Жүсіпов А.Е. ф.ғ.к., Оралова Г. ф.ғ.м.,
Төлеужанова Ж.,
Баймағамбетова К.ф.ғ.м., Жүсіпова
Ә.Р.
«С.Сейфуллин
атындағы қазақ агротехникалық университеті» АҚ
Астана, Қазақстан
Қазіргі қазақ тіл біліміндегі
қайшылықтың зерттелуіне шолу
Ә. Болғанбаевтың оқулығында сын
есімдердің сөз тудырушы өнімді жұрнағы –лы, -лі,
-ды, -ді, -ты, -ті және -сыз,
-сіз қосымшалары арқылы жасалынған туынды түбірлес сөздерді антоним деп қарайды[1].
Орыс тіл білімінде тілшілердің
көпшілігі надежда - безнадежность, счастье - несчастье, вредный - невредный, безвредный сияқты
сөздерді антоним санайды (Л.Новиков, В.Введенская, М.Львов) [2]. Осы
еңбектерден басқа да құнды еңбектерді
қарастырған кезде байқағанымыз, орыс тілінде ходить – не ходить, любить – не любить,
смотреть – не смотреть деген сияқты сөздердің ара
қатынасы туралы да біраз сөз қозғалып өткен, ал
сөздіктерде олар антонимдер деп көрсетілмеген. Осы кезде антонимді
ажыратқанда нені басшылыққа алды деген заңды
сұрақ туады. Бұл сұрауға көлемді /290
беттік/ антонимдер туралы еңбек жазған А.А.Новиков та жауап бермеген.
Біздің ойымызша, бақытты-бақытсыз
сөздерін антоним деп қараған дұрыс, себебі сөз
тудырушы жұрнақ жаңа сөз жасайды да,
лексика-грамматикалық категорияның құрамына енеді. Оқыды – оқымады, барды - бармады
дегендеріңіз антоним бола алмайды, себебі –ма, -ме сөз
түрлендіруші. Ойла-ойлама
дегендер екі сөз емес, бір сөздің екі түрлі
тұлғасы. Бұл пікірді біз жоғарыда айтып өткен
болатынбыз, осы ойды «Қазақ тілінің семантикасы» атты
еңбекте М.Оразов та айтып
өтеді [3].
Өзбек ғалымы Р.Шүкіров антонимдерге байланысты
жазылған еңбегінде антонимдердің үстіртін
талданған, толық зерттелінбеген мәселесі осы болымды,
болымсыз категориялар мағыналары арасындағы байланыс екендігін
біліп, оны анықтау мақсатымен біраз пікірлер айтып өткен
болатын. Ғалым мағына тұтастығына назар аударады,
мағына тұтастығын анықтау үшін ол
сөздердің басқа тілдерге аударылуын ұсынады. Мысалы, бақытты - бақытсыз
сөздері басқа тілдерге аударылған кезде (орыс тіліне) бір
сөздің мағынасы ретінде берілгендіктен (счастливый, удачливый – несчастливый, неудачливый) олар антоним
болады деп алынады да, радиолы-радиосыз,
дәптерлі-дәптерсіз сөздерінің мағынасы
басқа тілдерде (имеющий радио – не
имеющий радио, имеющий тетрадь, с тетрадью – не имеющий тетрадь, без тетради)
сөз тіркестері арқылы берілгендіктен мағына бүтіндігі
де болмайды, сондықтан ол сөздер антоним деп саналмайды деген
қорытынды жасайды[4.11]. Мысалға келтірілген сөздердің
мағына тұтастығы бар ма? Неге, мысалы, бақытты сөзі орыс тіліне аударылған имеющий счастье, ал бақытсыз сөзін неге
не имеющий счастье деп аудармасқа? Ал сол бақытты – бақытсыз жұбын «имеющий счастье – не имеющий счастье» деп аударатын
болсақ мағына тұтастығының болмағаны ма?
Неге радиолы- радиосыз, таулы – таусыз,
тонды – тонсыз, малды – малсыз сөздерін бақытты-бақытсыз жұбы сияқты антоним деп
алмасқа, егер олай болмаса оларды антоним деп қарастырмауымыз керек
сияқты. Осы туралы пікірді М.Оразов та қозғай отырып, «бір тілдік заңдылықтарды екінші бір
тілдің заңдылықтары, көріністері арқылы
анықтау дұрыс қорытындыға алып келмейді» деген тұжырым
айтады [5]. Осындай болымсыз категориялар мен антонимдердің ара жігін
ашу, антонимге жатқызу, жатқызбау мәселесін
анықтаудың негізгі ұғым мен сөз
мағынасында, қарама-қарсы қоюдың сипатында жатыр
дей аламыз. Қарама-қарсы қою тек тілдік категория ғана
емес, ол гнесиологиялық та, психологиялық та категория.
Психологиялық тұрғыдан қарастыруды біз алдағы
тарауда сөз еткенбіз. қарама-қарсылық
категориясының табиғаты философияда антикалық дәуірден
бастап сөз болып келе жатыр, қазір де бұл сөз болып
келеді.
