сақталады (R шартты белгісімен ілікпе сөзді беріп отырмыз). Материал тобын сараптамас бұрын үш ерекшелікті атап өту керек. Екеуі салыстырудың қайшылыққа «бейімділігін» асыра сілтеп жібермеу қаупіне қатысты. Біріншіден, диалогте қайшы тілдік тұлға салғастырумен байланысты емес. Диалогтағы осы екі құбылыс байланысы даулы: қайшы тілдік тұлға не салыстырмалы категорялық негізде, не басқа бір қырынан ашылады. Мәселен: (1) «Қонақ әйел тағы да айнамен әңгімеге көшті://Не кеттік пе?//Жоға! -деп айнадағы кескіні айқайлап жіберді. – Сен не ойлауды қойғанбысың...//-Ал, тәуекелге неге бармасқа, сен мені – өзіңді – білесің ғой (Т.А.). (2) Қарғаш, айнаға жақындап келіп, өзінің әжімсіз таза беті, мойнына қызыға қарады. Тіпті әдемі, алаңдайтын ештеңе жоқ. Әттең, уақытты алдай алмассың. Күз де жақындап келеді (бұл жердегі «күз» сөзі егделік, кәріліктің жақындауын бейнелеу үшін жұмсалған).//-Кету керек...уақыт келді...-деді ол өзіне.// Иә, айнадағы кескіні де келісе кетті, «уақыт жетті» деп басын шұлғыды.//Бәрі де орындалды, осында не қылмайсын деп келген...(Т.Қ.). Мына мысалда берілген екі қатынасты салыстырайық. Бірінші тип құрылыстың түрлі бөлшек қайшылығын сипаттауға бағытталған. 1ТТ және 2ТТ ілеспе сөзі ынта және әрекетке бөлінген: бұл екі кейіпкердің сөзі. Сұрақ-жауап диалог тұтастығы, дау идеясының осы құрылымы қайшы тілдік тұлғаның Өз-өзімен тілдесуін салыстырмалы категориялық мағынада қолдайды. Қайшылық ал шылауы; келіспеушілік жоға сөзі; жағымсыз (негатив) баға «ойлауды қойғанбысың» арқылы ортақ әрі екіұшты анықталған. Екінші жағдай әрекеттесуді басқа қырынан сипаттайды. Бұндағы тұлға, Қарғаш екіге бөлініп отыр; бұл диалогта қайшы тілдік тұлға осы диалогте «өз-өзімен келіскен». Қайшылық жоқ. Бұл бастапқы мағынадағы иә шылауымен анықталды. Бұл жағдай зерттеуде арнайы қарастырылмаған. Осы ретте осындай мысал монологте кездеспейтіндігін де айта кету керек. [3;47].

Материалды топтастыруға көшелік. Монологта сияқты осы саладағы қайшы тілдік тұлғаның қайшы жағы - 1ТТ және 2ТТ-ға бөлінуіне тоқталамыз. Негізгі үш топқа тоқталып кетейік: (а) алғашқысы – ортақ 1ТТ және 2ТТ атауышты сыртқы кеңес бір тұлғасының 1ТТ және 2ТТ ілеспе сөзімен берілуі; сызбасы:

1R 1S 1n

2R 1S 1n.

(ә) екінші топ – ортақ 1ТТ және 2ТТ атауышты ішкі (шартты түрде ІШ деп береміз) кеңес бір тұлғасының 1ТТ және 2ТТ ілеспе сөзімен берілуі; сызбасы:

1R1S1n

ІШ 1S 1n.

(б) үшінші топ – бір қайшы тілдік тұлғаның түрлі атауышының түрлі ілеспе сөзге бөлінуі; сызбасы:

1R 1S 1n

2R 1S 2n.

Айта кетеріміз, үшінші топ әдетте қандай да бір жағдаймен ішкі кеңеске «енуімен» байланысты. Бұл топ монолог саласы материалының бөлінуімен ерекшеленеді. Монологтық құрылымға сай екі негізгі топтың бөліну негізі диалог шеңберінде басқа қасиетпен таңдалады[4],[5]. Ол тәуелді іріктеуші «қосалқы негіздемеге» айналады. Бөлінген үш топты мысал арқылы талдайық. Алғашқы топтағы 1ТТ және 2ТТ-ға байланысты болуы диалогтың түрліше салыстырылатын ілеспесімен ұсынылған. Осы іспетте айта кетеріміз сипатталатын тұлға – ортақ. Төмендегі мысалда аты, азаматтығы, әлеуметтік жағдайы, қызметін қысқа ғана үзінді кезінде түрліше ұсынатын кейіпкеріміз жолаушылармен бір мезгілде қылмыскер әрі журналист ретінде танысады: (1) Сіз неге жалғыз кетіп барасыз?//Құрбым науқастанып қалды. Кеше бірдеңеден ұшынды ма. Қырық еуролық билетті жоғалмасын деп... Ал Сіз ше?// Мен сегіз жыл түрмеде отырғанмын, сол кезден жалғыздықты ұнатамын.// Ә-ә-ә-ә-ә...- Абдыраған динозвар (туристік автобустағы көршісі, әңгімелескен адам) бұрылып кетті.//Осы сәттен алдыңғы қатарда отырған торсықтау әйел екі көзін маған қадады да отырды. Есімі –Сәния. Күйеуінің аты - Ертай.- Сіз не расында түрмеде отырдыңыз ба?//Жоға, ойнаймын, мен –журналистпін. //Сәниянің көңілі жайланды.//-Әрине, сіз ондай адамға ұқсамайсыз. Адамды бірден айыруға болады. Интелегентсіз ғой, дейді.//(Интелегент түрмеде отырмайтындай)//Рахмет дедім, сіз адамды таниды екенсіз»(О.Қ.). Сал: Мен сегіз жыл түрмеде отырғанмын... Жоға, ойнаймын, мен – журналистпін. Диалогтық форма тілдік тұлға қайшылығын көрсетуде маңызды: алайда 1ТТ және 2ТТ ілеспелері монологтық үзіндіде берілген, осы топтың ерекшелігі де міне - осында. Мәнмәтінді осы екі қайшы іліспелерді контекстінің не басында, не соңында қатар қолдансақ та – бәрібір адресаттың жасырын қатысуын, диалогтық ұстанымды анықтаған болар едік. Сал: мәтіннің болуы мүмкін басы: *«Мен сегіз жыл түрмеде отырғанмын... Жоға, ойнаймын, мен – журналистпін».

Диалог ерекшелігін тағы да екі құрал сипаттайды[6;37]. Қайшылықты үстеп отырған «өз-өзіне қарсы шығу» ЖОҒА бірлігі әрі тілдік тұлғаның бір өкілі  әңгімелесушінің ілеспесін контекстік қолдау. Қайшылықты тудыруда ойын түрінде қолданылған маркер де айрықша қызмет атқарады. 1ТТ-ға қатысты ойын атауышы шынайылықтың екі дәрежесін сипаттайды (Шығарма жалғасында 2ТТ журналист туралы көзқарасы да шартты екендігі, ал бұл тілдік тұлғаның басты ОЙЫНЫ – жауы болуы мүмкін әңгімелесушіні қасақана алдау үшін бағытталған қулығы анықталады). Қайшы тілдік тұлғаның бекіген салыстырмалы категориялық мағынасының жұмсалуын қамтамасыз етіп отырған диалогтың дәп осы формасы. Келесі мысалда шарттылық әрі мағынаның екіұшты бағытталуында тілдік ойын қасиеті көрініп тұр, қалжыңдаймын маркері де соның айғағы: «Өткен жолы менің әйелмен неге жолым болмайды деп сауал қойған едің. Жауабым: Сен шерез шүр серьезныйсың. Олар сенен қорқады. //Сен не шынымен солай деп ойлайсың ба?- деп түксиді Бүркіт.// Құдайым-ау, болды, дем ал. Қалжыңдаймын! Рас қалжыңым!//Сені де досым деп жүрсем....Мен бұны адам деп, ақыл сұрап отырсам, қалжыңдайды ғой...// Бәке, күлкісіз өмірің не болмақ, қой қапаланба, менің айтқанымды тыңда, далада қалмайсың» (Т.А.).

Монолог пен диалогтағы топ бөлінуі арасындағы айырмашылық тілдік таным ерекшелігін сипаттауға да септігін тигізеді. Бұл сала функционалдық тұрғыдан өзгешеленеді. Материалға ерекше кешен – қайшы тілдік тұлғаны диалог және басқа да аралас формада ерекше назарға алынатын көлемі ұлғайған сапалық қырынан оларға ұқсас қарапайым топпен анықталатын құбылыс та енеді.

Қолданылған әдебиет тізімі:

1.                 Жүсіпов А., Қайшылық туралы ойшылдар көзқарасына шолу. Материалы ІХ Международной научно-практической конференции «Dynamika naukowych badan», 07-15 lipca 2013 roku, Praga, Чехия. рр. 51-54.

2.                 Ковтунова И., Поэтический синтаксис. М.: Наука, 1986. -206с.

3.                 Жүсіпов А., Қайшылық: түсініктің тарихи даму үрдісі, лингвомәдени көзқарас. Материалы ІХ Международной научно-практической конференции «Aktualni vymozenosti vedy -2013», 27.06-05.07. 2013 roku, Praga, Чехия. рр. 46-49.

4.                 Доценко Е., Психология манипуляции. М.: София, 2000. -353с.

5.                 Ермакова Ю., Манипуляция личностью: Смысл, приемы, последствия. Екатеринбург: УрГУ, 2001. -212С.

6.                 Жүсіпов А., Фразеологиялық және паремиялық қайшылық Материалы ІХ Международной научно-практической конференции «Dynamika naukowych badan», 07-15 lipca 2013 roku, Praga, Чехия. рр. 36-39.