Тіл білімінде
ғалымдар болымсыздықты «оппозиция»
деген түсінікпен байланыстырады. Әлемдік ғылыми
ортада алғаш рет «оппозиция»
деген терминді ашып, осы әдістің кең қолданылуына жол
берген тілші Н.С.Трубецкой болатын. Ғалымның ойынша «Оппозиция – это противоположное, предпологающее наряду с
признаками, которые позволяют отличить один член оппозиции от другого, общие
для них признаки»[6.49]. Сонымен ол бір-бірінен
айырмашылығы бар, бірін-бірі жоққа шығаруымен бірге
ортақ қасиеті барын айтып,
үш типті оппозицияны көрсеткен:
¨
привативті
(қос мүшелі);
¨
градуальды
(басқышты, сатылы);
¨
эквиполентті
(тепе-тең).
Олардың
қисындық мазмұны туралы бұдан жарты ғасырдай
бұрын А.В.Исаченко айтып өткен болатын [7.39-56]. Ол өз
еңбегінде сөз болған оппозициялар мен дәстүрлі
қисындық қарама-қарсылық (контрарлық),
қарама-қайшы (қонтрадикторлық) және
компелементарлық немесе қосымша түсініктер арасындағы
егізділікті атап өткен болатын. Лингивистикалық және
қисындықты салыстыру А.В.Исаевтың еңбегінің
өзегіне айналған болатын[8.49-56]. Осы негізде Л.А.Новиков
семантикалық қатынастардың типтерін көрсетеді,
оның пайымдауынша антоним болу үшін сөздер - келесідей:
¨
контрарлық
қарама-қарсылыққа «жас-
кәрі»;
¨
векторлық
– «шығу
–кіру»;
¨
контрадикторлық
«дымқыл-
құрғақ»;
¨
конверсивтік
«жеңу
– жеңілу»
қатынасқа түсулері керек[9.56].
«Антонимия», «қарама-қарсылық», «қосымшалық», «конверсивтік»
деген түсініктерді Дж. Лайонз жан-жақты, егжей-тегжейлі зерттеген
болатын [10.485-496]. Ол «Наш дом не большой»
деген сөйлем «Наш дом маленький»
деген сөйлемге қарсы мағынада емес, ал «Наш
дом большой»
деген «Наш
дом не маленький» сөйлеміне
қарама-қарсы мағынада қолданылған деген
тұжырым айтады.
Ю.Д.Апресян болса «қарама-қарсылық», «керілік»
/обратность/, «қарама-қайшылық», «антонимия»
деген терминдерге түсінік беріп өтеді, келесідей антонимдік
типтерге талдау жасайды: «бастау/тоқтау» –
Antі1, «ұшып кіру - ұшып шығу»
типі, «қимылдау/қимыл
нәтижесін жою» – Antі2, «қосу/айыру»
типі, «Р»
«Р
емес»
– Antі3, «құрғақ
– дымқыл»
типі [11.312].
Антонимдер
теориясындағы болымсыздыққа сыни сараптама берген
В.А.Михайлов болатын. Дәстүрлі лексикологиядағы «ориентация на анализ узуальных слов – антонимов и их «готовых» оппозиции с заданным и неизменным
отношением противо-положности»
[12]
деген тұжырымның шеңберінен шығып, автор
қарама-қарсылықтың қайшылыққа
өтуі процесс екенін, сол процесс әлсіз болымсыздықтың
күштілеуіне қарай, А – А
емес формасына өтуімен байланысты екенін біздіңше дұрыс
айтып өткен сияқты. Сонымен бірге ғалым болымсыздық категориясын антонимдік оппозицияның бір варианты
ретінде емес, жеке жүйелік
операция ретінде қарастыру керектігі тілге тиек еткен. Әрине
бұған тек сөйлесім кезінде ғана көз жеткізуімізге
болады.
Пайдаланылған
әдебиет тізімі:
1.
Болғанбаев Ә., Қазіргі
қазақ тілі лексикологиясы. Алматы, 1979.
2.
Жүсіпов А., Қайшылық
туралы ойшылдар көзқарасына шолу. Материалы ІХ Международной научно-практической конференции «Dynamika
naukowych badan», 07-15 lipca 2013 roku, Praga, Чехия. рр. 51-54.
3.
Жүсіпов А., Қайшылық:
түсініктің тарихи даму үрдісі, лингвомәдени
көзқарас. Материалы ІХ
Международной научно-практической конференции «Aktualni vymozenosti vedy
-2013», 27.06-05.07. 2013 roku, Praga, Чехия. рр. 46-49.
4.
Шүкіров Р., Лексико-семантическая
природа антонимов узбекского языка . Ташкент.: 1973.
5.
Оразов М., Қазақ
тілі семантикасы А. 1991 –146 б.
6.
Трубецкой Н., Основы фонологии ЦИТ
ПО: Русский язык и советское общество. Алма-Ата, 1962, С.49
7.
Исаченко А., Бинарность,
привативные оппозиции и грамматические значения//Вопросы языкознания. 1963. 2.
С.39-51
8.
Исаев А., К вопросу о
соотношении лингвистического и логического в учении об антонимах//Научные
доклады высшей школы. Филол. науки. 1972. 1. С. 49-56
9.
Жумабекова А., Оппозитивный анализ
антонимичных единиц в казахском и русском языках. АКД. Алматы, 1995.
10.
Лайонз Дж., Введение
в теоретическую литературу. М., 1978. 485-496.
11.
Апресян Ю., Лексическая
семантика: Семантическое
средство языка. М., 1995. –С.312.
12.
Михайлов В., Генезис
антонимических оппозиций /антонимия и отрицание/ Учебное пособие. Л., 1987